сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік ветеринариялық мекемелер;
2) мынадай функцияларды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларына (топтарына) бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорындар нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құруға құқылы.»;
14) 14-бапта:
2-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылауды;
6-2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды;»;
3-тармақ «сай келетін» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
3-1-тармақта:
«Адамдардың» деген сөз «Адамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
«олардың» деген сөз «оның» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 14-1-бапта:
1-тармақта:
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ішкі сауда объектілерінде;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
3) қызметтің мынадай кіші түрлерін:
ветеринариялық емдеу-профилактикалауды;
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді;
ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізуді;
ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларда;»;
5) тармақшадағы «Мемлекеттік шекара» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша «тасымалдау» деген сөзден кейін «(орнын ауыстыру)» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшадағы «сақталуына жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінде жүзеге асырылады.»;
3-тармақта:
«Мемлекеттік шекара» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтер» деген сөздер «ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ «заңды тұлғалардың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «бөлімшелерінің» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
9-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «ветеринариялық инспекторына беріледі» деген сөздер «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына беріледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 15-бапта:
1) тармақшадағы «клеткалары» деген сөз «жасушалары» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «емдеу мен дауалау» деген сөздер «емдеу, дауалау және бірдейлендіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметі;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) ішкі сауда объектілері.»;
17) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) шекара және кеден пункттерінде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
2. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ветеринариялық бақылау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) ветеринариялық бақылау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, сондай-ақ ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылып жүрген ветеринариялық сертификат беру;
4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру;
5) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
6) қызметтен шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару кіреді.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылып жүрген ветеринариялық сертификат беру;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
5) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру кіреді.»;
18) 17-бапта:
тақырыптағы «Ветеринариялық» деген сөз «Мемлекеттік ветеринариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Ветеринариялық» деген сөз «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органына» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Ветеринариялық» деген сөз «Мемлекеттік ветеринариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 18-бапта:
тақырыптағы «Ветеринариялық» деген сөз «Мемлекеттік ветеринариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац «байланысты» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
«ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы нұсқама;
жануарға арналған ветеринариялық паспорт беру ережелерін бұзушылық туралы нұсқама;
жануарларды санитариялық тазалау, санитариялық сою туралы нұсқама;»;
2) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
3-тармақтағы «Ветеринариялық» деген сөз «Мемлекеттік ветеринариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 19-бапта:
тақырыптағы «Ветеринариялық» деген сөз «Мемлекеттік ветеринариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ветеринариялық» деген сөз «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 20-бапта:
1-тармақтағы «мемлекеттік шекарасы» деген сөздер «Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«мемлекеттік шекара» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шекаралық» деген сөз алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде ветеринариялық рәміздері бар арнаулы киім киіп жүреді.»;
8-тармақтағы «мемлекеттік шекара» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 21-бапта:
2-тармақ «өтетін аумақтардың» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақтағы «жүктердің орнын ауыстыру (тасымалдануы)» деген сөздер «жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру)» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 22-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «тексеріп қарау» деген сөздер «ветеринариялық тексеріп қарау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «анықтап, кейін сараптама актісін беруді» деген сөздер «айқындауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы бірінші сөйлем алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.»;
24) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
1. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізілуі міндетті.
2. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтайды және өткізеді.
3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшіліктері жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде қызметтік үй-жай беруге міндетті.
4. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
5. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, олардың аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болуы және (немесе) оны қолайсыз аймаққа жатқызу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру кезеңі тексеру басталған кезден бастап бес күннен аспауға тиіс.»;
25) 24-бапта:
1-тармақ «препараттарды» деген сөзден кейін «, жемшөп пен жемшөп қоспаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «тасымалдауды» деген сөзден кейін «(орнын ауыстыруды)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
«препараттардың», «препараттар» деген сөздерден кейін тиісінше «, жемшөп пен жемшөп қоспаларының», «жемшөп пен жемшөп қоспалары» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекеттік тізіліміне» деген сөздер «мемлекеттік тізілімдеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «денсаулық сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органымен келісе отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
26) 24-1-баптың 2-тармағы «тасымалдау» деген сөзден кейін «(орнын ауыстыру)» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 24-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-2-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) олардың қауіпсіздігін және олардың сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) құрғақ, таза, жемдік қорлардың зиянкестерімен залалданбаған көлік құралдарымен жүзеге асырылуға тиіс.»;
28) 24-3-бапта:
2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
3-тармақтағы «заңнамада» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 24-5-баптың 2-тармағы 1) және 6) тармақшаларының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
30) 24-6-баптың 3-тармағының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
31) 25-бапта:
2) тармақша «ережелермен» деген сөз «ережелер мен ветеринариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге» деген сөздер «ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша «тасымалдау» деген сөзден кейін «(орнын ауыстыру)» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша «ветеринариялық инспекторларға» деген сөздердің алдынан «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
10) тармақша «ветеринариялық инспекторлардың» деген сөздердің алдынан «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтін кәсіпорындарда, сою пункттерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында союды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті.»;
32) 26-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы:
«мақсатымен» деген сөзден кейін «бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
«аса қауіпті» деген сөздерден кейін «және энзоотиялық» деген сөздермен толықтырылсын;
33) мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-баптармен толықтырылсын:
«26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану
1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсердің ықтималдығы сәйкестендірілген, бірақ қолдағы ғылыми деректер оның дәрежесін айқындау үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, уәкілетті орган қатерді басқару жөнінде қажетті ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануға құқылы.
2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар ғылыми деректерге, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды ескере отырып анықталатын жануарлар мен адамның өмірі мен денсаулығы үшін қатерді объективті бағалауға негізделуге тиіс.
3. Қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға баламалылығын бағалау кезінде ғылыми деректер, зерттеулердің (оның ішінде зертханалық зерттеулердің), нақты аурулардың таралу мониторингінің нәтижелері және аймақтардың болуы ескерілуге тиіс.
4. Басқа мемлекеттердің ветеринариялық-санитариялық шаралары мынадай шарттар болған:
1) қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес келген;
2) жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелінуі мен таралуынан Қазақстан Республикасы аумағының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігінің тиісті деңгейі қамтамасыз етілген кезде, баламалы деп танылады.»;
26-2-бап. Аумақты аймақтарға бөлу
1. Аумақты аймақтарға бөлу:
1) жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу;
2) ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау;
3) халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
2. Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына және өткізілетін ветеринариялық іс-шараларға қарай аймақтардың мынадай түрлері анықталады:
1) қолайлы аймақ;
2) бақылау аймағы;
3) буферлік аймақ;
4 ) қолайсыз аймақ.
3. Аумақты аймақтарға және олардың шекараларына бөлу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
34) 29-баптың 4-тармағындағы «нормативтер ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді» деген сөздер «нормативтерді уәкілетті орган бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 30-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және жағдайларда өтеттіруге құқығы бар.»;
36) 31-бапта:
«тасымалдау» деген сөзден кейін «(орнын ауыстыру)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органымен» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есептік нөмірлер беру
1. Ауыл шаруашылығы жануарлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті бірдейлендіруге жатады.
2. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті бақылау мақсатында есептік нөмірлер беруге жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдар жатады.»;
38) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру
Ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламалар міндетті түрде уәкілетті органмен келісілуге тиіс.»;
39) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық»;
40) 35-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелерін» деген сөздер «мемлекеттік органды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«мемлекеттік шекарадағы» деген сөздер алып тасталсын;
«, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) жануарларды бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы атрибуттар мен бұйымдарды, ветеринариялық паспортты сатып алуға арналған шығыстар.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілері иелерінің есебінен мыналар орындалады:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;»;
4) тармақшадағы «мемлекеттік шекарадағы» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «қоспағанда,» деген сөздер «және жануарлардың энзоотиялық ауруларын қоспағанда, инвазиялық ауруларды қоса алғанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне аудара отырып, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификат пен анықтамалардың бланкілерін, жануарға арналған ветеринариялық паспортты, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін жапсырмаларды (чиптерді) беру.»;
41) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.».
6. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., №3, 21-құжат; №16, 99-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №17, 136-құжат; 2008 ж., №13-14, 57, 58-құжаттар; №15-16, 60-құжат; №23, 114-құжат; №24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 18, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
көрсетілген Заңға қосымшаның 7-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ветеринариялық-санитариялық бақылау;».
7. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №17, 133-құжат):