Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына шот қарыз/грант туралы келісімде аталған шетел валютасында беріледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты қарыз/грант туралы келісімде және кредиттік шарттар аталған шетел валютасында беріледі.
120. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотына қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу есебінен төлем сомалары есептеледі.
121. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотынан төлемдерді жүзеге асыру қарыз/грант беру туралы келісімде айтылған шарттар мен мақсаттарға сәйкес жүргізіледі.
122. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотынан қаражат алу кредит шартының ережелерінде көзделген кредиттік қаражатты беруге жүргізіледі.
123. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты, бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына шот, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және оларды жаңарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі. Екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үш күндік мерзімде шығыс операцияларын тоқтату туралы Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға хабарлайды.
124. Мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған шоттарын жабу шотты ашуға және рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты жүргізіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын қайтарып алу осы Ереженің 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Шоттарды жабу Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында және екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және мемлекеттік мекеме арасындағы банктік шот шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
125. Бюджетті атқару орталық (жергілікті) уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шот ашуына рұқсатын қайтарып алуы:
1) мемлекеттік мекемені таратқан немесе қайта ұйымдастырған;
2) қарыз/грант туралы келісімнің қолданылу мерзімі аяқталған. Мемлекеттік мекеме келісімде көзделген рәсімдерге сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарызды/грантты аванстау қаражатын жұмсау туралы шетелдік кредит берушіге/донорға есеп жібереді, ал бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотында, бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына шотта пайдаланылмаған қалдықты үкіметтік сыртқы қарызды/грант шотына аударады;
3) төлемдерді жүзеге асыру тәртібі бұзылған;
4) есеп айырысу кезінде корпоративтік төлем карточкаларын пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына өзгерістер енгізілген;
5) ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында корпоративтік төлем карточкаларын пайдалану рұқсат етілетін шығыстардың экономикалық сыныптамаларының ерекшеліктері болмаған;
6) карт-шоттарды ашуға арналған рұқсатта көзделмеген мақсаттарға карт-шотқа есептелген ақшаны пайдалану фактісі анықталған жағдайларда жүргізіледі.
126. Рұқсатты қайтарып алу екі данада екінші деңгейдегі банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) жіберіледі. Екінші деңгейдегі банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) мемлекеттік мекеменің шотын жабу жөніндегі рәсімдерді аяқтағаннан кейін шотты жабу туралы белгісі соғылған рұқсатты қайтарып алудың екінші данасын бюджетті атқару жөніндегі орталық (жергілікті) уәкілетті органға қайтарады.
127. Бюджетті атқару жөніндегі орталық (жергілікті) уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашуға рұқсатты қайтарып алған жағдайда екінші деңгейдегі банкте (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелерде) ашылған мемлекеттік мекеме шоттарының жабылуы туралы екінші деңгейдегі банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелердің) белгісі соғылған қайтарып алуды алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бұл туралы жазбаша құлақдар етеді.
5-бөлім. Ұлттық валютадағы түсімдер бойынша
бюджеттің атқарылуы
14-тарау. Түсімдерді есептеу және бөлу
128. Бюджет кодексiне, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне, республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекіту туралы мәслихаттардың шешiмдерiне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілеріне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетiн түсiмдер ҚР ББС кiрiстер сыныптамасының кодтары бойынша БҚШ-ға есептеледi.
Төлем құжатының «Бюджеттік сыныптама кодтары» ашық жолағына деректемелер Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген ҚР ББС-қа сәйкес толтырылады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік сыныптама кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаперіне жеткізеді.
Түсімдердің жинақ шотына есептеу үшін төлем құжаты бенефициарының банктік деректемелерін салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы төлеушілерге одан әрі хабарлау үшін банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаперіне жеткізеді.
129. Түсімдердің жинақ шоты түсімдерді тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шотына жинақтап, оларды кейіннен бөлу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын банкішілік транзиттік шот болып табылады. Түсiмдердiң жинақ шотынан республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi - Ұлттық қор) арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген салық және бюджетке төленетiн түсімдер сомасын қайтару, түсiмдердiң бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында немесе аумақтық салық қызметi органдарының арасында артық (қате) төленген соманы есепке алу жүзеге асырылады.
130. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган күн сайын:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының (бұдан әрi - ҚБЕО) төлем жүйесi арқылы екiншi деңгейдегi банктерден немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан бюджетке түсетiн түсiмдер жөніндегі электрондық төлем құжаттарын заңнамада белгiленген тәртiппен қабылдауды жүзеге асырады;
2) электрондық төлем құжаттарының ресiмделу дұрыстығын және толықтығын тексерудi жүзеге асырады;
3) түскен электрондық төлем құжаттары негiзiнде Түсiмдердiң жинақ шотына түсiмдердің түсуiн есепке алуды жүргiзедi;
4) республикалық, жергілікті бюджеттер және Ұлттық қор арасындағы түсімдер сомасын бөлуді жүзеге асырады;
5) Ұлттық қорға жiберiлетiн бюджетке түсетiн түсiмдер сомасын осы Ереженің 514-тармағына сәйкес ҚР ҰБ-дағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына аударуды жүзеге асырады.
131. Төлем құжаттарын БСК, ЖСК бар-жоғына және сәйкестігіне, ҚР ББС бюджеттік сыныптама кодының бар-жоғына тексеру жүзеге асырылады.
Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тура салықтарды және мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерді, оның ішінде мұнай келісім-шарттарының ережелерін бұзғаны үшін түсімдерді тексеру төлеушінің мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкестігіне жүзеге асырылады.
Төлемнің мақсатын және/немесе аумақтық тиесілігін анықтауға мүмкіндік бермейтін электрондық төлем құжаттарында көрсетілген деректемелер болмаған немесе жалған болған, осы өңірге БСК қолдануға келмейтін және төлеушінің Мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкес келмеген кезде түсімдер сомасы «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шотына электрондық төлем құжаттарын қабылдау күні есептеледі. «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шоты - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында ашылатын қолма-қол ақшаның бақылау шоты.
132. Республикалық және жергілікті бюджеттердің, Ұлттық қордың арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін «Бюджет деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шоты арасындағы түсімдер сыныптамасының түсімдерін бөлу» кестесінің және орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу, келісім-шарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымы тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің І сатысы).
Облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) арасындағы түсімдерді бөлу облыс мәслихатының шешімімен белгіленген облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің ІІ сатысы).
133. Төлем құжаттары қабылданғаннан және түсімдерді бөлгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің бөлінуіне және түсімдер бойынша операциялық күнді жабу рәсімдеріне бақылауды жүзеге асырады.
15-тарау. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу
134. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасы кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтаруды және (немесе) есептеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару және (немесе) есептеу салық органдарының:
1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салық және бюджетке түсетін міндетті төлемдер және нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құзыреттер шегінде салықтық емес түсімдердің тізбесі бойынша салық органдарының қорытындылары негізінде;
2) салық органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды, сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда салықтық емес түсімдерді өндіріп алғаны үшін жауапты уәкілетті органның қорытындысы негізінде ұсынылған салық органдарының төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.
Түсімдердің бюджеттік сыныптамасы арасында, салық қызметі органдары арасында артық төленген немесе қате түскен сомаларды төлеушілерге бюджеттен қайтару (бұдан әрі - қайтару және/немесе есептеу) үшін салық органы аумақтық қазынашылық органына екі данада:
1) осы Ереженің 54-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмаларының тізілімін;
2) бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органның қорытындысын;
3) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынады.
135. Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган - өздері әкімшілік ететін түсімдердің толық және уақтылы түсуіне жауапты және олардың түсуіне, артық, қате немесе дұрыс емес түскен түсімдер сомасын қайтарылуына немесе оларды бюджетке берешекті өтеу шотына есептеуіне мониторингті жүзеге асыратын орган.
136. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын қайтару және/немесе есептеу үшін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген салық органдарының құзыреті шегінде салық органы жасайды.
Мұнай секторы ұйымдарының Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған резидент еместердің кірісінен ҚР Ұлттық қорына төлеген салықтарды қайтару және (немесе) есептеу резидент емеске жүзеге асырылады.
137. Салық органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді, трансферттер түсімдерін, бюджет кредиттерін өтеуді, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді, қарыздар түсімдерін қоспағанда салықтық емес түсімдер сомасын қайтару және/немесе есептеу үшін қорытындыны бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган жасайды.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органға төлеушілерден төлеу орны бойынша төлеу туралы төлем құжатының көшірмесі қоса беріле отырып, жазбаша өтініш беріледі.
Төлеушінің - заңды тұлғаның, жеке тұлғаның (жеке кәсіпкердің) қайтару және/немесе есептеу туралы өтінішінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) өтініш берушінің атауы (заңды тұлғалар, құрылымдық бөлімшелер, филиалдар үшін) немесе тегі, аты және әкесінің аты (жеке тұлғалар, адвокаттардың жеке кәсіпкерлері және нотариустар үшін);
2) СТН (резидент емес болса көрсетеді), БСК, ЖСК (олар болған кезде);
3) өтініш берушінің мекен-жайы;
4) жеке куәліктің, паспорттың немесе оларды алмастыратын құжаттың нөмірі және кімнің бергені (жеке тұлғалар, адвокаттардың жеке кәсіпкерлері және жеке нотариустары үшін);
5) уәкілетті органдар әкімшілік ететін түсімдер бойынша артық (қате) төленген сома пайда болғандардың атауы;
6) қайтаруға және/немесе есептеуге жататын сома;
7) есептеген жағдайда - бюджеттік сыныптама коды, артық (қате) төленген сома есептелетін бюджет түсімдерінің атауы, салық қызметі органының СТН және атауы;
8) бюджетке төленетін төлем туралы төлем құжаттарының деректері - төлем құжатының нөмірі және күні;
9) бюджетке іс жүзінде енгізілген сома;
10) банктік шотқа қайтарған жағдайда - банктік шоттын алушының нөмірі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктің немесе ұйымның атауы, БСК, ЖСК.
138. Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қорытындыны осы Ереженің 55-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төрт данада жасайды, оның екеуін түсімдерді қайтаруға және/немесе есептеуге төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін қолын қойдырып, қолма-қол мынадай мерзімдерде:
төлеуші есептеуге өтінім берген күннен бастап төрт жұмыс күнінен кешіктірмей;
төлеуші қайтаруға өтінім берген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынады.
Қорытындының үшінші данасы төлеушіге тапсырылады, төртінші данасы уәкілетті органда қалады.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қайтаруға және/немесе есептеуге қорытынды жасаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын, қорытындыда қамтылған деректердің шынайылығын қамтамасыз етеді және оларды сақталмағаны/сәйкессіздігі үшін жауап береді.
Қорытындыларды уәкілетті орган осы Ереженің 56-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және/немесе есептеуге төлем құжаттарын тіркеу журналына тіркейді.
139. Салық қызметі органы бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органнан олар әкімшілік ететін түсімдер сомасын қайтаруға және/немесе есептеуге қорытындыларды алған кезде бес жұмыс күні ішінде төлем тапсырмасын жасайды және Қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады.
Төлем тапсырмаларын салық органы осы Ереженің 57-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және/немесе есептеуге арналған төлем тапсырмаларын тіркеу журналында тіркейді.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган түсімдерінің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға және/немесе есептеуге қорытындыны салық органы осы Ереженің 58-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Салық органдары әкімшілік етпейтін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтару және (немесе) есептеу қорытындысын тіркеу журналында тіркейді.
140. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтаруды және/немесе есептеуді жүзеге асырғаннан кейін қорытындының және төлем тапсырмасының, атқарылуы туралы белгісі бар төлем тапсырмалары тізілімінің бір-бір данасын салық қызметі органына қайтарады. Төлем тапсырмасының тізілімі және атқарылуы туралы қорытынды мен төлем тапсырмасының бір-бір данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
141. Қайтаруға және/немесе есептеуге құжаттар аудан (облыстық маңызы бар қала) түсімдерінің бюджет сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және/немесе есептеу тұтастай алғанда облыс бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдері қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе есептеу тұтастай алғанда республика бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомасы шегінде жүргізіледі, бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы кіші сыныбы бойынша дебеттік қалдықтар жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 141-1-тармақпен толықтырылды
141-1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) түсімдерінің бюджет сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап салықтық емес түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және/немесе есептеу тұтастай алғанда облыс бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап салықтық емес түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе есептеу) тұтастай алғанда республика бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомасы шегінде жүргізіледі, бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы сыныбы бойынша дебеттік қалдықтарға рұқсат етіледі.
142. Қайтару және (немесе) есептеу жөніндегі құжаттарды орындау не оларды қайтару себептері көрсетіліп, олар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 143-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
143. Аумақтық қазынашылық бөлімшелер (жекелеген сұрату бойынша) олар әкімшілік ететін түсімдердің мониторингін жүзеге асыру үшін төлеушілер тұрғысында бюджет түсімдерінің сыныптамасының коды бойынша түсімдер туралы ақпаратты бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдарға ұсынады.
Көрсетілген ақпаратты бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган осы Ереженің 59-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдерді тіркеу журналына жазады.
144. Шетел валютасында бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтару үшiн салық органы не бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетел валютасыдағы ақшаны алушыны енгізуге өтінім бередi.
Шетелдік берушінің бірегей коды берілгеннен кейін салық органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне салық органының немесе уәкілетті органның тиісті қорытындысын, төлем тапсырмасын, шетел валютасын айырбастауға өтінімді, шетел валютасын аударуға өтінішті осы Ереженің 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді. Шетел валютасын айырбастау және аудару бойынша операциялар осы Ереженің 35-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Қайтару Түсiмдердiң жинақ шотынан оны кейiннен бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның валюта түрлерi бойынша шетел валютасындағы корреспонденттiк шоттарға есепке ала отырып, жүзеге асырылады. Құжаттарды салық органдарына беру Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жуапты салықтық және уәкілетті орган шетел валютасында бюджетке түсетін түсімдерге қайтаруға арналған жоғарыда көрсетілген құжаттардың шынайылығына және дұрыстығына жауапты болады, аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді .
Шетел валютасында қайтару бойынша құжаттарды орындау не оларды қайтару себептерін көрсете отырып қайтару олар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне түскен күні жүзеге асырылады.
16-тарау. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге бюджеттік алуларды аударудың тәртібі мен мерзiмi
145. Бюджеттік алып қоюлар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекітілген сома шегiнде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берiледi.
146. Бюджеттік алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерiн республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде көзделген, келесi қаржы жылына бекітілген төмен тұрған бюджет кiрiстерi түсiмдерiнiң (азаматтарға пәтерлердi сатудан түсетiн соманы қоспағанда, салық, салықтық емес түсiмдер және негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер) сомасына бюджеттік алып қоюлар сомасының қатынасы ретiнде пайызбен жоғары тұрған деңгейдегi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды және бекiтедi.
Төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi атқарушы орган 25 желтоқсаннан кешiктiрмей жоғары тұрған бюджеттi атқару жөніндегі органға келесi қаржы жылына арналған кiрiстердiң болжамдық көлемiн және түсiмдердiң жиынтық жоспарының жобасын алдын ала айға бөлудi (ерекшелiктер деңгейiне дейiн) бередi.
Жоғары тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган төмен тұрған бюджеттер кiрiстерiнiң мөлшерi мен ай сайынғы болжамдық көлемi негiзiнде бюджеттік алуларды айға сайынғы бөлуді айқындайды және жоғары тұрған бюджеттiң түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың қаперіне жеткiзедi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 147-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
147.Төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде бюджеттік алулар сомасын төмен тұрған бюджеттiң түсiмдерiнің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген айлық сома шегiнде жоғары тұрған бюджет түсiмдерi бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодын көрсете отырып, ағымдағы айдың жиырма бесінші күнiне дейiн аударады.
Осы талапты орындамаған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi түсiмдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулар сомасын толық аударғанға дейiн тиiстi жергiлiктi бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
148. Бюджеттік алуларды аударудың толықтығын бақылауды бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Бюджеттік алуларды аударудың уақытылылығын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.
6-бөлім. Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы
17-тарау. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауы
149. Мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарымен бекітілген сомалар шегінде шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сомалар және мыналармен:
1) іске асыру мерзімі бір жылдан астам бюджеттік бағдарламалармен;
2) технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (жылдары) беруге себепші болатын активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалармен;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан астам қызмет көрсетумен;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын, аяқталу мерзімі келесі қаржы жылында басталатын қызметтерді көрсетумен;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан асатын іс-шараларды өткізумен байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары шегінде олар әрекет еткен барлық мерзім ішінде тіркелуге жатады.