1) шешімнің салық қызметі органдарында тіркелген күні мен нөмірін;
2) тексерілетін уәкілетті мемлекеттік органның толық атауын және сәйкестендіру нөмірін;
3) тексеру тағайындау негіздемесін;
4) тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес бақылау жүргізуге тартылған басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);
5) тексеру жүргізу мерзімін;
6) тексерілетін кезеңді;
7) басқа міндетті төлемнің түрін;
8) шешімді алғаны және онымен танысқаны туралы уәкілетті мемлекеттік органның белгісін қамтиды.
Аталған шешім тексеру басталғанға дейін тексеру тағайындау туралы актілерді статистикалық есепке алу және бақылау органында мемлекеттік тіркелуге тиіс.
2. Тексеру тағайындау туралы шешімде көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де тұлғалар және уәкілетті мемлекеттік органдар тексеруге қатысушылар болып табылады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар бақылауды жүзеге асырған кезде салық қызметі органдарына бақылау жасау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуына, салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының салық салу объектілерін зерттеп-тексеруге кіруіне жәрдем жасайды.
Бұл ретте уәкілетті мемлекеттік органдардың тексеруі басқа міндетті төлемнің бір түрі сияқты бірнеше түрі бойынша бір мезгілде жүргізілуі мүмкін.
3. Тексеру жүргізу мерзімі уәкілетті мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы шешім тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеруді тағайындаған салық қызметі органы көрсетілген мерзімді елу жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
4. Тексеру жүргізу мерзімінің барысы уәкілетті мемлекеттік органға салық қызметі органының құжаттарды беру туралы талаптарын тапсыру күні мен уәкілетті мемлекеттік органның тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған құжаттарды табыс ету күні арасындағы, сондай-ақ салық қызметі органының басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтер мен құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады
5. Тексеру мерзімін тоқтата тұрған (қайта бастаған) кезде салық қызметі органдары тексеру мерзімін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы уәкілетті мемлекеттік органды тоқтата тұру (қайта бастау) күндерін және тоқтата тұру (қайта бастау) қажеттігінің негіздемесін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.
6. Тексеру аяқталған кезде салық қызметі органының лауазымды адамы:
1) тексеру жүзеге асырылған жерді, бақылау актісі жасалған күнді;
2) салық қызметі органының атауын;
3) тексеруді жүргізген салық қызметі органының лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
4) уәкілетті мемлекеттік органның толық атауын және сәйкестендіру нөмірін;
5) уәкілетті мемлекеттік орган басшысының және лауазымды адамдарының тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
6) олардың келісімімен және қатысуымен тексеру жүргізілген уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
7) алдыңғы тексеру және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
8) жүргізілген тексеру нәтижелерін көрсете отырып бақылау актісін жасайды.
7. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.
Салық қызметі органының уәкілетті мемлекеттік органға оның бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы қағаз жеткізгіште жіберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрі - талап) болып танылады. Талап нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Талапта: уәкілетті органның толық атауы;
сәйкестендіру нөмірі; талапты жіберу үшін негіз;
талап жіберілген күн; уәкілетті орган бюджетке өндіріп алуға жататын сома көрсетіледі.
Талап тексеру жүргізілетін уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысына (бірінші басшының орнындағы адамға) бақылау актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке қолын қойғызып не талаптың жіберілгенін және оны алғанын растайтын өзге тәсілмен жіберілуге тиіс.
Талапты уәкілетті мемлекеттік орган оны табыс еткен (алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
Бақылаудың нәтижесі бойынша анықталған салық берешегі сомаларын өндіріп алуды басқа міндетті төлемдердің бюджетке есептелуінің, толық өндіріліп алуының және дер кезінде аударылуының дұрыстығы үшін жауапты уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
9. Уәкілетті мемлекеттік органдар басқа міндетті төлемдердің бюджетке есептелуінің, толық өндіріліп алуының және дер кезінде аударылуының дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
92-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ КӨМЕК
657-бап. Салық төлеушілерге көмек
Салық қызметі органдары:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 657-баптың 2) тармағының күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша электронды төлем құжатын түзе отырып, салық есептілігін электронды түрде табыс ету үшін бағдарламалық қамтамасыз етілімді беру;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 657-баптың 3) тармағының күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
3) салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжаттың дайындығының жай-күйін қарауға оған қол жеткізу үшін терминалдар желісін құру және дамыту;
4) салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді табыс ету;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 657-баптың 5) тармағының күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
5) салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеу үшін орталықтардың желісін құру және дамыту;
6) салық қызметі органдары сайттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 657-баптың 7) тармағының күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғыларды дамытуға жәрдемдесу (материалдық көмектен басқа) арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.
658-бап. Салық заңнамасын насихаттау
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері жөнінде хабардарлығын арттыру, оның ішінде олардың назарына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу арқылы хабардарлығын арттыру мақсатын көздейді.
2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпараттарды орналастыру арқылы жүзеге асырады.
659-бап. Электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін тегін
бағдарламалық қамтамасыз етілімді беру
1. Салық қызметі органы электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілімді салық төлеушіге (салық агентіне) тегін негізде береді.
2. Салық есептілігін электронды түрде тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілім салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олар салық органына келіп жүгінген кезде және (немесе) оны салық қызметі органдарының сайтында орналастыру арқылы электрондық ақпарат жеткізгіштерінде берілуі мүмкін.
3. Салық есептілігін электронды түрде тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілім оған бағдарламалық қамтымды орнату жөніндегі нұсқаулық материалымен қоса беріледі.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 659-баптың 4-тармағының күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
4. Бағдарламалық қамтамасыз етілім салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің электрондық төлем құжатын қалыптастыру үшін мүмкіндік береді.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 660-баптың күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
660-бап. Салық төлеуші сұрау салған құжат дайындығының
жай-күйін қарауға қол жеткізуі үшін терминалдар желісін дамыту
1. Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) сұрау салынған құжаттың:
салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманың;
салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме жазбаның дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізуді ұсыну үшін терминалдар желісін дамытуды қамтамасыз етеді.
2. Салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжат дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізу салық органдарында орнатылған терминалдар арқылы беріледі.
3. Терминалдарға қол жеткізу жұмыс күндері жүргізіледі.
661-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп
айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді табыс ету
Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыруға қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді береді.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 662-баптың күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
662-бап. Салық қызметі органдарының хабарламаларымен
жұмыс істеуге арналған орталықтар
1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының
1) және 5) тармақшаларында көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар желісін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді.
2. Аталған орталықтардың көмек көрсетуі бөлінген телефон желілері арқылы, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) салық органына келіп жүгінген кезде тікелей көрсетіледі.
3. Орталықтарға ақпарат алу үшін телефон желісі бойынша қоңырау соғу тегін негізде жүргізіледі.
4. Орталықтар жұмыс күндері жұмыс істейді.
663-бап. Салық қызметі органдары сайттарының жұмыс істеуін
қамтамасыз ету
1. Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) сайт арқылы ақпаратты тегін негізде алуына көмектеседі.
2. Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша көмек көрсету салық қызметі органдарының сайттарында ақпараттық және нұсқаулық материалдарын орналастыру жолымен жүргізіледі.
3. Салық қызметі органдарының сайттары тәулік бойына демалыс және мереке күндерінде де жұмыс істейді.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 664 баптың күші 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
664-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар
желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсету
1. Салық қызметі органдары мынадай операцияларды жасауға:
1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды;
2) бюджетке төлеуге жататын салық сомасы туралы ақпарат алуды;
3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін деректемелерімен бірге төлем құжатын алуға мүмкіндік беретін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсетеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар қоғамдық жерлерде орналастырылған және салық қызметі органдарымен, банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен байланысы бар банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы жүргізіледі.
665-бап. Салық қызметі органдарының салық төлеушілерге
(салық агенттеріне) олардың салықтық міндеттемелерін орындауы бойынша берілетін көмек туралы ақпаратты тарату тәртібі
Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көрсетілетін көмек туралы ақпаратты:
1) салық органдарының офистерінде;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру жолымен таратады.
21-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ
САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ)
ШАҒЫМ ЖАСАУ
93-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
666-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға
салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын қарайтын органдар
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізеді.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органның лауазымды адамдары жүргізген салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 667-675-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.
667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушіге (салық агентіне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық қызметінің жоғары тұрған органына беріледі.
Бұл ретте шағым көшірмесін салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру жүргізген салық органына жіберуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық қызметі органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
3. Жоғары тұрған салық қызметі органы өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) науқастанып қалуын дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың науқастанып қалу фактісін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін жоғары тұрған салық қызметі органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар науқасынан жазылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берілген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
5. Жоғары тұрған салық қызметі органына шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.
2. Шағымда:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берген күні;
2) шағым берілетін жоғары тұрған салық қызметі органының атауы;
3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
4) сәйкестендіру нөмірі;
5) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;
6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;
7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.
5. Шағымға:
1) акті мен хабарламаның көшірмелері;
2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;
3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.
669-бап. Шағымды қараудан бас тарту
1. Жоғары тұрған салық қызметінің органы:
1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын осы Кодекстің 667-бабының 1-тармағында белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымының нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 668-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;
4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.
2. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағым келіп түскен немесе салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.
3. Жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеуші (салық агенті) жол берілген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстің 667-бабы 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
670-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына жіберілген
шағымды қарау тәртібі
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымы бойынша, осы баптың 2-тармағында және 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді шешім шығарылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен қайта қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
4. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданған мәселелер шегінде қаралады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда жоғары тұрған салық қызметі органы мұндай құжаттардың дұрыстығын тақырыптық тексеру барысында анықтауға құқылы.
6. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген салық органына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салу жіберуге;
2) осындай органдар мен заңды тұлғалардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салу жіберуге;
3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесу өткізуге;
4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан салық қызметі органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша түсініктеме сұратуға құқылы.
7. Жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.
671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
1. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағымды мәні бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелді шешім шығарады және оны салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді немесе тапсырады, ал көшірмесін салықтық тексеру жүргізген салық органына жібереді.
2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған салық қызметі органы мына шешімдердің бірін шығарады:
1) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
2) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
3. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық қызметі органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.
672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру
1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тақырыптық және қайта қосымша тексеру жүргізгенде - олар аяқталғанға дейін;
2) мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салулар жіберген кезде жауап алған кезге дейін тоқтатыла тұрады.
2. Жоғары тұрған салық қызметі органы тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша түрде хабардар етеді.
673-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органы шешімінің
нысаны мен мазмұны
Жоғары тұрған салық қызметі органының шағымдарды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:
1) шешім қабылданған күн;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық қызметі органының атауы;
3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
4) сәйкестендіру нөмірі;
5) шағым жасалған салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;
6) шағымның мәні;
7) шағым бойынша шешім шығару кезінде жоғары тұрған салық қызметі органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.
674-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа
шағым берудің салдары
1. Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.