72) ветеринариялық-санитариялық бақылауға тиісті тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық құжаттарды беру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 73) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
73) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 74) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
74) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісу;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 75) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
75) ветеринариялық-санитариялық бақылауға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттамалардың жобаларын келісу;
76) ормандарды күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсіруді қамтамасыз ету, ғылыми, тәжірибелік-өндірістік және оқу мақсатында пайдаланылатын, өзінің функционалдық қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды реттеу;
77) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеуді және жобалау-іздестіру жұмыстарын айқындау;
78) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асыру;
79) облыстық атқарушы орган өкілінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастыру және өткізу;
80) облыстық атқарушы органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендерлердің материалдарын және шарттардың талаптарын келісу;
81) ұйымдар және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының орман қорының жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсіру мен орман пайдалану мәселелері жөніндегі, сондай-ақ олардың басқаруындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, пайдаланылуы және қаржыландырылу мәселелері жөніндегі есептерін қарау;
82) орман қорының бірыңғай мемлекеттік есебін, ормандардың бірыңғай мемлекеттік мониторингі мен орман орналастыруды жүргізу;
83) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастрын жүргізу;
84) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
85) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
86) өзге орталық атқарушы органдардың қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын келісу және тіркеу;
87) өзге орталық атқарушы органдардың қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқару жоспарын келісу;
88) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі шешімді, жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органмен келісу;
89) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын және басқару жоспарларын, паспорттарын келісу;
90) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қалпына келтіру іс-шараларын келісу;
91) мемлекеттік табиғи ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи заказниктерді және мемлекеттік қорық өңірін бекіту туралы, оларды орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері, табиғат қорғау мекемелердің қорғауы мақсатында құзыреті шегінде шешім қабылдау;
92) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі белгілеген арнайы экологиялық талаптардың есебімен келісу, мемлекеттік қорық өңірі аумағында геологиялық зерттеуді, пайдалы қазбаларды барлауды жүзеге асыру;
93) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын бекіту;
94) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының ұсынымы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келісу;
95) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру шаруашылығы (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
96) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысу;
97) су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құру;
98) су шаруашылығы теңгерімін әзірлеу;
99) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;
100) өзен бассейндері бойынша су пайдалану лимиттерін бассейндік схемалар мен су объектілеріне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің нормативтері негізінде әзірлеу;
101) өзінің функционалдық қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді ұйымдастыру;
102) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда басшылықты жүзеге асыру, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ оларға ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
103) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздену жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
104) бекіре балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған белгіні беруді жүзеге асыру;
105) бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алуға квоталар бөлу;
106) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін жасанды түрде өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
107) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерінің) резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
108) аңшылық шаруашылығының санаттарын айқындау;
109) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу және басып шығаруды қамтамасыз ету;
110) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
111) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 112) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
112) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантиндік объектілердің болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы деректер базасын құрау және мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 113) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
113) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен мазмұн 113-1) тармақшамен толықтырылды
113-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 114) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;
115) тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтер (улы химикаттар) санын айқындау;
116) отандық және шетелдік селекция сорттарын мемлекеттік сынауды ұйымдастыру;
117) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқарудың мерзімінен бұрын аяқталуы туралы шешім қабылдау;
118) Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 36-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдау;
119) мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарымен және көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдарымен астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуді келісу;
120) шекара мен кеден пункттерінде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 121) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
121) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 122) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
122) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 123) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
123) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 124) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
124) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болып табылған жағдайда, халықаралық ұйымнан алынған ақпаратты қоса отырып, қолда бар тиісті ақпараттың негізінде уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізу;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 125) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
125) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындау, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 126) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
126) басқа елдердің ветеринариялық-санитарлық шараларының, егер ол шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы салауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалылығын тану;
127) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;
128) ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 751 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
129) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқым мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;
130) асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттауға экспорттаушы елдің ресми органдары берген сәйкестік сертификатының (асыл тұқымдық куәліктің) қолданылуын тануды жүзеге асыру;
131) ауылдың әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
132) ауылдық елді мекендердің әлеуетті сыйымдылығын анықтауды жүзеге асыру;
133) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеуді және тіркеуді ұйымдастыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 134) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
134) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлерді беру, және олардың тізілімін жүргізу;
135) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы-тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
136) мониторинг жүргізу және ауылдық-елді мекендерді дамыту әлеуетін айқындау;
137) орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
138) орман қорының сандық және сапалық өзгерістеріне, ормандардың санитарлық жай-күйіне, ормандардағы орман-патологиялық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;
139) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шарттардың сақталуына және орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін бақылауды жүзеге асыру;
140) ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, ормандағы өрттердің алдын алу жөніндегі, оларды дер кезінде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебін жүргізудің дәлдігін және мемлекеттік орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтауға, орман өрттерінің зардаптарын жою жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануына бақылауды жүзеге асыру;
141) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуына, орман қорының пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуына, орман өсіруге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
142) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскелерінің меншік иелеріне пайдалануға немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешенді жүргізу үшін берілген мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ағаш және бұта өсімдіктерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
143) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердің су басудан, қоқыстанудан, ақаба сулар мен шаруашылық әсерінің басқа да түрлерінен қурап-солып қалуының алдын алу жөніндегі шаралардың дер кезінде қабылдануына, олардың есебін жүргізу мен болжаудың дәлдігіне бақылауды жүзеге асыру;
144) кеспеағашты бөліп беру жөніндегі жұмысты тексеруге бақылауды жүзеге асыру;
145) сүрікті түбірімен босату және ағаш кесу, орман пайдаланудың өзге де ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
146) ормандағы ерекше қорғалатын табиғи аймақтар режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
147) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарын аудандастыру, орман тұқымдарын дайындау, сақтау, өңдеу және олардың сапасын, питомник шаруашылығын жүргізу ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
148) орман қоры жерлерін қорғауды және ол жерлердің нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
149) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
150) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйіне және молықтырылуына қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
151) су қорын пайдалану мен қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану, өсімдіктер карантині, тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
152) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметінің белгіленген режимінің сақталуын;
трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын;
су объектілері бойынша су пайдаланудың және су бөлудің белгіленген нормалары мен ережелерінің, лимиттерінің, сондай-ақ су пайдалану режимінің сақталуын;
су тарту құрылыстарын, су шаруашылығы (елді мекендерде орналасқандарынан басқа) жүйелерін және су қоймаларын пайдалану ережелерінің сақталуын;
су объектілерінен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшеріне бастапқы есеп жүргізудің, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын;
жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын;
су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;
су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізудің және су объектілерін пайдалану мен қорғау бөлігінде жер беті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;
белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектілерін салуға, жаңартуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметіне сай келуін;
су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін;
суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктерінің және озық тәжірибенің, су тұтынудың үлесін азайту жөніндегі іс-шаралардың кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізілуін бақылауды жүзеге асыру;
153) су шаруашылығы құрылыстары меншік иелерінің қауіпсіздікті қамтамасыз етуін қадағалауды жүзеге асыру;
154) су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режимі талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
155) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексеруді жүзеге асыру;
156) жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу;
157) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
158) өсімдік шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
159) өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды сақтандырушы мен агенттен, сақтанушыдан сұрау және алу;
160) сақтанушылардың міндетті сақтандыру келісім шартын жасауынан бұлтаруы туралы істерді қарау;
161) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудағы агенттің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 162) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
162) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру және ұйымдастыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 163) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
163) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайын бақылауды жүзеге асыру;
164) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоса, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 165) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
165) ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (өткізу) кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;
166) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламентте белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
167) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, хаттама толтыру және әкімшілік жаза белгілеу;
168) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың тамақтан улануының шарттары мен себептерін белгілеу және анықтау;
169) асыл тұқым өнімді (материалды) ендіру және селекциялауда жаңа технологияларды, аспаптарды, құрал-жабдықтарды, материалдар мен биотехнологиялық әдістерді қолдануды мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
170) асыл тұқым мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзылған жағдайда ол қалпына келтірілгенге дейін асыл тұқым өнімдерді сатуды тоқтата тұру;
171) асыл тұқым мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
172) аттестаттаудан өткен жеке және заңды тұлғалардың қызмет көрсету сапасын тексеру;
173) асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектілеріндегі малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептілігінің жай-күйін тексеру;
174) асыл тұқым өнімді (материалды) субъектілердің ұстау, азықтандыру, қоректендіру, сондай-ақ сақтау шарттарының сәйкестігін тексеру;
175) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қызметтері сәйкес келмеген жағдайда асыл тұқымды орталық пен дистрибьютерлік орталықтың, асыл тұқымды зауыт пен шаруашылықтың аттестатын алып қою, асыл тұқымды өнімнің асылдығын анықтау бойынша және жануарларды өсіру қызметтері бойынша жеке және заңды тұлғаларға берілген аттестаттың қызметін тоқтату туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына ұсыныс беру;
176) астық қабылдау кәсіпорындарының:
мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақтауын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда);
өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерінің сақталуын бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 177) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
177) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынақтарын жүзеге асыру;
178) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді және ветеринария саласында мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру;
179) мемлекеттік органдардың арнайы үндеуінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, жоспарлы емес тексеріс түрінде астық экспортшыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
180) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы жазбаша өкім беру;
181) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен кестелер негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда), астық сапасының сараптамасы жөніндегі аккредиттелген зертханалардың астық сапасын сараптау мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, уәкілетті орган белгілеген астық сапасы куәлігін беру тәртібін және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі талаптарын сақтауы тұрғысынан олардың қызметін бақылау;
182) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
183) уәкілетті орган бекіткен кестенің негізінде жыл сайын жүргізілетін жоспарлы тексеріс түрінде астық экспортшыларының астықты экспортқа сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын орындауын және астық рыногының мониторингі жөніндегі есеп берудің анықтығы нысанасын лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;