Босқынның шыққан елінде оған босқын мәртебесін беруге негіз болған бұрынғы мән-жайлар сақталған кезде босқынның аталған мерзім аяқталудан бір ай бұрын берген өтініші негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесі мерзімін бір жылға және әрбір кейінгі жылға ұзартады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пана іздеген адамға бас тартудың себебін көрсетіп және қабылданған шешімге шағымдану тәртібі туралы түсіндіріп, шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді.
12-бап. Пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартудың негіздері
1. Мынадай мән-жайлар:
1) адамның нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін деген негізделген қауіп болмаса;
2) егер адам өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу мән-жайлары туралы хабарлаудан бас тартса не көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынса;
3) адамда өзі оның қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығы болса;
4) егер адам қауіпсіз үшінші елдің аумағынан тікелей келсе;
5) егер аталған адамға қатысты өзі азаматы болып табылатын елде не келген елінде әрекет ететін террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысады не қатысты деп топшылауға салмақты негіздер болса;
6) егер аталған адам жөнінде бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмыстарды жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;
7) егер осы адамға қатысты ол Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;
8) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаты мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттердің жасалуына кінәлі деген салмақты негіздер болса;
2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) егер аталған адам Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының немесе мекемелерінің қорғауын не көмегін пайдаланатын болса;
2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12-баптың 10) тармақшасының қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша 21-баптың 1-тармағының редакциясында қолданылды
10) осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартса немесе өтпесе, пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
13-бап. Адамды босқын мәртебесінен айыру
1. Егер адам:
1) босқын мәртебесі берілуі үшін негіз болған көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа не жалған құжаттарды ұсынса;
2) бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмысы үшін сотталған болса;
3) Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде жасаған саяси емес сипаттағы ауыр қылмысы үшін сотталған болса;
4) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттер жасағаны үшін сотталған болса;
5) террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін сотталған болса, босқын мәртебесінен айырылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған адамға бұл шешімнің себептері көрсетілген және қабылданған шешімге шағым жасау тәртібі түсіндірілген шешімнің көшірмесін табыс етеді немесе жібереді, сондай-ақ қабылданған шешім туралы уәкілетті орган мен ішкі істер органдарына хабар береді.
14-бап. Босқын мәртебесін тоқтату
1. Егер адам:
1) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің азаматтығын алса және өзі азаматы болған мемлекеттің қорғауын пайдаланса;
2) өзінің босқын деп тануға негіз болған мән-жайлар өзгергендіктен, бұдан әрі өзі азаматы болып табылатын елдің қорғауын пайдаланудан бас тарта алмайтын болса;
3) өзінің бұрынғы мемлекетінің жоғалтқан азаматтығын өз еркімен қайта қабылдаса;
4) өзі азаматы болған елдің қорғауын өз еркімен қайта пайдаланса;
5) өзіне босқын мәртебесін беру негіздері болмағандықтан, шыққан еліне қайтып оралуға тілек білдірсе;
6) қудалау қаупінің салдарынан тастап шыққан немесе кетіп қалған еліне өз еркімен қайта оралса;
7) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетсе, босқын мәртебесі тоқтатылады.
2. Сондай-ақ босқын мәртебесі ұзартылмаған жағдайда, оның мерзімі өткен соң тоқтатылады.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешіміне шағым жасау тәртібі
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы немесе босқын мәртебесінен айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
16-бап. Босқын мәртебесін алуға тілек білдірген балаларды және босқын балаларды қорғау
1. Босқын мәртебесін алуға тілек білдірген балалар және босқын балалар ата-аналарсыз немесе өзге де заңды өкілдерінсіз келгенде де, ата-аналарын немесе отбасының басқа мүшелерін табу мүмкін болмаған жағдайларда да Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған басқа балалар сияқты қорғалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында ата-аналарсыз немесе заңды өкілдерінсіз жүрген босқын балаларға босқын куәлігі беріледі.
17-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу
Босқындар Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алады.
18-бап. Қайтару және елден шығарып жіберу
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Пана іздеген адамдар және босқындар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, уәкілетті органның не соттың босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы не босқын мәртебесінен айыру туралы, сондай-ақ оны тоқтату туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өздерінің отбасы мүшелерімен бірге Қазақстан Республикасының аумағын өз еркімен тастап шығуға тиіс.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Пана іздеген адамдар және босқындар Қазақстан Республикасының аумағын өз еркімен тастап шығудан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және соттың заңды күшіне енген шешімдерін орындау үшін ішкі істер органдары пана іздеген адамдарды және босқындарды елден мәжбүрлеп шығарып жібереді.
Пана іздеген адамдарды және босқындарды нәсілдік, діни сенім, ұлттық, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша олардың өміріне немесе бостандығына қауіп төнген елдің шекарасына қайтаруға немесе елден шығарып жіберуге тыйым салынады.
19-бап. Қаржылық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасында босқындармен байланысты шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасы босқындар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған босқындар және пана іздеген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негіздерде жауапты болады.
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) осы Заңның 8-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының;
2) осы Заңның 10-бабы 6-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күні пана іздеген адамның куәлігі беріледі және оның өтінішхаты бойынша шешім қабылданғанға дейінгі мерзімге осындай адамды тіркеу жүргізіледі.»;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 11-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы шешімді босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды.»;
4) осы Заңның 12-бабы 10) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 4-і.
№ 216-ІV ҚРЗ