2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруi не қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуы мүмкiн су асты кабельдерiн немесе құбыр жолдарын Қазақстан Республикасының аумағына шығару немесе оларды Қазақстан Республикасының континенттік қайраңына төсеу ережелерiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға , дара кәсіпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдарды тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 303-бап өзгертілді
303-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз
ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатымен немесе халықаралық шарттарымен көзделген теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу, не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiнiң бағдарламаларын заңсыз өзгерту, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеулер нәтижелері тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен ; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 304-бап өзгертілді
304-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қалдықтар
мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ
уақытша тоқтата тұру және бөлшектеу ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де қалқымалы құралдарды, ұшатын аппараттарды, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруге немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуға әкеп соғуы мүмкiн уақытша тоқтата тұру мен бөлшектеу ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бес есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 305-бап өзгертілді
305-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау
органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ бұл лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, соның iшiнде кеменi тексеруiне кедергi жасау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жетпіске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 306-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 306-бап өзгертілді
306-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы , аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы
минералдық және жанды ресурстарды заңсыз беру
1. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы , аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және жанды ресурстарды шетелдіктерге, басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға заңсыз берілген минералдық және жанды ресурстар құнының жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелері тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға заңсыз берілген минералдық және жанды ресурстар құнының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 306-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 306-1-бап өзгертілді
306-1-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу
1. Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы заңнама талаптарын орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Экологиялық аудиторлардың (экологиялық аудиторлық ұйымдардың) көрінеу дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауы, -
экологиялық аудиторларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға — екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
экологиялық аудиторлық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, экологиялық аудиторларға - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға - сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тексеріліп жатқан тұлғаның экологиялық аудит жүргізілу барысында дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын көрінеу дұрыс емес немесе толық емес ақпаратты беруі, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда; 2007.21.07. № 299-III ҚР Заңымен 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-тарау. Карантин ережелері, астық нарығы мен астықты сақтау,
мақта саласы, тұқым шаруашылығы және ветеринариялық қадағалау
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 307-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
307-бап. Карантиндiк зиянкестермен, өсiмдiк ауруларымен және
арамшөптермен күрес жөніндегі ережелердi бұзу
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі ережелердi бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 308-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
308-бап. Карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген
материалдарды әкелу және әкету
Карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген импортталатын және экспортталатын өсімдік материалдарын өсімдік карантині жөніндегі шекаралық пункттерге және шекарадағы бекеттерге әкелу және олардан әкету, осы жүктерді рұқсат етілетін карантин құжаттарынсыз тасымалдау, -
карантиндегі өнімдерді тәркілей отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
309-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 309-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 309-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 309-1-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
309-1- бап. Қазақстан Республикасының астық
туралы заңнамасын бұзу
1. Астықты экспорттаушылардың уәкілетті органға астық нарығы мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, —
жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының тиісті паспорттарынсыз өткізу, —
жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуі және (немесе) көлік ұйымдарының астықты уәкілетті органмен алдын ала келіспей әкетуі —
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі ережелерін бұзуы, —
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Астық қабылдау кәсіпорнының астықты сақтауға қатысты емес қызметті жүзеге асыруы, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі, —
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық және сапалық көрсеткіштерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұрмалауы, олар құжаттамамен расталған жағдайда, —
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Астық қабылдау кәсіпорнының оларсыз астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазарту, сақтау және тиеп жөнелту қызметтерін жүзеге асыру толығымен мүмкін болмайтын не айтарлықтай нашарлайтын негізгі құрал-жабдықтарды иеліктен шығаруы, —
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау, —
лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 309-2-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 309-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
309-2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыру кезіндегі құқық бұзушылық
1. Егiске арналған тұқымды өндiру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптi бұза отырып жүзеге асыру, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларын айқындау жөнiнде қызмет көрсетушi аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым сапасына сараптама жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзуы, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын заңдарда белгiленген біліктілік талаптарын бұзуы, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 309-3-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
309-3-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүзеге
асыру тәртібін бұзу
Фитосанитариялық есептілікті табыс етпеу, сол сияқты уақтылы табыс етпеу, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.21.07. № 299-III ҚР Заңымен 309-4-баппен толықтырылды
309-4-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзу
1. Мақта өңдеу ұйымдарының мақтамен жүргізілген операциялар көрсетілетін құжаттарды есепке алу мен сақтаудың белгіленген тәртібін бұзуы - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мақта талшығының тиісті сапа паспортынсыз мақта талшығын өткізу - жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге — он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасымен белгіленген талаптарды бұзғаны туралы уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамау не тиісінше орындамау - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысудан жалтару - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мақта өңдеу ұйымдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңында тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңының талаптарын бұза отырып, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге қоюы, сондай-ақ оларсыз шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүлде мүмкін болмайтын немесе айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, негізгі құрал-жабдықтарды мақта өңдеу ұйымының иеліктен шығаруы - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мақта қолхатын ұстаушылардың өтініштері бойынша мақта мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін оларды құжаттамалық растау талабымен үнемі (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) бұрмалау - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Лицензиаттың лизенция алу кезінде көрінеу жалған ақпарат беруі - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқарған кезеңде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңын бұзуы - жеке және лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұру мерзімі өткен соң, осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 310-бап өзгертілді
310-бап. Ветеринария туралы заңдарды бұзу
Ветеринария туралы заңдарды:
1) мiндеттi ветеринариялық - санитариялық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту және оларды жүргiзудiң мерзiмдерiн бұзу;
2) карантин мен шектейтiн iс-шаралардың шарттарын және талаптарын сақтамау;
3) ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды өз уақытында немесе толық өткiзбеу;
4) ауру жұқтыратын малды тарату;
5) малды өсiру кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi сақтамау;
6) республика аумағын малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындамау;
7) малды тасымалдау (айдап апару) кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi бұзу;
8) рыноктарда (сауда ұйымдарында), ветеринариялық бақылаудың қадағалауындағы жүктердi дайындау, сақтау, қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарда, қоймалық үй-жайларда, карантин базаларында, тиеу-түсiру алаңдарында және көлiк құралдарында ветеринариялық -санитариялық ережелер мен нормативтердiң талаптарын сақтамау;
8-1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті қорытындысынсыз жаңа, жетілдірілген ветеринария препараттарын қолдану;