жүктi әйелдердi құрамында темір және йоды бар препараттармен тегiн қамтамасыз етуге - 736,8 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 2,3 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
5 жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 532,3 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 1,7 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық алдын-алу тексерулерiн жүзеге асыруға - 847,8 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 10,2 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
жергiлiктi деңгейдегi медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 5,2 млрд. теңге;
«Денсаулық сақтау» функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005 жылы ЖIӨ-ге 2,6 %, 2006 жылы - 2,7 %, 2007 жылы - 2,8 % деңгейiнде көзделетiн болады.
Ауқымды әлеуметтiк бағдарлама - Жолдаудың басты ерекшелiктерінің бiрi. Бюджеттік ресурстар әлеуметтiк бағдарламаларды қаржыландыруға және халықтың неғұрлым осал жiктерiн қолдауға бағытталатын болады. Реформалардың нақты нәтижелерi халықтың өмiр сүру деңгейiн сапалы жақсартуға әкелуi тиiс.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Әлеуметтiк реформалар бағдарламасы) бекітілдi.
Жолдауда Мемлекет басшысы осы бағдарламаның жеке iс-шараларын нақтылады:
2005 жылғы 1 шiлдеден бастап зейнетақы жасына жеткен Қазақстанның барлық азаматтарына жұмыс өтімiне, жалақысы мен есептелген зейнетақы мөлшерiне қарамастан, 3000 теңге мөлшерiнде базалық зейнетақы төлемi төленетiн болады. Базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда ең төменгі зейнетақы мөлшерi 9200 теңгенi құрайды;
2006 жылдан бастап мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерi 1000 теңгеге, асыраушысынан айырылуына байланысты асырауындағы адамдар санына байланысты 300-ден 1000 теңгеге дейiн қосымша арттырылатын болады;
әлеуметтiк реформалар бағдарламасында жоспарланғандай, 2007 жылдан бастап емес, 2006 жылдан бастап бiр жасқа дейiнгi баланы күтуге мемлекеттік жәрдемақылар енгiзіледi.
Сонымен қатар, халықты әлеуметтiк қолдау шеңберiнде орта мерзiмдi кезеңде:
2006 жылдан бастап жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды және еңбек жағдайы аса ауыр жұмыстарда жұмыс iстеген адамдарға мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерiн қосымша 1000 теңгеге арттыру;
төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күмiс алқа» немесе бiрiншi және екiншi дәрежелі «Ана даңқы» белгілерiмен марапатталған аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 4000 теңгеге көбейту қосымша жоспарлануда.
Осылайша, Әлеуметтік реформалар бағдарламасының іс-шараларын icкe асыруға және мемлекеттік бюджеттен халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шараларды қаржыландыруға 2005 - 2007 жылдары 2004 жылдың деңгейіне шамамен қосымша 310,5 млрд. теңге бөлінеді.
«Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтік көмек» функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005 жылы ЖІӨ-ден 5,3 %, 2006 жылы ЖIӨ-ден 5,4 %, 2007 жылы ЖIӨ-ден 5,2 % деңгейiнде көзделетiн болады.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласында азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекеге қабілеттiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ ауыл аймақтарын кешендi дамыту және ауыл тұрғындарын ұлттық стандарттағы өмiр сапасы бар қалыпты өмiрмен қамтамасыз ету үшiн 2005 жылы «Агроөнеркәсiп кешенi мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзiрленедi.
Ормандар алаңдарын ұлғайту, елдi мекендердi көгалдандыру және олардың айналасына жасыл аймақтар құру, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсартудың маңызды құраушысы болып табылатын өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында, халықтың өмiр сүруiнiң қолайлы жағдайларын жасау мен биологиялық әр түрлілiктi сақтау үшiн «Жасыл ел» бағдарламасы әзiрленедi, оны iске асыру ормандарды күзету, қорғау және өсiмiн молайту саласындағы жағдайды тұрақтандыруға, республиканың табиғи-қорықтар қорын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұл iс-шараларға мемлекеттік бюджетте қажеттi қаражат көздеу болжануда.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау» функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005 жылы ЖIӨ-ден 1,4%, 2006 жылы ЖIӨ-ден 1,5 %, 2007 жылы ЖIӨ-ден 1,4 % деңгейiнде көзделетiн болады.
Мемлекет басшысы Жолдауда кәсiпкерлiк ортаны одан әрi күшейту мәселелерiне және шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа идеологиясын қалыптастыру қажеттiгiне ерекше көңіл бөлдi.
Ең маңызды аспектілердiң бiрi шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын кеңейту болады. «Шағын кәсіпкерлiкті дамыту қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қор) базасында «Қаржы супермаркетi» құрылады.
Қорға 2005 жылғы республикалық бюджеттен жарғылық капиталды ұлғайту үшiн 10 млрд. теңге, оның iшiнде:
кейiн шағын кәсіпкерлiк субъектілерiне шағын кредиттер берудi қамтамасыз ету үшiн Қордың жүз пайыздық қатысуымен шағын кредиттік ұйымдар құру;
жеке инвесторлардан және банктерден кредиттердi алу кезiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кепiлдiк беру жүйесiн құру;
жобалық кредит берудi қаржылық қолдау, франчайзинг негiзіндегі жобаларды қаржыландыру, бизнес-жобаларды әзiрлеу, кейiннен конкурстық негiзде шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне берумен олардың бастапқы элементтерiн iске асыру, кейiннен қайта құрылымдаумен және кәсiпкерге берумен дайын бизнесті сатып алу жөніндегі жобаларды қаржыландыру үшiн бөлінетін болады.
Орта мерзiмдi фискалдық саясатты нақтылау ескерiлген мемлекеттік бюджеттiң шығыстары 10-кестеде көрсетілген.
10-кесте
2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет
шығыстарының болжамы
(ЖIӨ-ге пайызбен)
Атауы | 2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл |
1 2 3 4
Шығыстар 25,2 23,9 23,8
Жалпы сипаттағы мемлекеттік
қызметтер көрсету 1,4 1,3 1,3
Қорғаныс 1,2 1,2 1,2
Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк 2,2 1,9 1,9
Білiм беру 3,5 3,8 4,4
Денсаулық сақтау 2,6 2,7 2,8
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк
қамсыздандыру 5,3 5,4 5,2
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық 2,2 1,9 1,9
Мәдениет, спорт, туризм және
ақпараттық кеңiстiк 0,7 0,7 0,6
Жылу-энергетика кешенi және жер
қойнауын пайдалану 0,5 0,3 0,2
Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы
және қоршаған ортаны қорғау 1,4 1,5 1,4
Көлiк және байланыс 1,7 1,4 1,3
Басқалар 1,8 1,2 1,0
Борышқа қызмет көрсету 0,5 0,5 0,5
Ресми трансферттер 0,2 0,1 0,1
_____________________________________________________________
Орта мерзiмдi фискалдық саясатты нақтылау өзгерген макроэкономикалық жағдайды және мемлекет қабылдаған жаңа мiндеттемелердi ескере отырып, мемлекеттік бюджеттiң орта мерзiмдi перспективаға мүмкiндiктерiн айқындап бердi. Оларды iске асыру үшiн мемлекеттік бюджет өлшемдерi, оның iшiнде тапшылық қайта қаралды.
2005 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖIӨ-ге 1,7 %-ды, 2006 - 2007 жылдары - ЖIӨ-ге 1,9 %-ды құрайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасын әзiрлеуге, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған мiндеттердi iске асыру қажеттiгiне және жүргiзілiп жатқан жинақтар саясатына байланысты республикалық бюджет тапшылығының өлшемдерiн айқындау бюджеттiң мұнайдан тыс тапшылығының қалыптасып отырған мөлшерiне негізделе отырып жүзеге асырылатын болады.