2) тармақшадағы «сәйкестігін тексеруге» деген сөздер «сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «сапасын тексеруге» деген сөздер «сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
24. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат):
1) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақта-рының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 18-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1-бап. Табиғи монополиялар саласында жүзеге асырылатын іс-әрекеттерді хабарлаудың немесе келісудің негіздері мен тәртібі»;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «мынадай іс-әрекеттерді жасауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «бақылауды жүзеге асырады» деген сөздер «уәкілетті органның алдын ала хабарламасы немесе келісімін алу талап етіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 18-4-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері»;
4) 18-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-5-бап. Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
1. Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 18-6-бап алып тасталсын;
6) 18-7-бапта:
тақырып «субъектісін» деген сөзден кейін «және реттелетін нарық субъектісін» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзацта:
«субъектісін» деген сөзден кейін «немесе реттелетін нарық субъектісін» деген сөздермен толықтырылсын;
«анықтаманы» деген сөз «актісін» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша «субъектісіне» деген сөзден кейін «немесе реттелетін нарық субъектісіне» деген сөздермен толықтырылсын.
25. «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат):
6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың
айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз
айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы
iс-қимыл шаралары
1. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының:
1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншiк нысанына қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға;
3) құрамында Тiзiмге енгiзiлген есiрткi заттары бар өсiмдiктер өсiрiлетiн жер учаскелерiне тексеріп-қарау жүргiзуге;
4) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзуге;
5) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн көрсетілген өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы нұсқамалар беруге;
7) есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптар бұзылған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлiмшелердiң өндiрiстiк қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға;
8) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныс енгізуге құқығы бар.».
26. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат):
1) 7-бапта:
10), 11), 12) және 14) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың
қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
27. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 жылғы 6 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 18-баптың 1-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік мұрағаттарда сақталатын құжаттардың сақталуын бақылау;»;
мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту.»;
2) 18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1-бап. Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған және
жеке меншік мұрағаттарда сақталатын құжаттардың
сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік мұрағаттарда сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
28. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат, 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
2) 7-баптың 1-тармағында:
16) тармақшада:
«олардың» деген сөз «оның» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сараптамасын,», «тексерудi жүргiзедi» деген сөздер тиісінше «сараптамасын жүргізеді және», «қарайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшадағы «сараптамасын,», «тексерудi жүргiзедi» деген сөздер тиісінше «сараптамасын жүргізеді және», «қарайды» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
19) тармақшадағы «тексерудi жүргiзедi» деген сөздер «негізде қарайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшада:
«сараптамасын» деген сөзден кейін «жүргізеді» деген сөзбен толықтырылсын;
«, карантиндiк құжаттарды тексерудi жүргiзедi» деген сөздер «және карантиндiк құжаттарды қарайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақшадағы «тексеру» деген сөз «зерттеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
«30) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
3) 7-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «тексеруге» деген сөз «зерттеуге» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарау жүргізуге, өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қажеттi ақпарат алуға;»;
5) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:
«9-2-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 10-бапта:
екінші бөліктегі «карантиндiк тексерудi,», «құжаттарын тексерудi» деген сөздер «карантиндiк тексеріп-қарауды», «құжаттарын қарауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«жөніндегі» деген сөз «саласындағы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және тексеру белгiлеу туралы актi шығарусыз жүзеге асырылады» деген сөздер алып тасталсын;
7) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттік
бақылау объектiлерi»;
«бойынша» деген сөз «саласындағы мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 13-бапта:
4-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацындағы «тексерген» деген сөз «зерттеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта:
үшінші бөліктегі «тексередi» деген сөз «анықтайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «тексеру» деген сөз «зерттеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың алтыншы бөлігіндегі «тексереді» деген сөз «зерттейді» деген сөзбен ауыстырылсын.
29. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 23-бап мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 24-2-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24-2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылауды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырады.»;
2-тармақтағы «Мемлекеттік» деген сөз «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
30. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 24-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы
мемлекеттік бақылау»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
31. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат):
1) 19-баптың 6-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын;
2) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Күзет қызметiн мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
32. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат):
9-2-баптың бесінші абзацында:
1-бабының 32-тармағының үшінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сәйкестiгiн тексеру мақсатымен» деген сөздер «сәйкестiгi тұрғысынан» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат):
1) 6-бапта:
2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2) астықты экспорттаушылардың қызметiн астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктiлiк талаптарының сақталуы және астық нарығы мониторингi бойынша есептiлiктiң дәйектілігі тұрғысынан лицензиялық бақылау;»;
3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) астық қабылдау кәсiпорындарының: астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу; астық сақтау; астық қолхаттарының берiлуi, айналысы және өтелуi қағидаларын сақтауын бақылау;
3-1) астықты экспорттаушылардың қызметін Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы тұрғысынан бақылау;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) астық сапасының сараптамасы бойынша аккредиттелген зертханалардың қызметін астық сапасын сараптау және уәкiлеттi орган белгiлеген астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтауы тұрғысынан бақылау;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту.»;
2) мынадай мазмұндағы 6-3-баппен толықтырылсын:
«6-3-бап. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Астық нарығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 7-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) астық қабылдау кәсiпорындарына қабылдау және тиеп жiберу кезiнде астық сапасының көрсеткiштерiн айқындауды бақылау;
2) астықтың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау.»;
4) 33-2-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
бесінші абзац алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«астықты экспорттаушылардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы тұрғысынан бақылау;».
34. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; 2009 жылғы 6 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 7 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «қалыптастыруға мiндеттi.» деген сөздер «қалыптастыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеуге және бекітуге міндетті.»;
2) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласындағы бақылау
мен есептiлiк»;
3) 22-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын органдар»;
бірінші және екінші бөліктердегі «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын», «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауын» деген сөздер тиісінше «Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік», «халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 22-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
35. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 28-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-1-бап. Туристiк қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Туристiк қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
36. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағындағы 9) тармақшасындағы «құрылыс процесiн технологиялық жағынан сүйемелдеудi қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 19-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылауын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;»;
3) 20-бапта:
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;»;
20) тармақшаның төртінші абзацындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту жатады.»;
4) 31-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік құрылыс инспекторлары белгiленген тексеру мерзiмi туралы хабарламаны тапсырысшыға (меншiк иесiне), авторлық қадағалау тобына және осы құрылыс объектiсi бойынша мердiгерге (бас мердiгерге) тексеру басталғанға дейiн бес күннен кешiктiрмей жiбередi.»;
3-тармақтағы «тексеру» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
8. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;