«1) қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизонның әскери сотының соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы;»;
2) тармақта:
«және үшінші бөлігінің в) тармағында» деген сөздер алып тасталсын;
«133» деген цифрлардан кейін «(бірінші - үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
19) мынадай мазмұндағы 290-2 және 290-3-баптармен толықтырылсын:
«290-2-бап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына жататын қылмыстық істер
1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар үкімді орындау сатысында өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
290-3-бап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың және гарнизондардың әскери соттарының соттауына жататын қылмыстық істер
1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген аса ауыр әскери қылмыстар туралы;
2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар; өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың соттауына жататын істерді қоспағанда, гарнизондардың әскери соттарының соттауына:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген әскери қылмыстар туралы;
2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар; өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
4. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары үкімдерді орындау сатысында өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша, прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.»;
20) 291-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«291-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын қылмыстық істер
1. Облыстық және оған теңестірілген сот апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Облыстық және оған теңестірілген сот аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьясы істі жеке-дара қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына берілген апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.
3. Облыстық және оған теңестірілген сот қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың істі алқабилердің қатысуымен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына, сондай-ақ, осы Кодекстің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қаулыларды қоспағанда, облыстық және оған теңестірілген соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына берілген кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.
4. Облыстық және оларға теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында аудандық және оған теңестірілген соттардың қылмыстық қудалау органының әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды апелляциялық тәртіппен қараған кезде, тергеушінің, анықтау органының күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына, олардың мерзімін ұзартуға санкция беру туралы мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына берілген жеке шағымдарды, наразылықтарды қарайды.
5. Үкімді орындау сатысында облыстық және оған теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттардың осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына берілген жеке шағымдарды, наразылықтарды апелляциялық тәртіппен қарайды.
6. Осы Кодексте көзделген жағдайларда облыстық және оған теңестірілген соттар прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.»;
21) мынадай мазмұндағы 291-1-баппен толықтырылсын:
«291-1-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау
Қылмыстық заңда тыйым салынған әрекетті есі дұрыс емес күйінде жасаған не оны жасағаннан кейін жүйке ауруына шалдыққан адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді осы Кодекстің 290, 290-1, 290-2, 290-3-баптарында белгіленген соттылыққа сәйкес бірінші сатыдағы сот қарайды.»;
22) 292 және 293-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«292-бап. Жоғарғы Соттың соттауына жататын қылмыстық істер
1. Жоғарғы Сот қадағалау сатысындағы сот ретінде әрекет етіп, мыналарға:
1) аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына;
2) облыстық және оларға теңестірілген соттардың істерді апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына;
3) облыстық және оларға теңестірілген соттардың істерді кассациялық тәртіппен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енген қаулыларына тараптардың өтініштері мен прокурордың наразылықтары бойынша істерді қарайды.
2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Жоғарғы Сот алқасының қаулыларына Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы немесе Бас Прокурордың наразылығы бойынша істерді қарайды.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Жоғарғы Сот прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына шағымдарды қарайды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
293-бап. Әскери соттың соттауына жататын істер
1. Әскери сот апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Әскери сот гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың судьясы істерді жеке-дара қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді аппеляциялық тәртіппен қарайды.
3. Әскери сот қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың істерді алқабилердің қатысуымен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына, сондай-ақ осы Кодекстің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қаулыларды қоспағанда, Әскери соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына берілген кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Әскери сот өзінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.»;
23) 295-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«295-бап. Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттылықты белгілеу
Бір адамды немесе адамдар тобын бірнеше қылмыстар жасағаны үшін айыптау кезінде, олардың ең болмағанда біреуі аса ауыр қылмыс санатына жататын болса, істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды, ал осы Кодекстің 290-3-бабында көрсетілген қылмыстар туралы істерді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарайды.
Аса ауыр қылмыстар санатына жатпайтын қылмыс бірге қатысумен жасалған жағдайда және істі жеке іс жүргізуге бөліп шығару мүмкін болмаған кезде істерді:
егер бірге қатысушылар арасында әскери қызметші болмаса, бірге қатысушылардың ең болмағанда біреуі кәмелетке толмаған болып табылатын істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот;
бірге қатысушылардың ең болмағанда біреуі әскери қызметші немесе осы Кодекстің 290-3-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген басқа тұлға болып табылатын істерді гарнизонның әскери соты қарайды.»;
24) 296-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың немесе гарнизонның әскери сотының соттауына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда соттылығы бойынша жіберілуге жатады.»;
25) 301-бапта:
бірінші бөлік «тараптардың қатысуымен» деген сөздердің алдынан «аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ басқа да істер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Алдын ала тыңдау барысында судья Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 165, 166, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішінің бар-жоғын анықтайды.»;
26) 312-бапта:
бірінші бөліктегі «немесе судьялардың сол бір құрамы» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Судьялардың бірінің» деген сөздер «Судьяның» деген сөзбен ауыстырылсын;
27) 313-бапта:
бірінші бөліктегі «алқалы» деген сөз алып тасталсын;
екінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі «судьялардың бірі» деген сөздер «судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші сөйлемдегі «судьялардың бірі шығып қалған жағдайда соттың құрамына кірген» деген сөздер «алдыңғы судья шығып қалған» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 314-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Басты сот талқылауында істі қарау тапсырылған судья төрағалық етеді.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
29) 328-бапта:
екінші бөлікте:
«стенография» деген сөзден кейін «және (немесе) аудио, бейнежазба» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөліктегі «дыбыс» деген сөз «аудио» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші бөлік «онымен» деген сөзден кейін «және аудио-, бейнежазба материалдарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөлік «хаттамадағы» деген сөзден кейін «және аудио-, бейнежазба материалдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 331-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сот отырысында аудио-, бейнежазбалар, киноға түсіру пайдаланылатын кезде төрағалық етуші ол жөнінде хабарлайды.»;
31) 338-баптың бірінші бөлігіндегі «немесе судьялардың бірінен» деген сөздер алып тасталсын;
32) 351-баптың үшінші бөлігіндегі «Судьялар», «сұрақ» деген сөздер тиісінше «Төрағалық етуші», «сұрақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 370-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«370-бап. Үкім шығару құпиясы
1. Істі қараған судья үкімді оған қандай да болсын ықпал ету мүмкіндігін болғызбайтын жағдайда шығарады. Үкім шығару кезінде өзге тұлғалардың, оның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.
2. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде судья кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жасауға құқылы.
3. Үкім жарияланғанға дейін судья іс бойынша шешімді айқындайтын өз пікірі мен пайымдауын жария етуге құқылы емес.»;
34) 372-бапта:
екінші бөліктегі «және іс құрамында үш судья бар сотта қаралса» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, қорғаушы айып тағылған кезден бастап іске қатыспаса, сот қылмыстық істі осы Кодекстің 515-бабында белгіленген тәртіппен қарауға беру туралы қаулы шығарады.»;
35) 373-бап алып тасталсын;
36) 377-баптың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Үкімді судья қолдан жазуы, машинкаға басу тәсілімен не компьютерлік тәсілмен дайындауы мүмкін және ол оған қол қояды.
5. Үкімдегі түзетулер ескертілуге және ол жарияланғанға дейін үкімнің тиісті бетінде судьяның қол қоюымен куәландырылуға тиіс.»;
37) 378-баптың 2) тармағындағы «күн» деген сөз «тәулік» деген сөзбен ауыстырылсын;
38) 384-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төрағалық етуші үкімге қол қойғаннан кейін сот отырысының залына оралып, үкімді жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі, төрағалық етушінің өзін қоса алғанда, үкімді түрегеп тұрып тыңдайды.»;
39) 396-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«396-бап. Үкімге (қаулыға) апелляциялық шағымдану, наразылық беру құқығы
1. Үкімге, қаулыға апелляциялық шағымдану құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, өкілдеріне және заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жеке айыптаушыға), олардың өкілдері мен заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері мен заңды өкілдері үкімнің азаматтық талап қоюға қатысты бөлігіне шағымдануға құқылы.
2. Сот актісін апелляциялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты мемлекеттік айыптаушы ретінде істі қарауға қатысқан прокурор бере алады. Бас Прокурор және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан өз құзыреті шегінде үкімді қайта қарау туралы наразылық енгізуі мүмкін.
3. Егер қаулы осы істің тараптары болып табылмайтын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты болса, олар да сот қаулысына шағымдануға құқылы.»;
40) мынадай мазмұндағы 396-1-баппен толықтырылсын:
«396-1-бап. Апелляциялық тәртіппен қаралуға жататын сот актілері
1. Аудандық және оған теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың судья істі жеке-дара қараған кезде шығарған, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енбеген үкімдері апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртіппен жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
3. Әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулылардан басқа, осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтініштерін зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысы залында тәртіп сақтауға қатысты қаулылар осы Кодекстің 46-тарауының қағидалары бойынша қайта қаралуға жатпайды. Жоғарыда көрсетілген қаулыларға қарсылықтар үкімге берілген апелляциялық шағымдарда, наразылықтарда баяндалуы мүмкін.»;
41) 397-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«397-бап. Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға берілген апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьясы істерді жеке-дара қараған кезде шығарған, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына берілген апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.
2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың судьясы істерді жеке-дара қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды Әскери сот қарайды.
3. Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, наразылықтар және қаулыға жеке шағымдар, наразылықтар облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.»;
42) 398-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«398-бап. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар беру
тәртібі»;
бірінші бөліктегі «Шағымдар», «шағымдар» деген сөздер тиісінше «Апелляциялық (жеке) шағымдар», «апелляциялық (жеке) шағымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «жалпы тәртіпте» деген сөздер «дәл осындай тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 399-бапта:
тақырыбындағы «Үкімге» деген сөз «Үкімдерге (қаулыларға) апелляциялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
«Бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағымдар, наразылықтар апелляциялық тәртіпте» деген сөздер «Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үкім» деген сөз «үкім (қаулы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өзіне үкім» деген сөздер «өзіне үкімнің (қаулының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«Үкімге» деген сөз «Сот актісіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«соттан» деген сөздің алдынан «бірінші сатыдағы» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «шағым, қарсылық» деген сөздер «апелляциялық (жеке) шағым, наразылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 400-бапта:
тақырыбындағы «Шағым» деген сөз «Апелляциялық (жеке) шағым» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі «Шағым» деген сөз «Апелляциялық (жеке) шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; «үкімді» деген сөзден кейін «(қаулыны)» деген сөзбен; «істі» деген сөзден кейін «басты» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «жоғары тұрған» деген сөздер «тиісті облыстық және оған теңестірілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 401 және 402-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«401-бап. Апелляциялық (жеке) шағым және наразылық беру туралы хабардар ету
1. Үкімді қабылдаған сот апелляциялық (жеке) шағым немесе наразылық беру туралы сотталған адамды немесе ақталған адамды, қорғаушыны, айыптаушыны, жәбірленушіні және оның өкілін, сондай-ақ, егер шағым, наразылық олардың мүдделерін қозғайтын болса, азаматтық талап қоюшыны, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін хабардар етеді.
2. Шағымның, наразылықтың көшірмесі осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға оларға жазбаша түрде қарсылық беру құқығы түсіндіріліп, ұсыну мерзімі көрсетіле отырып жіберіледі. Шағымға, наразылыққа келіп түскен қарсылық іске тігіледі.
3. Тараптар жаңа материалдарды апелляциялық (жеке) шағымға, наразылыққа қарсылықпен бірге немесе жеке түрде апелляциялық сатыға табыс етуге немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтініш жасауға, сондай-ақ өздері атаған жәбірленушілерді, куәларды, сарапшыларды сотқа шақырту және олардан жауап алу туралы өтініш жасауға құқылы.
402-бап. Апелляциялық (жеке) шағым берудің және наразылық берудің салдарлары
1. Апелляциялық (жеке) шағым беру және наразылық беру үкімнің (қаулының) заңды күшіне енуін және оның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Бірінші сатыдағы сот үкімге (қаулыға) шағымдану, наразылық беру үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін бір тәуліктен кешіктірмей, осы Кодекстің 401-бабының талаптарын орындайды, содан кейін істі келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса апелляциялық сатыға жібереді және процеске қатысушыларға істің апелляциялық сатыда қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сот талқылауы барысында шығарылған, үкім шығарумен аяқталған қаулыға шағым, наразылық берілген жағдайда іс үкімге шағымдану үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.
3. Үкімге (қаулыға) шағымданған, наразылық берген тұлға өзінің шағымын, наразылығын апелляциялық сатыда сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы. Прокурордың наразылығын да жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін.»;
46) 403-баптың бірінші және екінші бөліктері алып тасталсын;
47) 404-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«404-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері
1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің (қаулының) заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек олардың шағымға немесе наразылыққа қатысты бөлігінде және шағымға немесе наразылыққа қатысы бар сотталушыларға қатысты ғана тексереді.
2. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің (қаулының) шығарылуына алып келген басқа сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған болса, сот осы Кодексте көзделген қағидаларды сақтай отырып, оның шағымдалмаған, наразылық берілмеген бөлігінде де және өздері туралы шағым, наразылық берілмеген тұлғаларға қатысты да күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы.
3. Сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым, наразылық бойынша істі қарай отырып, жеке шағымдар, наразылықтар болмаған кезде де іс бойынша шығарылған жеке және өзге де сот қаулыларының заңдылығын тексеруге құқылы.»;
48) 405-бапта:
«наразылықтар бойынша» деген сөздерден кейін «істе бар және қосымша табыс етілген, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
«істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
49) 406-бапта:
«қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен» деген сөздер «тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте, істі қарау мерзімін ұзарту әр ретте бір айдан аспауға тиіс.»;
50) 407 және 408-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«407-бап. Апелляциялық (жеке) шағым, наразылық
1. Апелляциялық (жеке) шағымда, наразылықта:
1) шағым, наразылық жіберіліп отырған соттың атауы;
2) шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға туралы оның іс жүргізудегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері көрсетілген деректер;
3) шағым, наразылық беріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;
4) оларға үкімнің, қаулының қай бөлігіне немесе толық көлемінде шағым, наразылық беріліп отырғанын көрсету;