3) мынадай мазмұндағы 25-1-тараумен толықтырылсын:
«25-1-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
240-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық даму институттарында, ұлттық холдингтерде және ұлттық компанияларда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында жұмыста болумен байланысты шектеу
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдауға болмайды.».
6. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар):
1) 1-баптың бірінші бөлігіндегі «құрылтай және басқа» деген сөздер алып тасталсын;
2) 7-баптың үшінші бөлігіндегі «не ереже» деген сөздер «, ереже не жазбаша түрде ресімделген заңды тұлғаны құру туралы шешім (бір ғана құрылтайшының шешімі)» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат):
1) 23-баптың екінші бөлігінің в) тармақшасындағы «орындалғанға дейін;» деген сөздер «орындалғанға дейін рұқсат етілмейді.» деген сөздермен ауыстырылып, г) тармақшасы алып тасталсын;
2) 28-баптың бірінші бөлігінің в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса;».
8. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат):
1) 5-баптың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарындағы «ұсынуы бойынша» деген сөздер «дәлелді ұсынуы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың екінші бөлігіндегі «ұзартылуы мүмкін» деген сөздер «ұзартылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 8-баптағы «ұсынысы бойынша» деген сөздер «дәлелді ұсынысы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 14-баптың б) тармақшасындағы «бүтіндей» деген сөз алып тасталсын.
9. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат):
74-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінің бөлек тізімдерін жыл сайын бірінші тоқсанда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайды. Тұрғын үй алған адамдардың тізімдері тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінің тізімдерімен белгіленген олардың кезегі көрсетіле отырып, жергілікті атқарушы орган тұрғын үй беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады.».
10. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 жылғы 8 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бec процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ
жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.»;
2) 4-баптың 2-тармағындағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
3) 5-бапта:
7) тармақша «қамтамасыз ету» деген сөздерден кейін «және оларды көтермелеу» деген сөздермен толықтырылсын;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу;
12) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.»;
4) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, оның ішінде мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз құзыреттері шегінде осы Заңның талаптарын орындауды және бұл үшін кадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді тарта отырып, онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды, сондай-ақ өздеріне белгілі болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тіркеуді және олар туралы осы баптың 2-тармағында аталған органдарға хабарлауды қамтамасыз етеді.».
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы мәліметтері бар материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде заңда көзделген шараларды қолдануға міндетті.»;
5) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді.»;
4-тармақтағы «осы Заңға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген, қасақана жасалған, сондай-ақ бірнеше рет жасалған әрекеттер заңда белгіленген тәртіпте қолданылатын әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Адамдар мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерді атқарудан босатылғаннан кейін үш жылдың ішінде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған әрекеттер, сондай-ақ мұндай іс-әрекеттерді қайталап жасау заңда белгіленген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.»;
7) 10-баптың 2-тармағындағы «шаруашылық жүргізуші субъектіні» деген сөздер «коммерциялық ұйымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 11-баптың 1-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
9) 12-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына мемлекеттік қызметке кіретін және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық;)»;
9) тармақшадағы «немесе қоғамдық бірлестіктердің» деген сөздер алып тасталсын;
10) 13-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық істі тоқтатқан жағдайда, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде жаза осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімде қолданылуы мүмкін.».
11. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат):
31-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы «тоқтатылуы мүмкін» деген сөздер «тоқтатылады» деген сөзбен ауыстырылсын.
12. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;»;
2) 10-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың 5) тармақшасындағы «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
«Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «заңда» деген сөзбен ауыстырылсын;
«алынбаған» деген сөзден кейін «әкімшілік немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатуы;».
13. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
17-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкілетті органның (лицензиар) лицензиатты лицензиядан сот тәртібімен айыруға құқығы бар» деген сөздер «уәкілетті орган (лицензиар) лицензиатты лицензиядан айыру туралы арызбен сотқа жүгінеді» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат):
11-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «жүзеге асырылуы мүмкін» деген сөздер «жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
36-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «өтеусіз негізде жүзеге асырылуы мүмкін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өтеусіз негізде жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 7-сі.
№ 222-ІV ҚРЗ