5) егер жүргiзушi қылмыстық-атқару жүйесiнiң жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырушы қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса, көлiк құралдарын оларға зиян келтiре отырып тоқтату;
6) жануарлардың шабуылынан қорғану;
7) аттандап немесе көмекке шақырып дабыл қағу;
8) сондай-ақ барлық өзге де қажеттi қорғаныс пен аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адамдар алған, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемесiн басып алған, не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері қару мен арнаулы құралдар қолданған жағдайларда, айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және жоғары тұрған әділет органдары мен прокурорға хабарлау үшін қажетті шараларды қолдануға міндетті.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi арнаулы құралдар мен тәсiлдер, қару қолдану арқылы зақым келтiргенi үшiн, егер олардың әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылса, жауапты болмайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi қарумен, оқ-дәрiлермен, әскери техникамен және арнаулы құралдармен қамтамасыз етiледi, олардың тiзбесi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
5-тарау. Әділет органдарының ұйымдастырылуы
мен қызметінің өзге де мәселелері
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртібі мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 34-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1. Осы Заңның Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi жүзеге асыру бөлiгiне қатысты ережелерi 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.24.06 № 46-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2 тармақ өзгертілді
2. Осы Заңның оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру жөніндегі мiндеттердi орындау бөлiгiне қатысты ережелерi қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 2009 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының