төлемі үшін жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға ақша аудару тәртібі
217. Жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын арттыруға және ақша аудару олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын арттыру заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеу үшін, жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркегеннен және бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігін алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің пумақтық қазынашылық бөлімшелеріне жарияланған акциялардың (бағалы қағаздардың) шығарылмын мемлекеттік тіркеусіз заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына өтеуге төлеуге берілетін шотты ұсынуына жол берілмейді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына ақы төлеуге берітін шоттың негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
Жарияланған акцияларға (бағалы қағаздарға) ақы төлеу шотына ақша аударғаннан кейін заңды тұлға бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада белгіленген мерзімдерде мемлекеттік меншікті иелік ету жөніндегі уәкілетті органның шотына төленген акцияларды есептеуді қамтамасыз етеді.
Бюджеттік инвестицияларды ұлттық холдингтардың және ұлттық басқарушы холдингінің жарғылық капиталында мемлекеттік қатысуы арқылы жүзеге асырған кезде көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы жоқ бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингінің акцияларының эмиссиясын төлей алады.
218. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі жарияланған акцияларға (бағалы қағаздарға) төлеуге арналған ақша аударылғаннан кейін бір ай өткен соң бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген сомалар шегінде жарғылық капиталды арттыруға байланысты бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына уақтылы қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың іске асырылуы туралы ақпарат береді.
Инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыратын бюджеттік бағдарлама әкімшілері жыл сайын 20 қаңтарға, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер нақтыланған жағдайда 30 күннің ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарлама, (кіші бағдарлама) мақсатына уақтылы қол жеткізу бағытындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі ақпаратты осы Ереженің 82-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
29-тарау. Қолма-қол ақшамен жасалатын
операцияларды жүзеге асыру тәртібі
219. Қолма-қол ақшаны алуды мемлекеттік мекемелер банктің чектері бойынша және (немесе) корпоративтік төлем карточкаларын қолдана отырып жүзеге асырады және тізілімі мен мөлшерін бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жол беріледі.
Осы Ереженің 203-тармағында көзделген ақшаны банк кассасынан чектер бойынша қолма-қол ақша алу үшін мемлекеттік мекеме банкті өзі дербес таңдайды. Мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi және банк кассалық қызмет көрсетуге осы Ереженің 83-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шарт жасасады.
Қосымша аумақтық қазынашылық бөлiмшесi және банк Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес чектерді пайдалану туралы шарт жасасады.
220. Чек кітапшаларын банкте мемлекеттік мекеменiң уәкiлеттi тұлғасы мемлекеттік мекеменiң басшысы немесе ол өкілеттiк берген тұлғаның сенiмхаты негiзiнде қол қою арқылы сатып алады.
Сатып алынған чек кітапшаларын мемлекеттік мекеменiң уәкiлеттi тұлғасы оларды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне тіркеу үшін ұсынады.
221. Банк чектер бойынша мемлекеттік мекемеге берiлген қолма-қол ақшаны есепке алуды жүргiзу үшiн республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн жеке тиiстi баланс шотында банкiшiлiк шоттар ашады.
Банкте ашылған банкiшiлiк шоттардың ерекшелiгi әрбiр операциялық күннiң аяғында банкiшiлiк шоттардың қалдықтары нөл болуы тиiс.
222. Мемлекеттік мекемелер банк кассасынан қолма-қол ақша алуына аумақтық қазынашылық бөлiмшесi банкке қойылған қолдар мен мөр бедері үлгiлерi бар құжатты екi данада банкке бередi. Қойылған қолдар мен мөр бедерінің үлгiлерi бар құжат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi белгiлеген нысан бойынша және тәртiппен ресiмделедi.
223. Мемлекеттік мекеме чектер бойынша қолма-қол ақша алғанға дейiн бiр жұмыс күнi бұрын аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 84-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкте алған қолма-қол ақшаны қалпына келтiруге арналған төлеуге берiлетiн шотты, банк қызметтерiне төлемдi, чектi, қолма-қол ақша алуға арналған өтiнiмдi қоса бере отырып, төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн бередi.
Төлеуге берiлетiн шоттар шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша жеке берiледi.
Чек мемлекеттік мекеменiң лауазымды тұлғасына және банктiң кассасынан қолма-қол ақша алуға арналған төлеуге берiлетiн шоттардың жалпы сомасына ресiмделедi. Чек мемлекеттік мекеменiң қолдарын қоймай-ақ және мөр бедерінсіз берiледi.
224. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнiң лауазымды тұлғалары қол қойған және елтаңбалы мөрдiң таңбасымен бекітілген мемлекеттік мекемелердiң чектерi кассалық қызмет көрсетуге арналған шартта белгiленген мерзiмде банкке берiледi.
Чектер банкке осы Ереженің 85-қосымшасына сәйкес 5-55 нысан бойынша мемлекеттік мекемелердiң қолма-қол ақшаны алуға арналған чектердiң тiзiлiмiмен бiрге республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бойынша жеке және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бойынша жеке берiледi.
225. Қолма-қол ақшаны берудi банк мемлекеттік мекемелердiң қолма-қол ақша алуға арналған чектердiң тiзiлiмi және атына чек берiлген мемлекеттік мекеменiң уәкiлеттi тұлғаға тiкелей чек түскеннен кейiн келесi жұмыс күнiне банк жүргiзедi.
226. Банк кассалық қызмет көрсетуге арналған шартта белгiленген мерзiмде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 86-қосымшасына сәйкес нысанда төленген чектердiң тiзiлiмiн бередi.
227. Корпоративтік төлем карточкаларын қолдана отырып, бюджет ақшасы есебінен есептесулерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме карт-шот ашады, бұл ретте республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға, жергiлiктi бюджеттi бағдарламалар әкiмшiсi - бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органға қолдаухат бередi.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдаухаты мемлекеттік мекеменің атауы мен кодын, бюджет түрін және шығыстар бағының мақсаттарын, оған сәйкес ол қалыптасқан немесе қайта ұйымдастырлған нормативтік құқықтық актіні қамтуы тиіс.
Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдаухаты келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде мемлекеттік мекемеге карт-шотты ашуға осы Ереженің 87-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада рұқсат бередi.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бас тарту себебі көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама жіберіледі.
228. Мемлекеттік мекеме банкпен карт-шот ашуға осы Ереженің 88-қосымшасына сәйкес нысан бойынша корпоративтік төлем карточкаларын беру және оларға қызмет көрсету туралы шарт жасасады және ҚР ҰБ-нiң нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген құжаттарды бередi.
229. Алынған корпоративтiк төлем карточкалары осы Ереженің 89-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемеде тiркеу журналында тiркеледi және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен анықталған уәкiлеттi тұлғаларға (бұдан әрi - есеп беретiн тұлға) қол қойып берiледi.
230. Корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып жүргiзiлетін төлемдер карт-шоттағы ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.
Карт-шотты толықтыру мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспарларымен бекітілген сомалар шегiнде төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүзеге асырылады.
231. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзiмде және тәртiппен сауда чектерiн, слиптердi және чектерді және (немесе) корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып жүргiзiлген төлемдердi растау болып табылатын басқа да құжаттарды қоса бере отырып, чек бойынша және (немесе) карт-шоттан ақшаны пайдаланғаны туралы аванстық есеп бередi.
232. Ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін карт-шоттағы ақшаның пайдаланылмаған қалдықтары және/немесе есеп беретін тұлға корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып алған пайдаланылмаған қолма-қол ақша мемлекеттік мекеменің тиісті шотына тиісінше қалпына келтірілуге тиіс. Бұл ретте егер бюджет ақшасы ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін қалпына келтірілмеген болса, келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде бюджет ақшасының қайтарылатын сомасын мемлекеттік мекеме (мемлекеттік мекеменің есеп беруші тұлғасы) тиісті бюджет кірісіне аударуы тиіс. Басқа қаржы көздерінен ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тиісті шотқа аударылмаған ақшаларының пайдаланылмаған қалдықтарының қайтарылатын сомасы келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде тиісті шотқа қалпына келтірілуге тиіс.
233. Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердiң кассаларындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау тәртібін бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтайды.
30-тарау. Мемлекеттік мекеменiң жасалған төлемдер
сомасын және ақша аударымдарын қайтару
234. Ағымдағы қаржы жылында жасалған төлемдердi қайтару кезiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi:
орындалмаған мiндеттемелер сомасын арттыру және шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту арқылы мемлекеттік мекеменiң кассалық шығыстарын қалпына келтiрудi жүзеге асырады;
мемлекеттік мекемеге осы Ереженің 90-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2-38 «Төлем тапсырмасы» нысанындағы есепті (бұдан әрі -
2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы) және осы Ереженің 91-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 5-17 «Қалпына келтіру және ауыстырулар тізілімі» нысанындағы есепті бередi.
235. Ағымдағы жылдың деректемелері дұрыс көрсетілмеген төлемдері немесе өткен жылдардың төлемдерiн қайтарған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мұндай төлемдерді 902 «Өзара есеп айырысулар бойынша айқындалғанға дейінгі сомалар» шотына (бұдан әрі - 902-шот) есептейді. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің жауапты орындаушысы келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекемеге 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасын бередi.
Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жеті жұмыс күні ішінде сомалардың 902 - шотқа есептелу себебін айқындауды қамтамасыз етеді, қате аударылған төлемдер болған жағдайда, сома ақша жөнелтушіге кері қайтарылады.
236. Мемлекеттік мекеме төлем тапсырмасын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне аумақтық қазынашылық бөлiмшесi ақша алушыға қайтарылған төлем құжатының сомасын кейiн аудару үшiн нақтыланған деректемелердi көрсете отырып не аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қайтарылған төлем құжатының сомасын тиiстi бюджеттiң кiрiсiне кейiн аудару үшiн өткен жылдардың дебиторлық берешегiн растайтын хат жiбередi.
Тиісті бюджеттің кірісіне өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасын аударуға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің 2-38-нысаны бойынша көлем тапсырмасы мемлекеттік мекеменің есебіндегі дебиторлық берешекті есептен шығару үшін негіз болып табылады.
237. Ағымдағы қаржы жылы ішінде зейнетақылық, әлеуметтік аударымдар, жалақы, алименттер, стипендиялар бойынша өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген свифт-файлдың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін 902-шотқа есептеледі.
Кірістері бойынша түсімдер сомасын есептеу кезінде 902-шотқа (құжаттарда 2-28-нысан бойынша төлем тапсырмаларындағы көрсетілген деректемелер болмаған немесе дұрыс болмаған кезде) аумақтық қазынашылық органы соманы ақшаны жөнелтушіге не мемлекеттік мекеменің хаты негізінде деректемелерді нақтылаған кезде тиісті бюджеттің кірісіне есептелуі мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтер шотына, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру шотына түсімдер бойынша 902-шотына есептелген сомалар 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелер болмаған немесе қате көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекеме хатының негізінде деректемелерді нақтылаған кезде ақшаны алушыға есептейді.
Ағымдағы қаржы жылының соңында зейнетақылық, әлеуметтік аударымдар, жалақы, алименттер, стипендиялар бойынша төлемдерді қайтару өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген свифт-файлдың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін 902-шотқа есептеледі.
31-тарау. Инкассолық өкiмдердi орындау тәртібі
238. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, кеден органдары алдындағы берешекті өтеуге байланысты атқарушылық құжаттарды мемлекеттік мекеменің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатын білдіреді. Инкассолық өкім мемлекеттік мекеме төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.
Инкассолық өкім атқару парағы немесе соттың шешімі (үкімі, ұйғарымы, қаулысы) бойынша берілген бұйрық немесе ақшаны өндіріп алу туралы сот бұйрығы негізінде және салық қызметінің органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады.
Инкассолық өкім оны жасау үшін негіз болып табылатын атқарушылық құжаттың түпнұсқасын не әрбір бері соттың елтаңбалық мөрімен куәландырылған осы құжаттың көшірмесін қоса беріліп Қазақстан Республикасы банктік заңнамасында белгіленген нысан бойынша екі данада мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілетін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беріледі.
Инкассолық өкiмдi аумақтық қазынашылық бөлiмшесi инкассолық өкiм есептен шыққан күннен 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде орындауға алуына жатады.
Инкассолық өкiмдерді қабылдау кезінде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің жауапты орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қолдардың және мөр бедерінің болуына көзбен тексеруді жүзеге асырады.
239. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға, оның ішінде осы Ереженің 238-тармағына сәйкес келген кезде осы Ереженің 92-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, Инкассолық өкімдерді есепке алу журналында тіркеледі, ол беттердің жалпы санын көрсете отырып, нөмірленген, тігінделген және елтаңбалы мөр бедерімен және аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының қойылған қолымен нықталған болуы тиіс.
Жазбалар хронологиялық тәртіппен жүргізіледі, инкассолық өкімнің түскен күні журналда көрсетілген күнге сәйкес келуі тиіс. Инкассолық өкімдерді есепке алу журналы бюджет түрлері және қаржыландыру көздері бойынша жүргізіледі.
Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген және атқарушы құжаттарды ұсыну үшін, оның ішінде осы Ереженің 238-тармағында белгіленген мерзімі өтіп кеткен кезде инкассолық өкім екі жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздеумен орындалмай қайтаруға жатады.
240. Салық қызметi органдары мен кеден органдарының атқарушы құжаттар бойынша мемлекеттік мекемеге қойған инкассолық өкiмдерi аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бір уақытта түскен кезде оларды орындау Азаматтық кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Салық қызметi органдары мен кеден органдарының қойған инкассолық өкiмдерi мемлекеттік мекемеге бір уақытта түскен кезде салық берешегі сомаларын өндіріп алуға қойған инкассолық өкiмдер бірінші кезекте орындалады.
241. Инкассолық өкiмдi орындау:
оны мемлекеттік мекеменің кодына қойған жағдайда, ағымдағы қаржы жылының пайдаланылмаған жоспарлы бюджеттік тағайындаудың қалдықтары;
оларды мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен, мемлекеттік мекеменiң билiгiнде қалатын ақшаны есептеуге байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ-ға қойған және олардың есебінен шығыстар (бұдан әрі - ақылы қызметтер ҚБШ) жүргізілген кезде пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар қалдықтары мен мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен түсiмдер;
оларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес алатын, мемлекеттік мекемелер үшін демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түскен ақшаны есептеуге және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ-ға қойған жағдайда, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің қалдық ақша (бұдан әрі - демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ) есебінен жүргізіледі.
242. Инкассолық өкiм алғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы:
1) мемлекеттік мекемеге инкассолық өкiмдi тiркеген күннен кейiнгi келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей инкассолық өкiмдi қою және операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі - хабарлама хат) жiбередi:
мемлекеттік мекемелердiң қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша;
міндеттемелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердiң ақылы қызметтер ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;
мемлекеттік мекемелердiң демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде жазбаша хабарлама;
осы Ереженің 238-тармағында көзделген жағдайларда инкассолық өкімнің бірінші данасы мен атқарушы құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде инкассолық өкімнің екінші данасы, оны атқарушы құжаттар негізінде қойған жағдайда - инкассолық өкімнің көшірмесімен бірге атқарушы құжаттың түпнұсқасы (көшірмесі) қалады;
2) сол күнi мыналар бойынша:
жалақы және басқа да ақша, оның ішінде штаттан тыс қызметкерлердің төлемдерi;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
жәрдемақы, алимент;
мiндеттi зейнетақы жарналары;
әлеуметтiк аударымдар;
банк қызметтерiне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстардың ҚБШ-ны қоспағанда, қызметтерiн қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары бойынша операцияларды тоқтата тұру жүзеге асырылады.
243. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат өндіріп алу туралы атқарушы құжаттар бойынша инкассолық өкімдер қойылған кезде мемлекеттік мекемелердi ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша операцияларды тоқтата тұру жүргізілмейді.
244. Операцияларды тоқтата тұру, осы Ереженің 242-тармағының 2) тармақшасының екінші - сегізінші абзацында көзделген шығыстардың БСК қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң мемлекеттік мекемелердi ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекемелердiң құжаттарын қабылдауды және орындауды тоқтата тұруды көздейді.
245. Мемлекеттік мекеме хабарлама хатты алып, инкассолық өкім түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкім деректері негізінде төлеуге берілетін шотты қалыптастыру және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсыну жолымен инкассолық өкiмнің орындалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мекеме жоспарлы тағайындаулар жетiспеген немесе болмаған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін инкассолық өкiм қойылғаны туралы хабардар етеді және инкассолық өкiмді орындауды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде инкассолық өкiм тiркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi осы Ережеде белгiленген тәртiппен басқа ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң пайдаланылмаған жоспарлы тағайындауларды азайту есебiнен инкассолық өкiм шығарылған мемлекеттік мекеменiң жоспарлы тағайындауларды арттыру рәсiмдерiн жүзеге асырады.
246. Инкассолық өкімді алған және мемлекеттік мекемеде жоспарлы тағайындаулар болмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, алынған инкассолық өкімдерді алуға және бір жыл бойы сақтауға міндетті.
Егер мерзімі өткеннен кейін ұсынылған инкассолық өкім мемлекеттік мекемеде жоспарлы тағайындаулар болмауына байланысты орындалмаған болса, онда аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны өндіріп алушыларға инкассолық өкімді орындамастан қайтаруға міндетті.
Бұл норма салық қызметi органдары мен кеден органдарының салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алуға, зейнетақы жинақ қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімінде төленбеген міндетті зейнетақы жарналарын, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін есептелген айыппұлдар мен өсімақыларды өндіріп алу туралы инкассолық өкiмдерiне қолданылмайды.
247. Ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер алы төлімдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына инкассолық өкiмдi орындау және төлемге берілген шоттарды рәсімдеу үшiн жеткiлiктi сомаға өзгерістер енгiзiлгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы мемлекеттік мекемелердiң қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша операцияларды қайта жасарды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме бойынша операцияларды қайта жасауға инкассолық өкiмдi қайтарып алған жағдайда жүргізіледі.
Операцияларды қайта жүргізу аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң мемлекеттік мекемелердi ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекемелердiң құжаттарын қабылдауды және орындауды қайта жүргізуді көздейді.
248. Мемлекеттік мекеме ақылы қызметтер ҚБШ-сына қойылған инкассолық өкiмнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
ақылы қызметтер ҚБШ-сында пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және ақша болған кезде төлеуге берiлетiн шотты бередi;
ақылы қызметтер ҚБШ-сында жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және/немесе ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi олар бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асыратын шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтарын көрсете отырып, хатты ұсынады.
249. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері осы Ережеде белгіленген тәртіппен инкассолық өкім қойылған мемлекеттік мекемелердiң жоспарларына мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспары өзгерістер енгізу рәсімдерін жүзеге асырады.
250. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарларына инкассолық өкiмдi орындау үшiн жеткiлiктi сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтары бойынша операцияларды қайта жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарына өзгерістер енгізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берілетін шотты ұсынады.
251. Мемлекеттік мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында қойылған инкассолық өкiм аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде: