Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1945 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 74-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 35-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-2-жолмен толықтырылсын:
«
44-2 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | Қазан | Қараша | Желтоқсан | М.Б. Бекетаев |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр | К. Мәсімов |