2007 жылдың нәтижелері бойынша 51 087 мың теңге мөлшерінде бюджетке салықтар және басқа да төлемдер төлеуді жоспарлап отыр.
"Қазғарыш" АҚ
Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Президентінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы мен "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысына сәйкес құрылды.
Компания өзінің қызметін жүзеге асыруды 2005 жылы бастады. Көрсетілген кезеңде Компания орындаған жұмыстар көлемінің динамикасы "Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған ғарыш қызметін дамытудың" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарымен ғана айқындалды.
2006 жылы 9 ғылыми-зерттеу жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаржы қаражаты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын 101 "Қолданбалы ғылыми зерттеулер" кіші бағдарламасы бойынша, 002 "Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы бойынша және 044 "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 359 100 мың теңгені құрады. 2006 жылы негізгі емес қызметтен кіріс 226 739 мың теңгені құрады.
Компанияның 2006 жылғы жалпы кірістері 1 282 миллион теңгені құрады. 2006 жылдың жалпы шығыстары 911 миллион теңгені құрады.
2006 жылы Компанияның негізгі қызмет кірістерінің есебінен 150 270 мың теңге мөлшерінде, сондай-ақ негізгі емес қызмет есебінен, атап айтқанда екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер және Қазақстандық қор биржасындағы РЕПО операциясы кірістерінен 26 673 мың теңге мөлшерінде қалыптастырылған таза пайдасы 176 943 мың теңгені құрады. 2005 жылдың нәтижесі бойынша Компания 2006 жылы 8 627 мың теңге мөлшерінде дивидендтер төледі.
2006 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне 132 792 мың теңге мөлшерінде салықтар және басқа да төлемдер төленді.
2007 жылдың нәтижелері бойынша:
1 550 миллион теңге - жалпы кірістер;
1313 миллион теңге - барлық шығыстар;
238 миллион теңге - таза кіріс алу жоспарланып отыр.
"Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ
Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 746 Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Kazsatnet" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамын құру туралы" қаулысына сәйкес құрылды.
2006 жылы компания Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік желісінің (бұдан әрі - ЕТС ГО) жерсеріктік сегментінің пилотты аймақ жобасын жасау бойынша жұмыстар жүргізді.
Осы жұмыстар шеңберінде мынадай жұмыстар жүргізілді:
1) Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік желісінің жерсеріктік сегментінің пилотты аймақ жобасын жасау;
2) ЕТС ГО жерсеріктік сегментіне жобалау-жоспарлау құжаттамаларын әзірлеу, оны бекітілген тәртіппен келісу;
3) Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында ЕТС ГО жерсеріктік сегментін құру үшін жабдықтар сатып алу;
4) Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін даярлық жұмыстарын жүргізу;
5) Алматы, Өскемен, Семей қалаларында өңірлік бөлімшелерді ұйымдастыру;
6) Компанияға Астана қаласында ЕТС ГО пилотты аймағына жүйелік техникалық қызмет көрсету және әкімшілендіру бойынша функцияларды беру.
2006 жылы Компания мемлекеттік органдарға деректер беру қызметін көрсеткен жоқ және тиісінше кірістер алынған жоқ.
2006 жылы компанияның шығындары 7 811 мың теңгені құрады. Жылдың нәтижелері бойынша Компания бюджетке 1 466 мың теңге сомасында салықтар және басқа да міндетті төлемдер төледі.
"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы"
ұлттық компаниясы" АҚ
Пилоттық жоба ретінде жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын және оның орналасу орны Астана қаласы деп айқындалған "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 212 "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Компанияның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге республикалық меншіктен тоғыз ұйым берілді.
Компанияның жарғылық капиталын қалыптастыруға Республикалық бюджеттен 8 000 000 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, олар былай таратылды:
"Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ офисін және облыс орталықтарында 2 департаментті ашуға, ұстауға - 501 509 мың теңге;
мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құрылымдау, оңалту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге және олардың негізінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер мен технологияларды дамытуға, кәсіпорындарда халықаралық стандарттарға негізделген жаңа өндірістік және басқару технологияларын енгізуге - 640 000 мың теңге;
жеке меншік отандық және шет елдік капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды жасау және іске асыру бойынша ұйымдастыруға және іс-шараларды жүргізуге - 858 491 мың теңге;
индустриалдық парктердің инженерлік инфрақұрылымын салу жобаларын жүзеге асыруға - 6 000 000 мың теңге;
Үй-жайды жалға алу, Компания қызметкерлеріне жалақы төлеу, байланыс қызметіне, Интернетке, ұйымдастыру техникаларын, офис жиһаздарын, кеңсе тауарларын сатып алуға, автокөлік жалдауға және басқа да төлемдер бойынша 501 509 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.
Мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құрылымдау, оңалту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге және олардың негізінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер мен технологияларды дамытуға, кәсіпорындарда халықаралық стандарттарға негізделген жаңа өндірістік және басқару технологияларын енгізуге кәсіпорындарды технологиялық қайта жарақтандыруға, Қазақстан Республикасы әділет органдарында қайта тіркеуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға 640 000 мың теңге мөлшерінде шығыстар болжанып отыр.
Жеке меншік отандық және шет елдік капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды жасау және іске асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге көзделген 858 491 мың теңге сомасындағы шығыстар Компанияның бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталының үлесіне, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құруға, оларды дамытуға, мониторингіне және басқаруға бағытталған құқықтық, консультациялық, ұйымдастыру және қаржылық іс-шараларына қатысуды көздейді.
Индустриялық парктердің инженерлік инфрақұрылымдарын салу жобасын жүзеге асыру екі жобаны іске асыруды қамтиды:
Қарағанды қаласында құны 6 000 миллион теңге Индустриялық парктің құрылысын салу (осы жобаға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді);
Астана қаласында құны 5 000 миллион теңге Индустриялық парктің құрылысын салу (ұсыныстар Республикалық бюджет комиссиясына енгізілді).
2007 жылдың қорытындысы бойынша Компания 154,07 мың теңге мөлшерінде пайда алуды жоспарлап отыр, бұл ретте Компанияның шығыстары 335,95 мың теңгені құрайды. Компанияның 2007 жылы ғана құрылғанын ескере отырып жыл нәтижелері бойынша шығын 181,88 мың теңге мөлшерінде жоспарланып отыр.
2007 жылдың нәтижелері бойынша Компания 4,1 млн. теңге мөлшерінде бюджетке салықтар және басқа да төлемдер төлеуді жоспарлап отыр.
2008-2010 жылдарға арналған перспективалар
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (бұдан әрі - Компания) компания өз қызметінің негізгі 3 бағытын айқындап отыр:
компанияның құнын ұлғайту жолымен акционердің экономикалық пайдасын барынша ұлғайту;
мемлекеттің стратегиялық пайдасын (мүддесін) қамтамасыз ету;
тиімділігі жоғары мұнай-газ компаниясын құру.
Компанияның пайым көкжиегіне қол жеткізу оның негізгі элементтерін жетілдіру арқылы басқару жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша стратегиялық міндетті шешу жолымен жүзеге асырылатын болады:
стратегиялық жоспарлау жүйесін;
басқаруды есепке алу жүйесін;
бизнес-жоспарлау жүйесін;
инвестициялық жоспарлау жүйесін;
еншілес кәсіпорындар үшін мақсаттар қою және олардың қызметінің нәтижелерін бағалау жүйесін;
персоналдың дәлелдеу және даму жүйесін.
2008-2010 жылдар кезеңінде Компанияның мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын дамыту жер үсті объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, сенімді әрі өнімділігі жоғары жер асты жабдығын қолдануға, компьютерлік геологиялық модельдер негізінде кен орындарын игеруді бақылаудың тиімділігі жоғары жүйесін құруға саяды.
Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі шоғырландырылған көрсеткіштер бойынша 2008 жылы 19,6 млн. тонна, 2009 жылы - 20,2 млн. тонна, 2010 жылы - 20,27 млн. тонна деңгейінде жоспарланып отыр. 2008 - 2010 жылдар кезеңінде мұнай өндірудің есепті өсу қарқыны геологиялық-кәсіпшілік зерттеу деректері мен Өзен кен орнын игерудің ағымдағы жай-күйіне негізделеді.
Мұнайды магистральды мұнай құбырлары арқылы тасымалдау шоғырландырылған деректер бойынша 2008 жылы 46 млн. тонна көлемінде, 2009 жылы 46,7 млн. тонна, 2010 жылы 47,68 млн. тонна көлемінде жоспарланып отыр. Мұнай тасымалдаудың жоспарланып отырған көлемі нарықтық жағдайлар конъюнктурасы мен көлік жүйелерінің өткізу қабілетін есепке ала отырып, Республикада мұнай өндірудің болжамды деңгейі негізінде айқындалған.
Шоғырландырылған деректер бойынша 2008 жылы - 4,4 млн. тонна, 2009 жылы - 4,5 млн. тонна, 2010 жылы - 4,2 млн. тонна мұнайды теңіз арқылы тасымалдау жоспарланып отыр.
Магистральдық газ құбырлары арқылы шоғырландырылған көрсеткіштер бойынша 2008 жылы - 131 млрд. текше м., 2009 жылы - 133 млрд. текше м., 2010 жылы - 130,89 млрд. текше м. деңгейінде табиғи газ тасымалдау жоспарланып отыр.
Газ сату көлемі шоғырландырылған көрсеткіштер бойынша 2008 жылы 4,34 млрд. текше м., 2009 жылы - 4,41 млрд. текше м., 2010 жылы - 3,95 млрд. текше м. деңгейінде жоспарланып отыр.
Көмірсутегі шикізатын өңдеу шоғырландырылған көрсеткіштер бойынша 2008 жылы 5,9 млн. тонна, 2009 жылы - 6,1 млн. тонна, 2010 жылы - 6,23 млн. тонна деңгейінде жоспарланып отыр.
Компания кірістерінің шоғырландырылған болжамды көрсеткіштері 2008 жылы 1 086,87 млрд. теңге, 2009 жылы - 1 124,19 млрд. теңге, 2010 жылы - 1 124,19 млрд. теңге деңгейінде жоспарланып отыр.
2008-2010 жылдар кезеңінде шығыстардың шоғырландырылған көрсеткіштері мынадай деңгейде жоспарланып отыр: 2008 жылы - 731,93 млрд. теңге, 2009 жылы - 760,93 млрд. теңге, 2010 жылы - 760,93 млрд. теңге.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша Компания 2008-2010 жылдар кезеңінде мынадай мөлшерде шоғырландырылған таза кіріс алуды жоспарлап отыр: 2008 жылы - 163,81 млрд. теңге, 2009 жылы - 164,26 млрд. теңге және 2010 жылы - 158,3 млрд. теңге.
2008-2010 жылдар ішінде Компания мемлекеттік бюджетке ірі салық төлеушінің позициясын сақтайды. 2008-2010 жылдар кезеңінде бюджетке болжамды төлемдер 546,34 млн. теңге көлемінде жоспарланып отыр: 2008 жылы - 175,32 млн. теңге, 2009 жылы - 185,51 млн. теңге, 2010 жылы - 160,50 млн. теңге.
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ
Инвестициялық басымдықтары мен даму бағыты отын-ядролық циклдың барлық сатыларына қатысатын тігінен интеграцияланған компанияны құруға бағдарланған.
2008-2010 жылдарға арналған жоспарланып отырған кезеңде жаңа өндірістерді құру, негізгі құралдарды одан әрі жаңалау және әлемдік нарықтарда ұстанымын бекіту есебінен жұмыстың тұрақты және серпінді режиміне шығу басым міндет болып табылады.
2008-2010 жылдарға арналған өндірістік мүмкіндіктер мен әлемдік нарықтарда әрбір өнім бойынша сұранысын сараптай келе, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ (бұдан әрі - Компания) дамудың мынадай басымдықтарын айқындайды:
Табиғи уран өндірісінде:
1) қолданыстағы кен орындарында уран өндіру көлемдерін өрістету:
"Шығыс Мыңқұдық" жылына 1000 тоннаға дейін;
- Қанжуған кен орнының жылдық өнімділігі жылына 300 тонна, 2010 жылы жобалық қуатына шығуымен;
2) кен орындарында жаңа кеніштерді салу және кеңейту:
"Ыңғай" КАМЕКО компаниясымен (Канада) бірлесіп;
"Мойынқұм" және "Төртқұдық" Кожема-Аревамен (Франция) бірлесіп;
"Заречное" Ресей Федерациясы Атомминімен және КГРК-мен бірлесіп;
"Иіркөл" қуаты жылына 750 тонна;
"Хорасан 1,2" Marubeni корпорациясы құрылтайшысы болып табылатын UrAsia London Limited және Energy Asia бірлесіп, Tokoy Elektrik Power Company (ТЕРСО) және Chubu Elektrik Power Co., Ink, (Chubu) энергетикалық компанияларымен бірлесіп 2014 жылға қарай толық көлеміне шығуымен - жылына 5000 тонна уран;
"Орталық Мыңқұдық" - қуаты жылына 2000 тонна;
"Оңтүстік Ыңғай" - қуаты жылына 2000 тонна;
"Батыс Мыңқұдық" - жапонияның "Сумитомо" және "Кансай Электрик Пауэр Ко., Инк." компанияларымен бірлесіп қуаты жылына 1000 тоннаға дейін 2010 жылға қарай толық өндірістік қуатына шығумен кеніш құрылысын салу;
"Буденовское" - Ресей Федерациясының Атомминімен бірлесіп жиынтық қуаты жылына 4 000 тонна 2009 жылға қарай толық өндірістік қуатына шығуымен;
"Семізбай" қуаты жылына 500 тонна;
3) табиғи уранның химиялық концентратын тотықша-тотыққа дейін қайта өңдеу жөніндегі қуаттарды дамыту.
"ҮМЗ" АҚ уран өнімін өндіруде:
1) уран диоксидінің ұнтақтарымен (табиғи байытылған және төмен байытылған) және PWR BWR CANDU реакторларына және Ресейден тыс жерлердегі ресейлік дизайндағы реакторларға арналған отын таблеткаларымен сыртқы нарықтарға (Жапония, Қытай, Еуропа, Оңтүстік Корея, Украина, Канада, АҚШ) шығу;
2) құрамында уран бар материалдар мен қалпына келтірілген уранды ресейлік дизайндағы реакторларға арналған таблеткаларға дейін қайта өңдеу қызметтері УГФ бар ресейлік уран нарығында өз позициясын сақтау;
3) құрамында уран бар ашылуы қиын қайталама балқымаларды қайта өңдеудің әлемдік нарығындағы монополист позициясын сақтау;
4) ХКПУ қайта өңдеу бойынша уранның тотықша-тотыққа дейін тікелей фторлауға жарамды қызмет көрсету рыногында өз позициясын сақтау;
5) Cameco (Канада) Компаниясының технологиясы бойынша "ҮМЗ" АҚ-да уран гексофторидін конверсиялау бойынша зауыт салу.
Уран өнімін өндіруде жаңа бағыт Ресей Федерациясының аумағында уранды байыту бойынша зауыт құрылысын салуға қатысумен іске асырылатын болады.
Бериллий өнімін өндіруде:
1) Қытай нарығына бастапқы бериллий өнімдерін жеткізуде жетекші позицияларға шығу;
2) АҚШ нарығында "ҮМЗ" АҚ үлесін ұлғайту;
3) дәстүрлі нарықта (Ресей, Еуропа) қол жеткен позицияларды нығайту;
Тантал-ниобий өнімін өндіруде:
1) өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету;
2) жоғары технологиялық өнімдерді шығару бойынша өндірістерді ұйымдастыру есебінен тантал өндірісі өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру:
сыйымдылығы жоғары тантал конденсаторлық ұнтақтарын;
танталдан жасалған өнімнің жетілдірілген түрлерін шығару.
Энергия ресурстарын өндіруде:
1) Маңғыстау облысының дамуымен негізделген өңірдің энергия ресурстарына арта түсіп отырған сұранысын қамтамасыз ету;
2) Энергия ресурстарын өткізудің жаңа рыноктарын жеңіп алу, компанияның коммуналдық қызмет көрсету нарығында позициясын дамыту;
3) Энергия ресурстарын өндіру және газды тасымалдау бойынша негізгі бизнестің технологиялық, құрылымдық және қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету;
4) Инновациялық үдерістерді белсендіру, қызмет көрсетудің және ИСО сапа стандарттарының жүйесіне көшуді қоса отырып газ тарату желілерін авариясыз пайдаланудың сапасын жақсартуға бағытталған ғылыми әзірленімдерді пайдалану және жаңа технологияларды енгізу:
5) өндірісті техникалық қайта жарақтандыруға, негізгі энергетикалық жабдықтарды жаңалауға және жаңғыртуға, сондай-ақ технологияларды жетілдіруге бағытталған инвестициялық бағдарламаны орындау жолымен "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС орнықты дамуын қамтамасыз ету.
2008-2010 жылдар кезеңінде мынадай мөлшерлерде:
2008 жылы - 64 013,9 млн. теңге;
2009 жылы - 70 932,6 млн. теңге;
2010 жылы - 90 792,1 млн. теңге шоғырландырылған таза кіріс алу жоспарланып отыр.
Бюджетке салықтар сомасы және басқа да міндетті төлемдер 2008 жылы 35 719,0 млн. теңгені, 2009 жылы - 39 874,7 млн. теңгені және 2010 жылы 50 314,5 млн. теңгені құрайды.
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-тың (бұдан әрі - Компания) қызметінің негізгі мақсаты елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық бағасы демпингінің алдын алу, астық өткізу нарықтарын кеңейту.
Корпорация 2008 жылы 38 158,8 млн. теңге мөлшерінде жалпы кіріс алуды жоспарлап отыр, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 8 995,8 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен түсетін кіріс - 29 530,5 млн. теңге.
2008 жылға арналған жалпы шығыстар 38 205,1 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан болған шығыстар - 8 980,5 млн.теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен болған шығыстар - 29 224,6 млн.теңге.
Корпорация 2008 жылы 321,2 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр, оның ішінде меншікті қызметінен түсетін таза кіріс - 305,9 млн. теңгені, мемлекеттік астық ресурстарымен жасалған операциялардан - 15,3 млн. теңгені құрайды.
2008 жылы акциялардың мемлекеттік пакетіне арналған дивидендтер сомасы Корпорацияның бірден-бір акционерінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталатын болады.
Корпорация 2008 жылы барлығы 350 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке аударуды жоспарлап отыр.
2009 жылға арналған жалпы кірістер 40 734,6 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 9 535,5 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 31 199,1 млн. теңге.
2009 жылға арналған жалпы шығыстар 40 391,0 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан болған шығыстар - 9 519,3 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен болған шығыстар - 30 871,7 млн. теңге.
2009 жылы Корпорация 343,6 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр, оның ішінде меншікті қызметінен түсетін таза кіріс 327,4 млн. теңгені, мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан - 16,2 млн. теңгені құрайды.
2009 жылы акциялардың мемлекеттік пакетіне арналған дивидендтер сомасын Корпорацияның бірден-бір акционерінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталатын болады.
2009 жылы барлығы 370 млн. теңге мөлшерінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке аудару жоспарланып отыр.
2010 жылға арналған жалпы кірістер 43 178,7 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 10 107,7 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 33 071,0 млн. теңге.
2010 жылға арналған жалпы шығыстар 42 815,2 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан болған шығыстар - 10 091,2 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен болған шығыстар - 32 724,0 млн. теңге.
2010 жылы 363,4 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алу жоспарланып отыр, оның ішінде меншікті қызметінен түскен таза кіріс 347,0 млн. теңгені, мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан - 16,5 млн. теңгені құрайды.
2010 жылы акциялардың мемлекеттік пакетіне арналған дивидендтер сомасы Корпорацияның бірден-бір акционерінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталатын болады.
2010 жылы бюджетке аударылатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің болжамды сомасы шамамен 391 млн. теңгені құрайды.
2008-2010 жылдардың болжамды көрсеткіштерін талдағанда 2010 жылы тұтастай Корпорация бойынша таза кірістің 2008 және 2009 жылдармен салыстырғанда тиісінше 13,1 % және 5,8 % өскенін атап көрсету керек. Бұл өсу ең бірінші кезекте, үлкен дәрежедегі болжанып отырған сату бағасының өсуімен, сондай-ақ халықаралық әрі ішкі нарыққа да астық сату көлемінің ұлғаюымен де, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдастыруға қарыз беруден кірістердің өсуіне де байланысты болып отыр.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның (бұдан әрі - Компания) стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту, ақпараттандыру және "электрондық үкімет" инфрақұрылымының жобалық интеграторы функциялары саласында ұлттық оператор функциясын іске асыру болып табылады.
Компанияның 2008 жылға арналған негізгі мақсаты "электронды үкіметті" құру үшін базалық инфрақұрылымды қалыптастыру мен Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің орнатуына жәрдемдесу болып қала береді.
2008 жылдан бастап 2010 жыл бойынша кезеңде республикалық бюджеттен тікелей түсімдер болжанып отырған жоқ. "Электрондық үкіметті" қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жұмыстардың бәрі шарттық негізде жүзеге асырылады.
Компанияның 2008 - 2010 жылдарға арналған дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің болжамы қызмет көрсету көлемінің жыл сайынғы өсуін, Компанияның таза кірісінің ұлғаюын көздейді.
Болжам бойынша таза кірістің сомасы 2008 жылы 43 млн. теңгені, 2009 жылы - 52,6 млн. теңгені, 2010 жылы - 60,5 млн. теңгені құрайды.
Компания мемлекеттік акциялар пакетіне таза табыстан 30 % мөлшерінде:
2008 жылы - 12,9 млн. теңге;
2009 жылы - 15,8 млн. теңге;
2010 жылы - 18,2 млн. теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр.
Таза кірістің қалған бөлігі өткен жылдардың шығындарын өтеуге жібереді.
Компания 2008, 2009 және 2010 жылдары салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жылдарға сәйкес түрде 416 млн. теңге, 450 млн. теңге, 476,5 млн. теңге сомасында төлеуді жоспарлап отыр.
"Қазпочта" АҚ
Коммерциялық мақсаттар
2008-2010 жылдары негізгі мақсат оларды іргелі орналастыру, техникалық нығайту мен ақпараттық-коммуникациялық және банктік жабдықтармен жарақтандыру жолымен почта байланысы бөлімшелерінің бөлшек желілерін жетілдіруге бағытталған.
Бұл мына міндеттердің орындалуын болжамдайды:
деңгейі бойынша күрделі және ақпараттық технологиялық орналастырылуының сапалы негізінде почта-байланыс қызметінің стандарттық тізбесін ұсынуға мүмкіндік беретін қалалық, аудандық және ауылдық деңгейде өңірлік жүйені дамытуға қаржыландыру көздерін жұмылдыру;
"электрондық үкімет" жүйесіне қосылу үшін, теле- және ақпараттық қызмет көрсетуді, кредиттер мен тұрғын үй жинақтауларын дамыту есебінен почта байланысының жаңадан орналастырылған бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет аясын кеңейту;
ұсынылатын почта-жинақтау қызметінің почта жіберілімдерінің жиілігін облыстық филиалдардан аудан орталықтарына дейін - аптасына 5 ретке дейін, аудан орталықтарынан ауылдық байланыс бөлімшелеріне дейін - аптасына 3 ретке дейін, сондай-ақ өңірлік желілер мен магистралдық бағыттардың оңтайландырылуын көздейтін почта жіберілімдерінің мерзімін тұтастай магистралды бағыттар бойынша "күн+4" дейін ұлғайтуды қоса алғандағы сапасын арттыру.
2008-2010 жылдары мезеттік почта аударымдары, курьерлік қызмет көрсетулер нарығында және мына іс-шараларды іске асыру жолымен коммуналдық, салықтық және басқа да төлемдердің үлесін ұлғайтуға ерекше назар аударылатын болады:
Аударым операциялары бойынша - "Почта аударымдары" КИС модулін енгізуді аяқтау жолымен үдерістерді 15,4% дейін автоматтандыру есебінен; ақша аударымдары нарығында бәсекеге қабілетті тарифтерді бекіту; алыс шет елдермен ақша аударымдармен алмасуды кезең-кезеңімен кеңейту.
Коммуналдық, салықтық және басқа да төлемдер бойынша - белсенді жарнамалық саясат жүргізу жолымен қызмет көрсетуге жаңа корпоративтік клиенттерді тарту есебінен 25% дейін; халық пен заңды тұлғаларға "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсету үшін ірі почта байланысы бөлімшелерінде "Электронды кезек" жүйелерін кезең-кезеңімен орнату жолымен ПББ-да қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ барлық облыс және аудан орталықтарында "Төлемдерді қабылдау" КИС модулін енгізу.
Мерзімді басылымдар бойынша - киоскілік желіні дамыту бойынша жобаны енгізу жолымен 86% дейін.
Курьерлік қызмет бойынша - ЕМS жөнелтілімдерін қабылдау пункттерін ұлғайту есебінен 17 % дейін; ЕМS жөнелтілімдерін қадағалау жүйесін одан әрі орнату жолымен сапасын арттыру.
Коммерциялық емес мақсаттар
"Қазпочта" АҚ көрсететін қызмет аясының кеңдігін, почта байланысы желісінің ауқымдылығын ескере келе корпоративті ақпараттық жүйеге интеграцияланған шығындарды жеке есептеу жүйесін автоматтандыру жолымен деректердің орталықтандырылған бірыңғай базасын кезең-кезеңімен құру жоспарлап отыр.