меншiк құқығында салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлерi жоқ;
экспорт-импорт операцияларын жасамаған;
3) 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қосылған құн салығын төлеушi ретiнде тiркеу есебiне тұрмаған;
4) 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк шоттары жоқ және «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде 2010 жылғы 1 ақпанға дейiн төлемдердi және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
5) кредиторлардың және (немесе) осы баптың 7-тармағына сәйкес салық төлеушiлердiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) табыс ету фактiсi жоқ салық төлеушiлер жатады.
3. Салық органдары осы баптың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлердiң тiзiмiн 2010 жылғы 1 ақпаннан кешiктiрмей қалыптастырады.
4. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлердiң тiзiмiн мынадай мәлiметтердi:
1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
2) салық төлеушiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (болған жағдайда) не атауын;
3) кредиторлардың және (немесе) салық төлеушiнiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) қабылдау үшiн салық органының мекенжайын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында 2010 жылғы 1 ақпаннан кешiктiрмей жариялайды.
5. Уәкiлеттi орган осы баптың 4-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлердiң тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде оны банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiбередi.
6. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар 2010 жылғы 30 сәуiрден кешiктiрмей уәкiлеттi органға осы баптың 5-тармағында көрсетiлген тiзiмге сәйкес салық төлеушiлерге қатысты 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк шоттарының болуы және (немесе) болмауы, банк шоттарындағы ақшаның қалдығы, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде банк шоттары бойынша 2010 жылғы 1 ақпанға дейiн жүргiзiлген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат бередi.
7. Салық органдары кредиторлардың немесе салық төлеушiнiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) қойылатын талаптардың заңдылығын растайтын құжаттармен қоса 2010 жылғы 30 сәуiрге дейiн қабылдайды.
8. Салық қызметi органдары осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтердi алғаннан кейiн бiр ай iшiнде:
1) осы баптың 2-тармағына сәйкес мәжбүрлеп таратылуға жататын салық төлеушiлердiң тiзiмiн қалыптастырады;
2) мәжбүрлеп таратылуға жататын дара кәсiпкерлердi тiркеу есебiнен шығарады;
3) әдiлет органдарына Мемлекеттік тiркелiмнен алып тастау және есептiк тiркеуден шығару үшiн мәжбүрлеп таратылуға жататын резидент заңды тұлғалардың және заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзiмiн жiбередi;
9. ұдiлет органдары осы баптың 8-тармағында көрсетiлген тiзiмдi алған күннен бастап бiр ай iшiнде:
1) резидент заңды тұлғаларды Мемлекеттік тiркелiмнен шығарады, мәжбүрлеп таратылуға жататын заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiн есептiк тiркеуден алып тастайды;
2) салық органдарына оларды Мемлекеттік тiркелiмнен алып тастау және есептiк тiркеуден шығару туралы мәлiметтер жiбередi.
10. Салық органдары резидент заңды тұлғалардың Мемлекеттік тiркелiмнен алып тасталғаны, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң есептiк тiркеуден шығарылғаны және салық органында дара кәсiпкерлердi тiркеу есебiнен шығарылғаны туралы әдiлет органдарынан мәлiметтердi алғаннан соң уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы және тәртiптегi Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұл сомаларын есептеу (азайту) тiзiлiмi негiзiнде мүндай салық төлеушiлердiң жеке шоттарын жабуды жүргiзедi. Бұл ретте, дербес шотта артық төлем және (немесе) салық берешегi сомалары болған жағдайда, мұндай сомалар Тiзiлiмде тиiсiнше есептелуге немесе азайтылуға жатады.»;
15) мынадай мазмұндағы 48-1, 50 және 51-баптармен толықтырылсын:
«48-1-бап.
1. Егер мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiнiң салық берешегiн бiр мезгiлде өтеуi қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдардың туындау қаупiн тудырған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн мұндай салық төлеушiнiң мынадай:
1) мониторингте кемiнде екi жыл тұратын;
2) стратегиялық маңызы бар экономика салаларында қызметiн жүзеге асыратын;
3) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және осындай өтiнiш табыс етiлген қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 7000000 еселеген айлық есептiк көрсеткiштен асатын мөлшерде салық және өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiш табыс етiлген айдың бiрiншi күнi салық берешегi болатын талаптарға бiр мезгiлде сай келген кезде, мұндай салық төлеушiге салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiн бес жылдан аспайтын мерзiмге өзгерту туралы шешiм қабылдауға құқылы болатыны белгiленсiн.
Бұл ретте салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту мұндай салық төлеушiлерге мүлiк кепiлiнсiз және (немесе) банк кепiлдiгiнсiз жүргiзiледi.
2. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушi:
салық және өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiш табыс етiлген айдың бiрiншi күніндегі жағдай бойынша салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы (болуы) туралы анықтаманы;
салық берешегiн өтеудiң болжамды графигiн;
салық берешегiн бiр мезгiлде өтеу жағдайында қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдардың туындау қаупiн растайтын құжаттарды (есеп айырысуларды, негiздемелердi) қоса тiркей отырып, тиiстi салада басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органға табыс етедi.
Мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушi қосымшалары бар өтiнiштiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
3. Тиiстi салада басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген өтiнiштi алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң жобасын жiбередi.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап төлеу мерзiмi өзгертiлген салық сомасына мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының ёлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 0,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.
Өсiмпұл Қазақстан Республикасы Үкіметінiң аталған шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап, бюджетке төлеген күндi қоса алғанда салық төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындаудың мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есептеледi.»;
16 - 27 абзацтар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
«50-бап. Егер лизинг берушi 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде шот-фактура жазбаған жағдайда, лизинг берушi қаржы лизингi шартына сәйкес алу мерзiмi 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн басталатын лизингтiк төлемдер сомасын негiзге алып, оған сыйақы мен қосылған құн салығының сомасын қоспай айналым мөлшерiн көрсете отырып, 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей шот-фактура жазуға мiндеттi болады деп белгiленсiн.
51-бап.
1. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн қаржы лизингiне берiлген мүлiк бойынша «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, босатылған айналым мөлшерiне «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген күннен бастап салық салынады деп танылады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдай 2009 жылы басталса, лизинг берушi осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей қосымша шот-фактура жазуға мiндеттi.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдай 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн басталса, лизинг берушi осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен, аталған бұзушылық болған күннен бастап бес күннен кешiктiрмей қосымша шот-фактура жазуға мiндеттi.
4. Осы бапта көрсетiлген жағдайларда, лизинг берушi:
сыйақы сомасын қоспағанда, қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, босатылған айналымның терiс мәнi мен салық салынатын айналымның оң мәнi қамтылуға тиiс қосымша шот-фактура;
қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, босатылған айналымның терiс мәнi мен салық салынатын айналымның оң мәнi қамтылуға тиiс сыйақының есептелген сомасы бөлiгiнде қосымша шот-фактуралар жазып бередi.
5. Егер мүлiктi қаржы лизингiне 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн беру кезiнде шот-фактура жазылмаса, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдай басталған кезде лизинг берушi 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей:
сыйақы сомасын қоспағанда, қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып, салық салынатын айналымның мөлшерi барлық лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасына негiзделiп көрсетiлетiн шот-фактура;
сыйақы мен қосылған құн салығының сомасы көрсетiлетiн, сыйақысының есептелген сомасы бөлiгiнде шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi.
6. Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын лизинг алушы осы бапта көрсетiлген жағдайларда, қосылған құн салығын «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген, лизинг берушiнiң өткізу бойынша айналым жасау күнiне дәл келетiн нақ сол салық кезеңiнде есепке жатқызады.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2009 жылғы 1 шiлдеге дейiн қолданылатын 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасын;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының үшiншi - алтыншы, сегiзiншi - жиырма екiншi абзацтарын, 3), 4), 9), 14), 21), 22), 26), 29) тармақшаларын, 32) тармақшасының төртiншi абзацын, 33), 34) тармақшаларын, 35) тармақшасының екiншi - жетiншi абзацтарын, 36) тармақшасының екiншi - бесiншi, жетiншi - тоғызыншы абзацтарын, 37) - 42) тармақшаларын, 43) тармақшасының екiншi абзацын, 44), 46 - 51) тармақшаларын, 52) тармақшасының бесiншi - тоғызыншы абзацтарын, 53), 54) тармақшаларын, 56) тармақшасының он екiншi абзацын, 57) тармақшасын, 58) тармақшасының бесiншi және алтыншы абзацтарын, 61), 62), 66), 75), 76), 82) тармақшаларын, 87) тармақшасының екiншi - бесiншi абзацтарын, 88) - 90), 93) тармақшаларын, 94) тармақшасының екiншi - сегiзiншi абзацтарын, 95) - 101) тармақшаларын, 103) тармақшасының төртінші - он төртінші абзацтарын, 104), 106) тармақшаларын, 110) тармақшасының он жетiншi - жетпiс төртiншi абзацтарын, 111) - 115), 118), 122) - 124), 127), 176) тармақшаларын, 177) тармақшасының он үшiншi - он сегiзiншi абзацтарын, 184), 185), 194) 196) тармақшаларын, 197) тармақшасының бесiншi абзацын, 199) тармақшасының екiншi абзацын, 8-тармағы 1) - 14) тармақшаларын, 15) тармақшасының он алтыншы - жиырма жетiншi абзацтарын;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 2-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3-тармағының 2) тармақшасының жетiншi, жиырма үшiншi және жиырма төртiншi абзацтарын, 5) - 8), 10) - 13), 23), 24), 27), 28), 30), 31) тармақшаларын, 32) тармақшасының екiншi және үшiншi абзацтарын, 36) тармақшасының алтыншы абзацын, 43) тармақшасының үшiншi абзацын, 52) тармақшасының екiншi - төртiншi, оныншы - он екiншi абзацтарын, 55) тармақшасын, 56) тармақшасының екiншi - он бiрiншi абзацтарын, 58) тармақшасының екiншi - төртiншi абзацтарын, 59), 60), 63) - 65), 67) - 74), 77) - 81), 83) - 86) тармақшаларын, 87) тармақшасының алтыншы абзацын, 91), 92) тармақшаларын, 94) тармақшасының тоғызыншы - жиырмасыншы абзацтарын, 102) тармақшасын, 103) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтарын, 105), 107) - 109) тармақшаларын, 110) тармақшасының екiншi - он алтыншы абзацтарын, 116), 117), 119 - 121), 125), 126), 128) - 175) тармақшаларын, 177) тармақшасының екiншi - он екiншi абзацтарын, 178) - 183), 186), 187), 189) - 192), 198) тармақшаларын, 199) тармақшасының үшiншi және төртiншi абзацтарын, 200) - 206) тармақшаларын, 4-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 5 - 7-тармақтарын;
4) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағының 193) тармақшасын, 197) тармақшасының екiншi - төртiншi абзацтарын;
5) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағының 25) тармақшасын, 35) тармақшасының сегiзiншi және тоғызыншы абзацтарын, 45) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi
Қазақстан Республикасының Президентi | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы қарашаның 16-сы.
№ 200-IV ҚРЗ