3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.
Сақтандырушының сақтанушыға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға міндеттенедi.
4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) стандартты;
2) кешендi.
2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5-тармақ өзгертілді
5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Сақтанушының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін өтiнiшi көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
6. Сақтандыру полисiнде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзiп көрсетiлген талаптардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерi және шарттың түрi көрсетiлуге тиiс.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiн ресiмдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi.
7. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң дубликатын беруге мiндеттi.
Сақтандыру полисi бланкiсiн жасауға және оның дубликатын ресiмдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы (сақтандырылушы) өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өтiнiш берiлген күнге белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиiс.
8. Егер сақтандырушы көлiк құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттемелер атқарады.
11-бап. Стандартты шарт
1. Стандартты шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi сақтандырылуы мүмкiн.
2. Стандартты шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын көлiк құралының әр бiрлiгiне жеке сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.
3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы, сақтандырылушылар) және пайдаланылатын көлiк құралы туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. Сақтанушы (сақтандырылушы) стандартты шартты жасасқан кезде, сондай-ақ оның қолданылу мерзiмi iшiнде көлiк құралдары иелерiнiң бәрiн сақтандырылушылар ретiнде сақтандыру полисiне енгізудi талап етуге құқылы.
Сақтандырушы сақтандыру полисiне өзгерістердi сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде енгiзедi.
5. Стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
1) көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
2) адам көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырушымен) жазбаша нысанда ресiмделген еңбек шарты немесе өзге де шарт негiзiнде жүргiзген;
3) көлiк құралын заңсыз иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілік сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
6. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген өзгерістердi енгізу сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнiң көбеюiне немесе азаюына әкеп соқса, сақтандырушы осы Заңға сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге және сақтанушыдан қосымша төлемдi не сақтандырушының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстарын жабуды ескере отырып сақтанушының артық төлеген сомасын қайтаруды талап етуге мiндеттi.
12-бап. Кешендi шарт
1. Кешендi шарт бойынша екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылуы мүмкiн.
2. Кешендi шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын барлық көлiк құралдарына сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.
3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы) - жеке тұлға және ол пайдаланатын көлiк құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. Сақтанушы (сақтандырылушы) кешендi шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға мiндеттi көлiк құралдары санының көбеюi немесе азаюы жағдайында оларға қатысты сақтандыру полисiне өзгерістер енгізудi талап етуге құқылы.
Сақтандырушы сақтандыру полисiне өзгерістердi сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде енгiзедi.
5. Кешендi шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
1) көлiк құралын оны жүргізуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
2) көлiк құралын заңға қайшы иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
6. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген өзгерістердi енгізу сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнiң көбеюiне немесе азаюына әкеп соқса, Сақтандырушы осы Заңға сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге және сақтанушыдан қосымша төлем жасауды талап етуге не сақтандырушының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстарын жабуды ескере отырып, сақтанушының артық төлеген сомасын қайтаруға мiндеттi.
13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбiрленушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған мыналар:
1) осы көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылушымен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруға орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде не сақтанушының (сақтандырылушының) ерiк бiлдiруi негiзiнде, мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, оның қатысуымен жүргiзген адам;
2) егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, оған Қазақстан Республикасы заң актісінің тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыруды регламенттейтiн талабы қолданылса, жолаушылар;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерімен сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс берушi ретiнде қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауы кезiнде денсаулығына және өмiріне зиян келтiргенi үшiн өз жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетi жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлерi кiрмейдi.
2. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
3. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енгiзілген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлiк құралын иелену құқығының пайда болған кезiнен бастап, бiрақ осы көлiк құралының iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен кезiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалуға тиiс.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
4. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзімге:
1) көлік құралын маусымдық, бірақ кемінде алты ай пайдаланған кезде;
2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтандырушыларымен) жасасуға жол беріледі.
5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген жағдайда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты уақытша енген бүкiл кезеңге, бiрақ кемінде күнтiзбелiк бес күнге жасалады.
6. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзiмi бiткен;
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
3) сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттейтін алғашқы сақтандыру жағдайы басталған жағдайларда тоқтатылған деп есептелінеді.
2. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушы сақтандыру полисiн алып қоюға тиiс. Бұл ретте көлiк құралының (егер ол жойылмаса) иесi өзiнiң таңдауы бойынша мiндеттi сақтандырудың осы түрiн (сыныбын) жүзеге асыруға құқығы бар кез келген сақтандырушымен жаңа кезеңге көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi.
15-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндетті сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерi (мұрагерлерi) сақтандырушыға жазбаша өтiнiш бередi.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:
1 | 2 | 3 |
1 | 15 күнге дейiн, қоса алғанда | 15 |
2 | 16 күннен 1 айға дейiн, қоса алғанда | 20 |
3 | 1 айдан 2 айға дейiн, қоса алғанда | 30 |
4 | 2 айдан 3 айға дейiн, қоса алғанда | 40 |
5 | 3 айдан 4 айға дейiн, қоса алғанда | 50 |
6 | 4 айдан 5 айға дейiн, қоса алғанда | 60 |
7 | 5 айдан 6 айға дейiн, қоса алғанда | 70 |
8 | 6 айдан 7 айға дейiн, қоса алғанда | 75 |
9 | 7 айдан 8 айға дейiн, қоса алғанда | 80 |
10 | 8 айдан 9 айға дейiн, қоса алғанда | 85 |
11 | 9 айдан 10 айға дейiн, қоса алғанда | 90 |
12 | 10 айдан 11 айға дейiн, қоса алғанда | 95 |
13 | 11 айдан жоғары | 100 |
16-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтанушы:
1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
2) сақтандыру полисiн жоғалтып алған жағдайда оның дубликатын алуға;
3) жәбiрленушiнің денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
5) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дауласуға;
7) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтанушы:
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде осы Заңға сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн міндеттi сақтандыру шартына енгізу үшiн қажеттi , соның ішінде қосарланған сақтандыру, көлік құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру және осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы мәлiметтердi сақтандырушыға ұсынуға;
2) сақтандыру сыйлықақыларын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
3) көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы caқтандырушыға хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша түрде расталуға тиiс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөніндегі мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс;
4) көлiк оқиғасы болған кезде жәбiрленушілерге және жол полициясы қызметкерлерiне олардың талабы бойынша көлiк құралдары иелерi жауапкершілігiнiң мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерiн хабарлауға;
5) көлiк оқиғасы болған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшiн қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды, оның iшiнде зардап шеккен адамдардың мүлкiн құтқару және оларға көмек көрсету шараларын қолдануға;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдарға және ұйымдарға олардың құзыретiне орай (iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариямен күрес қызметiне) хабарлауға;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге;
7) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаған күннен бастап кідірiссiз, бiрақ екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы жәбiрленушiге хабарлауға;
8) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
3. Сақтанушының осы баптың 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған мiндеттерi көлiк оқиғасы болған кезде көлiк құралын тiкелей жүргiзген адамға жүктеледi.
17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандырушы:
1) көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгізу үшiн қажетті мәлiметтердi, оның iшiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты беруiн талап етуге;
2) тиiстi мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға;
3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтауға;
4) 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға, керi талап қоюға;
6) осы Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтандырушы:
1) caқтанушыны (сақтандырылушыны) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
2) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқаннан кейiн сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруге;
3) осы Заңның 11 және 12-баптарында көзделген жағдайларда сақтандыру полисiне өзгерістер енгізуге;
4) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөнiнде жеңiлдiк жасауға;
5) көлiк оқиғасы туралы хабар алынған кезде оны кiдiрiссiз тiркеуге;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
6) осы Заңда белгіленген мерзімде сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша зақымдалған (жойылған) мүлікке тәуелсіз сарапшыда бағалау жүргізуді ұйымдастыруға және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға;
7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде жасауға;
8) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге; 9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)