347. Қаржы жылы iшiнде жоспарда көзделген сомадан тыс түскен кiрiстер жоспарды және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарды нақтылау шартымен оларға өзгерістер енгізу арқылы ағымдағы жылы жұмсалуы мүмкiн.
Жоспарда көзделген сомадан тыс кiрiс түскен кезде жоспарға және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер, әрбiр ақылы қызмет түрлерi бойынша жылдық сома шеңберiнде ерекшелiктер мен тоқсандар арасында өзгерістер енгізу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне енгiзiлетiн өзгерістер бойынша негiздемелер мен есептердi қоса бере отырып, осы Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтама ұсынады;
бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi олар түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзiлетiн өзгерістер бойынша негiздемелер мен есептердi тексередi, осы Ереженің 99-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекiтедi және бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға келiсуге бередi.
348. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган олар түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік мекемелер жөніндегі Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы ұсынылған анықтаманы қарайды, енгiзiлетiн өзгерістер бойынша негiздемелер мен есептердi тексередi.
349. Мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтама екi данада бекітіледi және келісіледi.
350. Анықтаманың бiр данасы бюджеттi атқару бойынша уәкiлеттi органда қалады, екiншi данасы бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне берiледi.
351. Мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген және келісілген анықтаманың негiзiнде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы үш данада бекiтедi.
Бекiтiлген анықтаманың бiр данасы бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнде қалады, екi данасы мемлекеттік мекемеге берiледi.
Мемлекеттік мекеме жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтаманың бiр данасын өзiне қалдырады, екiншiсiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi.
352. Мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарларды және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiмен бекітілген және бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органмен келісілген мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы тiркеудi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ал жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiмен бекітілген жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды тiркеудi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi жүзеге асырады. Тiркеу жоспарларға және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарларға, жоспарларға және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарларға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларға хронологиялық тәртiппен нөмiр бере отырып еркiн түрде журналда жүргiзiледi.
353. Қаржы жылы iшiнде мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарларды бекiткеннен және келiскеннен кейiн және сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерiн сақтаған кезде жоспарларды бекiткеннен кейiн ББС-нiң бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының кодтарын өзгерткен жағдайда, Сыныптауышқа тиiстi өзгерістер енгiзiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде осы Ережеде белгiленген тәртiппен мекемелер бойынша Жиынтық жоспарлар қайта бекітіледi және қайта келісіледi.
Қаржы жылы iшiнде ББС-нiң бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының жаңа кодтары енгiзiлген жағдайда жоспарлар мен мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарлар осы Ережеде белгiленген тәртiппен жаңа кодтар бойынша бекітіледi және келісіледi.
354.Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес Сыныптауышқа тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жаңа түрлері енгізілген жағдайда, осы ережеде белгіленген тәртіпте жаңа жоспарлар және Мемлекеттік мекемелер жөнінде жиынтық жоспар жасалады, келісіледі және бекітіледі.
355. Жоспар мен Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар бекітілгеннен және келісілгеннен кейiн қаржы жылы iшiнде жаңа мемлекеттік мекеме құрылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосу немесе бөлу арқылы мемлекеттік мекемелердi қайта ұйымдастырған және мұндай мемлекеттік мекемелерге тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуге арналған құқық берiлген оларды сатқаннан түсетiн ақша өздерiнiң билiгiнде қалатын жағдайда (бұдан әрi - құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме), мынадай iс-әрекеттер жүзеге асырылады:
құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне осы Ереженiң 334-тармағында белгiленген нысан бойынша және тәртiппен жоспар ұсынады;
бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi олар түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде кiрiстер мен шығыстар бойынша негiздеме мен есептердi тексередi, жоспардың негiзiнде осы Ереженің 99-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарға тиiстi өзгерістер енгізу туралы анықтаманы жасайды және бекiтедi және құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменiң жоспарына сәйкес бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға келiсуге ұсынады;
бюджеттi атқару бойынша уәкiлеттi орган осы Ережеде белгiленген тәртiппен мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы ұсынылған анықтаманы қарайды және келiседi;
бекітілген және келісілген анықтаманың негiзiнде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi әрбiр құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме бойынша жоспарды бекiтедi және бередi.
44-тарау. Өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi)
өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын ақшаны есепке алу және бақылау
356. Өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаның есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден алатын ақша есебiнен жасалатын шарт тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерi бойынша шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша көзделген сома шегінде жасалады.
Бұл ретте, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiтетiн ерекшелiктер тiзбесiне енгiзiлген шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi, оның ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiтетiн жасасқан азаматтық-құқық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың түрлері бойынша жасалған мемлекеттік мекемелердiң шарттары осы Ереженiң 150-тармағының екiншi абзацына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеуге жатады.
Мемлекеттік мекемелер өздерінің билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден алатын ақша есебiнен жасасқан шартты тiркеу осы Ереженiң 20-25-тарауларында белгiленген тәртiппен ресiмделген және ұсынылған мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiм негiзiнде жүзеге асырылады.
357. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билiгiнде қалатын (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша төлеушiлерден қолма-қол емес не қолма-қол ақша түрiнде тiкелей мемлекеттік мекеменiң кассасына түсуі мүмкін.
358. Мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік мекеменiң өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша есебiнен жасалатын төлемдер:
шарттар жасалған және тiркелген шығыстар түрлерi бойынша - тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерi бойынша ақылы қызмет шотына нақты қолма-қол ақшаның және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерi бойынша шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды бойынша шарт сомасы шеңберiнде;
қалған шығыстар түрлерi бойынша - тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерi бойынша ақылы қызмет шотына нақты қолма-қол ақшаның және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерi бойынша шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша бекітілген сома шеңберiнде жүзеге асырылады.
Өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн түсiмдердi жұмсау осы Ережеде белгiленген тәртiппен ресiмделген және ұсынылған төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүзеге асырылады.
359. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн түсiмдер жоспармен бекітілген сомадан тыс алатын ақша түсімдері, олар түскен кезде мемлекеттік мекеме жоспарды оған өзгерістер енгізу арқылы нақтылағанға дейiн жұмсау құқығынсыз ақылы қызметтер шотына есептеледi.
Ағымдағы қаржы жылының аяғына дейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жоспарға өзгерістер енгізуге арналған анықтаманы ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік мекеме жаңа қаржы жылының он күнтiзбелiк күнi iшiнде оларды тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударуға төлеуге берiлетiн шотты ұсынады.
Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне белгiленген мерзiмде хатты ұсынбаған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi белгiленген мерзiм өткен күннен бастап келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетiн ақша есебiнен мемлекеттік мекемелер алатын мемлекеттік мекеменiң төлемдерi мен ақша аударымын жүзеге асыруды тоқтата тұрады.
360. Бекiтiлген жоспарда көзделмеген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерi бойынша ақша түскен кезде түсiмдер сомасы 902 «Анықталғанға дейiн өзара есеп айырысу бойынша ұлттық валютада аударылған сома» деген шотта (бұдан әрi - 902-шот) есептеледі. Түсiмдердi 902-шотқа есептеген күннен кейiнгi келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекiткен 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасын екi данада басып шығарады және ақша алушы болып көрсетiлген мемлекеттік мекемеге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң құрылымдық бөлiмшесi басшысының қойылған қолы және өз мөртабанының бедерi және қойылған қолы бар бiр дананы жiбередi.
361. Мемлекеттік мекеме төлем құжатының көшiрмесiн алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде түсiмнiң негiздiлiгiн анықтау және ол бойынша түсімдер сомасы есептелуі тиіс тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерiн анықтау және хатты аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсыну жөнiндегі жұмыстарды жүргiзедi. Мемлекеттік мекеме хатта соманы шотқа есептеу және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң кодын көрсете отырып не оларды бюджет кiрiсiне аудару қажеттiлiгi туралы растайды.
Мемлекеттік мекеменiң хаты негiзiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы:
аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң 902-шотынан жоспарда көзделмеген түсiмдер сомасын есептен шығару, және хатта көрсетiлген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң коды бойынша оны шотқа есептеу жөнiнде операция жүргiзу үшiн;
жоспарда көзделмеген түсiмдер сомасын тиiстi бюджет кiрiсiне аудару үшін төлеуге берiлетiн шотты ҚБАЖ-да қалыптастырады және бекiтедi.
Мемлекеттік мекеме хатты уақтылы берудi және хат деректерiнiң растылығын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне белгiленген мерзiмде хат ұсынбаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесi белгiленген мерзiм өткен күннен бастап келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей өзінің билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша есебiнен мемлекеттік мекеменiң төлемдерi мен ақша аударымын жүзеге асыруды тоқтата тұрады.
362. Мемлекеттік мекеме Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, қызметтері) сыныптауышына сәйкес өткізуден ақша билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) басқа мемлекеттік мекемелерге өткізуді жүзеге асыра алады.
363. Мемлекеттік мекемеге бюджет қаражатын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған ашылатын шоттардан қаражатты ақылы қызмет шотына аударуға тыйым салынады.
364. Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтаған тәртiппен, нысанда және мерзiмде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын, өздерінің билігінде қалатын ақша түсiмдерi мен жұмсалу жоспарларының орындалуы туралы есеп жасайды.
45-тарау. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн
түсiмдер бойынша операцияларды жүзеге асыру
365. Демеушiлiк, қайырымдылық көмек шоты бойынша операциялар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде жүзеге асырылады.
366. Демеушiлiк, қайырымдылық көмек шоты бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.
367. Демеушiлiк, қайырымдылық көмек бойынша шоттар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылады.
368. Демеушiлiк, қайырымдылық көмек шоты бойынша операцияларды есепке алу үшін:
республикалық бюджеттік бағдарламалары әкiмшiсiнiң қолдаухаты негiзiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган;
олардың өтiнiштерi негiзiнде жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган рұқсат беруді жүзеге асырады.
369. Демеушілік, қайырымдылық көмек шоты бойынша операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшеге рұқсатты және қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты бередi.
370. Мемлекеттік мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдердi жоспарламайды.
Нысаналы сипатқа ие демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдердi мемлекеттік мекеме мақсатқа сай жұмсайды..
Мемлекеттік мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдердiң нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
371. Демеушiлiк, қайырымдылық көмекті ағымдағы жылы мақсатқа сай пайдаланбаған мемлекеттік мекеме оны келесi жылы мақсатқа сай пайдалана алады.
Демеушiлiк, қайырымдылық көмек ақшасын ағымдағы қаржы жылы жете пайдаланбаған жағдайда осы ақшаны салған тұлға оны қайтарып алуға құқығы бар.
372. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдердi жұмсау осы Ережеде белгiленген тәртiппен ресiмделген және ұсынылған төлеуге берiлетiн шот негiзiнде демеушiлiк, қайырымдылық көмектің тиiстi шоттағы ақша қалдығының шеңберiнде жүзеге асырылады.
373. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдер бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар жөніндегі банктiк қызметтерге ақы төлеудi мемлекеттік мекеме өзi және банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негiзiнде демеушiлiк және қайырымдылық көмек ақшасы есебiнен жүргiзедi.
374. Мемлекеттік мекеме бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтайтын тәртiппен, нысанда және мерзiмде демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен түсiмдер және оларды жұмсау туралы есеп жасайды және ұсынады.
46-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес
жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша бойынша операцияларды жүзеге асыру
375. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операциялары жеке немесе заңды тұлғалардың ақшаны мемлекеттік мекемелерге қайтару шартымен немесе тиісті бюджетке беру Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайда іске асырылады.
376. Жеке немесе заңды тұлғалар ақшасын уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердiң кодтары бойынша жүзеге асырылады.
377. Жеке немесе заңды тұлғалар ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-сы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда ашылады.
378. Жеке немесе заңды тұлғалар ақшасын уақытша орналастырудың ҚБШ-сы бойынша операцияларды есепке алу үшiн:
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттік бағдарламалары әкiмшiсiнiң қолдаухаты негiзiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге;
бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган олардың өтiнiштерi негiзiнде жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге рұқсат беру жүзеге асырылады.
379. Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастырудың ҚБШ-сы бойынша операциялар жүргiзу үшiн мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне рұқсат және қойылған қол және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты бередi.
380. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша бойынша жоспарлар жасалмайды.
381. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған жағдай туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды салған тұлғаларға қайтарылуы не тиiстi бюджетке аударылуы тиiс.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілген ақшаны уақтылы қайтаруды не оларды тиiстi бюджетке аударуды (бұдан әрi - қайтару/аудару) қамтамасыз етедi.
382. Қайтару/аудару осы Ережеде белгiленген тәртiппен ресiмделген және ұсынылған төлеуге берiлетiн шот негiзiнде уақытша орналастыру шотындағы ақша қалдықтары шеңберiнде жүзеге асырылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың белгілі бір жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларды қайтару немесе аудару шартымен мемлекеттік мекемелерге берілетін ақшаны тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға, оларды енгізген тұлғаларға, немесе тиісті бюджет кірісіне қайтаруға/аударуға оларды ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын есепке алусыз рұқсат берілмейді.
Қолма-қол ақшаны есептеу және қайтарып алу үшiн уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сы бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар үшiн банктiк қызметтерге ақы төлеу ақшаны салған тұлға есебiнен мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негiзiнде жүргiзiледi, оған:
тез бұзылуға ұшырайтын және оларды сақтау елеулi материалдық мүлiк шығынын талап ететiн заттай айғақты сатудан алынған ақшадан түсетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өкiлеттiк берiлген органдардың мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары есебiнен жүргiзiлетін уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сын есептеу жағдайлары қосылмайды.
383. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілетiн ақша бойынша бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтаған тәртiппен, нысанда және мерзiмде есеп жасайды және ұсынады.
9-бөлім. Сайлауларды қаржыландыру және бөлінетін
бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі.
47- тарау Сайлауларды мемлекеттік қаржыландыру
384. Партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын қоспағанда, Президенттi, Парламент, мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау осы мақсаттар үшiн ашылатын арнайы шот арқылы қаржыландырылады.
385. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде сайлау iс-шараларын жүргiзуге арналған шығыстар жөніндегі операцияларды есепке алуға арналған жергiлiктi атқарушы органның арнайы шоттарын (бұдан әрi - сайлауларды қаржыландыру үшiн шоттар) ашуды жүзеге асырады.
Сайлауларды қаржыландыру үшiн шоттар Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты негiзiнде ашылады. Сайлауларды қаржыландыру үшiн шоттар сайлау iс-шараларын қаржыландыру аяқталғанға дейiнгi мерзiмге ашылады.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган сайлауларды қаржыландыру үшiн шоттарды ашқаннан кейiн Орталық сайлау комиссиясы сайлауларды қаржыландыру үшiн ашылған шоттардың нөмiрi мен күнi туралы әрбiр аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама бередi. Сайлауларды қаржыландыру үшiн шот бойынша операциялар жүргiзу үшiн аумақтық сайлау комиссиясы аумақтық қазынашылық органына сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы мәслихат шешiмiнiң көшiрмесi мен нотариалды куәландырылған қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты бередi.
386. Сайлауларды мемлекеттік қаржыландыруды:
шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астаналардың жергілікті атқарушы органдары, аудандардың, қалалардың аумақтық сайлау комиссиясын қаржыландырудың жеке жоспарын облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиісті қазынашылық департаментіне ұсынады.
387. Бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспары шеңберiнде сайлау компаниясын жүргiзу үшiн бөлiнетiн бюджет қаражатына билік етушілер тиiстi сайлау комиссиясының төрағалары болып табылады. Сайлау өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшiн ашылған жергiлiктi атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргiзiледi. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссиясының төрағаларының қаперіне азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға және төлемдердi жүзеге асыруға берiлген рұқсаттарды жеткiзедi. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беруге арналған шарттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша қаржыландыруды жеке жоспарларында көзделген сома шеңберiнде тиiстi сайлау комиссиясының төрағалары ақша алушылармен жасалады.
388. Сайлау өткізу уақытында жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне қойылған қол мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты ұсынады. Бұл ретте, бiрiншi қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына берiледi. Екiншi қол қою құқығы тиiстi аппарат әкімінiң бас бухгалтерiне (қаржы қызметiнiң басшысына) тиесiлi болады.
Құжат жергiлiктi атқарушы органның елтаңбалы мөрiнiң үлгiсiн, аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы тиiстi мәслихат шешiмiнiң (жоғары тұрған сайлау комиссиясының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесiн - оны мәслихат сайлағанға дейiн шығып кеткеннiң орнына аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы шешiмiнiң) нөмiрi мен күнiн көрсете отырып ресiмделедi. Жергiлiктi атқарушы органның арнайы шотынан 002 «Сайлау өткізу» бағдарламасы бойынша қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкiлеттiлiгi сайлау өткізу не қайта дауыс беру не қайта сайлау мерзiмiне және олар аяқталғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күнге дейiн ғана белгiленедi.
389. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының қаражатты жұмсауға арналған өкiлеттiк мерзiмi қаржы жылының соңына келген жағдайда, сайлау бойынша төлемдер жүргiзу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен және қазынашылық бөлiмшелерi белгiлеген мерзiмде ҚБЕО төлем жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн қаржы жылы аяқталған соң жүзеге асырылады.
390. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары ақша қаражатына билiк етедi және қаржылық құжаттардың қаржы мәселелерi бойынша сайлау комиссияларының шешiмдерiне сәйкес келуiне жауап бередi.
391. Республикалық бюджет қаражатынан мыналарға жұмсалған:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметiне:
сайлау комиссияларының босатылған мүшелерiнiң жалақысына;
сайлау комиссиялары мүшелерiнiң қосымша еңбекақысына;
жалақыға есептеуге;
техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникаларын сатып алуға, жабдықтарды жалға алуға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықты сатып алуға және жасауға);
көлiк шығыстарына;
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
байланыс қызметтерiне, почта-телеграф шығыстарына;
еңбек келісімдерi негiзiнде штаттан тыс қызметкерлер орындалатын жұмыстарға;
полиграфиялық шығыстарға;
кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәмiздер үшiн материалдар сатып алуға;
2) үй-жайларды жалға алуға;
3) iссапар шығыстарына;
4) консультанттардың, сарапшылардың, лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеуге;
5) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтiн сөздерiне;