2005 жылғы бағалармен есептегенде:
1) 330 тонна тазартылмаған мақтадан 100 тонна мақта талшығы алынады, 100 тонна мақта талшығының құны 120 мың АҚШ долларын құрайды;
2) 100 тонна мақта талшығынан 90 тонна кардалық иірімжіп алынады, 90 тонна иірімжіптің құны 211 мың АҚШ долларын құрайды;
3) 90 тонна кардалық иірімжіптен 600 мың ш.м. мата алынады, 600 мың ш.м. матаның құны (текше метрінің өлшемі 1 х 1,4 болған кезде) 634 мың АҚШ долларын құрайды;
4) 600 мың ш.м. матадан 170 мың тігін өнімі алынады, 170 мың тігін өнімінің құны 952 мың АҚШ долларын құрайды.
3.3. Қазақстанның тоқыма саласының өнеркәсіптік әлеуетi
Қазақстан Республикасының тоқыма өнеркәсібі табиғи және синтетикалық талшықтардан иірімжіп пен матаны істеп шығарумен айналысатын кәсіпорындардың тобын білдіреді. Қазақстан Республикасы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес тоқыма өндірісі экономикалық қызметтің 7 түрімен және 20 кіші түрімен ұсынылуы тиіс. Саланың құлдырауына байланысты көптеген өндірістік бағыттар жойылып жабылды. Мысалға, тігін жіптерді шығару, талшықтар мен иірімжіптерді бояу, маталарды ағарту, баспасуреттеу мен өңдеу, трикотаж жаймасын өндіру және басқалары секілді қызмет бағыттары жоқ.
Қазақстан Республикасының тоқыма өнеркәсібі саласындағы
экономикалық қызмет түрлері
Экономикалық қызмет түрлері | Экономикалық қызметтің кіші түрі | Өндірістің жағдайы |
Өндіріс бар | Өндіріс жоқ |
1. Тоқыма талшықтарын иіру | 1.1. Мақта-мата талшығын иіру | Кардты иіру | + | |
Тарақпен иіру | + |
1.2. Жүн талшықтарын иіру | Тарақпен иіру | + |
Аппараттық иіру | + |
1.3. Зығыр талшығын иіру | | + |
1.4. Табиғи жібек, жасанды және синтетикалық талшықтарды жасау | + |
1.5. Тігін жіптерін өндіру | + |
1.6. Басқа да тоқыма талшықтарын дайындау мен иіру | + |
2. Тігін өндірісі | 2.1. Мақтадан тоқылған маталарды өндіру | + | |
2.2. Жүннен тоқылған матаны өндіру | тарақпен иірілген иірімжіптен | + |
аппаратпен иірілген иірімжіптен | + |
2.3. Жібек маталарын өндіру | | + |
2.4. Басқа да тоқыма маталарды өндіру | + | |
3. Тоқыма маталарды өңдеу | 3.1. Талшықтар мен иірімжіптерді бояу жөніндегі көрсетілетін қызметтер | | + |
3.2. Маталарды ағарту мен бояу жөніндегі көрсетілетін қызметтер | + |
3.3. Маталарды баспасуреттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер | + |
3.4. Сіңірілген маталарға жабындыны жасау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тоқыманы өңдеу жөніндегі басқа да көрсетілетін қызметтер | + |
4. Киімнен басқа, дайын тоқыма өнімдерін өндіру | 4.1. Үй шаруашылығына және басқаларға дайын тоқыма өнімдерін өндіру | + | |
4.2. Кілем мен кілем өнімдерін өндіру | + |
4.3. Беймата материалдарын өндіру | + |
5. Техникалық мақсаттарға арналған тоқыма өнімдерін өндіру | 5.1. Арқандар, жіптер, бау, тор | | + |
6. Трикотаж жаймасын өндіру | + |
7. Трикотаж өнімдерін өндіру | 7.1. Шұлық бұйымдарын өндіру | + | |
7.2. Трикотаж пуловерлерді, кардигандарды және оларға ұқсас бұйымдарды өндіру | + |
7.3. Мақта иірімжібінен трикотаж бұйымдарын өндіру | + |
(«Маркетинг және талдамалық зерттеу орталығы» АҚ деректер бойынша)
Қазақстанның тоқыма өнеркәсібіне мыналар тән:
саланың кеңес уақытында салынған тоқыма тігін кәсіпорындармен ұсынылуы;
кәсіпорындардың техникалық жабдықталуының төменгі деңгейі;
саланың жаңартылуы мен өсуі: соңғы 2-3 жылда кәзіргі заманның кәсіпорындары - «Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы» ЖШС; «Меланж» АҚ; «Ютекс» АҚ; «Нимекс Текстайл» ЖШС салынды.
Бүгінгі кезеңде елдің жалпы өндірісінің жалпы көлеміндегі тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлес салмағы 0,4 %-ды, өнеркәсіптік өндіріс көлемінде 1,3 %-ды құрап отыр.
Германия, Франция және Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі - АҚШ) секілді дамыған елдерде өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі тоқыма және жеңіл өнеркәсібінің үлесі 6-8 %-ға, Италияда 12 %-ға тең. Мұның өзі оларға бюджеттің 20 %-ын қалыптастыруға, сондай-ақ өздері шығарған өніммен ішкі нарықты 75-85 %-ға толтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының тоқыма және тігін өнеркәсібі ішкі нарық мұқтаждығының 10%-ын ғана өтейді. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қалыптастыру үшін ішкі өндіріс көлемі кем дегенде ішкі сұраныстың 30%-ын қанағаттандыруы тиіс.
Қазақстанның тоқыма индустриясын дамытуға, сол сияқты өңірдің мақта-тоқыма өнеркәсібінің жеке секторы үшін де нарықтық мүмкіндіктерінің жақсы ауқымы бар.
3.4. Иірімжіп өндіру
Мақта жөніндегі Халықаралық Консультативтік Комитет талдамашыларының болжамы бойынша 2008 жылы мақта-мата және химиялық иірімжіптерін өндірудегі дамушы елдердің үлесі 80%-ға дейін өседі. Дамушы елдердің арасындағы әлем өндірісінің ең көп үлесі - 25,28%-ы Қытайдың үлесінде.
Қазақстанда өндірілетін мақта талшығының барлық көлемі (90%-дан астамы) экспортқа бағытталған. Мақтаның 10%-ы иірімжіптердің сұрыптық түрлері мен маталарды өндіруде «Ақ жіп» ААҚ, «Almaty Cotton Plant» ЖШС, «Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы» ЖШС, «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, секілді мақта иіретін кәсіпорындар пайдаланады.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының деректері бойынша иірімжіп өндірудің өсу серпіні байқалып отыр. Осылайша республикада 2000 жылы 1 мың тонна мақта иірімжібі, ал 2005 жылы - 4,5 мың тонна өндірілді.
Мақта талшығынан орташа есеппен иірімжіп шығуы 88%-ды құрайды, қалған 12%-ы қалдықтар (тозаң - 7%, қайтарымды қалдықтар - 5%). Иірімжіптің негізгі қолданылу саласы маталарды, трикотаж және шұлық бұйымдарын өндіру. Анағұрлым жіңішке иірімжіпті өндіру үшін ұзын талшықты мақта қажет.
Иірімжіптің 97-99%-ы тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындарында маталарды өндіруде пайдалану үшін арналған. Иірімжіптің 1-3%-ы басқа өнеркәсіптердің кәсіпорындарында пайдаланылады.
3.5. Мақта мата өндіру
Мақта маталардың нарығында Азия, Латын Америкасы елдерінде, сондай-ақ ТМД елдерінде өндірістің өсуі болды. Дәл сол кезде Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде және Африканың дамушы елдерінде өндірістің құлдырауы байқалды.
Қазақстанда табиғи және синтетикалық талшықтардан маталарды өндірудің көлеміндегі мақта маталардың үлесі 80%-дан астамын құрайды. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының деректері бойынша мақта маталарды өндірудің өсу серпіні байқалып отыр. Осылайша республикада 2000 жылы 6,8 млн. м2 мақта мата, ал 2005 жылы - 19,1 млн. м2 өндірілді.
Мыналар:
бетінің тығыздығы 200 г/ш.м. аспайтын сұрыптық ағартылмаған мақта мата;
медициналық дәке;
бетінің тығыздығы 200 г/ш.м. асатын ағартылған маталар;
бетінің тығыздығы 200 г/ш.м. асатын басқа да маталар (әртүрлі түсті иірімжіптен жасалған маталардан басқа) номенклатураны құрайды.
Маталардың импорт көлемі айтарлықтай болуда, шамамен маталардың 71%-ы Ресейден әкелінеді.
Қазақстан Республикасында бүгінгі күні өндіріс тізбегінің осы бөлігі нашар дамыған. Мақта маталарды шығарумен айналысатын тек қана үш компания бар «Almaty Cotton Plant» ЖШС, «Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы» ЖШС, «Меланж» АҚ. Әлі бар компаниялардың мамандандыру сегменттері айқындалмаған. Мата өндіруге арналған тоқыма жабдықтары онша икемді емес және оны қайта жасап құру да ауыр, сондықтан нарықтың өзгеру үрдістерін түсіну және осыған байланысты сегментті және нарықты айқындау өте маңызды.
3.6. Маталарды өңдеу
Маталарды өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың секторы нашар дамыған. Соған қарамастан, мақта маталарды өндіруді дамытумен бірге елдің мақта-тоқыма саласының осы сегменті де қалпына келеді. Алдын ала берілген баға бойынша осы сегмент едәуір пайдалы болуы мүмкін және жабдықтарға мұндай үлкен инвестицияларды талап етпейді. Бәсекеге барынша қабілетті тоқыма саласын құру үшін осы сегментті дамытудың маңызы зор. Шри-Ланканың тоқыма өнеркәсібі өндіріс тізбегінің дәл осы сегментін дамыта отырып, үлкен жетістіктерге жетті. Жеткілікті түрде дамыған тоқыма өнеркәсібі болмай, Шри-Ланка кластер жасауды бояуға, басуға және өңдеуге шоғырландырды. Сапа, дизайн және бояу, басу мен өңдеу шапшаңдығы жағынан жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Шри-Ланканың тоқыма кластер әлем нарығында бәсекеге қабілетті болды.
Шри-Ланканың және кластерді дамытудың осы жолын қолданған басқа да елдердің тәжірибесі инвестициялық жобаларды таңдау және «Оңтүстік» АЭА аумағында тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындарын салу процесінде қолданатын болады.
3.7. Дайын тоқыма бұйымдарын өндіру
Дайын бұйымдар нарығы іш киімдердің, трикотаж бұйымдарының, киімдердің, кілем бұйымдарының және күнделікті сұранысқа, маусымдық сұранысқа ие немесе ұзақ мерзім пайдаланылатын басқа да тауарлардың түр-түрімен ұсынылуы мүмкін. Әрине, мақта шикізат элементі ретінде түпкілікті сұраныс өнімдерінде ұсынылуы мүмкін. Қазақстанда түпкілікті пайдаланатын дайын тоқыма бұйымдарын өндіруде пайдаланылатын маталарды өндірудің толық айналымының болмауы, дайын тоқыма бұйымдарын өндірудің төмендеуіне, олардың өзіндік құнының жоғары болуына және импорт көлемінің өсуіне әкеп соқтырады. Осылайша, ағымдағы тұтыну көлеміндегі көрпелер мен пледтер импортының үлесі жекелеген жылдары 90%-ға (оның ішінде қытайдың өндіргені - 53%, ресейдікі - 10%), свитерлер мен жемпірлер - 83%-ға, трикотаж жаймасынан жасалған киімдер - 46%-ға, кілемдер - 97%-ға, төсек орын - 12%-ға жетті.
Қазақстанның тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарының 70-80%-ы киім нарығында жұмыс істейді, негізінен өздерінің ассортиментін күш құрылымдарының мұқтаждықтарына және арнайы киім шығаруға бағытталған.
ОҚО-да өндіріс тізбегінің осы сегменті дамымаған. Облыста «Восход» компаниясы бар, ол бұрын матадан дайын бұйымдарды шығаратын ірі өндіруші болды, қазіргі уақытта кәсіпорын тек мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ мұнай газ компаниялары үшін бір үлгідегі киім мен арнайы киім шығарады.
Сегментке мынадай проблемалар тән: ескірген жабдық, әлемдік үрдістерді білмеу, кәсіби кадрлардың жетіспеуі, дайын өнімді жасырын және жарияламай импорттау, өндірілетін өнім сапасының төмендігі.
3.8. Оңтүстік Қазақстан облысының тоқыма өндірісi
Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында қаражатты тоқыма өндірісін жаңғыртуға және жаңаларын салуға жұмсаған бірнеше жаңа кәсіпорын жұмыс істейді.
«Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы» ЖШС - бірлескен кәсіпорын, оның құрамына қазақстанның мақта компаниясы «Мырзакент» ЖШС және «Орыс Тоқымасы» ресей корпорациясы (ресейдің ірі тоқыма холдингі) кіреді. Жаңа өндірістің жоба бойынша белгіленген қуаты жылына 15 млн. шаршы метр деңгейінде жоспарланып отыр.
«Ютекс» АҚ - мақта талшығын қайта өңдейтін кәсіпорын, жоспарланған қуаты жылына шамамен 6 мың тонна мақта иірімжібін шығару, ол Украинаға, Ресейге және жергілікті нарыққа сатылады.
«Меланж» АҚ - жергілікті шикізатты пайдалана отырып мақта иірімжібін шығаратын мақта иіретін фабрика. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына орташа есеппен 2,5 мың тонна иірімжіп шығару деп бағаланады. Өнім Қазақстан, Ресей, Түркия бойынша сатылады.
3.9. Өндірістік жағдайлар
Өндірістік шығындардың төмендігін, шикізатты өңірлердің жақындығын (Қазақстанның оңтүстік өңірі, Өзбекстан, Түркіменстан Тәжікстан), тоқыма өнімін өткізудің ықтимал нарықтарының жақындығын (Батыс, Шығыс Еуропа, Азия тынық мұхиты өңірінің, Таяу Шығыс елдерінің, ТМД елдерінің де) ескере отырып, Қазақстанның тоқыма өнеркәсібінде одан әрі даму үшін жақсы негіз бар.
Тоқыма өнеркәсібіндегі жұмыс күшіне жұмсалатын шығындар Қазақстанның оңтүстігінде оператор жұмысының бір сағаты үшін 0,94 АҚШ долларына жуық. Мұның өзі Түркиядағы шығындардан төмен, бірақ Қытайдағыдан, Үндістандағыдан, Пәкістандағыдан жоғары.
Қосалқы шикізатқа және ресурстарға жұмсалатын негізгі шығындар тоқыма мен киім бойынша негізгі бәсекелес елдерден төмен.
Ресурс қағидаты өңірде мыналардың:
өндіріске арналған шикізаттың;
өңірдің жедел экономикалық дамуына байланысты көліктік және өндірістік инфрақұрылымды дамыту перспективаларының;
еңбек ресурстары молдығының бар болуымен іске асырылады.
3.10. «Оңтүстік» АЭА құру мен дамытуды SWOT талдау
Күшті жақтары:
1) Тұрақтылық. Соңғы жылдары Қазақстанда экономиканың өсу, қаржы жүйесінің нығаю, басым салаларды дамыту үрдісі қалыптасты, шетелдік капиталды, оның ішінде тоқыма өнеркәсібіне қауіпсіз тартуға құқықтық база мен шарттар құрылды.
2) Тұрақты ұлттық валюта.
3) Мақта. Жергілікті жерде өндірілген мақта-талшыққа кең ауқымды ұсыныс бар, сондай-ақ қазіргі бар егін алқаптарынан шикізат мақтаның көлемі мен одан да көп өңдеуге қабілетті қуаты көп өңдейтін кәсіпорындардың жеткілікті саны бар. Мақтаны егуге арналған игерілмеген егін алқаптары бар. Қазіргі уақытта қазақстан мақтасының 90 %-ынан астамы экспортқа кетеді. Қосылған құнды арттыру процестерінде жергілікті мақтаны тұтыну мүмкіндігі бар. Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын құру, сондай-ақ мақта-тоқыма кластерін дамыту бағдарламасында көзделген мақта-талшық сапасын сатып алу бағасы бойынша қазіргі заманғы зертханалар желісін құру үшін халықаралық танылған компанияларды тарту Қазақстанда мақтаның сапасы мен егістігін арттыруға елеулі әсер етеді.
4) Мақтаның импорты. Мақтаға әлемдік бағамен шамамен салыстырғанда 15% құндық басымдығы бар көршілес Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Түркіменстаннан әкелінетін мақтаны да «Оңтүстік» АЭА аумағында тоқыма кәсіпорындары тұтына алады. 5 үлгідегі мақтаға баға бір килограмм үшін 1,1 АҚШ доллары. Салыстыру үшін - ұқсас сападағы қытай мақтасына баға бір килограмм үшін шамамен 1,75 АҚШ доллары. Баға басымдығы орасан пайда болып табылады. Өзбекстан Тәжікстан мен Түркіменстан сияқты тоқыма жіптің жоғары нөмірлерін өндіру үшін нәзік талшықтың неғұрлым бағалы сапалы мақта-талшықты өндіруге қабілетті.
5) Электр энергиясы бойынша шығындар. Мемлекеттік электр энергиясы жүйесіне тікелей қатынаған кезде баға кBT үшін 0,029 АҚШ долларына жетеді. Салыстыру үшін: Қытайда кBT үшін 0,07 АҚШ доллары, Түркияда 0,089 АҚШ доллары туралы сөз болмақ. Текше метр үшін 0,07 АҚШ долларымен табиғи газ үшін баға Түркияда төлейтіннің үштен бір бөлігі болып табылады.
6) Салыстырмалы арзан жұмыс күші. Оңтүстік Қазақстанда еңбек ресурстарының көптігі бар. Сондықтан негізгі міндеттердің бірі еңбек әлеуетін сақтау жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Бұдан кейін, жалақының орташа деңгейі Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда салыстырмалы төмен, алайда жалпы ел үрдістеріне сәйкес ол өсіп отыр. Жұмыс күшіне шығындар төмен, Қытайдың Шығыс жағалауындағы деңгейінде. Ең төменгі жалақы сағатына 0,44 АҚШ доллары, тігін операторы 0,8 АҚШ доллары және иірушi/тігінші сағатына 1,2 АҚШ доллары.
7) Темір жол желісі. Қазіргі бар темір жол желісі солтүстік бағытта ТМД елдеріне және Балтық жағалауы мемлекеттері арқылы Еуропаға, оңтүстік бағытта Қара теңізге тасымалдауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ тікелей Түркияға жүк тасымалдары мүмкін.
8) Су. Мақта өсетін ОҚО өзен, сондай-ақ жер асты көздерінен шығатын таза су ресурстарына бай. Ірі өзен - Сырдария (Келес, Құрықкелес, Арыс, Бөген және т.б. ағындарымен) облыстың аумағын оңтүстіктен солтүстік-батысқа қиып өтеді.
Әлсіз жақтары:
1) Тоқыма саласы өндірісінің құлдырауы. Өз уақытында тоқыма-тігін өнеркәсібі елдің ЖІӨ-нің 35%-ын құрады. Инфрақұрылымның құлауына байланысты тоқыма-тігін өнеркәсібінің үлесі ЖІӨ-нің 0,5%-ына азайып кетті. Көптеген кәсіпорындар әлі күнге дейін ескірген жабдықта жұмыс істеуде.
2) Жеткізу уақыты ұзақтығы. Қазақстан мақсатты өткізу нарығынан және жабдықтар мен қосымша бөлшектерді мақсатты жеткізушілерден елеулі қашықтықта болғандығына байланысты, ел жеткізу мерзімінің ұзақтығы жағынан қолайсыз жағдайда тұр. Мақсатты нарықтарға дейін жеткізу кезеңі, 15 күнді құрауы мүмкін Түркияға жеткізуді алып тастағанда, жуық шамамен 30 күнді құрайды.
3) Өзбекстанмен бәсекелестік. Көршілес Өзбекстанның Қазақстандағы деңгейден 8 есе асатын мақта егістігі бар. Бұдан басқа, Өзбекстан кейбір ұзынырақ талшықты талшықтарды өндіруге де қабілеті бар. Сондай-ақ, мақтаны пайдаланатын және дайын өнімді экспортқа шығаратын Өзбекстандағы компаниялар үшін мақтаға мемлекеттік бағалар субсидиялары бар. Бұл күшті, тіпті тең емес бәсекелестік жағдай туғызады.
4) Қазақстан белгілі емес. Өндіріс көлемі аз болғандығына және көпшілік өнім Ресейге экспортталатындықтан, Қазақстан Еуропа тоқыма және киім индустриясында онша танымал емес.
5) Автомобиль жолдары. Автожол желісі тиімді және баламалы тасымалдау әдісін құру үшін инвестицияға мұқтаж.
6) Еңбек өнімділігі. Сала көнерген жабдықтармен жабдықталғанын ескеретін болсақ, өндіру әдісінде артта қалу, төмен өнімділік деңгейі бар, жаңа кәсіпорындар, жаңа технологиялар еңбек өнімділігінің өсімі үшін жағдай жасау керек болады. Бұл кеңейтілген тренингті және жұмыс күші менталитетінің өзгеруін талап етеді.
7) Оқыған техникалық персоналдың жетіспеушілігі. Тоқыма өнеркәсібі құлдырағаннан бастап, осы саладағы білікті мамандар саны елеулі қысқарды. Техникалық мамандардың жаңа буыны қажет. Тоқымадағы техникалық және инжинирингтік тренинг танымал емес, өйткені индустрия өте шағын. Жаңа компаниялардың үлкен ағыны бастапқы кезеңде шетел мамандарымен қанағаттанатын оқыған персоналға сұраныс туғызады.
8) Маркетинг. Жаңартылған тоқыма өнеркәсібіне ең тиімді Еуропа нарығына кіру үшін маркетингте және сатуда жаңа дағдылар алуы қажет. Бұл уақыт пен күшті талап етеді. Бастапқы кезеңде маркетинг шетел мамандарының күштерімен жүргізілетін болады.
Мүмкіндіктер:
1) Индустрияның өсуі. Қазақстан үшін негізгі мүмкіндік - жергілікті мақта жеткізуді пайдалана және қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы кәсіпорындар, фабрикалар сала отырып, тоқыма және киім индустриясының мүлде жаңа нысанын құру.
2) Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі - ДСҰ). ДСҰ-ға қосылған соң, Қазақстан неғұрлым ашық сауда ережелері бар неғұрлым танымал ел бола алады.
3) Өңірдің орталық пункті. Облыс үшін Қазақстандағы тоқыма технологиясының орталығы болу мүмкіндігі бар. Rieter және Веnninger сияқты тоқыма индустриясымен байланысты көптеген қазіргі заман кәсіпорындары техникалық қызмет көрсету үшін жоғары технологиялық қамтамасыз етумен бірге Шымкентте қосалқы бөлшектерді жеткізу жөнінде орталық құруды ұсынды.
Қатерлер:
1) Өзбекстан. Өзбекстан шетелден әкелінген инвестицияларға күшті бәсекелес болады деген мүмкіндік бар. Екінші тараптан, Қазақстан кәсіпорынды жеке иемденуге мүмкіндік береді, ал Өзбекстанда болса, меншік, көбінесе, мемлекеттік.
2) Тоқыманың соңғы 5 жылда инвестициялармен дүниежүзілік молығуы.
3) Электр тасығыштарға ықтимал бағаның өсуі.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Бағдарламаның мақсаты тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруіне алғы шарттар жасауға мүмкіндік беру болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
аумақта тоқыма кәсіпорындарының ресурстарды (электр энергиясын, газды, суды) тиімді пайдалануға септігін тигізетін жеткізетін инженер желілерін салу;
коммуникациялық инфрақұрылымды (автомобиль жолдарын, темір жолдар, телефон желілерін) салу, қайта жаңарту;
ықтимал инвесторлардың «Оңтүстік» АЭА мүмкіндіктерімен және басымдықтарымен танысуға бағытталған тұсау кесер және өзге де жарнама іс-шаралар өткізу;
«Оңтүстік» АЭА құру мақсаттарына жауап беретін инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдерін қалыптастыру;
тігінен біріктірілген, жоғары технологиялық және экспорттық бағдарлы өндіріс салуын қамтамасыз ету;
арнайы экономикалық аймақ аумағында өндірілген тауарларды әлемдік тауарлық рыноктарға жылжытуына ықпал ету;
«Оңтүстік» АЭА аумағында тоқыма кәсіпорнын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру болып табылады.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетіктерi
«Оңтүстік» АЭА қалыптасуы және дамуы үш орта мерзімді кезеңде өтеді.
Іске асырудың бірінші кезеңі 2007 - 2009 жылдар - «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымын салу, инвестициялар тарту, «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындар құрылысының басталуы.
Іске асырудың екінші кезеңі 2010 - 2012 жылдар - «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындар салу.
Іске асырудың үшінші кезеңі 2013 - 2015 жылдар - өндірісті кеңейту және «Оңтүстік» АЭА одан әрі дамыту, тоқыма өнімінің әлемдік нарығына шығу.
5.1. Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар) - «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымын салу
5.1.1. «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымын дамыту
«Оңтүстік» АЭА құрылысының жобасына (инженерлік іздестірулер, геология, топография, бас жоспары) сәйкес «Оңтүстік» АЭА аумағына бөлінген алаң 200 га құрайды. Ауданның сейсмикалығы - 7 балл, алаңның сейсмикалығы - 8 балл. «Оңтүстік» АЭА алаңының бір бағытта кенет білінген ұзақтығы (3500 м) және елеусіз ені (360 м-ден 710 м-ге дейін) бар, осыны ескере отырып, бірқатар шарттарды орындау көзделеді:
су құбыры құрылысы учаске ұзындығы бойынша қарама-қарсы бетте орналасқан 2 алаңда орналастырылады;
ашық трансформатор кіші стансасы күшті тең бөлу үшін учаске ортасына орналастырылатын болады;
ағынды суларды алдын ала тазалау құрылыстарының кешендері кәсіпорындар топтарына көзделеді және «Оңтүстік» АЭА өнеркәсіп алаңының оңтүстік бөлігінде орналастырылады.
ММ «Оңтүстік» АЭА дирекциясы" әкімшілік-тұрмыстық корпустар маңында көріктендіру және көгалдандыру көзделген, сондай-ақ құрылыс жүргізілмейтін барлық бос учаскелер көгалдандырылады.
«Оңтүстік» АЭА кәсіпорындарын электрмен қамтамасыз ету бірнеше өзара байланысқан электр энергиясын жеткізу және бөлу жүйелерін құру арқылы жоспарланады. Бұл «Оңтүстік» АЭА ішкі электрмен қамтамасыз ету және алаң ішінде кәсіпорынды электрмен қамтамасыз ету. «Оңтүстік» АЭА сыртқы электрмен қамтамасыз ету мыналарды:
1) ВЛ 220 кВ жалпы ұзақтығы - 4,5 км, оның ішінде қайта жаңартылатын - 4,2 км (АС 400/51 және АС 500/64 сымы);
2) жалпы ұяшық саны 10 кВ - 54 дана тоқты шектейтін реакторлардың төрт үш фазды топтары бар 80 ВМ.А-1ПС күші бар екі 220/10 кВ трансформаторы бар 220 кB кіші стансасын салу;
3) релелік қорғау және желілік желі автоматикасы 220кВ, диспетчерлік технологиялық басқару. Толық дамуға «Оңтүстік» АЭА болжамды есеп қуаттылығы 90 MBт.
«Оңтүстік» АЭА қажеттілігін қамтамасыз ету үшін газ бөлу пункті (бұдан әрі - ГБП) салынатын және жоғары қысымды газ құбыры жүргізілетін болады. Газ құбыры трассасы электр кіші стансасы ауданында орналасқан ГБП-ден Шымкент қаласының шығыс бөлігінде жоспарлануда. «Оңтүстік» АЭА аумағында табиғи газды жылдық пайдалану 124827,1 мың нм3 құрайды. Газ құбырында қосу нүктесінде газ қысымы 6-12 кг/см2. «Оңтүстік» АЭА аумағында желідегі газ қысымын 12-ден 3 кг/см2 дейін төмендететін ГБП орнату қажет.
Сумен қамтамасыз ету және су тарту. Шаруашылық-ауыз су және өндіріс өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көзі есебінде қалалық су құбыры пайдаланылады.
«Оңтүстік» АЭА сумен қамтамасыз етуді қосу бірінші көтерілу насос стансасынан көзделген, сутартқыш диаметрі 600 мм екі құбырдан орындалады (сутартқыштың жалпы ұзындығы - 7 км). Бұдан басқа, әрқайсысының көлемі 200 м3 екі резервуар салу көзделген.
Кәріздік коллектор салу да көзделген (диаметрі 800 мм, ұзындығы 7 км). Шаруашылық-тұрмыстық және өндіріс ағынды сулар қабылдауышы алдын ала тазалаудан кейін қалалық кәріз коллекторына тастау қабылданды.
5.1.2. Коммуникациялық инфрақұрылым салу және қайта жаңарту
Ленгір тас жолынан «Оңтүстік» АЭА-ға дейін "Цемент зауытының саздақ карьеріне кіреберіс" қазіргі автомобиль жолын қайта жаңарту және Бадам өзені арқылы көпірді қайта жаңарту көзделді.