700. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiнiң болжамдық есептеулері негiзiнде кезекті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердiң жобасын әзiрлеу шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
701. Жүргiзiлетiн есептеулер тоқсанның алдындағы есептеулердi соңындағы жәй-күй бойынша жергiлiктi атқарушы органдар борышы мониторингiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы және жоспарланатын жылы қолданылатын және тартуға көзделетiн қаражатты игеру болжамының, жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiнiң деректерiне негiзделедi.
702. Алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерi жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының өлшемдерiмен анықталады. Жоспарланып отырған жылғы ұлттық валюта бағамы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған кезекті жылға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдері ескерiле отырып анықталады.
703. Жоспарланып отырған жылы жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiнiң есептеулерi мынадай түрде жүргiзiледi:
1) жергiлiктi атқарушы органның әрбiр қолданыстағы қарызы бойынша игерiлмеген қарыз қаражатын игеру көлемдерiн жылдар бойынша болжамдық бөлу жүргiзiледi;
2) қарыз шартының мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның қарызы бойынша борышты өтеу мерзiмдерi мен көлемi анықталады;
3) жергiлiктi атқарушы органның қарызы бойынша борыш сомасының серпiнiн есептеу жүргiзiледi;
4) қарыз шартының мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негiзiнде сыйақыларды, комиссиялық төлемдер мен өзге де төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептеулерi жүргiзiледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер қарыз берiлген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету көлемі теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте жоспарланған жылға арналған теңгеге есептеулердiң алдындағы тоқсанның соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады;
6) қарыздарды берудiң орташа шарттарын және сыйақы ставкасын пайдалана отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын тартуға ұйғарылып отырған қаражатты игерудiң көлемінің болжамы негiзiнде тартуға ұйғарылып отырған жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу және оларға қызмет көрсету мерзiмi мен көлемiн есептеу жүргiзiледi.
704. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету мерзiмi және көлемi негiзiнде жоспарланып отырған жылғы жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемi анықталады.
705. Жоспарланып отырған жылғы жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарына қызмет көрсетудiң жалпы көлемi кезекті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерде жеке бюджеттік бағдарламада көрсетiледi. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеудiң жалпы көлемi «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)» бөлiмi бойынша жергiлiктi бюджеттерде көрсетiледi.
706. Республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарызды алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды мемлекет кепілдiк берген қарыздарды республикалық бюджеттен алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн болжамды есептеулер негiзiнде кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу шеңберiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
707. Жүргiзiлетiн есептемелер есептеулердiң алдындағы тоқсанның соңындағы жәй-күй бойынша мемлекет кепiлдiк берген борыш мониторингiнiң, қолданыстағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражатын игеру болжамының, мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердiң орындалу мүмкiндiгiн бағалау деректерiне негiзделедi.
708. Жоспарланып отырған жылы республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарызды өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiнiң есептеулерiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мынадай түрде жүргiзедi:
1) сенім білдірілген өкілдің (банк-агенттердің) әрбiр қолданыстағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз жөніндегі ақпаратының негiзiнде қарыз қаражатын игеру көлемiн жылдар бойынша болжамдық бөлу жүргiзiледi;
2) қарыз шартының талаптары негiзiнде мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемдерi анықталады;
3) мемлекет кепiлдiк берген қарыз және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыз бойынша борыш сомасының серпiнiн есептеу жүргiзiледi;
4) қарыз шартының талаптары негiзiнде сыйақыны, комиссиялық және өзге да төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептеулер жүргiзiледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер қарыз берiлген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте, жоспарланған жылға арналған теңгеге есептеулердiң алдындағы тоқсанның соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады.
709. Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша алынған мiндеттемелердi орындаудың мерзiмi мен көлемiнiң, ықтимал бағалаудың негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды жоспарланып отырған жылы өтеу мен қызмет көрсетуге арналып республикалық бюджеттен жұмсалатын шығыстардың жылдық көлемiн анықтайды.
710. Жоспарланып отырған жылы мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған республикалық бюджет шығыстарының жылдық көлемi кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте жеке бюджеттік бағдарламада көрсетiледi.
711. Республикалық бюджеттен мемлекеттің кепілгерлігімен сыйақы төлеу және қарызды өтеу көлемiн жоспарлауды мемлекеттің кепілгерлігімен қарыздарды республикалық бюджеттен алдағы өтеу көлемiн болжамды есептеу негiзiнде кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу шеңберiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
712. Жүргiзiлетiн есептеулер есептеулердiң алдындағы тоқсанның соңындағы жәй-күй бойынша мемлекет кепілгерлігімен борыш мониторингі деректерінде, қолданыстағы қарыз қарыз қаражатын игеру болжамының, мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердiң орындалуы ықтимал бағалауда негiзделедi.
713. Жоспарланып отырған жылы республикалық бюджеттен мемлекет кепілгерлігімен сыйақы төлеу мен оны өтеу көлемiнің есептеулерiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мынадай түрде жүргiзедi:
1) мемлекет кепілгерлігімен заем бойынша әрбiр қолданыстағы облигацияларды ұстаушылардың өкілдері қарыз қаражатын игеру көлемiн жылдар бойынша болжамдық бөлу жүргiзiледi;
2) мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру талаптары негiзiнде анықталады;
3) мемлекет кепілгерлігімен заем бойынша борыш сомасының серпiнiн есептеу жүргiзiледi;
4) инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру негiзiнде сыйақыны төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептеулер жүргiзiледi.
714. Мемлекеттік кепiлгерліктер бойынша мiндеттемелердi орындаудың мерзiмi мен көлемiн, ықтималдылығын бағалау туралы алынған ақпараттың негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекет кепілгерлігімен қарыздарға сыйақы төлеуге және өтеуге республикалық бюджеттен шығыстардың жылдық көлемiн анықтайды.
715. Жоспарланып отырған жылы мемлекеттік кепiлгерлiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған республикалық бюджет шығыстарының жылдық көлемi тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте жеке бюджеттік бағдарламада көрсетiледi.
76-тарау. Үкiметтiк қарыздарды, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекеттік кепiлдiктермен, мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдердi жүзеге асыру тәртібі
716. Үкiметтiк қарыздарды өтеудi және оларға қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен ҚР ҰБ арқылы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
717. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы айдың жиырма бесіне дейін үкіметтік және Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген борышын, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты, сондай-ақ оларға сәйкес республикалық бюджеттің ақша жұмсауы жүзеге асырылатын, республикалық бюджет қаражатынан хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша үкіметтік қарыздардың төлемдеріне қызмет көрсету және өтеу кестесін (бұдан әрі - кесте) алдағы тұрған айға осы Ереженің 108-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды және бекітеді. Кесте үкіметтік қарыздардың, хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша үкіметтік қарыздардың төлемдеріне қызмет көрсету және өтеудің нақтыланған мерзімдері мен көлемдеріне сүйеніп жасалады және әрбір қарыз бен хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша үкіметтік қарыздардың бойынша төлемдердің күндері бойынша төлемнің түрін, валютасын және төлемді алушыларды көрсете отырып, болжамын қамтиды.
718. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет түсiмдерiнің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының тиiстi айында үкiметтiк қарыздарды өтеу және оған қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша алдағы төлемдер көлемiнiң сәйкестiгiн тексередi. Жоспармен бекітілген көлемге сәйкес келмеген жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттің түсімдерінің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиiстi өзгерістер енгiзедi.
719. Белгiленген мерзiмде және қажеттi көлемде үкiметтiк қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдi жүзеге асыру мақсатында бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз берушiлерден, контрагенттерден төлеуге берілген шоттардың, төлем ведомісін және төлем жасау үшiн басқа да қажеттi құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргiзедi.
720. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз берушiлер, контрагенттер ұсынған шоттар мен төлем ведомосіндегі көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрiнiң, валютасының, қарыз шартының, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелердiң талаптарымен төлемдердi алушылардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерiне сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.
721. Төлеуге ұсынылған шоттар мен төлем ведомісінде көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрiнiң, валютасының, қарыз шартының, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелердiң талаптарымен төлемдердi алушылардың, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерiнiң сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз берушiлермен, контрагенттермен өзара әрекет ете отырып, кредит берушiлердiң төлемге ұсынылған шоттар мен төлем ведомосін нақтылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
722. Қарыз шарттарында және үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелердің, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру талаптарында анықталған мерзімдерде үкiметтiк қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдерді бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ресiмдейдi және төлем құжаттарын ҚР ҰБ-ға бередi, онда үкiметтiк қарыздың, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiленiң бiрегейлендiру нөмiрi, бенефициар, төлем деректемелерi, түрi, сомасы, валютасы, қарыз шартының, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелердiң талаптарына сәйкес төлем күнi, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерi көрсетiледi.
723. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның банктiк шотынан қарыз берушiнiң, сондай-ақ контрагенттердiң банктiк шотына талап етiлетiн көлемде және валютада ақша аударады және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға төлем жасалған фактi туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.
724. Үкiметтiк қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша операцияларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң орындалуы туралы есептiлiкте ұлттық валютада көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтiк қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсетуді, үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдерді шетелдiк валютада жүзеге асырған жағдайда, осы операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi валютаны сатып алу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
725. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсетудi олар кезекті жылға арналған жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырады.
726. Белгiленген мерзiмде және қажеттi көлемде жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдердi жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар қарыз берушiлерден төлеуге берілген шоттардың, төлем ведомосінің және төлемдердi жүргiзу үшiн қажеттi басқа да құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргiзедi.
727. Жергiлiктi атқарушы органдар ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрiнiң, төлем валютасының, төлем алушылардың қарыз шартының талаптарына сәйкес келуiн бақылауды жүзеге асырады.
728. Ұсынылған шоттар мен төлем ведомосінде көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрiнiң, төлем валютасының, төлем алушылардың қарыз шартының талаптарына сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар кредит берушiлермен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарын нақтылау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
729. Қарыз шарттарында анықталған төлем мерзiмiнде жергiлiктi атқарушы органдар қарыз берушiнiң шоттарына талап етiлетiн көлемде ақша аударуды қамтамасыз етедi.
730. Осы операцияларды жергiлiктi атқарушы органдар республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептiлiкте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, төлемдердi шетел валютасында жүзеге асырған жағдайда операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi валютаны сатып алу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
731. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi атқарушы органдар борышының мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша жүргiзiлген төлемдердiң есебiн жүргiзедi.
732. Республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен берілген қырыздарды, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын өтеу мен оларға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы бар болған кезде жүзеге асырылады.
733. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы күшiне енгеннен кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік кепiлдiктермен, мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесiн бекіту туралы қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi. Көрсетiлген тiзбеге енген мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қырыз бойынша қарыз алушылар үшiн өтеу мен қызмет көрсетудi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз шартында белгiленген мерзiм мен көлемде, инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру талаптарымен қарыз берушiлердiң төлем шоттарының негiзiнде республикалық бюджеттен кезекті қаржы жылының iшiнде жүзеге асырады.
Көрсетiлген тiзбеге енбеген, мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша қарыз алушылар үшiн республикалық бюджеттен төлеу туралы шешiм мынадай тәртiппен қабылданады:
1) Банк республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша кезектi төлемдердi жүргiзу қажеттiлiгi туралы қорытындыларды осындай төлемдер басталатын күнге дейiн отыз күннен кешiктiрмей бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады;
2) ұсынылған қорытындылардың негiзiнде он бес күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз бойынша көрсетiлген қарыз алушылар үшiн төлемдердi республикалық бюджеттен төлемдер жүргiзудi көздейтiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi;
3) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның, сенім білдірілген өкілдің (банк-агенттiң), инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушы өкілдің мемлекет кепiлдiк берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз бойынша қарыз алушылардың арасында республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны қайтару шарттары, мерзiмi, тәртібі анықталған (нақтыланған) тиiстi қосымша келісімдер жасалады.
734. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиiстi айда мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау жөнiнде алдағы төлемдер көлемiн республикалық бюджеттiң түсiмдерінің және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестiгiн тексередi және жоспармен бекітілген көлемге сәйкес келмеген жағдайда республикалық бюджеттiң түсiмдері және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиiстi өзгерістер енгiзiледi.
735. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы болған кезде қарыз берушiлер, инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушы өкілдер және ұсынған және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тексерген төлеуге берілген шоттар негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган төлем құжаттарын ресiмдейдi және ҚР ҰБ-ға жiбередi, онда талаптарына сәйкес мемлекет кепiлдiк берген қарыздың сәйкестендiру нөмiрi, бенефициар, төлем деректемелерi, қарыз шарттарының инфрақұрылымдық облигацияларын орналастыру төлем түрi, сомасы, валютасы, күнi көрсетiледi.
736. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның банк шотынан кредит берушiлердiң банк шоттарына талап етiлетiн көлемде және валютада ақша аударуды жүргiзедi және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға төлем жүргiзу фактiсi туралы жазбаша хабарлама ұсынады.
737. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі операцияларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептiлiкте ұлттық валютада көрсетедi. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi шетел валютасында жүзеге асырған жағдайда, көрсету операцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi валютаны сатып алу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
77-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш, мемлекеттің
кепілгерлігі бойынша борыш мониторингiнiң тәртібі
738. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борыш мониторингi (бұдан әрi - борыш мониторингi) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борышты, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесiн есепке алу, талдау және бақылау бойынша бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган атынан жасалатын мемлекеттік қызметi болып табылады.
739. Барлық мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерлігіменқарыздар борыш мониторингiнiң объектiлерi болып табылады, оның iшiнде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздары;
2) ҚР ҰБ қарыздары;
3) жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздары;
4) мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздар;
5) мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар.
740. Борыш мониторингi:
1) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды тiркеу және есепке алу;
2) қарыз шартымен белгіленген кестеге, мемлекеттік бағалы қағаздар мен инфрақұрылымдық облигацияларын орналастыру талаптарына сәйкес борышты өтеу және қызмет көрсету есебiне төлемдердi жүзеге асыруды қамтамасыз ету және бақылау;
3) қарыздар қаражатының түсiмдерiн қадағалау және есепке алу; борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi есепке алу; борыш көлемiнiң өзгеруiн есепке алу; сондай-ақ қажет болған жағдайда, мерзiмi өткен төлемдердi есепке алуды қоса алғанда әрбiр қарыз бойынша қарыз валютасында барлық операцияларды есепке алу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын есепке алу;
5) қарыз алудың өзгермелі ставкаларының өзгеруiн есепке алу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
741. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша операцияларды есепке алу үшiн мынадай құжаттар:
несие шотынан қаражатты алуды растайтын шетел қарыз берушiсiнiң үзiндiсi;
борыштың негiзгi сомасын өтеу және ол бойынша сыйақы төлеу жөніндегі төлем құжаты;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi бекiткен нысан бойынша ҚР ҰБ өз қарыздарын алу, қызмет көрсету және өтеу туралы есептiлiгi;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi бекiткен нысан бойынша мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды және мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды алу, қызмет көрсету және өтеу туралы банктердің есептiлiгi;
осы Ереженiң 669-тармағында көрсетiлген нысандар бойынша өз қарыздарын алғаны, оларға қызмет көрсеткенi және өтегенi туралы жергiлiктi атқарушы органдардың есептiлiгi пайдаланылады.
742. Борыш мониторингiн жүргізу үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған борыштың жәй- күйі туралы деректердi ағымдағы жаңарту үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша ақпараттар жинау жүзеге асырылады.
78-тарау. Мемлекеттік борышты және мемлекет кепiлдiк берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі
бойынша борыш тәуекелдерін басқару
743. Мемлекеттік брыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен нарықтарды әртараптандыру, әртүрлі туынды қаржы құралдарын (тәуекелді басқару мақсаттары үшін нарықта пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардық, фьючерлік және басқа да мәмілілір) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды, үшінші тұлғалардың алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген заңды тұлғалардың борышын басқаруда уақтылы ден қою мен қажеті шараларды қабылдауды қамтиды
744. Тәуекелді басқарудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:
1) борыштың ағымдағы жай-күйі мониторингі;
2) тәуекелді талдау: анықтау, сәйкестендіру және бағалау;
3) несиелік капитал рыногының конъюнктурасын зерделеу және туынды қаржылық аспаптарды қолдану мүмкіндіктерін бағалау;
4) туынды қаржылық аспапты таңдау;
5) туынды қаржылық аспаппен операцияларды жүзеге асыру.
745. Борыш мониторингі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
746. Мемлекеттік борышты басқару үстінде мынадай тәуекел түрлері туындайды:
1) пайыздық және валюталық тәуекелдер;
2) инвестициялық тәуекел бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығаратын бағалы қағаздардың бастапқы аукционында өтінімдерді қабылдау үдерісінде өзекті;
3) операцияларды жүргізу мен тіркеудің түрлі сатыларында операциялық қателіктерді қамтитын операциялық тәуекел; кемшіліктер; абырой тәуекелі; заң тәуекелі; адам факторы; кәсіби құпияның бұзылуы немесе табиғи зілзала.