Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 1540 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қаулысымен күші жойылды
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде:
17-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |