Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 1125 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 26, 302-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде:
16-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде ҚАЖ қызметкері ҚАЖ-дың тиісті органының немесе мекемесінің қарамағына есепке алынады. Үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын демалыс уақытында ҚАЖ қызметкерінің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.»;
18-тармақтың үшінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«41-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, жұмыс уақыты мен демалыстар кезеңінде ауырып қалғаны туралы қызметкер кадр қызметіне және тікелей басшысына хабарлайды.».
19-тармақтың екінші абзацында «және олардың орынбасарларын» деген сөздерден кейін «атқарып отырған лауазымында» деген сөздермен толықтырылсын;
62-тармақтың 1) тармақшасында «ұлттық қауіпсіздік,» деген сөздерден кейін «прокуратура, кеден қызметі,» деген сөздермен толықтырылсын;
81-тармақтың екінші абзацында «Ол» деген сөз «Қызметтік тергеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
83-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«ҚАЖ қызметкерін тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, ҚАЖ-дың тиісті бөлімшесі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты (көшірмені) ҚАЖ қызметкеріне хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |