Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1646 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
13-тармақта:
99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«99) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат береді;»;
105) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«105) тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкілерінің нысандарын белгілейді және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат дайындауды ұйымдастырады;»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1), 99-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары тоқсан сайын ұсынатын тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингті жүзеге асыру;»;
«99-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу арқылы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын бақылау;».
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |