Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1562 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 433 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 254-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
| Баймағанбетов Серік Нұртайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
| Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
| Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
| Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
| Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
| Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
көрсетілген құрамнан Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы, Балиева Зағипа Яхянқызы, Школьник Владимир Сергеевич, Ахметов Серік Нығметұлы, Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Мәйірманов Қажымұрат Нұрғалиұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |