6) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кандидаттардың көпшiлiкке сайлау алдында iс-шаралар өткізуге және партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;
7) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiк шығыстарына.
8) сайлау комиссиясы үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенке, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне кандидаттар туралы, сондай-ақ, партия тізімін берген саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттар дайындауға жұмсалатын шығыстар өтеледі.
392. Аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының төрағаларына тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша iссапар шығыстарын өтеу мемлекеттік мекемелердiң басшылары және басшыларының орынбасарларына белгiленген мөлшерде, ал учаскелiк сайлау комиссияларының төрағалары мен сайлау комиссияларының мүшелерiне - мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ережемен жүзеге асырылады.
393. Жергiлiктi атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражатты жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешiмi бойынша мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландыру жоспарларының шегiнде ақша аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есеп беретiндей етiп берiледi, орындалған жұмыстар және сайлау учаскелерiне сатып алынған материалдық құндылықтар үшiн шығыстар төленедi. Пайдаланылмаған есеп берiлетiн сомалардың қалдығын сайлаулар аяқталғаннан кейiн үш күн мерзiмде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алу үшiн әкiм аппаратының кассасына тапсырады;
аумақтық сайлау комиссияларының шығыстары Орталық сайлау комиссиясы бекiткен олардың қаржыландыру жоспары шегiнде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары бекiткен, оның негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын құжат ұсынылғаннан кейiн төленедi. Аумақтық сайлау комиссиясының шығыстарына арналған қолма-қол ақшаны беру осы комиссияның төрағасының өкімі бойынша жүргiзiледi. Аванстық есептi алғаннан кейiн әкiм аппаратының бас бухгалтерi (қаржы қызметiнiң басшысы) растайтын, оның негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын құжаттардың ресiмделу дұрыстығын тексередi және оларды осы комиссия төрағасының бекітуiне бередi.
Есеп берiлетiн соманың пайдаланылмаған қалдығын аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары сайлау аяқталғаннан кейiн үш күндiк мерзiмде шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептеу үшiн әкiм аппаратының кассасына тапсырады.
394. Сайлау науқандарына, оның iшiнде кандидаттарға бөлiнген республикалық бюджет қаражатын жұмсауды бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
395. Кандидатурасын алып тастауға немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жоюға байланысты және сайлау комиссиясының республикалық бюджет қаражатынан сайлау науқанын өткізуге жұмсалған шығыстар бөлiгiн кандидаттың, оны ұсынған мәслихаттың немесе қоғамдық бiрлестiктiң шотына жатқызу туралы шешiмi болған кезде, егер республикалық бюджеттен шығыстар және қаражатты қалпына келтiру бiр қаржы жылында жүргiзiлсе, соңғысы жергiлiктi атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына сайлауларды өткізу жөніндегі кассалық шығыстарды қалпына келтiруге қаражат аударады. Республикалық бюджеттен шығыстарды бiр, ал қаражатты қалпына келтiру келесi қаржы жылында жүзеге асырылған жағдайда, бұл қаражатты кандидат «Республикалық бюджетке түсетiн өзге салықтық емес түсiмдер» коды бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударады. Бұл ретте көрсетiлген шешiмдi: Президенттi сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы, Сенат депутаттарын сайлау кезiнде - аумақтық сайлау комиссиялары, Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау кезiнде округтiк сайлау комиссиялары қабылдайды.
396. Президенттi, партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын қоспағанда, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткізуге бөлiнген бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
48-тарау. «Өкiлдiк шығындар» бағдарламасы бойынша
республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану тәртібі
397. Өкiлдiк шығындар - тиiстi қаржы жылына арналған және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне шетел делегацияларын қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми iс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң, республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық қадағалау комиссиясының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың шетелге iссапарлары уақытында өкiлдiк мақсаттарға бөлiнетiн қаражат.
Өкiлдiк шығындарға:
1) Қазақстан Республикасына iс-шараларға қатысу үшiн шақырылатын тұлғалардың өмiр сүруiне және белгiленген пунктiне дейiнгi көлiк шығындарына ақы төлеуге;
2) ресми түскi ас, кешкi ас, кофе-брейк, фуршеттерге;
3) ресми қабылдауларды музыкалық сүйемелдеуге;
4) сувенирлер, естелiк сыйлықтар сатып алуға;
5) автокөлiктiк қызмет көрсетуге;
6) аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеуге;
7) залды жалға алуға;
8) сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган рұқсат берген өзге де шығыстарға арналған шығындар жатады.
Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық қадағалау комиссиясының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың өкiлдiк шығындарына:
1) автокөлiктiк қызмет көрсету;
2) аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеу;
3) автокөлiк жүргізушінің және/немесе аудармашының қонақ үйде тұруына және тамақтануына, егер олар Қазақстан Республикасының атынан байқаушы ретінде байкау жүргізілетін жерде тұрақты тұрмаса, ақы төлеу жатады.
398. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік органдардың ұсынысы негiзiнде және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражат көлемiнен шыға отырып, өкiлдiк шығындарды талап ететiн жылдық Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
Бiр жыл iшiнде мемлекеттік органдардың ұсынысы негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган болжамдалмаған iс-шаралар өткізудiң саяси маңыздылығын және бөлiнген қаражат көлемiн ескере отырып Жоспарды түзете алады.
399. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражатты бөлу туралы өтiнiштерiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган мыналар болған жағдайда қарайды:
1) iс-шаралар өткізу қажеттiлiгiнiң негiздiлiгi;
2) деңгейi мен форматы бойынша делегацияның келу бағдарламалары;
3) iс-шаралар дайындау мен өткізудiң жұмыс жоспары;
4) iс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;
5) шығыстардың әрбiр ерекшелiгiн негiздей отырып қаржыландыру жоспарлары;
6) осы Ереженiң 398-тармағына сәйкес жоспарда тиiстi iс-шаралардың болуы кезiнде.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi өкiлдiк шығыстарды өтеуге қаражат бөлу туралы өтiнiш жасаған кезде нақты шығыстарды растайтын құжаттарды да (түбiртектер, шот-фактура, жөнелтпе құжат) ұсыну қажет.
400. Осы Ереженiң 397-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында көзделген өкiлдiк шығындар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi тауарлар мен қызметтер құнын, сондай-ақ көрсетiлген тауарлар мен қызметтердi ұсынатын ұйымның деректемелерiн көpceтe отырып, заңнамада белгiленген тәртiптiң сақталуын растайтын құжаттарды бередi.
401. Жоспардың және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу және демаркациялауға Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн және тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органға көзделген қаражат есебiнен қаржыландыру жүзеге асырылатын трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиiмдi пайдалануға қатысты мәселелермен байланысты өкiлдiк шығындарды, қоспағанда, осы Ереженің 100-қосымшасына сәйкес өкiлдiк шығындардың нормаларына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне өкiлдiк шығындарға қаражат бөлудi жүзеге асырады.
402. Өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты бөлу сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiмен ресiмделедi.
Iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң шетелдiк сапарлары кезіндегі өкiлдiк мақсаттарға қаражат бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiмен ресiмделетiн халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретiнде жiберiлетiн, республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына автокөлiктiк қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеуге қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiмен ресiмделедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы шешiмдерi жоспарланған iс-шаралар басталғанға дейiн қабылданады.
Егер объективтік себептерге байланысты ерекше жағдайларда сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiн жоспарланған iс-шара басталғанға дейiн қабылдау мүмкiн болмағанда, белгiленген тәртiппен сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның өкiлдiк шығыстарды өтеу туралы шешiмi қабылдана алады.
403. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзедi.
404. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң шетелдiк сапарлары, сондай-ақ республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын жiберу кезiнде өкiлдiк шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
бөлiнген қаражатты айырбастау үшiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Астана қаласының Қазынашылық департаментiнде шетел валютасында шот ашады;
ҚР ҰБ орталық филиалы Астана қаласы Қазынашылық департаментiнiң өтiнiшi бойынша шетел валютасын айырбастауды жүргiзедi және оны шетел валютасындағы шотқа есептейдi;
Астана қаласының Қазынашылық департаментi ҚР ҰБ-ның орталық филиалының үзiндiсi негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шетел валютасындағы шотына шетел валютасын есептеудi жүргiзедi;
ай сайын 10-күнiне дейiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Астана қаласының Қазынашылық департаментiне келесi күнтiзбелiк айда тиiстi айдағы жоспарлы тағайындалымдарға барабар сомада қолма-қол шетел валютасын алуға арналған өтiнiм жiбередi;
өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы қабылданған шешiмнiң негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенiмхат беру үшiн ресми делегацияның құрамына енетiн тұлғаны көрсете отырып, Астана қаласының Қазынашылық департаментiне хат жiбередi. Астана қаласының Қазынашылық департаментi сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның хатында көрсетiлген тұлғаға Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы орталық филиалында қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенiмхат бередi.
405. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган өкiлдiк шығындарға бөлiнетiн қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.
406. Өкiлдiк шығындарға қаражат алған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органға тоқсан сайын көрсетiлген қаражатты пайдаланғаны туралы есеп, ал өкiлдiк шығындарға қаражат алған тұлғалар iс-шараны өткiзгеннен кейiн
15 күнтiзбелiк күн iшiнде - тиiстi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатқан ұйымның мөрiмен расталған сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң құны мен көлемiн көрсете отырып, растайтын құжаттарды (түбiртектердi, шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды) беруi тиiс.
Осы Ереженiң 404-тармағында анықталған тәртiппен бөлiнетiн қаражат бойынша есеп беретiн тұлға iс-шаралар жүргiзiлгеннен кейiн 30 күнтiзбелiк күннiң iшiнде сыртқы экономикалық қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған гербтiк мөрмен расталған Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің Бастығы немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiнiң шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға), Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы немесе ол өкілеттік берген тұлға республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберу кезiнде бекiткен өкiлдiк мақсаттарға арналған шығындар бойынша актiнi, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбiртектi және ҚР ҰБ орталық филиалының кiрiс ордерiн қайтарады.
407. Өкiлдiк шығындарға бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына жауапкершiлiк республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жүктеледi.
49-тарау. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және
жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртібі
408. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек мәселелерi жөніндегі консультативтiк-кеңесу органы;
көзделмеген шығындар - көзделмегендiгiне байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кезек күттiрмей қаржыландыруды талап ететiн шығындар;
Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегi - басқа мемлекеттердiң аумағында әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы қайтарусыз көрсететiн көмек.
409. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдар резервiнiң қатаң нысаналы мақсаты бар әрi осы Ережеде және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтен ақша бөлу туралы шешiмiнде көзделмеген қажеттiлiктерге пайдаланылмайды.
410. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы шешiмдерiн дайындау мынадай:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде осы мақсаттарға ақша болмаған;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар резервiнiң ақшасына қажеттiлiк ағымдағы қаржы жылында туындаса және оларға қажеттiлiк мiндеттемелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың жергiлiктi атқарушы органдардың соттардың шешiмдерi бойынша өтеу жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң өткен мiндеттемелерiне байланысты болмаған;
3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуге арналған төтенше резервiн пайдаланған жағдайда Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатқа орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам), ал мұндай болмаған жағдайларда - мемлекеттік органның басшысы немесе өзі уәкілеттік берген адам қол қояды. Егер қолдаухат жергілікті атқарушы органдардың сұрауы бойынша берілсе, онда негіздемелер мен есептеулерге жергілікті атқарушы органның басшысы немесе өзі уәкілеттік берген адам да қол қояды.
411. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен бөлiнген ақшаны пайдаланбаған немесе iшiнара пайдаланған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиiстi резервіне жіберу жолымен бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн қайтаруды кейіннен Түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті резервтен қаражат бөлу туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған негізде қамтамасыз етеді.
412. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухаттарды төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарайды. Бұл ретте, пайда болған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай өңiрлiк немесе ғаламдық ауқым алуға тиiс.
413. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) төтенше жағдайлар жөніндегі уәкiлеттi органы немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлiмi қарайды.
414. Табиғи және техногендік сипаттағы төьенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және тарату жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары тәртібі мен тізбесін төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтайды.
Төтенше резервтен бұзылған объектiлердi салуға немесе күрделi жөндеуге ақша бөлінген жағдайда құжаттармен қатар, сол сияқты құрылыс жөніндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы берiледi.
415. Өңiрлiк және жаhандық ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттiлiгi болған кезде төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкіметіне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешiм жобасын енгiзедi.
416. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттiлiгi болған кезде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) төтенше жағдайлар жөніндегі уәкiлеттi органы немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлiмi заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешiм жобасын енгiзедi.
417. Төтенше резерв ақшасы «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі iс-шараларға бағытталады.
418. Басқа мемлекеттердiң аумағында әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында тиiстi орталық мемлекеттік орган Комиссия ұсынымдарының негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ресми гуманитарлық көмек көрсетуге арналған шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгiленген тәртiппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.
419. Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегi ақшалай немесе тауар нысанында ұсынылады.
420. Қазақстан Республикасының ақшалай нысанда ресми гуманитарлық көмек көрсетуi кезiнде ақша қаражатын аудару алушы елдiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шоттардың деректемелерiн ресми бергеннен кейiн жүзеге асырылады.
421. Қазақстан Республикасының тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсетуi үшiн ұсынылған тауарлардың құнын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде төтенше резервтен жүзеге асырылады.
422. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен өзге көзделмеген шығындарға ақша қажеттілігі болған жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге ақша бөлу туралы қолдаухат ұсынады. Бұл ретте, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бірлігінің құны негізделеді, ал күрделі (қалпына келтіру) жөндеу бойынша және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттардың міндетті түрде болуы қажет.
Төмен тұрған деңгейдегі әкімдердің қолдау хаты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат ағымдағы нысаналы рансферттер нысанында да, дамытуға арналған нысаналы трансферттер нысанында да жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан астам мерзіммен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың салдарларын жоюмен байланысты өзге іс-шаралар жүргізу үшін қосымша қаражат бөлу туралы келесі қаржы жылдарында шешім қабылдаған жағдайда, тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге қосымша ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады, сондай-ақ орындалған жұмыстардың, қызметтердің (тауарлардың) көлемін көрсете отырып, өткен қаржы жылы үшін резервтен бөлінген қаражатты пайдалану туралы есеп береді.