* Егер өнiм бiр мезгiлде 3901-3906 позицияларға және 3907-3911
позицияларға жататын материалдардан дайындалған жағдайда, осы ереже тек
дайындалған тауардағы салмақтық қатынасы артық өнiм санатына ғана
қолданылады.
** Осы тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерi тек iрi
көлемдi инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде өндiрiлген 8703,
8706-8708 тауар позицияларына ғана қолданылады.
Бұл ретте iрi көлемдi инвестициялық жоба деп тауар өндiрiсiнің
басталатын күнiне негiзгi капиталға кемiнде 1 млрд. теңге инвестициялаған
заңды тұлға жүзеге асыратын қазiргi заманғы автомобиль көлiгi құралдары
мен автомобиль бөлшектерiн шығару үшiн өндiрiс қуаттарын құру немесе
дамыту жөніндегі жоба ұғынылады.
Инвестициялардың көлемiн аудиторлық есеппен растау қажет.
осы тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерi iрi ауқымды инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде өндiрiлген 8702, 8704 тауар позицияларына ғана қолданылады.
Бұл ретте iрi ауқымды инвестициялық жоба деп тауар өндiрiсiнің басталатын күнiне негiзгi капиталға кемiнде 0,5 млрд. теңге инвестициялаған заңды тұлға жүзеге асыратын қазiргi заманғы автомобиль көлiгi құралдары мен автомобиль құрамдас бөлiктерiн шығару үшін өндiрiс қуаттарын құру немесе дамыту жөніндегі жоба түсiндiрiледi.
Инвестициялардың көлемін аудиторлық есеппен растау қажет