4. Қаржылық жағдайды анықтау үшін барлық көрсеткіштер бойынша қорытынды балдар жинақтайды және алынған нәтиже құжаттың 3-кестесіне сәйкес қаржылық жағдайының жіктелуін анықтайды. Егер қорытынды балдар сомасы кемінде 75 балды құраса - контрагент-банктің жағдайы «Тұрақты» болып жіктеледі, 76-ден 130-ге дейінгі балдар - жағдайы «Қанағаттанарлық», 131-ден 154-қа дейінгі балдар - жағдайы «Тұрақты емес», 154-тан артық балдар - жағдайы «Нашар».
3-кесте
| Жағдайы | Қорытынды балы |
| Тұрақты | <75 |
| Қанағаттанарлық | 76-130 |
| Тұрақты емес | 131-154 |
| Нашар | >=155 |
5. Егер контрагент банктің рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингіне тең немесе жоғары болған жағдайда, онда жағдай «Тұрақты» деп саналады.
3. Корпоративтік контрагенттердің қаржылық
жағдайын жіктеу өлшемдері
6. Корпоративтік конграгенттердің қаржылық жағдайы төменде келтірілген кестеге сәйкес есептеледі. 1-бағанда көрсетілген әрбір көрсеткіш 2-бағаннан шығатын есеп айырысу тәртібіне сәйкес есептеледі және одан әрі оған 3-бағанға сәйкес тиісті балды иеленеді:
4-кесте
| Қаржылық көрсеткіштер | Есеп айырысу тәртібі | Көрсеткіш нормативтері | Тиісті балл | Салмақтылық коэффициенті | Қорытынды балл |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті | Ағымдағы активтер / Ағымдағы міндеттемелер | >=80% | 0 | 2 | |
| 50-80% | 5 |
| <50% | 10 |
| 2. Мерзімді өтімділік коэффициенті | Өтімді активтер /Текушие обязательства | >=65% | 0 | 2 | |
| 20-65% | 5 |
| <20% | 10 |
| 3. Қаржылық тұтқа | Қарыздық қаражат / Меншікті капитал | <=67% | 0 | 4 | |
| 67-233% | 5 |
| >233% | 10 |
| Автономия коэффициенті | Қарыздық қаражат / Активтердің барлығы | <=40% | 0 | 4 | |
| 40-70% | 5 |
| >70% | 10 |
| 5. Сатудың рентабельділігі, % | Таза пайда / Түсім | >=14% | 0 | 3 | |
| 7-14% | 5 |
| <7% | 10 |
| 6. Меншікті капиталдың рентабельділігі (КОЕ), % | Таза пайда / Меншікті капитал | >=12% | 0 | 3 | |
| 5-12% | 5 |
| <5% | 10 |
| 7. Бір жыл ішіндегі активтердің динамикасы | Жыл соңындағы активтер (кезең) / жыл басындағы активтер (кезең) | >15% | 0 | 2 | |
| 5-15% | 5 |
| <5% | 10 |
| 8. Бір жыл ішіндегі таза пайда серпіні | Ағымдағы жыл ішіндегі таза пайда (кезең) / өткен жыл ішіндегі таза пайда (кезең) | >=10% | 0 | 2 | |
| 0-10% | 5 |
| <0% | 10 |
| 9. Бір жыл ішінде операциялық қызметтен түскен ақшаның түсу серпіні | Ағымдағы жыл ішінде операциялық қызметтен түскен ақша түсімдерінің сомасы (кезең) / операциялық қызметтен түскен ақша түсімдерінің сомасы (кезең) | >=10% | 0 | 3 | |
| 0-10% | 5 |
| <0% | 10 |
7. Көрсеткіштерден әрқайсысы бойынша алынған балдарды жинақтайды және алынған нәтиже Әдістеменің 6-кестесіне сәйкес қаржылық жағдайының жіктелуін анықтайды. Егер балдар сомасы кемінде 130 балды құраса, контрагент-банктің жағдайы «Тұрақты», 135-тен 175 балға дейін - «Қанағаттанарлық» жағдай, 180-нан 200 балға дейін - «Тұрақты емес» жағдай, 205-нан артық балға - «Нашар» жағдай болып жіктеледі.
5-кесте
| Жағдайы | Қорытынды балы |
| Тұрақты | <130 |
| Қанағаттанарлық | 135-175 |
| Тұрақты емес | 180-200 |
| Нашар | >205 |