2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың міндетті талаптары:
1) тұрғын үйді (тұрғын жайды) пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін жобалау компаниясының үлескерге беруіне жататын оның тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес үлескер үшін айқындау;
2) жобалау компаниясының үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесті беру мерзімі;
3) шарттың бағасы, яғни үлескердің банк шотының шарты бойынша үлескер депозитіне енгізуіне жататын, тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайдың жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін есептік негізге алынған ақша сомасы;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынған тұрғын жайға берілетін кепілдікті мерзім;
5) сәулеттік жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының тұрғын жайдағы үлескерге берілуге жататын тұрғын үй-жайға қатысты бір бөлігін (тұрғын үй-жайдың салыну жоспарлары, қабаттылығы) шартқа міндетті түрде қоса тіркеу;
6) үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін берудің шартта көзделген мерзімін жобалау компаниясы бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) мөлшерін көрсету;
7) үлескер шартта белгіленген төлемді енгізу мерзімін бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) мөлшерін көрсету;
8) үлескердің ақшасын банк-агенттің жобалау компаниясына беру тәртібі мен мерзімдері;
9) банк шотының шарты бойынша үлескер депозитінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасының кемінде он бес проценті мөлшерінде бастапқы жарнасының болу қажеттігі туралы көрсету болып табылады.
3. Тұрғын жайға берілетін кепілдікті мерзім құрылыс объектісі пайдалануға қабылданған күннен бастап екі жылдан кем болмауға тиіс.
4. Шартта осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар болмаған жағдайда, шарт есепке қойылмауға тиіс.
5. Үлестік құрылысқа қатысушы азамат қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда оның шарт бойынша құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлеріне ауысады. Құрылыс салушы, жобалау компаниясы, банк-агент үлестік құрылысқа қатысушының құқықтары мен міндеттері ауысқанда осындай мұрагерлерден бас тартуға құқылы емес.
6. Егер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан үлескер шарттың бағасын шарттың талабына сай толық көлемінде төлесе, тұрғын жайдың жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін бағаны одан әрі өзгертуге жол берілмейді.
7. Құрылыс салушы және жобалау компаниясы іс жүзіндегі мекенжайы, сондай-ақ жұмыс режимі өзгерген жағдайда үлескерлерге оларды міндетті түрде хабардар ету арқылы хабарлайды.
10-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасу
Жобалау компаниясы үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияны осы Заңда белгіленген тәртіппен бірінші кезеңде алғаннан кейін құрылыс салушы, жобалау компаниясы, үлескер және банк-агент тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасуға құқылы.»;
10) 11-бапта:
1-тармақта:
«өзгерістер» деген сөзден кейін «және (немесе) толықтырулар» деген сөздермен толықтырылсын;
«уәкілетті органдарда» деген сөздер «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «құрылыс салушы» деген сөздер «жобалау компаниясы шарт немесе қосымша келісім жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында есепке алынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оның есептік жазбасы туралы үзінді-көшірмені үлескерге және банк-агентке табыс етуге міндетті.»;
3-тармақтағы «Құрылыс салушы», «уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше «Жобалау компаниясы», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шарттарды есепке алу облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына құжаттар берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
5-тармақта:
«уәкілетті органға» деген сөздер «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «тарапты» деген сөз «тараптарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Міндеттемелердің орындалуы
1. Үлескердің шарт бағасын төлеуі төлемдерді шартта белгіленген мерзімдерде енгізу арқылы жүргізіледі.
2. Үлескердің міндеттемелері тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес ақша толық көлемде төленген және тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлес қабылдап алынған кезден бастап орындалған болып есептеледі.
3. Жобалау компаниясының міндеттемелері тұрғын жайды пайдалануға беруге рұқсат алынған және үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) тиісті үлесті беру туралы актіге тараптар қол қойған кезден бастап орындалған болып есептеледі.
4. Банк-агенттің міндеттемелері тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес ақша үлескерлердің депозиттерінен жобалау компаниясына аударылған және үлескерге жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақша қайтарып берілген кезден бастап орындалған болып есептеледі.
5. Құрылыс салушының міндеттемелері кепілдікті мерзім аяқталғаннан және кепілдікті мерзім кезеңінде туындаған, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштері сапасының бұзылуын жою жөніндегі міндеттемелерін орындағаннан кейін орындалған болып есептеледі.
6. Тұрғызылған тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлес үлескерге берілгенге дейін оның кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелін жобалау компаниясы көтереді. Тараптар беру актісіне қол қойғаннан кейін үлестің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі үлескерге өтеді.»;
12) 13-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «салушы мен үлескердің» деген сөздер «салушының, жобалау компаниясының, үлескер мен банк-агенттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты мерзімінен бұрын бұзуға және үлескер депозитінің сомасын банк шотының шарты жасалған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде талап етуге құқылы.
Осы мерзім аяқталғаннан кейін үлескердің ақшаны сұратып алуы:
жобалау компаниясының үлескерлер ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуы тоқтатылған;
жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген тұрғын жайды пайдалануға беру мерзімін бұзған жағдайларда ғана мүмкін болады.
1-2. Осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бұзылған кезде банк-агент үлескердің депозитіндегі ақшаны және жинақталған сыйақы мөлшерінде ақшаны үлескерге қайтарып береді.»;
3-тармақтағы «жайдағы» деген сөз «үйдегі (тұрғын жайдағы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 14-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесті беру»;
1-тармақта:
«Құрылыс салушы», «Құрылыс салушының» деген сөздер тиісінше «Жобалау компаниясы», «Жобалау компаниясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жайдағы» деген сөз «үйдегі (тұрғын жайдағы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үлесті» деген сөздің алдынан «тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«Құрылыс салушы» деген сөздер «Жобалау компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оның» деген сөзден кейін «тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
«құрылыс салушы» деген сөздер «жобалау компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үлескерлерге» деген сөзден кейін «тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
«Құрылыс салушыдан» деген сөздер «Жобалау компаниясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жайдағы» деген сөз «үйдегі (тұрғын жайдағы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«құрылыс салушыдан», «құрылыс салушы» деген сөздер тиісінше «жобалау компаниясынан», «жобалау компаниясы»« деген сөздермен ауыстырылсын;
«өз» деген сөз «өзінің тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
«жайдағы» деген сөз «үйдегі (тұрғын жайдағы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«құрылыс салушы» деген сөздер «жобалау компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тиісті» деген сөздің алдынан «тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«он» деген сөз «он төрт» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және құрылыс салушы осының салдарынан шеккен залалдарды өтеу үшін шартқа сәйкес оған тиесілі, тұрақсыздық айыбынан (өсімпұлдан) басқа, ақшаларды үлескерге қайтаруға» деген сөздер алып тасталсын;
14) мынадай редакциядағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Техникалық қадағалау
1. Жобалау компаниясы техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымды тартуға міндетті.
2. Инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның есептері құрылыс салушыға, жобалау компаниясына және егер инвестор ретінде әрекет етсе, банк-агентке табыс етіледі.»;
15) 15, 16 және 17-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға байланысты жарнаманың ерекшеліктері
1. Жобалау компаниясы үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияны алғанға дейін құрылыс салушының тұрғын жай құрылысы жобасының жарнамасын тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жасасу құқығынсыз жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жобалау компаниясының үлескерлер ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған кезеңде үлескерлердің ақшасын банк-агентке тарту үшін жарнамалауға тыйым салынады.
16-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бұзылуы
Құрылыс салушы және жобалау компаниясы осы Заңда белгіленген толық және дәйекті ақпаратты ұсынбаған жағдайда, үлескер мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.
17-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тараптардың жауапкершілігі
1. Жобалау компаниясы үлескердің тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін оған берудің шартта көзделген мерзімін бұзған жағдайда, жобалау компаниясы үлескер жеке тұлғаға мерзімі өткен әрбір күн үшін үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша төлеген сомасының 0,1 проценті мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
Егер үлескер заңды тұлға болса, онда жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
2. Үлескер, жұмыс нәтижелерін қабылдаудан кейінгі кепілдікті мерзім ішінде онда шарттан ауытқушылықты немесе әдеттегідей қабылдау тәсілі кезінде анықталуы мүмкін емес өзге де кемшіліктер (көрінбейтін кемшіліктер), оның ішінде жобалау компаниясы әдейі жасырған мұндай кемшіліктерді өз таңдауы бойынша тараптар келіскен мерзімде құрылыс салушыдан:
1) кемшіліктердің өтемсіз жойылуын;
2) шарт бағасының мөлшерлес азайтылуын;
3) кемшіліктерді жоюға жұмсалған өз шығыстарының өтелуін талап етуге құқылы.
3. Төлем енгізудің шартта белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда, үлескер жобалау компаниясына мерзімі өткен әрбір күн үшін банк-агенттегі үлескер депозитіне енгізу арқылы шартта белгіленген кезеңде өзінің төлеуіне жататын соманың 0,1 проценті мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
4. Yлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа орай құрылыс салушының, жобалау компаниясы мен инвестордың тұрғын жай құрылысын жүзеге асыру кезіндегі қаржылық және басқа да тәуекелдері үшін жауаптылықта болмайды.
Жобалау компаниясының құрылысты аяқтауға және (немесе) тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесті беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда банк-агент үлескердің депозитіндегі ақшаны және жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны үлескерге қайтарып береді.».
6. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) біржолғы - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе мөлшер шегінде белгілі бір шаруашылық операциясымен айналысуға (заттай не ақшалай түрде), сондай-ақ «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген көлем шегінде үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға берілетін;»;
2) 42-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия берудің шарттары мен тәртібі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.».
2-бап. 1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның күші, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін үлескер мен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру үшін үлескерлердің ақшасын тартуға лицензия алған құрылыс салушының арасындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу қатынастарына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 11-і
№ 183-ІV ҚРЗ