қызметкерлерді, сондай-ақ ықтимал қауiптi объектiлердегi авариялардан зақым келуi мүмкiн аймақтарда тұратын халықты азаматтық қорғанысқа оқытуды жүзеге асырады;
өз объектiлерiнде авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады;
жергiлiктi құлақтандыру жүйелерiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын құрады және оларды тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;
қызметкерлердің азаматтық қорғаныс бойынша мiндеттерiн орындауы үшiн оларға қажеттi жағдайлар жасайды;
соғыс уақытында және төтенше жағдайларда Азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен көлiк, материалдық құралдар, аспаптар мен жабдықтар бередi.
24-бап. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын азаматтардың Азаматтық қорғаныс жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, республика аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:
осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан өзiнiң өмiрi мен денсаулығын қорғауға құқылы;
азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленедi.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:
Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге;
"Баршаңыздың назарыңызға!" деген дабыл беру бойынша iс-қимыл жасаудың тәртібін, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесін, қорғанудың негiзгi әдiстерi мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсiлдерiн бiлуге және орындауға;
Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiне ұқыпты қарауға;
соғыс уақытында және төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен жеке пайдалануындағы көлiк құралдарын, аспаптар мен жабдықтарды беруге мiндеттi.
6-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚАЖЕТТЕРIН
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ОБЪЕКТIЛЕРI МЕН МҮЛКI
25-бап. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң негiзгi қорлары
1. Әскери қалашықтардың тұрғын үй-жайлары мен басқа құрылыстары, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң оқу объектiлерi, материалдық-оқу базасы, материалдық және техникалық құралдары мемлекеттік меншiк болып табылады және олар Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң негiзгi қорларын құрайды. Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi аталған және өзiне бөлiнген өзге де мүлiкке қатысты жедел басқару құқығын пайдаланады.
2. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң орналасуына және тұрақты жұмыс iстеуiне арналған жер мен үй-жайлар, қоймалар мен басқа да объектiлер оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiледi.
3. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi жер пайдалануды, әуе кеңiстiгi мен су айдының пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
26-бап. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi
1. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiне: Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегi мемлекеттік органдарының, жергiлiктi атқару органдарының қорғалған ғимараттар мен жер бетіндегі үйлер кешенiн қамтитын басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған Азаматтық қорғаныс баспаналары, Азаматтық қорғаныстың радиациядан қорғану панаханалары, Азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары, жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау мен дозиметрлiк бақылау аспаптары, арнаулы өңдеу аспаптары, Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарының ауасын сүзгiлiк-желдету және қайта генерациялау құралдары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс пен құлақтандыру құралдары және мемлекеттiң меншiгi болып табылатын, сондай-ақ тиiстi органдардың бюджет қаражаты, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс мүдделерiне пайдалануға арналған қаражаты есебiнен жасалған немесе сатып алынған басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
2. Азаматтық, қорғаныс шараларын қамтамасыз ету үшiн облыстарда, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғаныс мүлкiнiң қоры құрылады.
3. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi жекешелендiруге жатпайды.
4. Ұйымдардың басқару құрылымдары мен шаруашылық қызметiнiң нысандары өзгерген жағдайда Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiнiң мақсатты бағыты, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөніндегі тапсырмалар солардың мойнында сақталады.
5. Азаматтық қорғаныс объектiлерiн құру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
27-бап. Азаматтық қорғаныс қажеттерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Азаматтық қорғаныс қажеттерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыруға, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiн ұстауға бөлiнетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
05.05.00 ж. № 48-II ҚР Заңымен 7-тараудың атауы өзгертілді
7-тарау. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру
көздері. Уәкілетті органның әскери қызметшілері мен басқа да
санаттағы қызметкерлерінің құқықтары, мәртебесі
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
28-бап. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру
1. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру бюджет қаражаты және ұйымдардың өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру азаматтардың ерiктi жарналарының, қорлардың, дiни және қоғамдық бiрлестiктердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
05.05.00 ж. № 48-II ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді
29-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 29-бап алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
05.05.00 ж. № 48-II ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды ; 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 29-1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
29-1-бап. Уәкілетті орган әскери қызметшілерінің құқықтары, мәртебесі
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Уәкілетті органда, оның аумақтық органдарында, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебені иеленеді және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді(бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы уәкілетті органының, оның аумақтық органдарының, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым белгілері бар әскери нысанды киім (киім-кешек) киіп жүреді.
Азаматтық қорғаныстың басқа санаттағы қызметкерлерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілерінің жекелеген заттарын, сондай-ақ нысанды киім (киім-кешек) киіп жүру ерекшеліктерін уәкілетті органның бірінші басшысы белгілейді.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға тартылатын адамдарды сақтандыру және олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда шеккен залалын өтеу
Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға және аварияларға, апаттарға, табиғи және өзге де зiлзалаларға байланысты төтенше, жағдайлардың зардаптарын жоюға тартылатын адамдарды сақтандыру және олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда шеккен залалын өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді(бұр. ред. қара)
31-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңды және Азаматтық қорғаныс саласындағы басқа да нормативтiк актiлердi орындамауға байланысты құқыққа қарсы әрекет жасаған немесе әрекетсiздiкке жол берген Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
32-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастық:
азаматтық қорғаныс жөніндегі халықаралық жобаларға қатысуды, осы салада ғылыми-техникалық жетiстiктердiң еркiн алмасылуын жүзеге асыруды;
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға Азаматтық қорғаныс күштерiн тартуды көздейдi, оларды тарту халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда белгiленгеннен өзгеше нормалар көзделсе, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының