Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне,
қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысы
(2009.19.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15 және 238-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі - ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі өзіне:
1) 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімі;
2) 2 , 3-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;
3) қосымша ақылар, үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен өтемақылар төлемдері;
4) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлерінің шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары негізінде еңбекақы төлеуді қамтиды.
Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) немесе дайындалған өнімнің заттай өлшем бірліктерінде көрсетілген әр бірлігі (көлемі) үшін еңбекақы төлеуді көздейді.
2. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдар тізілімі;
2) 2, 3-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;
3) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;
4) 23-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;
5) 27, 28-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесі бекітілсін.
3. Мыналар:
1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры лауазымдық жалақылардан (ставкалардан); еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан; азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылатын бір лауазымдық жалақысы мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады;
заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерінің жекелеген санаттарына еңбекақы төлеу лауазымдық жалақылардың (ставкалардың) белгіленген мөлшеріне жоғарылататын коэффициентпен жүзеге асырылады;
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры шетелдік валютадағы лауазымдық жалақылары негізге алына отырып айқындалады;
2) ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады;
педагог қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін лауазымдық жалақылар (ставкалар) заңнамада бір аптаға белгіленген нормативтік оқу жүктемесіне қарай айқындалады;
осы қаулыға 24-қосымшада көрсетілген жекелеген республикалық мекемелердің мамандары мен қызметшілерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) есептеу үшін коэффициенттердің белгіленген мөлшеріне 1,72 жоғарылататын коэффициентті қолдана отырып айқындалады;
3) еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар әрбір жағдайда коэффициентке сәйкес есептелген лауазымдық жалақыға (ставкаға) немесе базалық лауазымдық жалақыға қарай есептеледі; заңнамалық актілерде белгіленген қосымша ақылардың жекелеген түрлері ең төменгі айлық жалақы мөлшеріне қарай есептеледі;
4) өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады деп белгіленсін.
4. Мыналар:
1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін осы қаулыда белгіленген шекте қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшері заңнамаға сәйкес салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалады;
2) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне белгіленген еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар басқа қызмет салаларында тиісті лауазымдарда істейтін және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады;
3) ұйымдардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын (қызмет саласының ерекшеліктерін ескере отырып) есептеудің тәртібі мен шарттарын орталық атқарушы және тиісті қызмет салаларында уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) айқындайды;
4) медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді;
5) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақысындағы айырма қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес олардың орташа жалақысы бұрын қолданылған еңбекақы төлеу жүйесі бойынша орташа жалақысынан төмен болып шыққан жағдайларда және олар дәл сол лауазымда жұмыс істеп жүрген жағдайда төленеді деп белгіленсін.
5. Мемлекеттік басқару органдарына:
1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен смета бойынша мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;
2) қызметкерлерге кесімді еңбекақы төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту құқығы берілсін.
6. Ұйымдардың басшыларына:
1) мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының санаттар бойынша тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдану, сондай-ақ функционалдық міндеттеріне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестіру;
2) кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен смета бойынша салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілсін.
7. «Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 38-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспедегі «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысын» деген сөздер «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200 жылғы « » № қаулысын» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
1-қосымша
Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда)
санаттар бойынша лауазымдарының
тізілімі
G-1
Республикалық мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы*
Басшы: жоғары оқу орнының (ЖОО-ның); ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ); орталықтың (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, халыққа қызмет көрсету, сот сараптамасы, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, геологиялық ақпараттың ақпараттық қауіпсіздігі саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру), сауда өкілі.
G-2
Академик-хатшы
Басшының орынбасары: ЖОО-ның; ҒЗИ-дың; орталықтың (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, халыққа қызмет көрсету, сот сараптамасы, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, геологиялық ақпараттың ақпараттық қауіпсіздігі саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру)
Республикалық мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының бірінші орынбасары*
Басшы: біліктілікті арттыру институтының; ҒЗИ (орталық), ЖОО жанындағы клиниканың
Сауда өкілінің орынбасары.
G-3
Бас ғалым хатшы
Бас ғылыми қызметкер
Республикалық мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары*
Біліктілікті арттыру институты басшысының орынбасары
Мәдениет және мұрағат ісі, спорт мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы
Орталық басшысы (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпараттық-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми-енгізу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндірістік, өндірістік, жобалау-іздестіру, зейнетақы төлеу жөніндегі)
ЖОО оқу-есептеу орталығының басшысы
Басшы: институт (филиал, факультет); зертхана, жасақ; қызмет
Су жолдары қазыналық кәсіпорнының басшысы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорнының басшысы
Халыққа қызмет көрсету орталығының операция залының бастығы, Халыққа қызмет көрсету орталығының бас бухгалтері.
G-4
Бас сарапшы
Басшысының орынбасары: мәдениет және мұрағат ісі, спорт мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорны
Орталық басшысының орынбасары: (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпарат-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістеме, ғылыми-енгізу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндірістік, өндірістік, жобалау-іздестіру, зейнетақы төлеу жөніндегі)
Басшының орынбасары: Институт (факультет); зертхана; жасақ; қызмет
Су жолдары қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа)
Жетекші кафедра; кабинет, суда құтқару қызметінің
Кеңесші
Ғалым хатшы
Көркемдік жетекші
Халыққа қызмет көрсету орталығының операция залы бастығының орынбасары.
G-5
Жетекші ғылыми қызметкер
Жетекші сарапшы
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа)
Профессор
Бөлімше, станция, филиал, шлюз, кешен, цикл: зертхана; жасақ; қызмет; орталық; су жолдары қазыналық кәсіпорны; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесі басшысы
G-6
Бас: агроном, әкімші, карантиндік зертхананың бактериологы, балетмейстер, ветеринариялық зертхананың биохимигі, карантиндік зертхананың вирусологы, карантиндік зертхананың гельминтологы, карантиндік зертхананың гербологы, гидротехник, дирижер, флот жөніндегі диспетчер, дыбыс режиссері, инженер, инспектор, ветеринариялық зертхананың ихтиопатологы, кинооператор, конструктор, орманшы, механик, ветеринариялық зертхананың микологы, ветеринариялық зертхананың микробиологы, аңшы шаруашылығының маманы, ветеринариялық зертхананың паразитологы, жұмыс өндіруші (прораб), ветеринариялық зертхананың радиологы, редактор, режиссер, балық өсіруші, ветеринариялық зертхананың серологы, құтқарушы, ветеринариялық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, хормейстер, сақтаушы, суретші, карантиндік зертхананың фитопатологы, эколог, экономист, энергетик, карантиндік зертхананың энтомологы, ветеринариялық зертхананың эпизоотологы
Бөлімше, станция, филиал, шлюз, кешен, цикл: зертхана; жасақ; қызмет; орталық; су жолдары қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
Доцент
Баспасөз хатшысы
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің, филиалының басшысы
Басшы топ: консультация, инспекция; ЖОО кітапханасының басшысы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қазыналық кәсіпорны бөлімінің (қызметінің)
Суда құтқару қызметі жасағының, тобының басшысы
Ғылыми-практикалық орталықтың аға әдістемешісі
Аға ғылыми қызметкер
Аға: оқытушы, ЖОО-ның оқытушысы, сарапшы
G-7
Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесі, филиалы басшысының орынбасары
Басшының орынбасары тобы: консультация; инспекция
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қазыналық кәсіпорны бөлім (қызмет) басшысының орынбасары
Ғылыми-практикалық орталықтың әдістемешісі
Ғылыми қызметкер
Басшының көмекшісі: Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын; ЖОО; Ұлттық ғылыми-практикалық орталық
Оқытушы: ЖОО және орта кәсіптік оқу орны
Мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы
Сектор бөлімшесінің (бөлімінің) бөлімше филиал басшысы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесі құрамындағы автоматтық станция, тренажер, гарнизондық жатақхана басшысы
ЖОО азаматтық қорғаныс штабының басшысы
Аға: геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженері, консультант, жаттықтырушы, мастер
Біліктілікті арттыру институтының аға әдістемешісі
Сарапшы.
G-8
Ассистент
Геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженері
Консультант
Біліктілікті арттыру институтының әдістемешісі
Әдістемелік кабинеттің әдістемешісі
Кіші ғылыми қызметкер
Бөлімшенің, филиалдың секторы, бөлімшесі (бөлімі) басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесі құрамындағы автоматтық станция, тренажер басшысының орынбасары
Меңгерушісі: мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын құрамындағы: дәріхана, мұрағат, мұрағат қоймасы, ЖОО-ның аспирантурасы, база, монша-кір жуу комбинаты, ЖОО-ның бассейні, кітапхана, интернат, ЖОО-ның лагері, шеберхана, жөндеу-механикалық шеберхана, мұражай, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімше (орталық), өндіріс, арнаулы медициналық жабдықтау қоймасы, тылды және пайдалану-техникалық қамтамасыз ету қоймасы, спорт құрылысы, асхана, труппа, ЖОО-ның оқу зертханасы бөлім, (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық), цех
Меңгеруші: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесі бассейні, клубы, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, кинофильмді жалға алу бөлімшесі, стадион, оқу кабинеті.
G-9
Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер.
G-10
Біліктілігі жоғары деңгейлі маман: агроном, агрохимик, аккомпаниатор, актер, әртіс, археограф, мұрағатшы, сәулетші, карантиндік зертхананың бактериологы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, биохимик, бухгалтер, карантиндік зертхананың вирусологы, мал дәрігері, жетекші, тәрбиеші, гельминтолог, геодезист, герболог, гидрогеолог, гидротехник, дирижер, авиация және автомобиль тасымалдары диспетчері, дыбыс режиссері, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог, капитан, кинорежиссер, командир, конструктор, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, концертмейстер, тілші, зертханашы, орманшы, мастер, медициналық бике, менеджер, әдістемеші, механик, миколог, микробиолог, музыкалық жетекші, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аңшы шаруашылығының маманы, палеограф, паразитолог, аудармашы, режиссердің көмекшісі, провизор, продюсер, жұмыс өндіруші (прораб), психолог, радиолог, редактор, режиссер, қоюшы-режиссер, репетитор, референт, балық өсіруші, селекционер, серолог, солист, әлеуметтанушы, құтқарушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, зерттеуші-тағылымдамашы, статистик, технолог, ветеринариялық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), фитопатолог, штурман, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, карантиндік зертхананың энтомологы, эпизоотолог, заңгер консультант.
Біліктілігі орташа деңгейдегі аға маман: акушерка, тәрбиеші, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, барлық мамандықтағы мұғалімдер, фармацевт, фельдшер (-зертханашы).
G-11
Біліктілігі орташа деңгейдегі маман: акушерка, маманның ассистенті (көмекшісі), тәрбиеші, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, барлық мамандықтағы мұғалімдер, фармацевт, фельдшер (-зертханашы).
G-12
Біліктілігі орташа деңгейлі аға маман: агроном, аккомпаниатор, әртіс, мұрағатшы, сәулетші, режиссердің ассистенті, балетмейстер, кітапханашы, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, жетекші, геодезист, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчері, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, капитан, командир, концертмейстер, корректор, тілші, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, менеджер, әдістемеші, механик, музыкалық жетекші, музыкатанушы, кино-бейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы, оптикометрист, оптик-офтальмолог, режиссердің көмекшісі, бағдарламашы, жобалаушы, жұмыс өндіруші (прораб), репетитор, рентген зерттеуші, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, статистик, технолог, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), штурман, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, энергетик, заңгер консулы.
G-13
Біліктілігі орташа деңгейдегі маман: агроном, аккомпаниатор, әртіс, мұрағатшы, сәулетші, маманның ассистенті (көмекшісі), режиссердің ассистенті, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, жетекші, геодезист, дирижер, авиация және автомобиль тасымалдары диспетчері, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, капитан, командир, концертмейстер, корректор, тілші, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, орманшы, мастер, менеджер, әдістемеші, механик, музыкалық жетекші, музыкатанушы, кино-бейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы, оптикометрист, аудармашы, режиссердің көмекшісі, бағдарламашы, жұмыс өндіруші (прораб), жобалаушы, редактор, репетитор, үйірме жетекшісі, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, статистик, барлық атаудағы техниктер, технолог, жаттыктырушы, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), шкипер, штурман, экономист, экскурсовод, электроншы, энергетик, заңгер консульт.
Мемлекеттік мекемеге және қазыналық кәсіпорынға әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің жетекшісі: билет кассалары, бюро (анықтама, машиналық жазба, ақпараттық, көшіру-көбейту), монша, вивария, видеотека, гараж, іс жүргізу, сақтау камерасы, кеңсе, ат ауласы, киім бөлмесі, жылу қазандығы, сүт асханасы, кітапхана, кір жуатын орын, жалға беру пункті, қойма, ауысым, станция, торап, учаске, шаруашылық, фильмотека, фонотека, фотозертхана, бөлім, экспедиция.
G-14
Техникалық орындаушылар: мұрағатшы; ассистент, кезекші әкімші; рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші; диктор, диспетчер; инкассатор; нұсқаушы; калькулятор; кассир; кодтаушы; кодификатор; комендант; билет тексеруші; көшіргіш; шетел мәтінімен жұмыс істейтін, диктофондық топтың, редакция, бюро машинисткасы, машинистка-стенографистка; әкімші, дыбыс жабдықтарына, хабар беру техникасына, теледидар жабдықтарына қызмет корсету жөніндегі, кассалық, дизельдік жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі механик; бақылаушы; мұражай қараушысы; нарядшы; көшіру көбейту машиналарының жарық аппаратурасы, байланыс жүйелері, қауіпсіздік қызметі, бейне жазба, дыбыс жазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі, диспетчерлік қызмет операторы; күзетші, паспортшы; медициналық бикенің, тәрбиешінің көмекшісі; тіркеуші, хатшы, хатшы-машинист, хатшы-стенографист; оқу бөлімінің хатшысы; статистик; стенографист; суфлер; есеп жүргізуші; табельші; есепке алушы; фельдъегерь, экспонат сақтаушы, сызушы, экспедитор.
ЕСКЕРТПЕ:
1. Бас бухгалтердің лауазымы, басшының әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі орынбасарының лауазымы басшы орынбасарының лауазымынан бір санат төмен болады; бас бухгалтердің орынбасарының лауазымы бас бухгалтердің лауазымынан бір санат төмен болады.
2. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша:
басшының бикелік іс жөніндегі орынбасарының лауазымы, басшының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар медициналық қызметі жөніндегі орынбасарының лауазымы басшы орынбасарының лауазымынан бір санат төмен болады;
бас медициналық бикенің лауазымы медициналық бикенің лауазымынан бір санат жоғары болады.
* Республикалық мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың тізбесі осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
2-қосымша
Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда)
лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған
коэффициенттер
Тізілімге сәйкес лауазым- дар санаты | Жылдарға есептегендегі мамандығы бойынша жұмыс стажы |
1 жылға дейін | 1-ден 2-ге дейін | 2-ден 3-ке дейін | 3-тен 5-ке дейін | 5-тен 7-ге дейін | 7-ден 9-ға дейін | 9-дан 11-ге дейін | 11-ден 14-ке дейін | 14-тен 17-ге дейін | 17-ден 20-ға дейін | 20жыл- дан жоғары |
G-1 | 4,29 | 4,37 | 4,46 | 4,55 | 4,65 | 4,76 | 4,85 | 4,94 | 5,03 | 5,10 | 5,15 |
G-2 | 3,99 | 4,07 | 4,15 | 4,24 | 4,33 | 4,42 | 4,51 | 4,59 | 4,68 | 4,73 | 4,78 |
G-3 | 3,72 | 3,80 | 3,87 | 3,95 | 4,04 | 4,12 | 4,21 | 4,29 | 4,37 | 4,42 | 4,46 |
G-4 | 3,41 | 3,47 | 3,54 | 3,61 | 3,69 | 3,77 | 3,85 | 3,93 | 4,00 | 4,04 | 4,08 |
G-5 | 3,17 | 3,22 | 3,29 | 3,37 | 3,43 | 3,51 | 3,59 | 3,65 | 3,72 | 3,76 | 3,80 |
G-6 | 2,98 | 3,04 | 3,11 | 3,17 | 3,24 | 3,30 | 3,37 | 3,43 | 3,50 | 3,54 | 3,58 |
G-7 | 2,80 | 2,85 | 2,91 | 2,98 | 3,03 | 3,11 | 3,16 | 3,22 | 3,29 | 3,33 | 3,35 |
G-8 | 2,64 | 2,69 | 2,74 | 2,81 | 2,86 | 2,93 | 2,99 | 3,04 | 3,09 | 3,13 | 3,16 |
G-9 | 2,40 | 2,44 | 2,49 | 2,53 | 2,58 | 2,63 | 2,68 | 2,73 | 2,78 | 2,83 | 2,88 |
G-10 | 2,20 | 2,24 | 2,28 | 2,32 | 2,37 | 2,41 | 2,45 | 2,50 | 2,55 | 2,59 | 2,64 |
G-11 | 2,02 | 2,06 | 2,10 | 2,13 | 2,17 | 2,21 | 2,25 | 2,29 | 2,34 | 2,38 | 2,42 |
G-12 | 1,88 | 1,91 | 1,95 | 1,99 | 2,02 | 2,06 | 2,10 | 2,14 | 2,18 | 2,22 | 2,26 |
G-13 | 1,68 | 1,71 | 1,74 | 1,77 | 1,81 | 1,84 | 1,87 | 1,91 | 1,94 | 1,98 | 2,02 |
G-14 | 1,43 | 1,46 | 1,48 | 1,51 | 1,55 | 1,59 | 1,61 | 1,64 | 1,68 | 1,69 | 1,70 |
Ескертпе:
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамалары құтқарушыларының лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициент мамандығы бойынша «бір жылға дейін» жұмыс стажы болғанда тиісті лауазым санатына сәйкес келетін коэффициент деңгейінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
3-қосымша
Жұмысшылардың лауазымдық жалақыларын (ставкаларын)
есептеуге арналған коэффициенттер*
Біліктілік разряды | Коэффициенттер |
8 | 2,23 |
7 | 2,09 |
6 | 1,95 |
5 | 1,82 |
4 | 1,70 |
3 | 1,59 |
2 | 1,49 |
1 | 1,39 |
* Ескертпе:
1) азаматтық қызметшілерге жататын білікті жұмысшылар;
2) білікті емес жұмысшылар;
3) орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
4-қосымша
Білім беру азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет
қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлеріне,
қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбек жағдайлары
үшін қосымша ақылар
Р/с № | Қызметкерлер кәсіптерінің, лауазымдарының, санаттарының атауы | Қосымша ақылардың түрлері | Қосымша ақының мөлшері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | | Сынып жетекшілігі (топ жетек- шілігі) үшін қосымша ақы | | Қазақстан Республикасы- ның «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес |
| Мұғалімдер, оқытушылар және басқа да қызмет- керлері 1-4 сыныптар | | БЛЖ-дан 25 % |
| 5-11 (12) сыныптар | | БЛЖ-дан 30 % |
| техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым- дары | | БЛЖ-дан 25 % |
2. | | Дәптер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақы | | Қазақстан Республикасы- ның «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес |
| 1) 1-4 сыныптардың мұғалімдеріне | | БЛЖ-дан 20 % |
| 2) Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі (сыныптардағы) қазақ тілі мен басқа да ұлттық тілдерде жүретін мектептердегі (сыныптардағы) орыс тілінің осы пәндерді 1-4 сыныптарда жүргізетін мұғалімдерге | | БЛЖ-дан 25 % |
| 3) Жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 5-11 (12) сыныптар мұғалімдеріне, кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер оқытушыларына қазақ, орыс тілдері, басқа ұлттық тілдер мен әдебиет бойынша математика, химия, физика, биология, шет тілдер, стенография, сызу, құрастыру, техникалық механика бойынша | | БЛЖ-дан 25 % БЛЖ-дан 20 % аспайды |
3. | Мұғалімдерге, оқытушыларға, өндірістік оқыту шеберлеріне және оқытушылық қызметті жүргі- зетін қызметкерлерге, оқыту кабинеттерін (зертханаларды, шеберханаларды, оқу-консульта- тивтік пункттерді): | Оқу кабинеттерін (зерт- ханаларды, шеберханалар- ды, оқу-консультативтік пункттерді) меңгергені үшін қосымша ақы | | Қазақстан Республикасы- ның «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес |
| мектептерде және мектеп-интернат- тарында, балалар үйлерінде | | БЛЖ-дан 20 % | |
| техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында | | БЛЖ-дан 25 % аспайды | |
| құрастырылған шеберханалар болған ретте меңгергені үшін | | БЛЖ-дан 30 % | Қосымша ақы оқу жабдықта- рының үлгі тізбесіне сәйкес аттестатталған және оқу жоспарында көзделген оқу кабинеттері (зертханалар, шеберханалар, оқу-консульта- тивтік пункттер) үшін ғана жүргізіледі. |
4. | | Қызметтерді қоса атқарға- ны (қызмет көрсету аймағының кеңеюі) үшін қосымша ақы | | Қазақстан Республикасы- ның 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес |
1) Білім беру мекемелерінің оқытушылары, мұғалімдері мен басқа қызметкерлеріне кешкі, сырттай оқу бөлімдеріне, мамандық бойынша бөлімдерге меңгерушілігі үшін | | БЛЖ-дан 30 % аспайды | |
2) Директорларға күндізгі-сырттай оқыту нысанындағы, күндізгі жалпы білім беру мектептері жанындағы жұмыс істейтін жастар, кешке (ауысымдық) жалпы білім беру мектептеріндегі сынып- тарға жетекшілік жасағаны үшін | | БЛЖ-дан 20 % аспайды | |
педагогикалық қызметкерлерге мектепке (сыныптарға), оның ішінде директор лауазымы көздел- меген музыкалық, көркемөнер, өнер және т.б. басшылық жасағаны үшін | | БЛЖ-дан 20 % аспайды | |
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымы көзделмеген жеті жылдық музыка мектепте- рінде, өнер мектептерінде және көркемөнер мектептерінде оқу жұмысына жетекшілік етуші мұғалімге | | БЛЖ-дан 20 % аспайды | |
3) Кітапханашы лауазымы көздел- меген барлық үлгідегі және атаудағы мектептерде, мектеп- интернаттарда, кәсіптік лицей- дерде оқулықтар даналарының санына қарай мұғалімдерге, оқытушыларға және басқа да қызметкерлерге оқулықтардың кітапханалық қорымен жұмыс істегені үшін | | БЛЖ-дан 30 % аспайды | |
4) Білім беру мекемелерінің кітапханашы қызметкерлеріне оқулықтардың кітапханалық қорымен жұмыс істегені үшін | | БЛЖ-дан 20 % аспайды | |
5) Барлық үлгідегі және атау- дағы мектептердің, мектеп- интернаттардың (лицейлердің, гимназиялардың), сондай-ақ музыкалық және көркемөнер орта мектептерінің, хор, хореография колледждерінің директорларына (директор лауазымы көздел- меген мектептердің педагог қызметкерлеріне) оқу орны жанын- дағы интернатқа, егер интернат меңгерушісінің лауазымы көздел- меген жағдайда меңгерушілік еткені үшін | | БЛЖ-дан 25 % | |
6) Білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне барлық үлгі мен атаудағы мектеп- терде, мектеп- интернаттарда, кәсіптік лицейлерде салауатты өмір салты бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізгені үшін | | БЛЖ-дан 45 % | |
жетім балаларға және ата-анасы- ның қамқорлығынсыз қалған бала- арға арналған мектеп-интернат- тарда, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған үйлерде және аралас үлгідегі балалар (тұтас алғанда мектеп интернатқа, балалар үйіне) үйлеріндегі педагог қызметкерлерге | | БЛЖ-дан 60 % | |
7) Компьютер техникасына қызмет көрсету жөніндегі маман лауазымы көздел- меген білім беру мекемелерінде компьютер техникасына қызмет көрсету міндеті жүктел- ген мұғалімдерге , оқытушыларға немесе басқа қызметкерлерге - жұмыс істейтін әрбір компьютер үшін | | БЛЖ-дан 3,5 %-дан аспайды | |
8) Оқытушыларға, өндірістік оқыту шеберлеріне және оқытушылық жұмыс жүргізуші басқа да қызметкерлер- ге әдістемелік циклдық және пәндік комиссия- ларға басшылық еткені үшін | | БЛЖ-дан 25 %-дан аспайды | |
9) Мектептердің директорларына немесе директор- дың ұзартылған жұмыс күніне басшылық жасау жүктелген орынбасарларына | | БЛЖ-дан 20 % | |
10) Интернат ұйымдарының, интернат-үйлері- нің, жетім бала- лар мен ата-ана- сының қамқорлы- ғынсыз қалған балаларға арнал- ған ұйымдардың, кәмелетке толма- ғандарды уақытша оқшаулау, бейім- деу және оңалту орталықтары мен тәрбие колония- ларының, кәсіп- тік лицейлердің және басқа да ерекше тәрбие жағдайларына мұқтаж мінез- құлқы девиантты балалар мен жасөспірімдерге арналған ұйымдардың аға тәрбиешілеріне | | БЛЖ-дан 25 %-дан аспайды | |
5. | | Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы | | Қазақстан Республикасы- ның «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес |
1) Әскери мектеп -интернаттардың педагог қызметкерлеріне | | БЛЖ-дан 25 % | |
2) Құрамында кемінде екі арнайы тобы (сыныбы) бар жалпы үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің басшыларына қосымша ақы даму мүмкіндігі шектеулі, ұзақ уақыт емдеуді, айрықша тәрбие жағдайын қажет ететін оқушылар- мен (тәрбие алушылармен, балалармен) жұмыс үшін | | БЛЖ-дан 30%-дан аспайды | |
3) Даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі, сондай -ақ айрықша тәрбие жағдайын немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балалармен және жасөспірімдермен жұмыс үшін | | БЛЖ-дан 30 %-дан аспайды | Лауазымдық жалақыға қосымша ақы жүргізілетін қызметкерлердің тізбесі мен олардың мөлшер- лері оқушылардың (тәрбие алушы- лардың, балалар- дың) көрсетілген санатымен қарым қатынаста болу ұзақтығына қарай анықталады. |
4) Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау , бейімдеу және оңалту орталық- тары мен тәрбие колонияларында, кәсіптік лицей- лерде, мектеп- терде, кешкі (ауысымдық) жалпы орта білім беру мектептері- нде, еңбекпен түзеу ұйымдары- ның және еңбек- пен тәрбиелеу колонияларының жанындағы оқу- консультациялық пункттердегі және басқа да мінез-құлқы девиантты балалар мен жасөспірімдерге арналған мекемелерде жұмыс үшін | | БЛЖ-дан 30 %-дан аспайды | |
5) Жабық үлгідегі арнайы оқу-тәрбие мекемелеріндегі жұмыс үшін | | БЛЖ-дан 30 %-дан аспайды | |
6) Жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар- мен жұмыс үшін | | БЛЖ-дан 30 %-дан аспайды | Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінде, мектеп-интернат- тарында және денесінде немесе ақыл-ойында кемістігі бар, ұзақ уақыт емде- луді қажет ете- тін, психикалық дамуы артта қалған балалар контингентінің интернат-үйлері- нде (сыныптарда, топтарда) қосымша ақылар екі негіздеме бойынша белгіле- неді (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар- мен жұмысы үшін және даму, оқу мүмкіндігі шек- теулі балалармен жұмысы үшін) |
7) Мектепке дейінгі балалар тәрбиелеу және білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің көмекшілеріне залалсыздандыру- шы заттармен жұмыс істегені үшін | | БЛЖ-дан 34 % | |
6. | | Бейіндік бағыттағы жекелеген пәндерді тереңдете оқытқаны үшін қосымша ақы | | Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес |
1) Дарынды балаларға арнал- ған мектептер мен мектеп-ин- тернаттардың директорлары мен орынбасарларына; | | БЛЖ-дан 40 % |
бейіндік бағыт- тағы пәндер бойынша оқытушы- ларға | | БЛЖ-дан 40 % |
2) Ауылдық жерде қалалық үлгідегі кенттерде орна- ласқан ұлттық тілдерде жалпы білім беретін барлық үлгідегі және атаудағы білім мектептері мен мектеп- интернаттардың (сыныптардың, сынып-жиынтық- тардың және оқу- консультациялық пункттердің) мұғалімдеріне 1 -11 (12) сынып- тарда орыс тілі мен 5-10 (12) сыныптарда орыс әдебиеті бойынша сағаттары үшін | | БЛЖ-дан 25 % |
ауылдық жерде қалалық үлгідегі кенттерде орналасқан ұлттық тілдерде білім беретін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (топтардың, (білімдердің, оқу-кеңестік пункттердің) оқытушыларына орыс тілі мен орыс әдебиеті бойынша сағат- тары үшін | | БЛЖ-дан 25 % | |
жалпы білім беретін мектептердегі араб, қытай және парсы тілдері мұғалімдеріне | | БЛЖ-дан 25 % | |
орыс тілінде немесе басқа тілде жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернат- тардың, техника- лық және кәсіп- тік, орта білім- нен кейінгі білім беру ұйымдарының (сыныптардың, топтардың) мемлекеттік және ұлттық тілдер мен әдебиеттер бойынша сабақ беретін мұғалімдері мен оқытушыларына | | БЛЖ-дан 25 % | |
3) Жекелеген пәндерді терең- детіп оқытатын оқу орындарының (сыныптардың, топтардың), жаңашылдық, эксперименттік режимде жұмыс істейтін ұйымдардың (лицейлердің, гимназиялардың, техникалық лицейлердің, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу тәрбие кешендерінің), сондай-ақ бала- ларды тәрбиелеу шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының бейіндік бағыт- тағы пәндер бойынша педагог қызметкерлеріне | | БЛЖ-дан 20 % | |
7. | Мемлекеттік білім беру мекемелерінің педагог қызметкерлеріне ғылыми дәрежесі үшін: ғылым кандидаты ғылым докторы | Ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы | 1 АЖТМ* 2 АЖТМ* | Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес. Көрсетілген қосымша ақы Қазақстан Республикасының біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттес- таттау жөніндегі уәкілетті органы берген тиісті дипломы болғанда белгіленеді және негізгі жұмысы бойынша төленеді. Ұйым қызметкер- леріне осы қосымша ақылар олардың басшылық және педагогика- лық лауазымдар- дағы қызметі ғылыми дәрежесі- не бейіні бойын- ша сәйкес келген жағдайда белгіленеді |