Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1889 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж.,№ 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы сексен төртінші абзацпен толықтырылсын:
«мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |