2. Іс апелляциялық, кассациялық сатыда қайта қаралған жағдайда егер үкім бұзылмаса, ол апелляциялық немесе тиісінше кассациялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық, кассациялық шағымдар, наразылық апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, үкім көрсетілген сатылардың шағымның, наразылықтың кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізудің қысқартылғаны туралы қаулылары шығарылған күні заңды күшіне енеді.
3. Бірінші сатыдағы сот үкім заңды күшіне енген немесе іс апелляциялық сатыдағы соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға кіріседі.
4. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабында белгіленген мерзімде орындалмаса, жазаны өтеуден босатылады.
5. Егер сот ақтау үкімін шығарса не сотталушы адам жаза тағайындалмай сотталса немесе жазадан босатылса не бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесілсе, ал үкім шығарылғанға дейін ол күзетпен ұсталған болса, мұндай шешім шығарған сот оны дереу күзетпен ұстаудан босатады.»;
69) 448-бапта:
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Апелляциялық сатыдағы соттың осы Кодекстің 411-бабы бірінші бөлігінің 1) - 3), 7) және 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша шығарған қаулысы, сондай-ақ кассациялық сатының қаулысы жария етілген кезден бастап күшіне енеді.
5. Апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттың қаулылары осы Кодекстің 423-1-бабында көзделген тәртіппен орындалады.»;
алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Соттың жеке қаулысы заңды күшіне енген кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзім өткен соң басқару функцияларын орындайтын тиісті лауазымды адамға жіберіледі.»;
70) 449-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Апелляциялық сатының үкімін орындау туралы хабарлама бірінші сатыдағы тиісті сотқа жіберіледі.»;
71) 454-бапта:
екінші бөліктегі «атаулас сот» деген сөздер «сол деңгейдегі сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші бөліктер «бойынша» деген сөздерден кейін «аудандық және оған теңестірілген» деген сөздермен толықтырылсын;
72) 50-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«50-тарау. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау»;
73) 458 және 459-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
458-бап. Заңды күшіне енгеннен кейін қайта қаралуы мүмкін сот актілері
1. Заңды күшіне енгеннен кейін:
1) бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары;
2) кассациялық сатыдағы соттың қаулылары сот қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
2. Мемлекеттік айыптаушының және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына және оның мерзімін ұзартуға санкция беру мәселелері бойынша, анықтауды немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыратын тұлғалардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне немесе прокурордың істі алдын ала тергеу сатысындағы іс-әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымдарды шешу жөнінде шығарылған, заңды күшіне енген сот қаулылары қадағалау тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.
3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты алқасының қаулылары түпкілікті болып табылады. Олар қабылданған қаулының адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.
459-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау негіздері
1. Тергеу немесе істі сотта қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілуі не заңның:
1) кінәсізді соттауға;
2) ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз қысқартуға;
3) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
4) сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сай келмеуіне;
5) үкімді орындау тәртібімен заңсыз немесе негізсіз қаулы шығаруға;
6) қылмыстың қайталану түрі мен түзеу колониясы режимінің түрін дұрыс айқындамауға;
7) азаматтық талап-арызды қоюды дұрыс шешпеуге;
8) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыларды заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға әкеп соққан дұрыс қолданылмауы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарауға негіз болып табылады.
2. Заңды күшіне енген сот актілері, егер:
1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекет қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болса;
2) адамды өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға соттау жөніндегі үкім кассациялық қарау нысанасы болмаса;
3) осы Кодекстің 423-2-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыну бар болса, қайта қаралады.
3. Өлім жазасы туралы заңды күшіне енген үкімдер де өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін қайта қаралуы мүмкін.»;
74) 460-бапта:
тақырып, бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«460-бап. Соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау туралы өтініш жасауға, соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына наразылық беруге құқығы бар тұлғалар
1. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау туралы жолданымдар өтініш жасау деп аталады және оларды апелляциялық және кассациялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар бере алады.
2. Бас Прокурор заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау туралы наразылық келтіруге құқылы.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар қылмыстық істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алуы мүмкін.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөлікте:
«Шағымды» деген сөз «Өтінішті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«алуы, наразылықты сондай-ақ жоғары тұрған прокурор кері қайтарып» деген сөздер алып тасталсын;
75) 461 және 462-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«461-бап. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдану мерзімдері
1. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталушының кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ неғұрлым жеңіл қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты, жазаның қатаң болғаны үшін немесе сотталушының жағдайын жақсартуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша қайта қарау туралы өтініш, наразылық беру мерзіммен шектелмейді.
2. Заңды күшіне енген ақтау үкімі, айыптау үкімі не соттың істі қысқарту туралы қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін алты ай ішінде оларды неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігі себептері бойынша, жазаның жеңіл болғаны үшін немесе сотталушының жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша қайта қарау туралы өтініш, наразылық беруге жол беріледі.
3. Соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы заңды күшіне енген қаулысына өтініш, наразылық олар заңды күшіне енген күннен бастап он бес тәуліктің ішінде берілуі мүмкін.
462-бап. Заңды күшіне енген соттың үкімін, қаулысын қайта қарау туралы өтінішті, наразылықты беру тәртібі
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш, наразылық Жоғарғы Сотқа жазбаша түрде беріледі. Өтініште, наразылықта осы Кодекстің 407-бабында тізбеленген мән-жайлардан басқа, іс бойынша іс жүргізу кезінде заңды қандай бұзушылықтарға жол берілгені және ол бұзушылықтардың шығарылған сот шешімдерінде қалай көрініс тапқаны және шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау үшін осы Кодекстің 459-бабында атап тізбеленген қандай негіздердің бар екені көрсетілуге тиіс.
2. Өтінішке, наразылыққа шағым жасалып отырған сот шешімдерінің көшірмелері және өтініш, наразылық дәйектерінің негізділігін растайтын өзге де материалдар қоса тіркелуге тиіс.
3. Соттардың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына берілген, өзге де мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық ұйымдарға жолданған өтініштер Жоғарғы Соттың іс жүргізуіне қабылданбайды.
4. Осы Кодекстің 466-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштің, наразылықтың берілуі олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
76) 462-1-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«462-1-бап. Өтініштерді, наразылықты қарамай қайтару»;
бірінші абзацтағы «Қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы» деген сөздер «1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш, наразылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) - 4) тармақтардағы «қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы», «қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын» деген сөздер тиісінше «өтініш, наразылық», «өтінішті, наразылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақ алып тасталсын;
6) тармақтағы «қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 458-бабына» деген сөздер «өтініш, наразылық осы Кодекстің 458-бабының екінші бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзац алып тасталсын.
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2. Өтінішті, наразылықты қайтару үшін негіз болған осы баптың бірінші бөлігінің 1) - 2) тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде жаңадан берілуі мүмкін.»;
77) 463-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«463-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішті алдын ала қарау
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішті Жоғарғы Сот Төрағасының немесе алқа төрағасының тапсырмасы бойынша құрамы үш судьядан тұратын сот алдын ала зерделейді және қарайды. Қажет болған жағдайда қылмыстық іс талап етіліп алынуы мүмкін.
Егер істі талап етіп алу кезінде сот істі қабылдап алған болса және ол бойынша сот талқылауы басталса немесе қосымша тергеу жүргізіліп жатқан болса, соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулысына өтініштің, наразылықтың дәйектерін тексеру үшін істі талап етіп алуға болмайды.
2. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс талап етіліп алынған жағдайда - іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.
3. Өтініштің алдын ала қаралатын күні туралы прокурорға, сондай-ақ өтінішті берген тұлғаға хабарланады, алайда олардың келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғаудың негізі бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.»;
78) 464-бапта:
тақырыбындағы, бірінші және екінші бөліктеріндегі «Қадағалау шағымын», «қадағалау шағымын», «қадағалау шағымында» деген сөздер тиісінше «Өтінішті», «өтінішті», «өтініште» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтініштің алдын ала қаралу нәтижелері жөнінде оны берген тұлғаға хабарланады.»;
79) 465-баптың бірінші бөлігіндегі «қадағалау шағымының» деген сөздер «заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштің» деген сөздермен ауыстырылсын;
80) 467-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«467-бап. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі, қадағалау сатысы сотының шешімдері
1. Қадағалау сатысының сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтініші (наразылығы) бойынша қайта қаралатынын, сот құрамына кімдердің енетінін және сот отырысы залында процеске қатысушылардың қайсысы келіп отырғанын хабарлауымен ашылады. Істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген өтініш (наразылық) берген тұлғаның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Прокурордың қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы міндетті.
2. Мәлімделген бас тартулар мен өтініштер шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда төрағалық етуші өтініш (наразылық) берген процеске қатысушыға сөз береді. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, онда олар өздері ұсынған сөз сөйлеу кезектілігін соттың назарына жеткізеді. Егер олар өзара келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.
3. Өтінішті (наразылықты) берген тұлға, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің неге байланысты заңсыз, негізсіз, әділетсіз болып табылатыны туралы дәлелдері мен дәйектерін айтып береді. Содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
4. Егер өтінішті қорғау тарабы берген болса, онда алғашқы сөзді оның өкілдері болып табылатын процеске қатысушылар алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздері қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес не ондай уағдаластық болмаған жағдайда, соттың шешімімен белгіленеді.
5. Егер өтінішті (наразылықты) айыптау тарабы берген болса, онда оның өкілдері бірінші болып сөз алады, содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
6. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот осы Кодекстің 370-бабының талаптарын сақтай отырып, кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) соттың үкімін, қаулысын - өзгеріссіз, ал оларды қайта қарау туралы өтінішті, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардың қаулысын өзгертеді;
3) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі қысқартады;
4) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі жаңадан сот қарауына жібереді;
5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық және кассациялық тәртіппен шығарылған қаулылардың күшін жояды.
Егер сот істі қабылдап алған болса және ол бойынша сот талқылауы басталса немесе қосымша тергеу жүргізіліп жатқан болса, соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулысының күшін жою туралы шешім қабылдана алмайды.
7. Үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге осы Кодекстің 412-бабында көрсетілген мән-жайлар негіз болып табылады.
8. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың қаулылары, егер осы қаулы арқылы бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған не жоғары тұрған сот іс бойынша осының алдындағы қаулылардың немесе үкімнің күшін заңсыз және негізсіз жойған немесе оларды өзгерткен деп танылған болса, не егер істі жоғары тұрған сотта қарау кезінде қабылданатын шешімнің дұрыстығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін заңды елеулі түрде бұзуға жол берілсе, күші жойылуға немесе өзгертілуге жатады.
9. Егер істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде істі заңсыз қысқартуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық қаулының күшін жоюға және бірінші сатыдағы соттың үкімін, апелляциялық қаулыны өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.
10. Сот сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдетуі немесе неғұрлым жеңіл қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ ол жазаны күшейтуге не неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы емес, сондай-ақ сот талқылауының нысанасы болмаған фактілерді анықтауға немесе оларды дәлелденген деп есептеуге құқылы емес.
11. Іс жаңадан қарауға жіберілген жағдайда сот: айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін тұжырымдарды алдын ала шешуге құқылы емес.
12. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемінде тексереді. Сот актісіне өтініште (наразылықта) көрсетілмеген негіздер бойынша, сондай-ақ өздері жөнінде өтініш (наразылық) берілмеген басқа сотталған адамдарға қатысты өзгерістер енгізуге, егер бұл ретте сотталған адамдардың жағдайы нашарламайтын болса, өзі жөнінде өтініш берілген сотталған адаммен бірге қатысып жасалған қылмыстың саралануын өзгерткен кезде жол беріледі. Сот жағдайды нашарлататын шешімді тек прокурордың наразылығында немесе өтініште көрсетілген сотталған адамдарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның өтініші немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің өтініші бойынша нашарлатуға құқылы емес.»;
81) 469-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Төмен тұрған сатыдағы сот істі қайтадан қараған кезде қадағалау сатысындағы соттың нұсқаулары міндетті.»;
екінші бөліктегі «, қадағалау сатысындағы» деген сөздер «сатыдағы» деген сөзбен ауыстырылып, «, сондай-ақ егер үкімнің күші жойылған соң істі жаңадан тексеру кезінде айыпталушының басқа да неғұрлым ауыр қылмыстар жасағандығын айғақтайтын жағдаяттар анықталатын» деген сөздер алып тасталсын;
82) 470-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«470-бап. Соттың істі жаңадан қараған кезде шығарған үкімін және қаулысын қайта қарау туралы өтініш (наразылық) келтіру
Бұрынғы үкімнің немесе қаулының күшінің жойылуына байланысты шығарылған жаңа үкімді немесе қаулыны қайта қарау туралы өтініш (наразылық) соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою себептеріне қарамастан жалпы негіздерде берілуі мүмкін.»;
83) мынадай мазмұндағы 470-1 және 470-2-баптармен толықтырылсын:
«470-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын тағайындау
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскеннен кейін Жоғарғы Соттың Төрағасы жалпы отырысты шақырады. Жалпы отырыстың хатшысы жалпы отырыстың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жалпы отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды.
470-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының ұсынуды немесе наразылықты қарау тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ұсынуды немесе наразылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы немесе Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ұсынуды не наразылықты енгізудің осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер болған кезде істі мәні бойынша қарау үшін сот отырысын тағайындайды.
4. Істі мәні бойынша қарау судьяның ұсынудың мән-жайлары және негіздері туралы баяндамасымен не прокурордың наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен басталады. Істі одан әрі қарау осы Кодекстің 467-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.»;
84) 476-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«476-бап. Соттың іс бойынша іс жүргізуді жаңғырту туралы мәселені шешуі
1. Сот шешімдерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы сот жүзеге асырады. Егер іс бойынша апелляциялық немесе кассациялық сатылардың қаулысы шығарылған болса, сот шешімдерін қайта қарауды тиісінше көрсетілген сатылар жүзеге асырады. Егер іс қадағалау тәртібімен қаралған болса, сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау Жоғарғы Сотта қаралады. Тиісінше көрсетілген сот сатылары прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды қарайды.
2. Сот отырысында және апелляциялық сатыда прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғырту туралы қорытындысын судьялар жеке-дара, ал кассациялық және қадағалау сатыларында көрсетілген сатыларда іс қарау үшін белгіленген қағидалар бойынша алқалы түрде қарайды.»;
85) 515-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«515-бап. Сотта іс жүргізу
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді бірінші сатыдағы соттар қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне, қаулысына берілген апелляциялық шағымдар немесе наразылық бойынша қылмыстық істі қараған кезде қарауы мүмкін.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс сотқа келіп түскеннен кейін судья оны осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша сот отырысында қарауға тағайындайды.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде соттың құрамы осы Кодекстің 58-бабына сәйкес айқындалады.»;
86) 518-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«518-бап. Соттың қаулысына шағымдану және наразылық беру
1. Аудандық және оған теңестірілген соттың қаулысына - осы Кодекстің 47-тарауында көзделген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен, ал апелляциялық сатыдағы соттың осы Кодекстің 418-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда шығарған қаулысына кассациялық сатыға қорғаушы, жәбірленуші мен оның өкілі, ісі қаралған тұлғаның заңды өкілі немесе жақын туысы шағымдануы, сондай-ақ прокурор наразылық беруі мүмкін. Осы Кодекстің 511-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам істі сотта талқылауға қатысқан жағдайда ол, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ауруының сипаты мен ауыртпалығы бұған кедергі жасамаса, сот қаулысына шағымдануға құқылы.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы осы Кодекстің 49-тарауында көзделген тәртіппен орындауға беріледі.»;
87) 519-баптың бірінші бөлігіндегі «немесе осы шараны қолдану орны бойынша үш судьядан тұратын алқа құрамындағы сот» деген сөздер «қарайды, ал егер медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану осы соттың қызмет ету аумағынан тыс жерде жүзеге асырылса - осы шараны қолдану орны бойынша тиісті сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
88) 543-бапта бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 165, 166, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар бойынша істерді, сондай-ақ көрсетілген әрекеттерді есі дұрыс емес күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жүйке ауруына ұшыраған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.
2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған болса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 165, 166, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда, аса ауыр қылмыстардың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісінің сотта алқабилердің қатысуымен қаралуына құқығы бар.»;
89) 544-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«544-бап. Алқабилер қатысатын сот құрамы
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта алқабилердің қатысуымен сот бір судьяның және он алқабидің құрамында әрекет етеді.»;
90) 546-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Айыпталушыға алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарлаған және істің барлық материалдарын танысу үшін ұсынған кезде, сондай-ақ келесі кезеңде, оның ішінде сотта істі алдын ала тыңдауда, бірақ соттың басты сот талқылауын тағайындауына дейін оның істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш мәлімдеуге құқығы бар.»;
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Кейіннен мәлімделген өтінішті айыпталушы жазбаша түрде береді және ол соттауына осы іс жататын сотқа дереу жіберіледі.»;
бесінші бөліктегі «Бұдан әрі» деген сөздер «Сот басты сот талқылауын тағайындағаннан кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
91) 552-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақтағы «сотта ілеспе аударма қамтамасыз етілмеген кезде,» деген сөздер алып тасталып, «білмейтін адамды» деген сөзден кейін «, мылқау, саңырау, зағип адамдарды» деген сөздермен толықтырылсын;