ҚБЕО белгілеген хабарламалар пішімінде магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған жағдайларда орындалмай мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Төлеуге берілетін шот қабылдау кезеңінде жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкес келмеген кезде төлеуге берілетін шот қайтарылуы туралы белгі соғылған бар хатпен ресімделмей төлеуге берілетін шот тізілімінің бірінші данасында - мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қойылған қолы, екінші данада - аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты хатшысының қолы қойылып қайтарылады. Тексеру барысында қабылдағаннан кейін сәйкессіздік анықталған кезде онда төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының немесе оған уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылған жазбаша негіздемемен қайтарылады.
198. Мемлекеттік мекеменiң төлеуге берiлетiн шотының атқарылу күнi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекiткен 5-15 нысанындағы есепке бекітілген төлеуге берiлетiн шотты енгiзген күнi болып табылады.
24-тарау. Төлеуге берiлетiн шотты ресiмдеу тәртібі
199. Төлеуге берiлетiн шот былайша толтырылады:
«№ төлеуге берiлетiн шот» ашық жолағында мемлекеттік мекеменiң жетi мәнді кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екi саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы - төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналындағы жазбаның реттiк нөмiрiне сәйкес келетiн реттiк нөмiрiнен тұратын төлеуге берiлетiн шоттың нөмiрi көрсетiледi;
«Күнi» ашық жолағында төлеуге берiлетiн шот үзiндiсінің күнi көрсетiледi;
«Мемлекеттік мекеме» бөлiмiнде:
«ММ-нің Коды» ашық жолағында Мемлекеттік мекемелердiң анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменiң жетi белгiден тұратын коды көрсетiледi;
«Атауы» тор көзiнде мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес келетiн мемлекеттік мекеменiң толық атауы көрсетiледi; аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі;
«СТН» («БСН») ашық жолағында мемлекеттік мекемеге салық қызметi органы берген салық төлеушінің тiркеу нөмiрi (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетiледi;
«АҚБ» ашық жолағында мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық органының атауы көрсетiледi;
«БСК» ашық жолағында 195301070 көрсетiледi;
«ЖСК» ашық жолағында:
мыналар:
мемлекеттік мекеменiң қаржыландыру көзiне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетiне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер;
мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны аудару және олардың есебінен есеп айырысулар жүргізу;
мемлекеттік мекемелер үшiн демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес алатын ақшаны есептеу және жұмсау;
мемлекеттік мекемеге қайтарымды не белгілі бір жағдайлар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алу;
ерекше шығыстарды жүргізуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану бойынша операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шотының тиісті жеке біріктірілген коды көрсетіледі.
«Қаржыландыру көзi» ашық жолағында қаражатының есебiнен төлем мен ақшаны аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзiнiң түрiн бiлдiретiн нышан көрсетiледi:
1 - үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебiнен;
2 - үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатының есебiнен;
3 - мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен;
4 - демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдердiң қаражаты есебiнен;
5 - жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттік мекемеге беретiн ақшаның есебiнен;
8 - ерекше шығыстардың есебiнен;
«Бюджет түрi» ашық жолағында қаражатының есебiнен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрiн бiлдiретiн нышан көрсетiледi:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық (республикалық маңызы бар қала (астана)) бюджет;
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi;
«Шығыстардың БСК» ашық жолағы бюджет қаражатының немесе мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде ғана толтырылады; онда кезектiлiкпен үш мәнді бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң, бюджеттік бағдарлама, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi кодтарын бiлдiретiн он екi мәнді код көрсетiледi;
«Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды» мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуінен түсетiн ақшаның есебiнен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды көрсетiледi.
«Ақшаны алушы» бөлiмiнде:
«Атауы» ашық жолағында мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес келетiн ақшаны алушының атауы; ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің, мемлекеттік мекеменiң, ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын қысқартуға жол беріледі;
«СТН» ашық жолағында - ақша алушыға салық қызметi органы берген салық төлеушінің тiркеу нөмiрi («БСН» - бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетiледi;
«Банк» ашық жолағында ақшаны алушыға қызмет көрсететiн банктiң атауы көрсетiледi;
«БСК» ашық жолағында ақшаны алушы банктiң банктiк сәйкестендiру коды көрсетiледi;
«ЖСК» ашық жолағында ақшаны алушының банктегi ағымдағы шотының нөмiрi көрсетiледi;
«Түсiмдер БСК» ашық жолағында - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша төлем жүргiзiлетiн түсiмдердiң бюджеттік сыныптамасының коды көрсетiледi (бюджетке төлемдердi жүзеге асыру кезiнде ғана толтырылады).
«Төлем мәртебесi» ашық жолағында «ағымдағы» немесе «түпкiлiктi» деп көрсетiледi;
«Төлемнiң мақсаты» ашық жолағында: төлемнің мақсаты, құжаттың атауы, тауарларды беру туралы құжаттың (шот немесе хабарлама-шот немесе шот-фактура) нөмiрi мен күнi немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiсi немесе осының негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) және қосымша:
тiркелген шарттар (қосымша келісімдер) жөніндегі төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - хабарламаның нөмiрi мен күнi;
жасасқан аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеуге жатпайтын шарттар жөніндегі төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - шарттың нөмiрi мен күнi; банк қызметтерін төлеу кезінде - жасасқан шарттың талаптарына сәйкес пайыздық төлемнің мөлшері;
төлем жүзеге асырылатын кезең (бір жолғы сипаттағы және кезеңі көрсетілуін талап етпейтін төлемдерді жүргізу кезінде көрсетілмейді);
осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде мемлекеттік мекеменiң құрылымдық бөлiмшелерінiң атауы мен СТН-ы (БСН);
«Сомасы» ашық жолағында төлеуге берілетін шоттағы теңге және тиын сомасы санмен көрсетiледi;
«Жазбаша сомасы» ашық жолағында - төлеуге берілетін шоттың теңгедегі сомасы жазбаша бас әріппен көрсетiледi, тиын сомасы - санмен көрсетіледі;
«М.О.» ашық жолағында мемлекеттік мекеменiң елтаңбалы мөрiнiң бедерi қойылады, елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс. Мөр бедерін, ол лауазым атауы мен қолдың бір бөлігін қамтитындай етіп қойған жөн;
«Басшының тегі, аты-жөнi Қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның аты, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкiлеттi тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (аты мен тегінің басқы әріптері) көрсетiледi;
«Бас бухгалтердiң тегі, аты-жөнi Қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екіншi қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкiлеттi тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (аты мен тегінің басқы әріптері) көрсетiледi.
Қол қойылатын кезде жарыққа төзімді сиялар пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
«Код», «КБе», «КНП» ашық жолақтарын толтыру Қазақстан Республикасының банктiк заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
200. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы, басқа да ақшалай төлемдер, жеке тұлғаларға стипендиялар мен төлемақы бойынша төлемдердi жүргiзуге арналған төлеуге берiлетiн шоттарда олардың сомасын қарт-шоттарға немесе ақша алушылардың жинақ ақша шоттарына есептеу жолымен «Ақшаны алушы» бөлiмiнде ақша алушы карт-шот немесе ақша алушының жинақ ақша шотын ашқан банктiң деректемелерi көрсетiледi.
»Ақшаны алушы» бөлiмiнде мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақыны, басқа да ақшалай төлемақыны, жеке тұлғаларға стипендияларды және төлемақыны төлеуге арналған чектер бойынша банкте берілген сомасын қалпына келтіруге арналған төлеуге берілетін шоттағы мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi шарт жасасқан банктiң деректемелерi көрсетiледi.
201. Аванстық (алдын ала) төлемдi жүргiзген кезде төлеуге берiлетiн шотта «Төлемнiң мақсаты» ашық жолағында: «_____№______ шарт сомасының _____ % мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлем, № _____, хабарламаның күнi және № _____» мәтін қосымша көрсетіледі.
202. Төлеуге берілетін шотта «ағымдағы» не «түпкілікті» төлемінің мәртебесі көрсетіледі.
«Ағымдағы» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шот - тiркелген шарттың талаптарына сәйкес тауарларды беруге (орындалған жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге) аралық төлемдi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік мекеме ұсынатын төлеуге берiлетiн шот.
»Түпкiлiктi» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шот - растаушы құжаттар қоса берiле отырып, тiркелген шарттың талаптарына сәйкес берiлген тауарларға (орындалған жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге) түпкiлiктi төлемдi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік мекеме ұсынатын төлеуге берiлетiн шот.
Шарт жасасу талап етiлмейтiн және шартты аумақтық қазынашылық бөлiмiнде тiркеу талап етiлмейтiн шығыстардың экономикалық сыныптамасының шығыстары түрлерi бойынша төлеуге берiлетiн шотта «түпкiлiктi» мәртебесi көрсетiледi.
Жалақы бойынша аванстық төлемдерді жүргізу оған кірмейді, мұнда төлеуге берілетін шотта төлемнің «ағымдағы» мәртебесі көрсетіледі, ал жұмыс істеген кезеңі үшін жалақы бойынша төлемдерді жүргізген кезде - «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
Қаржы жылының iшiнде үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатының есебiнен төлемдердi жүргiзу кезiнде төлеуге берiлетiн шотта «ағымдағы» мәртебесi, ал ағымдағы қаржы жылының түпкiлiктi сомасына төлеуге берiлетiн шотты өткізу кезiнде «түпкiлiктi» мәртебесi көрсетiледi.
Төлеуге берiлетiн шоттарда төлем мәртебесi мемлекеттік мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сынан төлемдер және ақша аудару жүргізген кезде көрсетілмейді.
25-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа ақшалай төлемақыларды, жеке тұлғаларға стипендияларды және басқа да төлемақыларды төлеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру, мiндеттi зейнетақы жарналарын және әлеуметтiк аударымдарды аудару тәртібі
203. Мемлекеттік мекеменiң қызметкерлерiне барлық төлем қолма-қол ақшалай емес нысанда жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу олардың сомасын ақша алушының таңдауы бойынша банкте ашылған карт-шоттарға немесе жинақ ақша шотына есептеу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу:
төлем карточкаларының қолданылу мерзімі бітуіне не төлем карточкаларын жоғалтқан кезде жұмысқа қайта қабылданған қызметкерлерге төлем карточкасын дайындаған;
мемлекеттік мекеменiң орналасқан жері бойынша банктің және олардың пункттарының немесе төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша құрылғылардың жоқ болған;
сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, консультанттардың, сарапшылардың, сараптамалық лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң және Қазақстан Республикасының сайлау жөніндегі заңнамасына сәйкес сайлауды өткізуге қатысатын басқа тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау жөніндегі заңнамасында көзделген жалақыны өтеу үшiн олардың негiзгi жұмыс орны бойынша мәслихат кандидаттарының, депутаттарының қарт-шоты немесе жинақ ақша шоты болмаған жағдайларда мемлекеттік мекеменiң кассасы арқылы жүзеге асырылады.
204. Ақша алушы банкпен осы Ереженің 77-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның жинақ ақша шоты шартын немесе 78-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменiң қызметкерiне банк карточкасын беру және оған қызмет көрсету туралы шартты (бұдан әрi - салым шарты) дербес жасасады.
205. Ақша алушы мемлекеттік мекемеге банкте ашылған салымдар бойынша қарт-шоттың немесе жинақ ақша шотының нөмiрiн, салым шартының нөмiрi мен күнiн және банк деректемелерiн көрсете отырып, ақша төлемiнiң тиесiлi сомасын аударуға өтiнiш бередi.
206. Мемлекеттік мекеме ақша алушылар салым шартын жасасқан әрбiр банкпен осы Ереженің 79-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктiк қызмет көрсету шартын жасасады және оларға қойылған қолдар мен мөр бедері үлгiлерi бар құжатты ұсынады.
Қойылған қолдар мен мөр бедерінің үлгiлерi бар құжатты мемлекеттік мекеме ҚР ҰБ белгiлеген нысан бойынша және тәртiппен ұсынады.
207. Мемлекеттік мекемелер жалақыны төлеуге арналған төлеуге берiлетiн шоттарды айдың 28 күніне дейін, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында жиырмасыншы желтоқсанға дейiн қазынашылық аумақтық органдарына бередi.
Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жалақыны төлеуге арналған төлеуге берiлетiн шоттарды ұсынуды мемлекеттік мекеме орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен белгiленетiн оларды төлеу мерзiмiне және кезеңдiлiгiне сәйкес жүзеге асырады. Жалақыны төлеу мерзiмi мен кезеңдiлiгiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiн әзiрлеу кезiнде ескеруi тиiс.
208. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендияларды, төлемақыларды олардың карт-шоттарына немесе салымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөніндегі төлемдердi жүргiзу үшiн төлеуге берiлетiн шоттармен бiрге мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ҚБЕО белгiлеген пішімде магниттік (электрондық) тасығышта ұсынады.
209. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдердi, жеке тұлғаларға стипендияларды, төлемдердi карт-шоттарға немесе мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды ақша алушылардың жинақ ақша шоттарына аудару жөніндегі төлемдердi жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы осы Ереженің 80-қосымшасына сәйкес 5-15a «Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме (мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемақы, стипендиялар, жеке тұлғалардың карт-шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына төлемдер және әлеуметтік есептеулер аудару бойынша)» нысаны бойынша ақша алушылардың тиiсті шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрме (бұдан әрi - үзiндi көшірме) қалыптастырады. Үзiндi көшірме операциялық күн жабылғаннан кейiн қалыптастырылады. Үзiндi көшiрменiң әрбiр бетi төлем жүргiзу күнiн көрсете отырып, жауапты орындаушының қойылған қолымен және мөртабанының бедерімен куәландырылады және осы Ереженiң 196-тармағында көзделген құжаттармен бiрге мемлекеттік мекемеге берiледi.
210. Үзiндi көшiрмелер мемлекеттік мекеме олардың негiзiнде ақша алушылардың тiзiмiн және тиiсiнше ақша алушылардың карт-шоттарға немесе жинақ ақша шоттарына, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына аударылған соманы мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемақылар, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың деректерімен жолма-жол салыстырып тексерудi жүзеге асыратын құжаттар болып табылады. Үзiндi көшiрмелерді мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерiне жалақы және басқа ақшалай төлемдер, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер бойынша бастапқы құжаттармен бiрге тiгедi және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде сақталады.
26-тарау. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдердi жүргiзуге
арналған төлеуге берiлетiн шоттарды ұсынудың және орындаудың тәртібі
211. Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелген шарттың талаптарына сәйкес төлемдер жүргізу үшін мемлекеттік мекеме төлеуге берілетін шот тізілімін, төлеуге берілетін шот және:
«түпкілікті» мәртебесімен төлеуге берілетін шотты, туарларды беру туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің) көшірмесін немесе жасасқан шартқа немесе Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген басқа құжатқа (бұдан әрі - растайтын құжаттар) сәйкес орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісін ұсынған кезде хабарлама;
шетел валютасында төлемдер жүргізген кезде шетел валютасын сатып алу үшін төлеуге берілетін шоттар берген кезде шетел валютасын айырбастауға өтінім;
осы Ереженің 81-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды жұмсаған кезде үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтінім ұсынады.
212. Тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша түпкілікті төлемді жүргізген кезде растайтын құжаттың барғандығын тексеру үшін және төлеуге берілетін шотқа берілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу мақсатында мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғаның қойған қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылған растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
147 «Үй-жайды жалдауға ақы төлеу», 141 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшеліктері бойынша аралық төлемдер жүргізген кезде ақы төлеуге берілетін шотқа төлем жүргізілетін есепті тоқсаннан кейінгі айдың ақы төлеу жүргізілетін бірінші күніне дебиторлық берешектің жоқтығын растайтын берушімен салыстыру актісінің көшірмесін ұсыну қажет.
213. Аванстық (алдын ала) төлемдi жүргiзу үшiн мемлекеттік мекеме төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн және төлеуге берiлетiн шоттарды бередi.
Шарт сомасының 100% мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлемдi жүргiзу үшiн төлеуге берiлетiн шот «түпкiлiктi» мәртебесiмен хабарлама жасалмай берiледi.
Аванстық (алдын ала) төлем сомасын өтеу ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткізу көлемдерiмен және оларды жеткізу құжаттарымен қаржы жылының iшiнде расталады.
Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) келесi ақы төлеу тауарларды беруге (жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге) арналған шартта анықталған және ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн алдын ала ақы төлеу сомасын алынған жеткізулер (жұмыстар, қызметтер) көлемiмен растауды қамтамасыз ету үшiн келесi ақы төлеудiң мөлшерiн белгiлейтiн тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
214. Егер шарт бойынша алушының жауапкершiлiк тәуекелi сақтандырылса (шартты бұзғаны үшiн алушы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасқан) онда мемлекеттік мекеменiң ақша алушының дәрменсiздiгiне байланысты онымен шарт бұзу қажеттiлiгi болған кезде аванстық (алдын ала) төлем сомасының қалдығын немесе барлық сомасын қайтаруды сақтандырушы заңды тұлға жүзеге асырады.
27-тарау. Шарт жасамай-ақ төлемдердi жүргiзуге арналған
төлеуге берілетін шоттарды ұсыну және орындау тәртібі
215. Мемлекеттік мекеменің Осы Ереженiң 208-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда шарт жасамастан не аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелуді талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, шығыстардың түрлерi бойынша төлемдер жүргiзуі үшiн негідеме:
шот-фактура немесе тауарларды беру туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актiсi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжаттың өзге түрі (бұдан әрі - растайтын құжаттар);
қолма-қол ақшаны және чекті алуға арналған өтінім;
сот мөрінің бедерімен расталған заң күшіне енген шешім не ұйғарым не қаулы не сот бұйрығы;
инкассолық өкім болып табылады.
Сатып алынуы бiрнеше шығыстардың БСК бойынша жiктелетiн шарт жасамай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу кезiнде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) бiрнеше түрлерiне бiр құжатты ресiмдеген жағдайда төлеуге берiлетiн шотты жасау әрбiр шығыстардың БСК бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте құжаттың қорытынды сомасы барлық төлеуге берiлетiн шоттардың қорытынды сомасына сәйкес келуi тиiс.
Шарт жасаусыз негiзiнде мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуды жүзеге асыратын құжатта мынадай ақпараттың болуы мiндеттi:
мемлекеттік мекеменің атына құжат ресімделген атауы (аумақтық қазынашылық бөлімшесінің және мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі);
ақша алушының, оның iшiнде алушы банктiң деректемелерi,
ағымдағы қаржы жылында жүзеге асырылуы тиiс ресiмдеу күнi (күн, ай, ағымдағы қаржы жылы);
тауардың (жұмыстың, қызметтердiң) атаулары, сандары мен сомасы; ақша алушының қолдарының және мөр бедерiнiң (болған кезде) болуы.
216. Төлемдер жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне банкте алынған қолма-қол ақшаны қалпына келтіруге және банк қызметтерін өтеуге төлеуге берілетін шоттармен бірге ұсынылатын қолма-қол ақшаны мен чекті алуға өтінімдерді қоспағанда осы Ереженің 215-тармағында санамаланған құжаттарды растайтын қосымшасыз төлеуге берілетін шотты ұсынады.
28-тарау. Акционерлік қоғамның жарияланған акцияларының
төлемі үшін жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға ақша аудару тәртібі
217. Жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын арттыруға және ақша аудару олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын арттыру заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеу үшін, жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркегеннен және бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігін алғаннан кейін жүзеге асырылады.