Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 және 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1490 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде:
13-тармақта:
30) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 60) тармақшамен толықтырылсын:
«60) мыналарды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді.»;
14-тармақта:
1) тармақшада «өз құзыретінің шегінде» деген сөздер «І санаттағы объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайтарып алу және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;
3) І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру және оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу;
4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда оларды тоқтата тұру және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) кешенді экологиялық рұқсаттар беру;»;
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 16-жолдың 3-бағанындағы «872» деген сандар «839» деген сандармен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |