Ескертпе:
*лауазымдық жалақыдан (ставкадан)
** АЕК - заңнама актілерінде белгіленген айлық есептік көрсеткіш
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
20-қосымша
Мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылған
қызметкерлердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу
Оқитындар контингенті | Сағат бойынша ақы төлеу мөлшері* |
Профессор, ғылым докторы | Доцент, ғылым кандидаты | Ғылыми дәрежесі жоқ адамдар |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары және оқушы- лардың осыған ұқсас басқа да санаттары, техникалық және кәсіп- тік, орта білімнен кейінгі білімді талап ететін лауазымға ие қызметкерлер, жұмысшы- лар, курс тыңдаушылары; студенттер; аспиранттар, басшы қызметкерлер мен маман- дардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орындарының тыңдаушыла- ры, дәрігерлердің консультация өткізулері | 0,09*** 0,10**** 0,12***** | 0,08*** 0,09**** 0,10***** | 0,07*** 0,08**** 0,09***** |
Қызметкерлер санаты | Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері* |
Оқу сабақтарын жүргізуге қатысатын, пластикалық кейіп- терді көрсететіндердің еңбегі- не сағат бойынша ақы төлеу ставкасы мынадай мөлшерде белгіленеді: киімсіз немесе күрделі кейіпте кейіп көрсеткені үшін киім киіп тұрып кейіп көрсет- кені үшін | 0,04 0,03 |
Қызметкерлер санаты | Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері |
Оқу сабақтарын өткізуге қаты- сатын оқу-қосалқы қызметкер қатарындағы адамдарға сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы ғылыми дәрежесі жоқ адамдарға көзделген сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасының 50-пайызы мөлшерінде белгіленеді | 50% |
Қызметкерлер санаты | Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері** |
Ғылыми дәрежесі мен атағының болуына қарамастан, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыз- дандыру мекемелерінің консуль- танттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшелеріне және корреспондент мүшелеріне | 3 % 25% |
Ескертпе:
Ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын біржолғы консультация беруге бір сағат ретінде ақы төленеді.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу демалыс үшін төленетін ақыны да ескереді.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ғылым докторының немесе кандидатының ғылыми дәрежесі үшін берілетін қосымша ақыны ескереді.
Жоғары білімі бар жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне негізгі лауазымы бойынша жұмыс күнінен тыс жоғары оқу орны ректорының рұқсатымен сол оқу орнында көлемі жылына 225 сағаттан аспайтын сағат бойынша еңбек ақы төлеу шарттарында педагогикалық жұмыспен шұғылдана алады.
«Халық» деген құрметті атағы бар адамдарға сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы профессорлар, ғылым докторлары үшін көзделген мөлшерде, ал «Еңбек сіңірген» құрметті атағы бар адамдарға доценттер, ғылым кандитаттары үшін көзделген мөлшерде белгіленеді.
Конкурстар мен байқаулардың әділқазылар алқасының мүшелеріне, сондай-ақ конкурстық жұмыс рецензенттеріне еңбек ақы төлеу студенттермен оқу сабақтарын жүргізетін адамдарға көзделген сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы бойынша жүргізіледі.
* Сағат бойынша ақы төлеу ставкасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақыны және сағат бойынша ақы төлеу коэффициенттерінің тиісті мөлшерін ескере отырып анықталады
** Сағат бойынша ақы төлеу ставкасы лауазымдық жалақысынан пайызбен белгіленеді.
*** Сағат бойынша ақы төлеу ставкасы:
жоғары оқу орнына түсуге даярлау, секциялық және жаттықтырушы жұмыстары бойынша курстардың оқытушыларына еңбек ақы төлеу үшін;
тілдерді үйрену жөніндегі курстардың оқытушыларының еңбегіне ақы төлеу үшін;
университеттердің, педагогикалық, инженер-педагогикалық институттардың (факультеттердің) студенттері педагогикалық практика өтетін оқу-тәрбие мекемелері қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін.
**** Сағат бойынша ақы төлеу ставкасы:
басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын емтихан комиссиясының төрағалары мен мүшелеріне, сондай-ақ өндірістерден тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеу үшін;
егер студенттерге өздері берген пәндер бойынша мемлекеттік емтихан қабылдайтын немесе дипломдық жоба жетекшісі бола отырып дипломдық жобаны қорғауды қабылдайтын жағдайларда, Мемлекеттік емтихан комиссиясына қатысқаны үшін ректорлар мен проректорлардың еңбегіне ақы төлеу;
сағат бойынша жұмыс істейтін оқытушылар өнер және мәдениет жоғары оқу орындарында арнайы пәндер бойынша жеке сабақтарды жүргізу кезінде;
медбикелерді даярлау үшін азаматтық қорғаныс кафедрасына шақырылған медицина қызметкерлерін, қоғамдық кәсіптер факультеттеріне оқытушылық жұмыстарға тартылған адамдарға еңбек ақы төлеу үшін;
оқуға түсу емтихандарын қабылдау кезінде;
практикалық қызметінде шет тілін қолданғаны үшін жалақыға үстемеақыларды алатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінен шет тілі бойынша емтихан қабылдау кезінде;
шет тілін жедел меңгеру жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен, магистранттармен сабақ жүргізу кезінде;
басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын оқытушыларға студенттердің далалық және педагогикалық практикасына жетекшілік жасағаны үшін қолданылуы мүмкін;
***** Сағат бойынша ақы төлеу ставкалары, сондай-ақ:
мекемелер экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсету үшін тартатын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен мамандардың еңбегіне ақы төлеу үшін;
диссертациялық зерттеулердің консультанттары ретінде тартылатын басқа ұйымдардың жетекші ғалымдары мен мамандарының еңбегіне ақы төлеу үшін (бір докторантқа жылына 50 сағат);
басшы қызметкерлердің және мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен сабақ (лекция) өткізгені үшін ақы төлеу;
халықаралық олимпиадалардың қатысушыларымен сабақтар (лекция) өткізгені үшін еңбек ақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
21-қосымша
Техникалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын
және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесі
Техникалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажы белгілі бір лауазымдар санатына жататын, атқаратын лауазымына сәйкес олардың лауазымдық жалақысын анықтау мақсатымен есептеледі.
1. Еңбекақы төлеудің тарифтік-біліктілік кестесіне сәйкес лауазымдық жалақы алуға құқық беретін мамандық бойынша жұмыс стажына мемлекеттік органдарда істеген барлық жұмыс уақыты кіреді, сондай-ақ:
1) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, Қарулы күштердегі мерзімсіз қызметтегі әскери қызметшілердің, ішкі, шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында міндетті әскери қызметін өткерген;
2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың ішкі істер жүйесіндегі қызмет, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде жұмыс істеген;
3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының прокуратура органдарында, ішкі істер органдарында, соттарында, КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінде еңбек сіңірген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретін лауазымдарда жұмыс істеген;
4) КСРО Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйесінде жұмыс істеген;
5) жүктілігі және босануы бойынша демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берілген, баланы күту жөніндегі жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;
6) егер шетелге жіберер алдында қызметкер мемлекеттік органдарда жұмыс істеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнінен бастап екі айдың ішінде мемлекеттік органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;
7) Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асырған;
8) егер қызметкер курсқа түскенге дейін мемлекеттік органда жұмыс істесе және оны бітірген соң мемлекеттік органға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында мемлекеттік органдар жолдамасымен жұмыстан қол үзіп оқыған;
9) ұйымдарда мемлекеттік органдардағы мамандықтармен бірдей мамандықтар бойынша қызметтерде кейінгі жұмыс істеген уақыты кіреді.
2. Осы Ережеге сәйкес есептелетін мамандық бойынша жұмыс стажы күнтізбелік есептеуде ескеріледі.
3. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын көбейту құқығы туындаған қызметкерлерге, стажын ескере отырып лауазымдық жалақысын есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
4. Мамандығы бойынша жұмыс стажын құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия анықтайды.
Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінділер екі данада жасалады және: бір данасы - кадр қызметіне, екіншісі - бухгалтерияға беріледі.
5. Еңбек кітапшасы (ол бар болғанда) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзінділер, қызмет тізімі мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу үшін негізгі құжат болып табылады. Жұмыс істеген кезеңдері туралы қажетті жазбалар болмаған немесе қате немесе анық емес жазбалар болған жағдайда жұмыс стажын растау үшін анықтамалар, дербес шоттар және жалақы беру тізімдемелері және заңнамада көзделген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар өзге де құжаттар қабылданады. Мамандығы бойынша жұмыс стажын куәгердің мәліметі бойынша растау заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.05.02 № 111 Қаулысымен 22 қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
22-қосымша
Денсаулық сақтау азаматтық қызметшілері, мемлекеттік бюджет
қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлері және
қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлері лауазымдары мен
мамандықтарының тізбесі мен олардың психоэмоционалдық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемдер
Р/с № | Қызметкерлер мамандықтарының, лауазымдарының атауы | Психоэмоционалдық жүктеменің өлшемдері |
1 | 2 | 3 |
1. | Жұмысы психоэмоционалдық және дене жүктемесінің жоғарғы дәрежесімен ұштасқан хирургия- лық, оның ішінде балалар хирургиясы, бейінді мамандар | Хирургиялық араласудың нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық күйзеліс, кезекшілікке байланысты қатты шаршау, шұғыл операциялық араласулар,мәжбүрлі жұмыс істеу қалпы, анализатор жүйелерінің шамадан тыс күйзелісі, жылдам шешім қабылдау қажеттігі, көзге көп күш түсу - жоғары дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: |
кардиохирург |
трансплантолог |
микрохирург |
ангиохирург |
нейрохирург |
2) | орта медициналық персонал: |
| операция медициналық бикесі , хирургия медициналық бикесі |
реаниматология және анестезиология және интенсивті терапия бөлімшесінің анестезиялық медбикесі; |
2. | Хирургиялық және акушер- гинекологиялық, соның ішінде балалар хирургиясы, бейінді мамандар: | 1-тармақтағы өлшемдер, бірақ жүктеме дәрежесі одан төмендеу - орташа дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: |
| акушер-гинеколог |
| жалпы хирург |
| абдоминальды хирург |
| торакальды хирург |
| ангиохирург |
| нейрохирург |
| анестезиолог-реаниматолог |
| эндокринологиялық хирург |
| уролог |
| проктолог |
| онколог-хирург |
| маммолог |
| травматолог-ортопед (оның ішінде травматология пункттерінің) |
| жақ сүйегі-бет хирургы |
| пластикалық хирург |
| камбустиолог |
| офтальмолог |
| оториноларинголог |
| эндоскопист |
| трансфузиолог |
2) | орта медициналық персонал: | |
| операция медициналық бикесі |
| перзентхана бөлімшесінің акушері |
| реаниматология және анестезиология және интенсивті терапия бөлімшесінің анестезист медициналық бикесі |
| интенсивті терапия палатасының медициналық бикесі |
| травматология пункттерінің медициналық бикесі | |
3. | Амбулаториялық ұйымдардың хирур- гиялық, оның ішінде балалар хирургиясы бейінді мамандары | 1-тармақтағы өлшемдер,бірақ жеңіл дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: |
| хирург |
| уролог |
| онколог-хирург |
| маммолог |
| травматолог-ортопед |
| офтальмолог |
| оториноларинголог |
| стоматолог-хирург |
| акушер-гинеколог |
2) | орта медициналық персонал: |
| хирургиялық бейінді медбике; |
4. | Ауылда орналасқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының мамандары: | Зор шыдамдылық таныту және аса зейінді болу, психоэмоциялық күйзеліс - үйдегі науқастармен және оның туысқандарымен қарым-қатынас қиындығы, психикалық ауытқуы бар науқастың әдеттен тыс мінез көрсету қаупінің жоғарылығы, қолайсыз жағдайлардың әсер етуі (үй-жайдан тыс болуға байланысты жұмыс), патогендік инфекциямен үнемі контактіде болу қаупі, шамадан тыс жүктемесі бар жұмыс - 1 дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: | |
| терапевт (учаскелік) | |
| педиатр (учаскелік) | |
| жалпы практика | |
2) | орта медициналық персонал: | |
| учаскелік медициналық бике | |
| жалпы практика медициналық бикесі | |
| фельдшер | |
| акушер | |
| медициналық бике | |
5. | Қалада орналасқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының мамандары: | 4-тармақтағы өлшемдер, бірақ жүктеме дәрежесі одан төмендеу - 2 дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: | |
| терапевт (учаскелік) | |
| педиатр (учаскелік) | |
| жалпы практикадағы | |
2) | орта медициналық персонал: | |
| учаскелік медициналық бике | |
| жалпы практика медициналық бикесі | |
| Фельдшер | |
| Акушер | |
| медициналық бике | |
6. | Патологоанатомиялық бюролардың (бөлімшелердің), сот-медициналық сараптама орталықтарының мамандары: | Мәйітті союға байланысты жұмыс, патогендік флорамен байланыста болу қаупі, қайтыс болған науқастардың, қаза тапқан және өлтірілген адамдардың туысқандарымен қарым-қатынас жасау кезіндегі психоэмоциялық күйзеліс |
1) | тікелей мәйіттердің сараптамасымен және мәйіт материалдарымен айналысатын сот-медициналық сарапшысы |
2) | тікелей мәйіттерді союмен айналысатын патологоанатом, соның ішінде балалар патологоанатомы |
7. | Жедел медициналық жәрдем станцияларының (бөлімшелерінің) қызметкерлері: | жоғары жедел қасиеті диагностика мен емдеуде тез шешім қабылдау, жарақат алу қаупінің жоғарылығы, артық дене жүктемелері - тәуліктік жұмыс, жоғары психоэмоцияналдық жүктеме - өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға жедел медициналық көмек көрсету жөніндегі жұмыс |
1) | жедел және шұғыл медициналық жәрдем дәрігері |
2) | жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері |
3) | медициналық бике, медициналық тіркеуші, санитар, жүргізуші |
8 | Терапиялық бейінді мамандар: | |
1) | Дәрігер: | Реанимацияның, қарқынды терапия мен жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы 500 грамм болатын шала туған нәрестелерге күтім жасау нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық күйзеліс, кезекшілікке және шұғыл шақыртуларға байланысты қатты шаршау, арнайы жабдықтармен тұрақты жұмыс істеу (өкпені жасанды желдету аппараттары, кювездер, реанимациялық үстелдер) |
неонатолог |
2) | орта медицина персоналы: |
жаңа туған нәрестелер физиологиясы және патологиясы бөлімшелерінің жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық бикесі |
шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшелерінің жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық бикесі |
3) | дәрігер: | Жоғары өлім болуы мүмкін қатерлі қан ауруларымен ауыратын сырқаттарға химиялық терапия жүргізу нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық күйзеліс, тәулік бойғы кезекшілікке, дереу шешім қабылдауды талап ететін өміріне қауіп төндіретін асқынулардың жоғары пайызына байланысты қатты шаршау |
химиялық терапияны жүргізумен айналысатын гематолог |
4) | орта медицина персоналы: |
гематологиялық сырқаттарға химиялық терапияны жүзеге асыратын медициналық бикесі |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
23-қосымша
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі
қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының схемасы
Лауазымы | Лауазымдық жалақы АҚШ долларымен |
Сауда өкілі Сауда өкілінің орынбасары Кеңесші Жоғарғы санат біліктілігінің жоғарғы деңгейлі бухгалтері Бірінші санат біліктілігінің жоғарғы деңгейлі маманы | 2700 2500 2250 1500 1500 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
24-қосымша
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 282 Қаулысымен 24-қосымша толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 416 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.08. № 785 (бұр.ред.қара); 2008.29.08. № 797 (бұр.ред.қара) ; 2008.31.12. № 1306 (бұр.ред.қара); 2009.16.01. № 12 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 24-қосымша өзгертілді
Басшыларға, мамандарға және қызметшілерге еңбекақы төлеу арттыру коэффициентімен жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың тізбесі
Республикалық мемлекеттік мекемелер
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі.
2. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1306 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы дирекциясы» мемлекеттік мекемесі.
5. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы» мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі.
9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі.
10. «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесі.
11. «О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі
12. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесі
Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар
1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. «Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. «Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. «Республикалық мемлекеттік неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
17. «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
18. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
19. «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
25-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын ұйымдарының қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар
Р/с № | Қызметкерлер кәсіптерінің, лауазымдарының атауы, санаттары | Қосымша ақылар мен үстемеақылар- дың түрлері | Қосымша ақылар мен үсте- меақылар- дың мөлшері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| «Кеме қатынасының тіркелімі» ММ, су жолдары қазыналық кәсіпорындарының, «Ақмолажолзертха- на» ММ, «Ақтөбе-жолзертхана» ММ, «Алматыжолзертхана» ММ, «Атыраужолзертхана» ММ, «Батысжолзертхана» ММ, «Жамбылжолзертхана»ММ, «Шығысжолзертхана» ММ, «Қарағандыжолзертхана» ММ, «Қызылордажолзертхана» ММ, «Қостанайжолзертхана» ММ, «Маңғыстаужолзертхана» ММ, «Павлодаржолзертхана» ММ, «Солтүстікжолзертхана» ММ, «Оңтүстікжолзертхана» ММ, қызметкерлеріне | Қауырттылығы және күрделі- лігі үшін қосымша ақы | ЛЖ-дан 50 % дейін | Кәсіпорын басшысы белгілеген тәртіппен |
3. | Су жолдары қазына- лық кәсіпорнының, «Ақмолажолзертха- на» ММ, «Ақтөбежолзертхана» ММ, «Алматыжолзертхана» ММ, «Атыраужолзертхана» ММ, «Батысжолзертхана» ММ, «Жамбылжолзертхана» ММ, «Шығысжолзертхана» ММ, «Қарағандыжолзертхана» ММ, «Қызылордажолзертхана» ММ, «Қостанайжолзертхана» ММ, «Маңғыстаужолзертхана» ММ, «Павлодаржолзертхана» ММ, «Солтүстікжолзертхана» ММ, «Оңтүстікжолзертхана» ММ, мамандары мен қызметшілеріне | Ауыр (аса ауыр) қол еңбегі жұмыс- тарымен және еңбек жағдай- лары зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы | ЛЖ-дан 50 % дейін | Қазақстан Республикасы- ның 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі- не сәйкес және еңбек жөнінде- гі уәкілетті орган белгіле- ген Еңбек жағ- дайлары зиянды кәсіптер және қызметтер өн- дірістерінің, цехтарының, тізімі (тізбе- сі) негізінде |
3. | Су жолдары қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне: | | | Кәсіпорын басшысы белгілеген тәртіппен |
1) | сүңгуірлерге | Су астында жұмыс істегені үшін үстемеақы | Әр сағат үшін сағаттық ставканың 100 % | |
2) | қызметкерлерге | Жұмысының жүріп-тұратын сипаты үшін үстемеақы | Әрбір күн- тізбелік күн үшін АЕК-тен* 35% | |
Ескертпе:
* АЕК - заңнамалық актімен белгіленген айлық есептік көрсеткіш.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
26-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің өкімін жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегі № 1125 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 38, 356-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп туралы ережеде:
26, 27-тармақтар алынып тасталсын.