«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 және
2005 жылғы 3 маусымдағы № 558 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 989 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбір шешімдерінe мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітiлген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың» мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
«1. Әр түрлi мақсаттағы отандық ғарыш аппараттарын құруға және ұшыруға арналған негiздердi әзiрлеу» деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 5-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«420,0, оның iшінде жылдар бойынша: 2005 - 60,0; 2006 - 304,0; 2007 - 56,0»;
реттік нөмiрi 7-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«504,0, оның iшінде жылдар бойынша: 2005 - 157,0; 2006 - 347,0»;
«2. Әр түрлi мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыруға және басқаруға арналған жер үстi инфрақұрылымын дамыту» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 13-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«1260,0, оның iшiнде жылдар бойынша: 2005 - 500,044; 2006 - 504,548; 2007 - 255,408»;
peттiк нөмiрi 16-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«МИГ-31Д» ұшағының базасында «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру»;
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«18404,422, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 500,0; 2006 - 1000,0; 2007 - 16904,42»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«РБ»;
көрсетiлген Жоспардан кейінгi мәтінде:
бiрiншi, екінші және бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны icкe асыруға байланысты қаржылық шығындар барлығы 62768,72 млн. теңгені құрайды.
Республикалық бюджет барлығы 62468,72 млн. теңге, оның ішінде 2005 жылы - 14861,2 млн. теңге.»;
«Республикалық бюджеттен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қамтамасыз етуге арналған қаржылық шығындар 5582,1 млн. теңгенi құрайды, оның ішінде 2005 жылы - 2179,9 млн. теңге, 2006 жылы - 2232,6 млн. теңге, 2007 жылы - 1169,6 млн. теңге. Жұмыстардың көрсетілген түрлеріне 300 млн. теңге мөлшерiнде инвестициялар тарту жоспарланып отыр, оның iшiнде 2005 жылы - 150 млн. теңге, 2006 жылы - 150 млн. теңге.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы aбзацпен толықтырылсын:
«МИГ-31Д» ұшағының базасында «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құруға байланысты қаржылық шығындар 18404,422 млн. теңгені құрайды, оның iшiнде 2005 жылы - 500 млн. теңге, 2006 жылы - 1000,0 млн. теңге, 2007 жылы - 16904,422 млн. тeңгe.»;
Ескертуде: әрiптік аббревиатураларды толық жазуда «Қаржымині Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«АЗҒК - авиациялық зымыран-ғарыш кешенi»;
2) «Маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы № 558 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«1. «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы орындайтын жұмыстар тiзбесi» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-жолмен толықтырылсын:
«9. «МИГ-31Д» ұшағының базасында «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құру».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |