Мәселелер
азық-түліктің кейбір түрлері бойынша импортқа тәуелділік;
азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу, ішкі нарықты қорғау және азық-түліктің жеке түрлерін экспорттауды қолдау шараларының жеткіліксіздігі;
отандық және шеттен әкелінетін тамақ өнімдері қауіпсіздігін бақылаудың жеткіліксіздігі;
нарық субъектілері арасында олардың мүддесі мен жауапкершілігі келісімінің негізіндегі оңтайлы экономикалық қатынас тетігі, тауар ендірушірлердің кірісін қолдау құрылмаған;
ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлігіне тиімді баға белгілеу жүйесі қалыптаспаған;
белсенді және салауатты өмір сүру үшін қажетті көлемде және құрылымда халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін азық-түлікке экономикалық қол жеткізудің жеткіліксіздігі;
жеке ингредиенттер бойынша тамақтану құрылымының теңгерімсіздігі.
Шаралар
терең қайта өңдеу өнімдерін шығаратын жоғары тауарлы шаруашылықтар, өндірістік бірлестіктер құру;
бүкіл жыл бойына нарыққа тауарларды бір қалыпты жеткізуді қамтамасыз ету және маңызды маусымдық баға ауытқуларын болдырмау үшін өнімді отырғызуды белгіленген мерзімде сақтауды жандандыратын қазіргі заманғы сақтандыру жүйесін дамытуды ынталандыру және механизмін қолдану;
әлеуметтік-маңызды тамақ өнімдерінің бағасын реттеу;
азық-түлік нарығында болжауды ұйымдастыру және конъюнктуралық жағдайдың шұғыл мониторингін жүргізу;
тауардың барлық алға басу буындары бойынша азық-түлік сапасын қамтамасыз ету және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, оның ішінде импорт-экспортты сандық шектеу, экспортты-импорттық операцияларды лицензиялау;
өткізудің баламалы нысандарын (көп деңгейлі ауылдық тұтыну кооперацияларын) дамытуды ынталандыру және оңтайлы тауарларды жылжыту және өнім ысырабын қысқарту үшін тауарлы-логистикалық орталықтар құру;
нарықтың кеңістікті-уақытылы толығуын қамтамасыз ететін өндіруші және тұтынушы өңірлер арасында ұзақ мерзімді өңіраралық қатынастар құру;
Күтілетін нәтиже
аграрлық сектордың ұлттық бәсекелік артықшылығын арттыру және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін сақтау;
баға белгілеу жүйесін реттеу, азық-түліктің экономикалық қол жетімдігін қамтамасыз ету;
табысы аз салаларды бюджеттік қолдаудың тиімділігін арттыру және олардың кең ауқымда өсірілуін қамтамасыз ету;
азық-түлік нарығындағы тұтыну сұранысы мен ұсынысты реттеу және теңгерімді дамыту үшін қорлар құру;
отандық өнімнің тауар сұранысының өсуін қамтамасыз ету, шикізаттың өнеркәсіптік қайта өңдеуді арттыру;
елдің жалпы тұтыну көлемінің 20 %-нан аспайтын деңгейде импортқа тәуелділік коэффициентін ұстап қалу;
азық-түлік астығының мемлекеттік резервін жаңарту және ішкі астық нарығын реттеу үшін мемлекеттік ресурстарға жыл сайын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 500 мың тонна астықты сатып алу жолымен республиканың азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
отандық ауыл шаруашылығы жыл сайын құрғақ сүт сатып алу жолымен республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
нарықтың тепе-теңдігін реттеуге мүмкіндік беретін көлемде азық-түліктің сақтандыру резервін құру;
көпарналы өткізу жүйесін қалыптастыру, айналым шығынын қысқарту және оңтайлы тауар ағымдарын құру;
шикізатты өндіру, оны сақтау, қайта өңдеу және өткізу кезінде санитариялық және технологиялық нормаларды сақтау есебінен сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндірісін қамтамасыз ету.
5.2. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен 5.2-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Шаруашылық жүргізудің жаңа нысанының қалыптасуы, олардың нарықтық жағдайға бейімделуі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау өсімдік шаруашылығының тұрақтануына ықпал етті. Өндіріске қазіргі заманғы технологиялар және егіншіліктің озық әдістерін енгізу бойынша жүйелі жұмыстың арқасында елде соңғы 7 жыл ішінде ағымдағы бағамен көлемі 2,7 есеге ұлғайған өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуі жүруде.
2000 жылдан бастап бидайды жалпы жинаудың орта жылдық өсу қарқыны 9,3 %-ды, картопты - 5,3 %-ды, көкөністерді - 5,3 %-ды, шикі мақтаны - 6,7 %-ды, күнбағыс дақылдарын - 12,1 % құрайды.
Халықтың жан басына шаққандағы бидай өндірісі 1086 кг.-га жетті, бұл 2007 жылы Қазақстанға осы көрсеткіш бойынша Австралиядан озып, әлемде бірінші орынға шығуына мүмкіндік берді. Бидай экспорты бойынша Қазақстан әлемде жетінші орынды алады.
2007 жылы республиканың астық танабының үштен бірін (5,2 млн. га) құраған алаңдарға ылғалқорсақтау технологиясын кең ауқымда қолдану, сұрыпталған тұқым себу үлесін (2001 жылы 53 %-дан 2007 жылы 99,7 %-ға дейін), 1-2 класс тұқымдары үлесін - 78,9 %-ға дейін, ал жоғарғы репродукция тұқымын - 84 %-ға дейін арттыруы, және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау көлемінің өсуі арқасында астық өндірісін ұлғайтуға қол жетті.
Көкөніс бақшалық дақылдар алаңдары соңғы 5 жылда едәуір қарқынмен (жылына 1,9 %) ұлғайды, бірақ 2006-2007 жылдары көкөніс дақылдарының алаңын кеңейту қарқыны баяулады және олардың төмендеуі 8%-ға байқалды, бұл тұтынудан өндірілетін ресурстар көлемінің арттыруын ескергенде толық заңды.
2001-2006 жж. көкөніс өнімдеріне тұтынушылық сұраныстың орташа 14-15 %-ға өсуі байқалады. Бұл ретте негізінен тұтыну үлесі 81 %-ға жететін көп таралған өнімдер (томат, қияр, капуста, пияз, тамыр жемістері, көктер) қолданылады. Бағаның тым жоғарылығынан көкөніс дақылдарының басқа түрлерін тұтыну төмен.
Көкөніс нарығы сыйымдылығында жиынтығы 80 % шамасында орын алатын, көкөністер ұсынысы негізін бірнеше дақылдар құрайды - капуста (көкөністердің жалпы жиналуының 15,6 %), томат (12,6 %), пияз-шалқан (15,9 %), сәбіз (11,5 %). Жылуға бейімделген дақылдарды (асқабақтар, баялдылар, бұрыш және т.б.) өндіру үлесі төмен - 6-7 %-ы, сұраныспен пайдаланылатын жасыл бұршақ (көкөністердің жалпы жинауының 0,04 %-ы) өндірілмейді
Көкөніс экспорты импорттан басым, оның өндірістегі үлесі 6 %-ды құрайды. Бұл ретте экпорт тарапындағыдай импортта да сыртқы тауар айналымын кеңейту үрдісі байқалады. Экспорт негізін томаттар (шығарылатын жаңа піскен көкөністердің 21 %-ы) және пияз (56 %) құрайды. Көкөністердің экспорттық бағасы айтарлықтай ауытқиды және негізінен сатып алушыларға байланысты.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы және бөлшек сауда бағаларында (3,6 есе) едәуір үйлеспеушілік бар. Ішкі бөлшек сауда нарығындағы бағалар экспорт бағасынан жоғары, бұл өткізу жүйесі мен көкөніс нарығын өтімі мен реттеудің жүйесі жоқтығын білдіреді.
Көкөністің негізгі түрлеріне (пияз, капуста, сәбіз) бағаның жыл сайынғы өсуі кенет білінетін маусымдылыққа ие. Мысалы, 2006 жылы республика бойынша капустаға орта бағаның айырмашылық құлашы 2,4 есені (мамырда 1 кг. 76 теңге және қазанда 32 теңге), ал сәбіз - 1,7 есені (шілдеде 1 кг. 74 теңге және қаңтарда 43 теңге), пияз - 1,4 есені (қазанда 1 кг 34 теңге және мамырда 47 теңге) құрады.
Бөлшек саудада ұсақ сауда нүктелерінің басымдылығы салдарынан көтерме саудаға да қатысты бағаның кенет өсуі байқалды. Мысалы, қала базарларында қызанақтың бағасы бастапқыдан 2 есеге, капустаның - 3, сәбіздің - 2-2,6, пияздың - 1,5-2 есеге артты. Бөлшек сауда жүйесінде бәсекелестік жоқ, жоғарғы тауар айналымды ірі мамандандырылған дүкендер жоқ. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мұндай қызметті жоғарғы сапалы өнімді ұсақ бөлшек саудадан төмен бағамен өткізетін супермаркеттер орындайды.
Нарықтағы мұндай жағдай мынадай себептермен: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жемістер мен көкөністер өндірісінің шоғырлануының төмендігімен; өтім жүйесінің жетілмегендігімен; толық дамымаған өндірістік және нарықтық инфрақұрылыммен; көкөністер мен жемістер сатудағы делдалдардың шамадан тыс қатысуымен түсіндіріледі.
Қолда бар өткізу жүйесі тауардың ұсынысын ұлғайтуды, олардың сапасын арттыруды және көкөніс пен жеміс өндірушілер табысын өсіруді ынталандырмайды. Пайданың негізгі үлесі көтерме делдалдарда және бөлшек саудада қалады. Картоп, көкөністер, жемістер мен жидектер көбінесе қайта өңделмеген түрінде тұтынылады.
Мәселелер
ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің экстенсивті технологиялары;
отандық селекция мен тұқым шаруашылығының жеткіліксіз дамуы, бұл қазақстандық селекциялардың жоғары сапалы сұрыптары мен гибридтерінің болмауына әкеледі;
сорт сынау процесінің жеткіліксіз техникалық жарақтандырылуы және қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
картоп және көкөністер мен жеміс-жидек дақылдары өндірісі негізінен тұрғындардың үй шаруашылықтарында шоғырланған, бұл өнімнің өндіріс және тауарлылық тиімділігін төмендетеді;
суармалы жерлерді пайдалану тиімділігінің төмендігі;
өсімдік майын өндіру үшін шикізат қажеттілігі отандық майлы дақылдар өсіру есебінен қамтамасыз етілмейді;
ғылыми-негізделген агротехнология сақталмайды, агротехникалық жұмыстардың оңтайлы мерзімдері ұсталмайды, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының темен өнімділігін көрсетеді;
астықты дайындау мен сақтаудың материалды-техникалық базасының жағдайы нашарлады, астықты дайындау бойынша технологиялық құрал-жабдықтары моралдық және табиғи ескірген;
астық өндірісін кеңейту үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде қаражат айналымының шектеулілігі және кредит ресурстарына қол жеткізудің төмендігі;
көкөністер, жемістер және картоптар үшін қазіргі заманғы техникамен жарақтандырылған қоймалардың жоқтығы, оларды дайындау мен қайта өңдеу жөнге салынбаған;
жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпе алаңдарының қысқаруы.
Шаралар
ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің интенсивті ылғалқорсақтау және топырақ қорғау технологияларын игеру;
сорт сынау жүйесін және тұқым сапасын сараптауды жүзеге асыру;
тұқым сапасын сараптау бойынша зертханалар салу және жарақтау;
картоп, көкөністер, жемістерді өндіру, дайындау және қайта өңдеу бойынша дайындау-өткізу кооперативтерін құру;
Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - АШМ) «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - ММ) Астана қаласына көшіру;
жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің алаңдарын кеңейту;
жылыжай шаруашылықтарының желісін құру және дамыту.
Күтілетін нәтижелер
өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түсімділігін, жалпы жиналуын және сапасын арттыру;
өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің жыл сайын 6%-ға өсуі;
ылғалқорсақтау технологиясы арқылы өсірілетін алаңдардың 2011 жылы 60%-ға артуы;
елдің маңызды тамақ өнімдеріне ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету;
2011 жылға өндірістің агротехникалық циклін 22 млн. гектарға, оның ішінде басым дақылдарды 21,6 млн. гектарға қамтамасыз ету;
қайта өңдеу, оның ішінде тереңнен қайта өңдеу көлемінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің және оның қайта өңдеу өнімдерінің экспорты көлемінің ұлғаюы және импорт көлемінің қысқаруы;
отандық қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелінім деңгейін арттыру үшін тұрақты шикізат негізін құру;
өнеркәсіптік мал шаруашылығы және құс шаруашылығын дамыту үшін жемдік базаның тұрақты негізін құру;
егіске сұрыпталған тұқым үлесін 90%-ға дейін ұлғайту;
отандық селекция және тұқым шаруашылығын (2011 жылы 7,5-10,5 мың тонна бірегей тұқым, 67,0-77,0 мың тонна элиталық тұқым өткізуді қамтамасыз ету) дамыту;
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген отандық селекцияның ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының сапасы бойынша өнімді және құнды селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік реестрдегі үлестерін арттыру;
көкөніс, жеміс және картоп үшін қазіргі заманғы, техникалық жарақталған қоймалардың болуы;
халықты жеке өндіріс жемістері және көкөністерімен қамтамасыз ету;
республикада өндірілетін мақта талшықтарының сапасын объективті сараптауды қамтамасыз ету.
5.2.1. Астықты өндіру және қайта өңдеуді дамыту
Астық өндірісінің өсуі оның іске асыру көлемінің ұлғаюына және саланың табыстылығының артуына ықпал етті. Бірақ әлемдік нарықтағы астықтың тапшылығы бағаның шамадан тыс өсуін тудырды, бұл өнім иелерінің экспорттық көңіл күйінің күшеюіне әкелді.
Өңірлерде астық тапшылығының туындауына жол бермеу және ұнға және нан-тоқаш өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында, қазіргі уақытта Республикалық маңызды қалалар мен барлық облыстарда қалыптастырылған тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылуда.
Мәселелер
егіс құрылымының және дәнді дақылдар өндірісінің жетілмегендігі;
астық өндірісінің жеткіліксіз техникалық және технологиялық жарақтандырылуы;
сыртқы сауданың тұрақсыздығы және астық экспортын мемлекеттік реттеу тетігінің дамымауы;
жарма дақылдары астығын қайта өңдеу және дайын жем жасаудың жеткіліксіз дамуы;
астық жинаудан кейінгі өңдеу жұмыстары жүйесінің және астықты сақтаудың нашарлауы;
ғылыми-негізделген агротехнологияларды, агротехникалық жұмыстарының оңтайлы мерзімдерін және вегетацияның әр түрлі мерзімінде қатынасының сақталмауы;
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қолжетімді кредиттік ресурстардың жетіспеуі;
астықтың ішкі және сыртқы (экспорттық) бағасының теңсіздігі;
ұн тарту зауыттары үшін шикізаттың жоғары құны нан-тоқаш өнімдерінің қымбаттауына әкеледі, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер тудырады.
Шаралар
мемлекеттік астық ресурстарын тиімді басқару;
мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуды қамтамасыз ету;
ішкі астық нарығындағы бағалық интервенция;
бәсекеге қабілетті өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру мақсатында отандық ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау.
Күтілетін нәтижелер
дәнді дақылдар өндірісінің орнықты өсуі;
азық-түліктік және жемдік астық нарығының тұрақтылығы;
мемлекеттік астық ресурстары есебінен нарықты және бағаны реттеу мүмкіндігі.
5.2.2. Қант қызылшасы өндірісін қолдау
Республикадағы қызылша тұқымын себу тұрақсыз жағдайда, егістік алаңдар мен өнімділіктің қысқаруы байқалады. Қызылша шаруашылығын қалпына келтіру және ары қарай дамыту, қант және қант өнеркәсібі өндірісі үшін отандық бәсекеге қабілетті шикізат қорын құру мақсатында қант қызылшасын өсіруді ынталандыру бойынша шаралар қолданылуда. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2008 жылы қант қызылшасы өндірісінің 1 гектарына 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін немесе 5 есеге субсидиялау ұлғайуы.
Мәселелер
егістік алаңының азаюы, қант қызылшасы түсімінің және қанттылығының төменділігі;
қол жұмыстарын ауыстыратын индустриялық технологиялардың жоқтығынан көп еңбек сіңіруді керек етуі;
тұқым шаруашылығы базасының жоқтығы;
шикізаттың жоғарғы өзіндік құнына қатысты отандық қанттың бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіздігі;
қант өнеркәсіптерінің өндіріс қуаттылығының толық пайдаланылмауы;
жоғарғы репродукциялы қант қызылшасы тұқымы өндірісінің шектеулігі;
басқа елдерден келетін арзан қант шикізатына қатысты импорттың өсуі;
Шаралар
қант зауыттары және ауыл шаруашылығы құрылымдары жанынан агроқызмет орталығы мен машина-технологиялық станцияларын құру;
бар қант зауыттарынның тоқтап қалғанын іске қосу, қайта құру және жаңғырту;
қолданыстағы ұсақ шаруа (фермер) қожалықтарын біріктіру негізінде ірі қант қызылшасы егілетін ауыспалы егістік алаңдарын қалыптастыру;
қант қызылшасы тұқымын, оның ішінде ауыстармай отырғызу негізінде өндіру бойынша тұқым шаруашылықтарын ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижелер
қант қызылшасының егістік алаңын 2 еседен көп ұлғайту және оны орташа өнімділігі 1 гектардан 33-35 тонна болатын 30 мың гектарға жеткізу, бұл 110-112 мың тонна қызылша қантын өндіруге және республика халқының шамамен 20%-ға қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
ауыл шаруашылығында және онымен шектес өндіріс пен қызмет көрсету салаларында 8-15 мың жұмыс орнын құру.
5.2.3. Өсімдік майы дақылдарын және отандық шикізаттан алынатын өсімдік майын өндіруді қолдау
2007 жылы күнбағыс егісінің күрт (25%-ға) азаюы есебінен майлы дақылдардың егістік алаңдарының азаюы байқалды. Басқа жағынан егістік құрылымында рапс және соя секілді бағалы түрлерінің артуы байқалады.
Оның үстіне, май кәсіпорындары жіктемесін арттыру және халықты өсімдік майымен қамтамасыз ету үшін республика 110 мың тонна майлы импорттайды, олардың 62 %-ын күнбағыс тұқымы алады.
Сондықтан, майлы дақылдар тұқымын өндіру бойынша іс шараларды жүзеге асырудың мақсаты халықтың өсімдік майына қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында күнбағыс, соя, рапс және басқа дақылдар тұқымы өндірісін ұлғайту болып табылады.
Өсімдік майының нарығы оның маңызды сәйкессіздігін көрсететін бірқатар үйлеспеушіліктермен сипатталады.
2001-2007 жылдар кезеңінде өсімдік майына тұтынушылар сұранысы 2001 жылы 13,8 кг-нан 2005 жылы 9,7 кг және 2006 жылы 13 кг-ға дейін едәуір өзгерді, яғни жалпы кейбір тұтыныстың азаю үрдісі бақыланады.
Отандық өндіріс зерттелу кезеңінде жоғары қарқынмен есуде өсу (жылына 21,8 %). Импорттың төмендеу үрдісі бақыланады (жылына - 4,5%). Алайда, импорттың бұл үлесіне қарамастан өсімдік майының тұтыну импорты әлі жоғары (2006 жылы 26%). Негізгі экспортер елдер: Ресей (57,9%), Украина (23,9%), Өзбекістан (12,4%), сонымен қатар алыс шет елдері (30,9%) болып табылады.
Республикада өндірілетін күнбағыс майының құндық бәсекеге қабілеттілігі ТМД-дағы негізгі экспортер елдерден темен емес. 2006 жылы отандық тауардың бәсекеге қабілеттілік индексі ресейлікке қатынасы бойынша 1,00, ал украиналыққа 1,09 құрады. Алайда, ішкі нарық әліде отандық тауарлармен қамтамасыз етілмеген, оның импортқа тәуелділігі сақталады.
Мәселелер
жоғары рентабельді май тұқымы дақылдары жеткіліксіз өндіріледі;
себілетін тұқым сапасының төмендігі;
минералдық тыңайтқыштардың, сондай-ақ майлы дақылдардың ауруларымен және зиянкестерімен күрес үшін химикаттардың жеткіліксіз қолданылуы;
майлы дақылдарды өсірудің тозған және моральды ескірген техникасы.
Шаралар
майлы дақылдар егістік алаңын ұлғайту;
майлы дақылдарды есірудің тиімді технологияларын қолдану;
өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын (тұқымдар, гербицидтер, инсектицидтерді уландырғыштар) және минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға субсидиялау;
майлы дақылдардың тұқым шаруашылығын дамытудың шараларын кеңейту және мемлекеттік қолдау көлемін ұлғайту.
Күтілетін нәтижелер
түсімділікті арттыру және егістік алаңын кеңейту есебінен майлы дақылдар тұқымы өндірісін ұлғайту;
отандық шикізаттан өндірілетін өсімдік майын ішкі нарық тұтынысының кемінде 80 % көлемінде кеңейту.
5.2.4. Жеміс және жүзім шаруашылығын дамыту
Өсімдік шаруашылығы салаларының тұрақты дамуы аясында тек жеміс шаруашылығы мен жүзім шаруашылығында ғана теріс нәтижелері бар. Жеміс-жидек және жүзім өндірісінің қысқаруы жалғасуда.
2007 жылы 2000 жылмен салыстырғанда жеміс және жидек өндірістері 20 %-ға, ал жүзім 30 %-ға қысқарды. Республикада отандық өндірісіне қатысты жеміс-көкөніс өніміне тұтынушылар сұранысының өсуі байқалады. 2000-2006 жылдар аралығында сұраныс 8,7 % болғанда, өндірістің орташа жылдық өсу қарқыны 4,35 %-ды құрады. 2007 жылы өндіріс өсімі 3,4 %-ға баяулады. Пайда болған текшені импорт толтырады. Оның көлемі қарқынды өсуде (жылына 25,7%).
Тұтыныстағы импорт үлесі 34,2 % - өте жоғары мөлшерге өсуде. Онда маңызды үлесті консервіленген жеміс және жидектер алады (жаңа піскендермен есептегенде 55,4 %). Жаңа піскен жеміс пен жидек түр-түрінде ел аумағында өсірілмейтін тауарлардың (цитрусты, банандар, финикилер, жаңғақтар) басымдылығы байқалады. Олардың үлесі 33 %-ға жетеді.
Пістелі және сүйекті жемісті әкелу 7,9 мың тоннаға импорт көлемінің немесе 7,6 %-на жетеді. Бұл ретте, алма жеткізу басым (7,4 мың тонна немесе 93,7 %). Мұндай тауар импорттың орын басуға жатады, себебі республикада бақтар және өсіруге қолайлы табиғи-климаттық жағдай бар.
Алайда, елдегі алманың отандық өндірісі тұрақсыздықпен және төмен қарқынмен есуімен сипатталады (жылына 0,75 %). Ішкі нарықта жемістерге бағаны ұлғайту және импортты қысқарту кезінде ұлттық нарықта тауарға тұтыну сұранысының төмендеуі және сыртқы нарықта өсуі байқалады. Төртжылдық кезеңде импорттың төмендеу қарқыны - жылына 6,05 %-ды, ал экспорттың есуі - 12,1 %-ды құрады. Жеміс нарығының жеткіліксіз толығуы бағаның жоғары өсуін көрсетті (жылына 4,3 %).
Жалпы қалыптасқан жағдай бағаның өсу салдарында қазақстандық тұтынушыға теріс әсер етті.
Бұл ретте, сұраныс және ұсыныс заңына сәйкес әкелінетін тауар, сондай-ақ қолданыстағы өткізу жүйесі жетілмегендігін ескере отырып, ірі кәсіпорын орталықтарында және қалаларында бөлшек сауда бағасы бойынша өткізіледі. Пайда көтерме делдалдарда және саудада төмендейді.
Көтерме нарықтың дамымаған желісі, сондай-ақ алма өндіру орындарда сақтау қоймаларының болмауы, ел өңірлері бойынша тауар ағымдарының қарқындылығына және отандық ұсынысқа теріс әсер етеді. Республика өңірлері бойынша отандық алманың бәсекеге қабілеттілігін бағалағанда, тауар аймағын дамытуда және олардың экспорттық әлеуетінде оң үрдіс байқалады.
Мәселелер
өндірістің негізгі салмағы халықтың жеке шаруашылықтарында шоғырлануы;
жеміс екпелерінің қартаюы, жеміс-жидек дақылдары өнімділігінің тұрақсыздығы;
питомниктік шаруашылықтардың жеткіліксіз дамуы;
жеміс-жидек дақылдары көшеттерін өндірушілер санының шектеулілігі;
сатып алу-өткізу пункттері жүйесінің жоқтығы және көтерме сауда базарына қол жетімсіздігі, бұл өнімді өткізуді қиындатады, оның ысырап болуын ұлғайтады;
отырғызылатын материалдың төмен сапасын түсіндіретін жүзім және басқа да жеміс-жидек дақылдарының вирусты ауруларын бақылаудың және мониторингінің жетіспеушілігі;
сақтау және қайта өңдеудің дамымаған жүйесі, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.
Шаралар
жеміс-жидек және жүзім көшеттерін өндірушілердің желісін кеңейту;
жемістердің ұнамды дәмі бар және ұзақ мерзімде сақталатын жеміс-жидек дақылдарының қысқа шыдамды, өнімді, ауруға төзімді көшеттерін жедел көбейту;
жүзім және басқа да жеміс-жидек дақылдарының вирусты ауруларын ерте болжау жүйелерін әзірлеу және ұлпа түзуші талшықтардан материалдардан жасалған вируссыз отырғызу материалын алу;
жеміс дақылдары және жүзімнің көпжылдық екпелері алаңдарын отырғызуды субсидиялау.
Күтілетін нәтижелер
Жеміс дақылдары алаңын 42,1 мың гектарға дейін, жүзім алаңын 13,4 мың гектарға дейін ұлғайту есебінен жеміс шаруашылығы және жүзім шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі;
бақтар мен жүзім егісін жасауға және қайта құруға жеткілікті питомниктер жүйесінің дамуы;
жеміс шаруашылығы және жүзім шаруашылығы өнімдерін өткізудің жеке нарығын қалыптастыру және әлемдік нарыққа шығу;
жеміс және жидектермен өзін-өзі қамтамасыз етудің өсуі, импортқа тәуелділік деңгейдің қысқартылуы;
жүзім және басқа да жеміс-жидек дақылдарының вирусты ауруларының ерте болжауға арналған тест-жүйесі және ұлпа түзуші талшықтардан вирусты отырғызу материалын алу;
халықты жаңа піскен өніммен және қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етуде отандық өнімнің орташа жылдық өндірісін ұлғайту және үлесін өсіру.
5.3. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру
2000 жылдан бастап ауылшаруашылығы малдарының және мал шаруашылығы өнімінің саны орнықты өсуде. Алайда, өндіріс көлемінің өсуі негізінде малдардың өнімділігімен емес мал басының ұлғайтылуымен түсіндіріледі, бұл малдың төмен өнімділігің басымдығымен байланысты.