43-бап. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға
қатысуының ерекше шарттары
Заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерімен айқындалады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44-бап. Отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын қолдау
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер, Қазақстан Республикасының мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін отандық кәсіпкерлер мен ұйымдар мемлекеттік қолдауға жатады. Мемлекеттік қолдаудың ең ауқымды шаралары отандық тауар өндірушілерге және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге көрсетіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Ауыл шаруашылығы өнімін және оның тереңдете өңделген өнімдерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде жеткізушіні таңдау, ол біліктілік талаптарына сай келген кезде отандық азық-түлік тауарларын өндірушілердің пайдасына басым тәртіппен жүзеге асырылады.
9-тарау. Қорытынды ережелер
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер олардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің мемлекеттік бақылау органдарында:
1) мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдау туралы;
2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес олар қабылдаған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі шағым жасауға жатпайды.
46-бап. Дауларды шешу
Мемлекеттік сатып алу процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
47-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін
жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды
47-1-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының ережесі электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
2. Осы Заңның 47-1-бабы 1-тармағының және 18-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен бап 3 тармақпен толықтырылды
3. Осы Заңның 41-бабы 3-тармағы 9) тармақшасының ережесі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
48-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 9, 95-құжат; 2004 ж., № 14, 83-құжат; № 17, 101-құжат; 2005 ж., № 6, 7-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 71-құжат; 2007 ж., № 2, 14-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і.
№ 303-ІІІ ҚРЗ