Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1104 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 529 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 78 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Вощенкова Тамара Анатольевна | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Евниев Арман Қайратұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Аманқабжан Алмат Аманұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры |
Байбеков Мырзақасым Ниязбекұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры |
Садықов Барлыбай Кәрімұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры |
Бөлтіріков Руслан Ескендірұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары; |
«Қуанғанов Фархат Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға орынбасары» |
деген жолдағы «вице-министрі» деген сөздер «министрлігінің жауапты хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, Омаров Қадыр Тоқтамысұлы, Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, Темірханов Кеңес Қайыргелдіұлы, Ермекова Несіпбала Әбсағитқызы, Тәшібаев Мұрат Сейітжанұлы, Оразалиева Зәбира Жандарқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |