09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Пайдалы модельге өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының қорытындысы берiлгенге дейiн тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтінiмдi өнертабысқа өтiнiм етiп өзгертуге болады.
3. Аталған өзгертулер кезiнде алғашқы өтiнiмнiң басымдығы және берiлген күнi сақталады.
6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және
қалпына келтіру
29-бап. Қорғау құжатына дау айту
1. Қорғау құжатына бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде оны беруге қарсы қарсылық бойынша мынадай жағдайларда:
1) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi осы Заңда белгiленген патент қабiлеттілiгi талаптарына сәйкес келмесе;
2) өнертабыстың, пайдалы модельдiң формуласында немесе өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерi жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер болса;
3) қорғау құжаты өтiнiм берушiнiң осы Заңның 37-бабының ережелерiн бұзуы жағдайында берiлсе;
4) қорғау құжатында авторы (авторлары) немесе патент иеленуші дұрыс көрсетiлмесе дау айтылуы және толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкін.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қорғау құжатын беруге қарсылық уәкiлеттi органға берiледi. Қарсылық оның түскен күнiнен бастап алты ай мерзiмде шағым кеңесiнде қаралуға тиiс. Қарсылық берген тұлға патент иеленушiнi қарсылықпен таныстыруға мiндеттi.
30-бап. Қорғау құжатының күшi жоқ деп танылуы және оның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Шағым кеңесi шешiмiнiң немесе сот шешiмiнiң негiзiнде қорғау құжаты толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
2. Қорғау құжатының қолданылуы:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) бюллетеньде қорғау құжаты қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап уәкiлеттi органға патент иеленушi берген арыз негiзiнде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. Егер қорғау құжаты бiр топ өнеркәсiптiк меншiк объектілеріне берiлген болса, ал патент иеленушiнiң өтiнiшi осы объектiлер тобының бiр бөлiгiне ғана қатысты берiлсе, қорғау құжатының күшi тек өтiнiште көрсетiлген өнеркәсiптiк меншiк объектілеріне қатысты ғана тоқтатылады;
2) белгiленген төлем мерзiмiнiң өткен күнiнен бастап қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн белгiленген мерзiмде төлем төленбеген жағдайда мерзiмнен бұрын тоқтатылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылған, сондай-ақ қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған қорғау құжаттары туралы мәлiметтер жариялайды.
31-бап. Патенттің қолданылуын қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзде тоқтатылған патенттің қолданылуы, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша патенттi күшiнде сақтау үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi бiткен күннен бастап үш жыл iшiнде патенттiң қолданылуын қалпына келтiруге төлем туралы құжат берiлген жағдайда, қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтер жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына келтiрiлген күн болып табылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
2. Патенттiң қолданылуы тоқтатылған күн мен қалпына келтiрiлген күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында патентпен қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана бастаған немесе оған қажеттi дайындық жасаған кез келген адам оны одан әрi осындай пайдаланудың көлемiн ұлғайтпай, тегiн пайдалану құқығын сақтап қалады (соңынан пайдалану құқығы).
Соңынан пайдалану құқығы басқа адамға өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану орын алған немесе оған қажеттi дайындық жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және
патент иеленушілердің құқықтарын қорғау
32-бап. Шағым кеңесi
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Шағым кеңесi осы Заңның 22-бабының 6, 10-тармақтары, 23-бабының 3-тармағы және 29-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөніндегі уәкiлеттi органның мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Шағым кеңесi туралы ереженi, шағым кеңесiне қарсылықтардың берiлу және қаралу тәртібін уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Берiлген қарсылық шағым кеңесiнiң алқа отырысында осы Заңда белгiленген мерзiм iшiнде қаралуға тиiс. Қарсылықтарды қарау мерзiмi қарсылық берген адамның, сондай-ақ патент иеленушiнiң өтінішi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол қарсылықты қарау үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап алты айдан аспауы керек.
3. Шағым кеңесiнiң шешiмiне қарсылық берген адам немесе патент иеленушi өздерi шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде оған сотқа шағымдануы мүмкiн.
33-бап. Дауларды сот тәртібімен қарау
1. Мынадай даулар:
1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне авторлық туралы;
2) қорғау құжатының дұрыс берiлуi туралы;
3) патент иеленушiнi анықтау туралы;
4) күштеп лицензия беру туралы;
5) патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдалануға айрықша құқығын және басқа да мүлiктiк құқықтарын бұзушылық туралы;
6) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға лицензиялық шарттардың жасалуы мен орындалуы туралы;
7) алдыңғы және соңынан пайдалану құқығы туралы;
8) жұмыс берушiнiң осы Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес авторға сыйақы төлеуi туралы;
9) осы Заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы;
10) құқық қорғауға байланысты қорғау құжатынан туындайтын басқа да даулар сот тәртібiмен қаралуға тиiс.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сот шешiмi негiзiнде сараптама жасау ұйымы қорғау құжаттарына қатысты өзгерістер туралы мәлiметтердiң жарияланымын жүргiзедi.
34-бап. Авторлардың, өтiнiш берушiлердiң және патент иеленушiлердiң құқықтарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Авторлықты иемдену, қосалқы автор болуға мәжбүрлеу, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң мәнiн ол туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн автордың немесе өтiнiм берушiнiң келісімiнсiз жария ету, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн заңсыз пайдалану, шет елдерде өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патенттеу тәртібін бұзу заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
8-тарау. Қорытынды ережелер
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
35-бап. Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының
іс-әрекеттеріне ақы төлеу
Уәкілетті органның күзет құжаттарын беру, шарттарды тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік беру жөніндегі іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
Сараптама ұйымының осы Заңда көзделген, күзет құжаттарын беруге өтінімдер қабылдауды, оларды тіркеуді, өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізуді және оларға қатысушылар үшін құқықтар мен міндеттер туындататын өзге де іс-әрекеттерді қамтитын іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-бап. Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдер
2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, біліктілік деңгейi қойылатын талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматы патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл бола алады.
Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау, тіркеу және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік беру тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтiнiш берушi, патент иеленушi дербес немесе уәкiлеттi орган тiркеген патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл арқылы жүзеге асыра алады.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда және сараптама жасау ұйымында патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдер арқылы өтiнiш берушiнiң патент иеленушінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушiнiң, патент иеленушiнiң құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлғаның құқықтарын жүзеге асыра алады.
4. Құпия ақпараттарға немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға Қазақстан Республикасының заң актілерінде берiлген талаптарды сақтау кезiнде сенім бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл алатын ақпарат құпия болып танылады.
Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл осы iс бойынша iс жүргiзуге мүдделерi өтiнiш бiлдiрген тұлғаның мүдделерiне көрiнеу қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгедей қатысса, сондай-ақ iстi қарауға патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлмен туыстық қатынастардағы лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдауға құқылы емес.
5. Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi өтiнiм берушiнiң, патент иесiнiң оған берген сенімхатымен куәландырылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет елдерде патенттеу
1. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне шет елдерге өтiнiм беру сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап үш ай өткен соң немесе мемлекеттік құпия болып саналатын мәлiметтердiң болуы белгiленген заңды тәртiппен жүргiзiлетiн тексеру аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының өз аумағында тұратын азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiмдi халықаралық патент ұйымына, егер бұл тиiстi халықаралық шартқа қайшы келмесе, сараптама жасау ұйымы арқылы бередi.
3. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiм шет елдерге немесе халықаралық патент ұйымына осы бап тәртібін бұза отырып берiлген жағдайда Қазақстан Республикасында бұл өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты берiлмейдi.
38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
1. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға орай немесе өзара түсіністік принциптері негізінде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауға жататын өзге де актілерде көзделген құқықтарды, егер осы заңнан және басқа да заң актілерінен өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
Қазақстан Республикасының