Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жоспарларын бекіткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне айлар бойынша бөлінген жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттердің сомаларын жеткізеді.
25. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға қаржыландырудың жиынтық жоспарымен бекітілген республикалық бюджетке түсетін айлар бойынша бөлінген түсімдер жоспарын жібереді.
26. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекітілген айлар бойынша бөлінген міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын алғаннан кейін 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бекітеді және өзіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер бойынша бекітілген қаржыландырудың жеке жоспарларын қағаз және магнит тасығыштарында:
республикалық бюджет бойынша - өзінің орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге бередi;
жергілікті бюджет бойынша - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органға береді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы бекітеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлға, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға) болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың міндеттерін атқаратын тұлғалар бекітеді.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарлама әкімшісі барлық мемлекеттік мекемелер бойынша бекітілген қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарларының жалпы сомасының ҚР ББС-ның әрбір бюджеттік бағдарламасы (кіші бағдарламасы) бойынша және айлар бойына түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуін тексеруді жүргізеді және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бекітілген қаржыландырудың жиынтық жоспарының бір данасын бекітілген қаржыландырудың жеке жоспарларымен, осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данадағы тізіліммен бірге қағаз және магнит тасығыштарда береді.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының мемлекеттік мекемелердің барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиын сомасына сәйкес келуін, сондай-ақ олардың аумақтық қазынашылық бөлімшесіне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің орналасқан орны бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері барлық мемлекеттік мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде барлық мемлекеттік мекеме бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасының түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, әрбір ҚР ББС бағдарламалары бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуін тексеруді жүргізеді және Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ҚБАЖ) енгізеді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар барлық мемлекеттік мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасының түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, әрбір ҚР ББС бағдарламасы және кіші бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуін тексеруді жүргізеді және ҚБАЖ-ға енгізеді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелер белгіленген талаптарды орындамаған кезде қаржыландырудың жеке жоспарлары түзету үшін республикалық бюджет бойынша - республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне, жергілікті бюджет бойынша - жергілікті бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қайтарылады.
27. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті бюджеттерге түсетін кірістердің (ерекшеліктер деңгейіне дейін) жоспарының бекітілген айлар бойынша бөлінуін жібереді.
28. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан алынған кірістер түсімдерінің жиынтық жоспарларын (ерекшеліктер деңгейіне дейін) 2 (екі) жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленуін қамтамасыз ету саласында басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның қаперіне жеткізеді.
29. Бюджет кодексінің 74-бабының 3-тармағында және 75-бабында белгіленген жағжайларда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын Ереженің 2-28-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттер болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде жасайды.
5-тарау. Қаржыландырудың жеке жоспарына, түсімдердің жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібі
30. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарына, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бюджет кодексiнде айқындалған жағдайларда, сондай-ақ бөлiнетiн бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң ай сайынғы түсiмдерi мен шығыстарын түзетудi және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларындағы және қаржыландырудың жеке жоспарларындағы бір бюджеттік бағдарламаның ішіндегі кіші бағдарлама мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi арасында соманы түзетудi талап ететiн факторлар пайда болған кезде жүргiзiледi.
Түсiмдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiнен алынған есепке және өзгерістер негiздемесiне қоса берiлетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтiнiмдер негiзiнде және салықтық, кедендік және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан алынған есепке және өзгерістер негiздемесiне қоса берiлетін кірістер түсімдерінің жоспарларын өзгертуге өтінімдер негізінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастыратын түсiмдердiң жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады.
Қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік мекемелерден алынған есептемелер және өзгерістер негiздемесi қоса берiлген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын өзгертуге өтінімдер (бұдан әрі - мемлекеттік мекенің өтінімі) негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қалыптастыратын ҚР ББС-ға сәйкес жасалған қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асыралады.
Өтiнiмдер мен анықтамалардағы өзгерістер сомасы мың теңгемен, бөлшек қалдығы бар, үтiрден кейiн бiр белгiден аспайтын санмен көрсетiледi. Өтiнiмдер мен анықтамалар осы Ереженің 18-30-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалады.
31. Мемлекеттік мекемелер міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына мемлекеттік мекеменің өтінімдерін қалыптастыру және оны бекіту үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жіберу жолымен тиісті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының бекітілген жылдық сомасы шегінде шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнің арасындағы соманы кемiтуді (арттыруды) талап ететін факторлар туындаған жағдайда, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес өзгерістер енгізе алады.
32. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу қаржыландырудың жиынтық жоспарын өзгерістер енгізу, атқарушы құжаттарды орындау, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және өтеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды бөлу жағдайларын қоспағанда, айына бір реттен артыққа жол берілмейді.
33. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін қозғамайтын бюджеттік бағдарламалар шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне және бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларына қатысты міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, қаржыландырудың жеке жоспарларына өздігінен өзгерістер енгізеді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін қозғамайтын шығыстардың экономикалық сыныптамаларының ерекшеліктеріне қатысты міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, қаржыландырудың жеке жоспарларына өздігінен өзгерістер енгізеді.
Қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу үшін әкімші осы Ереженің 26-27-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша үш данада анықтама қалыптастырады.
Өтiнiмдер мен анықтамалардағы өзгерістер сомасы үтiрден кейiн бiр белгiден аспайтын бөлшек қалдығы бар сандық мың теңгемен көрсетiледi.
34. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттік мекеменiң өтiнiмi негiзiнде төлемдер мен мiндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтама және мемлекеттік мекемелердің қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама (бұдан әрi - қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама) қалыптастырады. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы қалыптастырғанға және мемлекеттік мекеменің өтінімін қарағанға дейін өзi орналасқан жерi бойынша аумақтық қазынашылық органына тиісті шығыстарды оқшаулауды жүзеге асыру және осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанын беру қажеттілігі туралы хат арқылы өтiнiш жасайды. Аумақтық қазынашылық органы қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу рәсiмi аяқталғанға дейiн жоспарлы тағайындалуларды өзгерту жоспарланған бағдарламалар, кiшi бағдарламалар, ерекшелiктер бойынша мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерiн тiркеудi және оның төлемдерiн жүргiзудi тоқтата тұрады.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша операцияларды тоқтата тұрған кезде өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелерге қаржыландырудың жеке жоспарына жоспарланған өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Бұл ретте мемлекеттік мекемелерге шығыстардың бюджеттік сыныптамасының өзгертiлетiн кодтары бойынша операцияларды қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу рәсiмi аяқталғанға дейiн жүргiзуге тыйым салынады.
Мемлекеттік мекеменiң өтiнiмi мыналар ескеріле отырып қалыптастырылады:
ерекшелік сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше аударуға тыйым салынады;
жоспарлы тағайындаулар мен жасалған кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестiктi сақтауды;
төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңiне мiндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан асып кетпеуi тиiс болған кезде мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы;
қабылданған, бiрақ ақы төленбеген мiндеттемелердi;
инкассолық өкiмдердiң болуын;
шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы соманы қабылданған мiндеттемелердi шегере отырып, жоспарлы тағайындалулардың сомасына азайту жасалуы мүмкін;
жоспарлы сомаларды бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының бiр-бiр ерекшелiктерi бойынша арттыру (кемiту) жеке қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша айдың қорытынды сомасы шегінде басқа ерекшелiктер бойынша жоспарлы соманы кемiту (арттыру) есебiнен, бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырыла алады;
бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасындағы қаражатты қайта бөлу жергілікті бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық сомалар шегінде жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеменiң өтiнiмiне басшы немесе өзі өкілеттік берген тұлға, оларды жасауға міндетті мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғысы болмаған кезде - тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және өзгерістерге есептемелер мен бірге олардың негiздемесi ағымдағы айдың 10 күнінен кешіктірілмей тиiстi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне беріледi.
35. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi қоса берілген өзгерістер бойынша негіздемені және осы Ереженің 33-34-тармақтарында белгіленген талаптардың сақталуын тексереді.
36. Осы Ережеде көзделген талаптар сақталған кезде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекітеді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы 3 (үш) данада бекітеді, олардың біреуін мемлекеттік мекемеге, екіншісін өзінің орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данадағы тiзiлiммен бiрге жібереді, үшіншісін өзінде қалдырады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы 4 (төрт) данада бекітеді, олардың біреуін мемлекеттік мекемеге жібереді, екіншісін өзінде қалдырады және біреуін осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данадағы тізіліммен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жібереді, төртіншісін тиісті бюджеттік атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға олар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде пайдалануы үшін жібереді.
Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген пішімдегі қағаз және магниттік (электронды) тасығыштарда мынадай тәртіппен береді:
қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізілетін өзгерістерге қатысты қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама бекітілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі;
қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізілетін өзгерістерге қатысты емес қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама ағымдағы жылдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей айына кемінде бір рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - ағымдағы жылдың оныншы күнінен кешіктірмей беріледі.
37. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекіткеннен кейінгі кезеңде мемлекеттік мекеме міндеттемелерді қабылдауы немесе кассалық шығыстарды жүргізуі және ББС сәйкессіздігі, жоспарлық тағайындаудың дұрыс бөлінбеуі себептері бойынша жоспарлы тағайындалулар жеткіліксіз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне анықтаманы орындаусыз қайтарады.
38. Бюджеттік бағдарлама бойынша, ал жергілікті бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың ай сайынғы көлеміне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Ереженің 30-тармағының талаптарын сақтай отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінім (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі) қалыптастырады, оны ол енгізілетін өзгерістердің тиісті негіздемелерімен бірге бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өтінімді қалыптастырған кезде осы Ереженің 34-тармағында жазылған ережелерді сақтайды.
39. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар бойынша, ал жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдеріне өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша көзделген сомалар шегінде мемлекеттік мекемелердің өтінімдеріне сәйкес қалыптастырады.
Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді, оның негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы бөлімде белгіленген тәртіппен жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өтінім ұсынады.
40. Ағымдағы айдың қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған өтінімді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын өзгерістердің негіздемелерін қоса бере отырып, мынадай тәртіппен береді:
аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері жоқ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың бесінші күніне дейін береді;
аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері бар республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың он бесінші күніне дейін береді;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың он бесіне дейін береді.
41. Қаржыландырудың жиынтық жоспарын өзгертуге арналған өтінімді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері айына кемінде бір рет ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын өзгертуге, сондай-ақ өкілдік шығындарға қаражат бөлуге немесе атқарушы парақтарды орындау үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі - ағымдағы ай ішінде, ал соңғы айда - ағымдағы қаржы жылының аяқталуына үш жұмыс күні қалғанда қабылданады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органға бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен өтеуді, бағамдық айырманы, бағаның өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыс беру және уақытша еңбекке жарамсыз парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтуды, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы ставкасын өзгертуді қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып беруге жол берілмейді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға өткен айлардың жоспарларын арттыру жолымен алдағы айлардың жоспарларын азайтуға арналған өтінімдер беруге жол беріледі, бұл ретте осы өзгерістер өткен есепті кезеңді қозғамауы тиіс.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінімді қағаз түрінде және магниттік (электрондық) тасығыштармен береді.
Қаржыландыру жоспарларын өзгертуге бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініміне орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал олар болмаған кезеңде - тиісті бұйрықтармен олардың міндеттерін орындау жүктелген тұлғалар қол қояды және ол бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөрімен куәландырылады.
42. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарайды және олар мақұлдаған жағдайда, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қалыптастырады.
Анықтаманы қалыптастыру осы Ереженің 34-тармағында көзделген тәртіппен, сондай-ақ мынадай шарттарды ескере отырып жүргізіледі:
осы Ереженің 19-тармағына сәйкес түсімдердің жиынтық жоспарының және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерімділігін сақтау;
жиынтық жоспардың «Республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімінде түсімдер мен өтеудің көлемін өзгерту бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитiн пайдаланудың) бекітілген (нақтыланған) көлемін сақтау шартымен ғана жүзеге асырылады.
43. Төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері жоғары тұрған бюджеттерді атқару уәкілетті орган ол түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған өзгерістер бойынша негіздемені және осы Ереженің 34-41-тармақтарында белгіленген шарттардың сақталуын тексереді.
Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінімдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылының басынан бастап түзетілетін кезең бойынша төлемдер бойынша шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден асып кетуіне әкеп соқтырса, сондай-ақ бұл ретте осы Ереженің 34-41-тармақтарында айқындалатын басқа да шарттар бұзылса, онда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімін қабылдамайды.
44. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекіткеннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны қағаз тасығышта тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаперіне жеткізеді.
45. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органнан алған төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманың негізінде дәл сол күні бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді және қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бекітеді.
46. Өзгертілген заңнамалық актілерді іске асыруға қажетті өзгерістерді қоспағанда және Бюджет Кодексінде көзделген бюджет түзетілген жағдайда, өткен айлардағы (қалыптасқан есепті кезең үшін) бекітілген түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
47. Бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтамалардың негізінде салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға республикалық бюджет кірістері түсімдерінің жоспарын жібереді.
Бұл ретте, егер республикалық бюджет кірістері түсімдерінің ұсынылатын жоспарларында ерекшеліктер бойынша жоспарларды өзгерту айлық жоспарлы соманы өзгертпей тек облыстар тұрғысында ғана жүргізілсе, онда Анықтама осы Ереженің 28-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.