22. Сараптамалық қорытындыға сараптама жүргiзушi ұйымның бiрiншi басшысы немесе ғылыми сараптама жүргiзген жеке тұлға қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-тармақ өзгертілді
23. Ғылыми сараптама тұжырымдары ұсынымдық сипатта болады. Сараптамалық қорытындыда нормативтік құқықтық акт жобасына ескертулер мен ұсыныстар болған кезде Сараптаманы ұйымдастырушы оларды құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органдарға пысықтау және тиісті ұстанымды қалыптастыру үшін нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде жібереді.
Ғылыми сараптама терiс қорытынды берген кезде, Сараптаманы ұйымдастырушы нормативтік құқықтық акт жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес пысықтау туралы өз бетiмен шешiм қабылдайды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы мен оған берiлген сараптамалық қорытындыны Қазақстан Республикасы Yкіметінiң не Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарауына енгiзген кезде Сараптаманы ұйымдастырушы нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдарды қабылдамау себептерiнiң уәждi негiздемесiн беруi тиiс. Сараптаманы ұйымдастырушы тиісті негіздемелердің көшірмесін бір мезгілде сарапшыға береді.