2) қарыз шартымен белгіленген кестеге, мемлекеттік бағалы қағаздар мен инфрақұрылымдық облигацияларын орналастыру талаптарына сәйкес борышты өтеу және қызмет көрсету есебiне төлемдердi жүзеге асыруды қамтамасыз ету және бақылау;
3) қарыздар қаражатының түсiмдерiн қадағалау және есепке алу; борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi есепке алу; борыш көлемiнiң өзгеруiн есепке алу; сондай-ақ қажет болған жағдайда, мерзiмi өткен төлемдердi есепке алуды қоса алғанда әрбiр қарыз бойынша қарыз валютасында барлық операцияларды есепке алу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын есепке алу;
5) қарыз алудың өзгермелі ставкаларының өзгеруiн есепке алу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
741. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша операцияларды есепке алу үшiн мынадай құжаттар:
несие шотынан қаражатты алуды растайтын шетел қарыз берушiсiнiң үзiндiсi;
борыштың негiзгi сомасын өтеу және ол бойынша сыйақы төлеу жөніндегі төлем құжаты;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi бекiткен нысан бойынша ҚР ҰБ өз қарыздарын алу, қызмет көрсету және өтеу туралы есептiлiгi;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi бекiткен нысан бойынша мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды және мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды алу, қызмет көрсету және өтеу туралы банктердің есептiлiгi;
осы Ереженiң 669-тармағында көрсетiлген нысандар бойынша өз қарыздарын алғаны, оларға қызмет көрсеткенi және өтегенi туралы жергiлiктi атқарушы органдардың есептiлiгi пайдаланылады.
742. Борыш мониторингiн жүргізу үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған борыштың жәй- күйі туралы деректердi ағымдағы жаңарту үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша ақпараттар жинау жүзеге асырылады.
78-тарау. Мемлекеттік борышты және мемлекет кепiлдiк берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі
бойынша борыш тәуекелдерін басқару
743. Мемлекеттік брыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен нарықтарды әртараптандыру, әртүрлі туынды қаржы құралдарын (тәуекелді басқару мақсаттары үшін нарықта пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардық, фьючерлік және басқа да мәмілілір) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды, үшінші тұлғалардың алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген заңды тұлғалардың борышын басқаруда уақтылы ден қою мен қажеті шараларды қабылдауды қамтиды
744. Тәуекелді басқарудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:
1) борыштың ағымдағы жай-күйі мониторингі;
2) тәуекелді талдау: анықтау, сәйкестендіру және бағалау;
3) несиелік капитал рыногының конъюнктурасын зерделеу және туынды қаржылық аспаптарды қолдану мүмкіндіктерін бағалау;
4) туынды қаржылық аспапты таңдау;
5) туынды қаржылық аспаппен операцияларды жүзеге асыру.
745. Борыш мониторингі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
746. Мемлекеттік борышты басқару үстінде мынадай тәуекел түрлері туындайды:
1) пайыздық және валюталық тәуекелдер;
2) инвестициялық тәуекел бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығаратын бағалы қағаздардың бастапқы аукционында өтінімдерді қабылдау үдерісінде өзекті;
3) операцияларды жүргізу мен тіркеудің түрлі сатыларында операциялық қателіктерді қамтитын операциялық тәуекел; кемшіліктер; абырой тәуекелі; заң тәуекелі; адам факторы; кәсіби құпияның бұзылуы немесе табиғи зілзала.
Мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты басқару үстінде тәуекелдердің мынадай түрлері туындайды:
1) пайыздық және валюталық тәуекелдер;
2) есептесу тәуекелі қарыз алушы дефолттан басқа кез келген себеп бойынша мемлекет кепілдік берген қарыздар немесе мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарыздар бойынша төлемдер жүргізбеуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының үкіметі ұшырауы мүмкін ықтимал шығындарды білдіреді;
3) кредиттік тәуекел қарыз алушының мемлекет кепілдік берген қарыздары және мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарыздар бойынша міндеттемелерін орындамау тәуекелін білдіреді;
4) операциялық тәуекел.
747. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган талдауды мынадай түрде жасайды:
1) жол берілген мынадай факторларға: қаржыландыруға деген жаңадан мұқтаждық, борышты өтеу мерзімдерінің құрылымы, ұйғарылған борыштық міндеттемелер талаптарының сипаттамалары, пайыздық ставкалар және валютаның айырбас бағамдарын негіздей отырып орта мерзімді кезеңге борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды болжамдайды;
2) болжаммен қамтылған кезеңге борыштық міндеттемелердің қолданыстағы және болжанған портфелі бойынша тәуекелдің негізгі көрсеткіштерін қамтитын борыштық сипаттаманы түзеді. Борыш сипаттамасы мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
қысқа мерзімді борыштың ұзақ мерзімдіге қатынасы;
шетел валютасындағы борыштың ұлттық валютадағы борышқа қатынасы;
шетел валютасыдағы борыштың валюталық құрылымы;
сыйақының өзгермелі немесе бекітілген ставкалары;
борыштық міндеттемелердің орта мерзімі және міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің басталу кестесі.
3) ұқсас кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштермен және республикалық бюджеттің көрсеткіштерімен жүргізілген болжамдық есептеулерді салыстырады;
4) күтіліп отырған шығыстармен астастырылған тәуекел нұсқаларында борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың ықтимал өсуімен өлшенетін тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
748. Туынды қаржы аспаптарын қолдану туралы шешім дайындау үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-мен бірлесіп несие капиталы нарығының коньюнктурасын зерделейді және туынды қаржы аспаптарын қолдану мүмкіндіктерін бағалауды жүзеге асырады.
749. Туынды қаржы аспаптарын қолдану мүмкіндіктерінің жүргізілген тәуекелін талдау мен бағалау нәтижелерінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган туынды қаржы аспаптарын қолдануға байланысты шешім қабылдайды.
750. Борыш тәуекелдерін басқару мақсаттары үшін түрлі туынды қаржы аспаптары, оның ішінде қарыз шарттары бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен жасалған сыртқы своптар, форвардтық мәмілелер, фьючерлік мәмілелер, конверсиялар және басқа да мәліметтер қолданылады.
Своп деп екі тарап арасындағы ақша тасқыны айырбасын көздейтін мәміле ұғыналады. Үш түрлі своп болады - пайыздық ставкалар своптары, валюталық және тауар своптары.
Форвардтық мәмілелер пайыздық ставкаларға қатысты жасалады.
Фьючерстік мәмілелер валютаға қатысты жасалады.
Үш түрлі конверсия - валюта конверсиясы, проценттік ставка конверсиясы және пайыздық ставканың арту шегін не дәлізін белгілеу болады.
79-тарау. Мемлекет алдындағы борыш тәуекелдерін
басқару тәртібі
751. Осы тарау бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның белгіленген талаптарды сақтау тәсілдерін анықтау мен бағалау, уақты ден қою және мемлекет алдында борышты басқаруға қажетті шаралар қабылдау рәсімдерін белгілейді.
752. Мемлекет алдында тәуекелді басқарудың негізгі элементтеріне:
мемлекет алдындағы борыштың ағымдағы жағдайының мониторингі;
тәуекелді талдау жатады.
753. Мемлекет алдындағы борыш тәуекелдерін талдау нәтижесінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет алдындағы борышты қайтару бойынша шешім қабылдайды.
754. Мемлекет алдындағы борышты басқару процесінде тәуекелдің мынадай түрлері туындайды:
1) валюталық тәуекел - кредит шарттарын жасасу және ол бойынша міндеттемелерді іс жүзінде орындау арасындағы кезеңде орын алатын валюта бағамының өзгеруі нәтижесінде ықтимал қаржылық зияндар.
2) кредит тәуекелі - қарыз алушылар өздерінің қаржылық міндеттемелерін төлемеу немесе мерзімін өткізіп төлеу салдарынан туындауы мүмкін залалдар.
3) төлем қабілетітілігі тәуекелі - қолайсыз сыртқы мән жайлардың салдырынан қарыз алушыда борыштық міндеттемелерді өтеуге кездестін қиындықтарға байланысты тәуекел.
4) пайыздық тәуекел - бюджеттік кредиттер жөнінде пайыздық ставканы өзгерту мүмкіндігіне байланысты тәуекел.
755. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет алдында мынадай түрде қарыз тәуекеліне талдау жүргізеді:
1) мемлекет алдында орта мерзімді кезеңге берешек сома кредит шарттарының талаптарын (берешекті өтеу мерзімі, пайыздық ставкалар, айырбастау бағамы) негізге ала отырып, республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс көлемді болжамдайды;
2) жүргізілген болжамды есептеулерді дәл осындай кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштермен және республикалық бюджеттің өлшемдерімен салыстырады;
3) мемлекет алдындағы борыш тәуекелін олардың болжымданған ықпалын сипаттайтын тәуекелдерді айқындау және сипаттау жолымен бағалауды жүзеге асырады.
80-тарау. ?кіметтiк сыртқы қарыздар, байланысты
гранттар қаражаты және бiрлесiп қаржыландыру қаражаты
есебiнен қаржы операцияларын жүзеге асыру тәртібі
756. Несие шоты - қарыз беруші-бейрезидентте ашылған ағымдағы шот, онда тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушіге, сондай-ақ арнайы шотты толықтыруға тiкелей төлемдер жүзеге асырылатын үкiметтiк сыртқы қарыз немесе грант сомасы орналастырылады.
757. Үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар есебiнен несие шотынан және/немесе арнайы шоттан жасалатын қаржы операцияларын бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi қаражатты алуға арналған өтiнiмдердiң негiзінде шетел қарыз берушiсiнiң немесе донордың атына жiберiлетiн нысан бойынша және қарыз шартына немесе байланысты грант туралы келісімге сәйкес, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар қаражатын бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi тиiстi қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
758. Несие шотынан қаражатты алуға арналған өтiнiмдерге екi қойылатын қолдар тобы бұрыштама соғады, онда қойылатын қолдың бiрiншi тобы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға қойылған қолдың екiншi тобы бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне бекітілген. Бұл ретте, қойылған қолдың бiрiншi тобы мәртебесiне ие болу бюджеттік бағдарламалар шеңберiнде үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты пайдалануды реттеумен және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен, екiншi қойылатын қолдар тобы иегерлерiнiң мәртебесi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың мақсатты пайдаланылуына, сондай-ақ төлемдi алушы - ақшаны алушы деректемелерiнiң дұрыстығына және растығына толық жауапкершiлiкпен анықталады.
759. Бiрiншi топтың қолдарын алу үшiн шоттан үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты алуға арналған өтiнiмде бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi қаражатты алуға арналған өтiнiммен бiрге бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға мыналарды:
төлемнiң мақсаты көрсетiлген iлеспе хатты;
бірлесіп қаржыландыру бойынша қаржылық операциялар жүргізген кезде аумақтың қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт және келісімді тіркеу туралы хабарлама;
қарыз шарты немесе байланысты грант туралы келісімнiң шеңберiнде жасасқан келісім-шарттарға төлемдер жасаған жағдайда осы келісім-шарттарға сәйкес төлем жүргiзiлетiн құжаттардың көшiрмесi, олар бойынша бастапқы төлемдер жүргiзу кезiнде осы келісім-шарттардың көшiрмелерi, сондай-ақ егер, бұл қарыз шарт және байланысты грант туралы келісім бойынша рәсiмдермен көзделген болса, келісім-шарттар жасасуға арналған шетелдiк қарыз берушiнiң ресми мақұлдаған көшiрмесiн;
келісім-шарт жасалмай жүргiзiлетiн шығыстар бойынша бiржолғы төлемдер жасалған жағдайда бастапқы құжаттардың көшiрмесiн (шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды, кiрiс кассалық ордерлердi, түбiртектердi, қолхаттарды және өзге де құжаттарды);
үкіметтік сыртқы қарыздарды және байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі қаржылық операцияларды қоспағанда, қарыз шарты бойынша немесе байланысты грант туралы келісім бойынша қабылданған қаржы рәсiмдерiне сәйкес шетел қарыз берушiсiне немесе донорға ұсынуға қажет құжаттардың көшiрмесiн;
осы Ереженің 109-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiлген рұқсаттар туралы анықтаманы;
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша есеп беретiн сомалар жөнiнде қосымша ақпаратты ұсынады.
760. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган он жұмыс күнi iшiнде шоттан үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты алуға арналған өтiнiмнiң үкіметтік сыртқы қарыздар және байланысты гранттар шеңберінде жасасқан келісім шартарға және қарыз шартының немесе байланысты гранттар туралы келісімнiң талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне тиiстi кезеңге бөлiнген рұқсатты тексередi, қол қояды және оны шетелдiк қарыз берушiге немесе донорға беру үшiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне қайтарады.
761. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ереженің 757-759-тармақтарына сәйкес қарау үшiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi ұсынған несие шотынан, бірлесіп қаржыландыру шотынан қаражат алуға арналған өтiнiмдi мынадай:
егер жүргiзiлетiн қаржы операциясы қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң талаптарына немесе қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң шеңберiнде жасалған келісім-шартқа қайшы келген;
республикалық немесе жергiлiктi бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулар жоқ немесе жеткiлiксiз болған;
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңнамасында, қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде көзделген тиiстi ережелер мен рәсiмдердi бұзған;
жүргiзiлетiн қаржы операциялары бойынша құжаттарда сәйкессiздiк және қателік орын алған жағдайда оларды бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi жойғанға дейiн қабылдамауы мүмкiн.
762. Үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражатын немесе байланысты гранттарды несие шотынан алу бюджеттi атқару кезiнде мынадай түрде:
Бiрыңғай бюджеттік сыныптама түсiмдерiнiң бюджеттік сыныптамасына сәйкес түсiмдер ретiнде инвестициялық жобалардың арнайы шотына аударған кезде;
ҚР ББС кiрiстер сыныптамасына сәйкес түсiмдер мен шығыстар (бiр мезгiлде) ретiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) тiкелей берушiлерге аударған кезде ескерiледi.
Осы Ережеде көзделген инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражатты аударуды Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарыз қаражатын немесе грант беретiн шетелдiк қарыз берушi немесе донор қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң талаптарына сәйкес шоттан алуға арналған бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмi негiзiнде жүргiзедi.
763. Инвестициялық жобаның арнаулы шотына осы шоттан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнiң талаптарына сәйкес көрсетiлген шотты толықтыруға арналған үкiметтік сыртқы қарыз қаражатынан немесе байланысты гранттан басқа қаражат есепке алынбайды.
764. Осы шоттардан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, шоттардан инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты бюджеттік бағдарламалар ұлттық немесе шетелдiк валюталарында қаржыландырылады.
765. Бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына арналған шоттарға инвестициялық жобаның арнайы шоттарынан айырбасталған қаражат қана есепке алынады.
766. Екiншi деңгейдегi банк пен бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi арасында жасалған шартқа сәйкес екiншi деңгейдегi банк есептейтiн бюджеттік инвестициялық жобаның Арнайы шотындағы немесе арнайы шотқа жатқызылатын шоттағы қалдыққа есептелетiн сыйақылар (мүдделер), сондай-ақ екiншi деңгейдегi банк төлейтiн өсiмақылар түсiмдердiң бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша республикалық бюджетке есептеуге жатады.
767. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктермен арнайы шоттар ашуға шарттар жасасқан кезде мынадай тармақтарды:
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның халықаралық қарыз шартына немесе байланысты грант туралы келісімге сәйкес ашылған Арнайы шоттардағы қаражаттың қозғалысы туралы үзiндi көшiрмелердi алу құқығын;
банктiң төлем күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша арнайы шоттан төлемдер жүргiзу мiндеттемесiн көздеуi қажет.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердiң екiншi деңгейдегi банктердегi шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
768. ?кіметтiк қарыздарды және байланысты гранттарды бiрлесiп қаржыландыру қаражатын жұмсау бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi төлеуге берiлген шоттың және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылатын осы Ереженің 81-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтiнiмнiң негiзiнде жүргiзіледi. Бiрлесiп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтiнiм екi қойылған қол тобымен куәландырылады, онда бiрiншi топқа бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган, ал екiншi топқа - жобаны iске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi қол қояды.
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді он жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті кезеңге бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бөлінген рұқсаттың келісім-шарттар талаптарына сәйкестігін қарайды, қол қояды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін оны бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарып береді.
81-тарау. Мемлекет кепiлгерлiгiмен қарыздар алу
және оларды пайдалану тәртібі
769. Мемлекет кепiлгерлiгiн алудың және пайдаланудың осы тарауы (бұдан әрi - тарау) мемлекеттік емес қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекет кепiлгерлiгiн беру рәсiмiн (бұдан әрi - мемлекет кепiлгерлiгi) анықтайды.
770. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру процесi мынадай негiзгi кезеңдерінен тұратын iс-шаралар кешенiн қамтиды:
инвестициялық жобаларды iрiктеу;
концессиялық жобалар тiзбесiн қалыптастыру, қарау және бекіту;
мемлекет кепiлгерлiгiн беру.
771. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру процесінің негiзгi қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкiлеттi органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі, бюджеттi атқару, қоршаған ортаны қорғау, Республикалық бюджет комиссиясы, Банк Концессиясы мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе қарыз беруші болып табылады.
772. Қарыз алушылар:
осы Тәртіпке және мемлекет кепiлгерлiгiн беру процесiне қатысушылардың талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарау үшiн талап етiлетiн құжаттаманы берудi қамтамасыз етедi;
жыл сайын қарыз берушiге және бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бұрынғы сақтандыру шартының мерзiмi өткенге дейiн бiр айдан кешiктiрмей сақтандыру шартын бередi;
концессия шартын жасасады;
облигацияларды ұстаушылардың өкiлiмен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру туралы шарт жасасады.
773. Салалық уәкiлеттi органдар:
концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн (бұдан әрi - ТЭН) және бизнес-жоспарларын дайындауды жүзеге асырады;
концессиялық жобалардың салалық сараптамасын жүргiзедi;
салалық сараптама нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындыны бередi;
концессиялар шартын жасасады.
774. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
концессиялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
кепiлгерлiк шартын жасасады;
мемлекет кепiлгерлiгiн бередi.
775. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган жоспарланған қызметтi iске асыруға, оларды iске асыру туралы шешiм қабылдау алдындағы кезеңдегi жоспарланған қызметтiң экологиялық талаптарына сәйкестiгiн бағалауға байланысты ықтимал терiс салдарлардың алдын алу және өндiрiгіш күштердi орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруiн сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында концессиялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
776. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
мынадай мәселелер бойынша мамандандырылған ұйымдарды тартады:
ұсыныстарды талдау және сараптама;
техника-экономикалық негіздемені бағалау мен экономикалық сараптамасы;
конкурстық құжаттаманың сараптамасы;
концессионерді таңдау жөнінде конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық жобаны талдау және сараптама ;
концессия шарттары жобаларын талдау жүргізу.
жоспарланған кезеңге үкімет кепілдігі берілетін лимит бойынша ұсынысты, келесі қаржы жылының лимиті шегінде олар бойынша мемлекеттің кепілдігі ұсынылуы мүмкін концессиялық жобалар тізімінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
конкурстық құжаттаманы және концессия шартын келіседі;
концессия міндеттемелерінің қаржылық шекарасын және қабылдау артықшылығын белгілейді.
777. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі:
1) қарыз берушілер алдында облигацияларды шығару проспектісімен белгіленген міндеттемелерді эмитенттердің орындауын бақылайды;
2) шартты салымның арнайы шотында (қызмет көрсету шоты) эмитенттің қаражат жинау мониторингін жүзеге асырады;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шартты салымның арнайы шотында (қызмет көрсету шоты) эмитенттің қаражат жинау бойынша міндеттемелерін орындауы туралы ақпарат береді
4) қарыз берушінің құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған шараларды қолданады;
5) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларына сәйкес өз іс-әрекеттері туралы және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы қарыз берушіге ақпарат береді;
6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен кепілдік беру шартын жасасады;
7) қарыз алушымен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасады;
8) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шартты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.
778. Республикалық бюджет комиссиясы:
жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін беру лимитін;
концессиялық жобалардың тізбесін;
әрбір концессиялық жоба үшін жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігі лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін анықтайды.
779. Мемлекеттің кепілгерлігін беру процесінде басқа мемлекеттік органдар және заңнамаға сәйкес концессиялық жобаларды бағалауды (сараптауды) жүргізуге өкілеттік берілген өзге ұйымдар өз құзыреті бөлігінде қатысады.
82-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекет
кепiлгерлiгiн беру рәсiмi
780. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын мемлекеттi емес қарыз есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалардың тiзбесiн бекiткеннен кейiн салалық уәкiлеттi орган қарыз алушымен концессия шартын жасасады.
781. Қарыз алушылар ТЭН жобасын, инфрақұрылымдық облигациялардың проспектiсiн, салалық сараптаманың, экономикалық сараптаманың және заңнамаға сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган концессиялық жобаның сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады және екi ай iшiнде тиiстi қорытындыны әзiрлейдi.
782. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның концессиялық жобаның сараптамасы бойынша қорытындысы мыналарды:
мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;
мемлекет кепiлгерлiгiн алғаны туралы өтiнiм бiлдiргенге дейiн үш жылдан кем емес кезең iшіндегі қарыз алушының қаржылық жай-күйiн және заңды мәртебесiн;
қарыз алушы берген мемлекет кепiлгерлiгi бойынша қамтамасыз етiлуiн;
қаржылық және техникалық тәуекелдердi;
мемлекет кепiлгерлiгiн алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексiнiң талаптарына қарыз алушының сәйкес келуiн бағалауды қамтиды.
783.Мемлекет кепiлгерлiгi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажет талаптарды қанағаттандырған жағдайда мемлекет кепiлгерлiгiмен міндеттемелерді орындау алынған республикалық бюджеттің қаражатының қайтарымын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартын ресiмдегеннен және бергеннен, қарыз алушы мемлекет кепiлгерлiгiн бергенi үшiн бiржолғы төлемдi (алымды) алдын ала төлегенiнен кейiн кепілгерлік шартты жасасу жолымен берiледi.
Бұл ретте, сақтандыру шартын беру мерзiмдерi мен шарттары және қарыз қайтарымын қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шартына қойылатын талаптар кепiлгерлiк шартында көзделедi.
784. Облигацияларды ұстаушыларының мүдделерiн бiлдiру туралы шарт мыналарды қамтиды:
Қарыз алушыларға қойылатын талаптарды:
а) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша ағымдағы мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн қажеттi алдағы төлемдер мөлшерiнде шартты салымның (қызмет көрсету шотының) арнайы шотында ақша сомасын жинауды жүргiзу;
б) концессия объектісін құру үшін ғана пайдаланыла алатын инфрақұрылымдық облигацияларын орналастырудан арнайы несие шотына ақша сомасын жинауды жүргізу;
в) банктiк шоттардың, оның iшiнде ҚР ҰБ және екiншi деңгейдегi банктердегi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушының өкiлiне бар-жоғы туралы мәлiметтердi заңнамада белгiленген тәртiппен ұсыну;
г) облигацияларды ұстаушының өкiлiне мемлекеттік емес қарыз толық өтелгенге дейiн жыл сайынғы бизнес-жоспарды ұсыну;