9) 523-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) 3, 2, 1 дәрежелі »Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медалімен марапаттау;
6-2) «Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін» ведомстволық медалімен марапаттау;
6-3) «Кеден қызметінің ардагері» ведомстволық медалімен марапаттау;».
3. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат, № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар):
10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауды жүргізу үшін кеден органдарына өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар іссапарға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 16) және 19) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілерді әкелудің алдын алу, олардың таралу қаупі бар ошақтарын уақтылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімдерді тұрақты карантиндік тексеруді, үлгілерін іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын, іріктеу арқылы бақылау тексерулерін жүргізу, карантин құжаттарын қарау және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру өсімдік және азық-түлік ресурстарын қорғауға, карантинді объектілерге қарсы күреске арналған бюджет қаражатының болжанбаған шығындарына жол бермеуге, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен карантиндік шараларды жүргізу адамдардың өсімдіктер карантині бойынша бақылау объектілеріне жатқызылған мүлкін сақтауға бағытталған.».
4. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар):
1) 14-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.»;
2) 20-бапта:
4-тармақ «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде» деген сөздердің алдынан «автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «Ветеринариялық-санитариялық бақылау бекеттеріндегі» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат):
6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктеледі.».
6. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат, 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат):
6-баптың 3-тармағындағы «Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде көліктік бақылау органдары» деген сөздер «Мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының кеден органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) көліктік бақылау бекеті - арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті;»;
2) 11-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елді мекендер шекараларының шегіндегі автомобиль жолдарында жүзеге асырылады.»;
екінші бөліктің екінші сөйлемінде:
«өткізу пункттерінің» деген сөздер «автомобиль өткізу пункттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«автокөлік құралдарын» деген сөздер алып тасталсын;
«көліктік бақылау посттарының» деген сөздер «стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы Заңның 19-4-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекітеді;»;
4) 15-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарын тоқтатуға;»;
5) 19-4-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде автокөлік құралдарының жүріп-тұруына көліктік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «көліктік бақылау посттары» деген сөздер «стационарлық көліктік бақылау бекеттері» деген сөздермен, «күрделі» деген сөз «арнайы лайықталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемде:
«өткізу пункттері» деген сөздер «автомобиль өткізу пункттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«автокөлік құралдарын» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші сөйлем алып тасталсын;
6) 19-7-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылау;»;
15) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағынан шығуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсат беру;»;
17) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі бақылау функцияларын, осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 7), 11), 14), 15), 16), 18) - 21) тармақшаларында көзделгендерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2010 жылғы қаңтардың 6-сы.
№ 238-ІV ҚРЗ