2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5-тарау. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
32-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру негіздері
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу, егер:
1) қандай да бір өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында нақ сол тапсырыс берушіден басқа да сатып алуды жүргізу қажеттігі туындаса;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпей қалды деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Осы ереже конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайын және (немесе) апта сайын қажетті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болса;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) осы Заңның 31-бабының 6 және 8-тармақтарында көзделген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, жүргізілуі мүмкін.
33-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді, онда мынадай мәліметтер:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
2) техникалық өзіндік ерекшелігін, жоспарларын, сызбалары мен нобайларын қоса алғанда, қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттамасы көрсетіле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаты;
3) мемлекеттік сатып алуды өткізудің нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің орны;
5) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдеме беру;
6) төлем шарттары және елеулі талаптары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу талаптары, нысаны, көлемі және тәсілі;
8) бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәлімет;
9) осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарының тізбесі, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растау үшін табыс етуге тиіс құжаттар тізбесі;
10) әлеуетті өнім берушінің қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзімі қамтылуға тиіс.
2. Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай ақпаратты:
1) әлеуетті өнім берушінің жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларын көрсете отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;
2) әлеуетті өнім берушінің және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарын;
3) ұсынылып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағалардың жазбаша негіздемесін ұсынуға тиіс.
3. Осы Заңның 32-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпеді деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші табыс еткен құжаттарды олардың біліктілік талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндігін айқындау мақсатында қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
34-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тиісті хаттама жасауға міндетті, онда мынадай ақпарат:
1) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
3) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиіс.
2. Тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыруға міндетті. Аталған талап мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
6-тарау. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта және
ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушілерге ұйымдастырылған электрондық сауда-саттыққа рұқсат беру, ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу, сондай-ақ ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жинау, қорыту және талдау электрондық мемлекеттік сатып алуды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
36-бап. Тауарларды ашық тауар биржалары
арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Тауарларды ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Егер биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық көрінісі тұрғысынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып кетпеген жағдайда, тапсырыс беруші, егер Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында өзге ең аз көлем айқындалмаса, тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.
7-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
37-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу
1. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған үлгілік шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
2. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 31-бабының 11-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімін қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
4. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде көзделген жағдайларда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісінше орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алудың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап ашық тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, оны берген өнім берушілерге қолданылмайды.
5. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар бір қаржы жылынан асатын мерзімге:
1) келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) оларды аяқтау мерзімімен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды;
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) бір қаржы жылынан асатын мерзімге көрсетілетін қызметтерді;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) тиісті бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда) қаржыландыру жоспарында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткізу) мерзімі келісілген орындау ұзақтығына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.
7. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
8. Бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге ғана осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға жол беріледі.
9. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта мынадай:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген көмекті көрсету фактілерінің бірі анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиіс.
10. Тапсырыс беруші және өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледі.
38-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
жасасудан жалтару
1. Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, осы Заңның 37-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылады.
2. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:
1) ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және уәкілетті органға тиісті мәліметтерді табыс етеді және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді;
2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудың салдарынан келтірілген шығындарды өтеткізу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
39-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізудің
негіздері
1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:
1) тараптардың бірі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасаса;
2) өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында шарт жобасының сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізуге жол берілсе;
3) шарт сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса жол беріледі.
Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
2. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:
1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағаны және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісуі бойынша, егер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу процесінде осыған ұқсас сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары азаю жағына өзгерсе;
2) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;
4) егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау процесінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі.
5) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың не еңбек пен материалдық ресурстар құнының өзгеруінен туындаған аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту және ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда, мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда шарттың орындалу мерзімдерін тиісті өзгерту бөлігінде жол беріледі.
3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсыныстар енгізуге жол берілмейді.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда өзгертілді (бұр.ред.қара)
40-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі
1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейін не өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
8-тарау. Арнайы ережелер
41-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
1. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып татсалды (бұр.ред.қара)
2. Ерекше тәртіп қолданыла отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ерекше тәртіп қолданыла отырып мемлекеттік сатып алу мынадай:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше шарттарын белгілеу талап етілетін құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздіктің қажеттігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызмет көрсетулерді;
3) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып татсалды (бұр.ред.қара)
4) іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ мұндай зерттеулер жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
5) кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, симпозиумдар, тренингтер өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2008.29.12. № 115-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
2008.29.12. № 115-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді;
2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен тармақ 9) тармақшамен толықтырылды
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Конкурстық тәсілмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 41-1-баппен толықтырылды
41-1-бап. Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібі
Қару-жарақтарды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, сондай-ақ қорғаныс қажеттілігі мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 43) тармақшасында көзделген жағдайларда ерекше тәртіп қолданылмайды.
42-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібі
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібін (бұдан әрі - арнайы тәртіп) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар қолданады.
2. Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы тәртіпті осы баптың 1-тармағында аталған тапсырыс берушілерді басқару органдары:
1) тұрақты негізде әлеуетті өнім берушілерге біліктілігі бойынша алдын ала саралау жүргізу тәртібіне;
2) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жасау тәртібіне;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес біліктілігі бойынша алдын ала саралаудан өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын сұрату және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдері мен мерзімдеріне;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды қамтитын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес бекітеді.
43-бап. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға
қатысуының ерекше шарттары
Заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерімен айқындалады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44-бап. Отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын қолдау
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер, Қазақстан Республикасының мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін отандық кәсіпкерлер мен ұйымдар мемлекеттік қолдауға жатады. Мемлекеттік қолдаудың ең ауқымды шаралары отандық тауар өндірушілерге және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге көрсетіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
9-тарау. Қорытынды ережелер
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер олардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің мемлекеттік бақылау органдарында: