байланыстары
1. Сауда-өнеркәсiп палаталары өздерiнiң жарғыларына сәйкес:
1) сауда-өнеркәсiп палаталарының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша шетелдiк және халықаралық ұйымдармен тiкелей халықаралық қатынастар орнатуға;
2) тиiстi келісімдер жасасуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы тиiстi халықаралық ұйымдарда өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiредi.
21-бап. Мемлекет және сауда-өнеркәсiп палаталары
1. Сауда-өнеркәсiп палаталары кәсiпкерлердiң мүдделерiн қорғау мақсатында мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды.
2. Сауда-өнеркәсiп палаталары мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн жұмыстар орындауға және қызметтер көрсету үшiн шарттар жасасуға құқылы.
3. Мемлекеттік органдар сауда-өнеркәсiп палаталарының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты сауда-өнеркәсiп палаталары да мемлекеттік органдардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
4. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың сауда-өнеркәсiп палаталарының қызметiне заңсыз араласуына, сол сияқты сауда-өнеркәсiп палаталарының да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қызметiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi.
5. Мемлекеттік органдар сауда-өнеркәсiп палаталарының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
22-бап. Сауда-өнеркәсiп палаталарының үйлестiру
кеңесi
1. Қазақстан Республикасында сауда-өнеркәсiп палаталарының жүйесiн дамыту мақсатында консультациялық-кеңесшi орган - Сауда-өнеркәсiп палаталарының үйлестiру кеңесi құрылады.
2. Сауда-өнеркәсiп палаталары үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасындағы сауда-өнеркәсiп палаталарының мүшелерiне кәсiпкерлiк қызмет бойынша жәрдем көрсету және ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
3. Сауда-өнеркәсiп палаталары үйлестiру кеңесiнiң құрамына өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлдерi, сауда-өнеркәсiп палаталарының мүшелерi кiруi мүмкiн.
23-бап. Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсiп
палаталары туралы заңнамасын бұзғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсiп палаталары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
5-тарау. ӨТПЕЛI ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
24-бап. Өтпелi ережелер
Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн, өз атауларында "сауда-өнеркәсiп палатасы" деген сөздердi және "СӨП" деген аббревиатураны пайдаланып тiркелген заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркелуге тиiс.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. мамырдың 3-і.
№ 47-III