3. Арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдану алдында олар қарсы қолданылуы мүмкiн адамдарға бұл туралы анық ескертiлуге тиiс.
4. Қарулы не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жасы белгiлi немесе айқын болған жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты қызметтiк қару мен арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
5. Қызметтiк қару қолданылатын барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн шаралар қолданылуы, iшкi iстер органдары мен прокуратураға жиырма төрт сағат iшiндехабарлануы қажет.
6. Жеке күзет ұйымдарының күзетшiлерi, жеке күзетшiлер, күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi және мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң штаттағы күзетшiлерi арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы өз мiндеттерiн орындауға жарамдылығы жөнiнде мерзiмдi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.
7. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде келтiрген зияны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық жауапты болады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Күзет қызметiн мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен 21-бап өзгертілді; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ;2008.04.07 № 53- ІV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Күзет қызметiнiң субъектiлерiн есепке алу
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасындағы күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiн, күзетшiлердi даярлау мен қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарын, сондай-ақ лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе олардан айыру туралы деректердi бiрыңғай есепке алып отыруды жүзеге асырады.
22-бап. Күзет қызметiн қадағалау
Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның және күзет қызметi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілердiң қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
23-бап. Заңсыз күзет ұйымдарын құрғаны және белгiленген тәртiптi бұза отырып күзет қызметтерiн көрсеткенi үшiн жауаптылық
Осы Заңда көзделмеген күзет ұйымдарын, күзет қызметi жөніндегі оқу орындарын құру немесе олардың қызметi, сондай-ақ лицензия алмай немесе осы Заңда белгiленген тәртiптi бұза отырып күзет қызметтерiн көрсету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының