Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 1399 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 74-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 36-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-1-жолмен толықтырылсын:
«
44-1 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Еңбекмині | Қыркүйек | Қазан | Желтоқсан | Б.Б. Нұрымбетов |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |