Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қарашадағы № 1806 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
| Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға |
| Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
| Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
| Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
| Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
| Тортаев Бауыржан Қадырұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Инвестициялық саясат департаментінің директоры; |
мына:
| «Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап қою-қуыну жұмысы департаментінің директоры, хатшы |
| Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
| «Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры, хатшы |
| Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы»; |
көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхияқызы, Құсайынов Марат Әпсеметұлы, Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, Парсегов Борис Анатольевич, Қиынов Ләззат Кетебайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |