Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік бақылау мен карантиндік шараларды жүргізу адамдардың өсімдіктер карантині бойынша бақылау объектілеріне жатқызылған мүлкін сақтауға бағытталған және тексеру белгілеу туралы акті шығарусыз жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары
Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зиянды өтетуге құқығы бар.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12-бап. Өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау объектiлерi
Өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау объектiлерi мыналар болып табылады:
1) ауыл шаруашылық, орман және сәндiк дақылдарының тұқымдары мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкін өсiмдiк тектi басқа да кез келген өнiм;
2) өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар - тiрi саңырауқұлақтар өсiмдерi, вирустар, бактериялар, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен насекомдар;
З) насекомдардың, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекциялары, тұқымдардың, гербарийлерi мен коллекциялары;
4) карантиндi объектiлердiң жұқтырғыштары болуы мүмкiн ауыл шаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдар, көлiк құралдары, ыдыстың барлық түpі, буып-түю материалдары, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдар, топырақ құймалары мен үлгiлерi;
5) өсiмдiк тектi өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайлары, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлер.
6) базарлар, темір жол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, пристаньдар, почта байланысы ұйымдары.
18.02.02 ж. № 293-II; 03.07.03 ж. № 463-II; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Карантинге жататын өнiмдi әкелу, әкету, транзиттеу,
ішкі мемлекеттік тасымалдау, тексеру және залалсыздандыру тәртібі
1. Карантинге жататын өнiмдi беруге немесе оның транзитiне шарт жасасқан кезде өнiм берушi уәкілетті органнан карантин шаралары туралы қажеттi ақпарат алуға және карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн жағдайларды қарастыруға мiндеттi.
Құпия сипаттағы ақпараты бар жасалған шарт өнiм берушiнiң жазбаша келісімiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету ережелері мен нормаларына сәйкес жабдықталған шекаралық фитосанитариялық пункттері мен постылары бар өткізу пункттерінде ғана рұқсат етіледі.
Карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті органның импорттық карантиндік рұқсатынсыз және экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз әкелуге тыйым салынады.
Карантинге жататын өнiмге арналған кеден құжаттары фитосанитариялық бақылаудан өткiзiлген соң ресiмделедi.
Егер басқа елдердiң карантин шаралары, егер олар Республикада қолданылатын фитосанитариялық қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, танылады.
Жеке және заңды тұлғалар импорттық карантиндік рұқсаттар алу үшін карантинге жатқызылған өнімді әкелуге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей немесе оның Қазақстан Республикасы арқылы транзитін жүзеге асыруға дейін күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті органға мынадай мәліметтер:
1) карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасына әкелудің (транзиттеу) мақсаты және әкелінетін жүкті өлшеп орау тәсілі мен буып-түю түрін көрсете отырып, жекелеген әрбір түрі бойынша оның саны;
2) өнімнің пайдаланылу мақсаты мен орны (мекен-жайы, ал транзиттік жүктер үшін - бағыты мен баратын елі);
3) карантинге жатқызылған өнімдер импорты немесе транзиті болжанатын экспорттаушы елдердің атауы, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімдер шыққан елдің атауы;
4) карантинге жатқызылған өнімнің болжамды жету мерзімдері немесе транзиттік тасымал мерзімдері;
5) карантинге жатқызылған өнім сол арқылы Қазақстан Республикасына әкелінетін шекаралық пункттің (постының) атауы көрсетілген өтінім береді.
Өтініш беруші карантинге жатқызылған өнімді әкелуге (транзиттеуге) импорттық карантиндік рұқсат алуға өтінімде өз есебінен карантиндік шараларды орындауға кепілдік береді.
Импорттық карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлерде, герметикалық орамаларда, вагондарда, автофургондарда, авторефрижераторларда және басқа да көлік құралдарында тасымалданады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консульдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланушы тұлғалардың карантинге жатқызылған өнімді әкелуі Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
2-1. Қазақстан Республикасының аумағына:
1) уәкілетті органның импорттық карантиндік рұқсатынсыз және экспортқа шығаратын елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған өнімді;
2) карантиндік объектілер мен бөтен түрлер жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;
3) топырақты, тамыр жайған өсімдіктерді топырағымен қоса;
4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын әкелуге тыйым салынады.
3. Карантинге жататын өнiм транзитiне Қазақстан Республикасының уәкілетті органның келісімi бойынша рұқсат етіледi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті органның аумақтық органдары беретін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар болған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге - фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда;
2) Қазақстан Республикасының ішінде - карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі.
Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшін өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық органдарға жүкті тиеп-жөнелтудің болжамды мерзімінен он бес тәулік бұрын мынадай мәліметтерді:
1) карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен санын;
2) импортқа шығарушы елдің атауын және карантинге жатқызылған өнім баратын мекен-жайды;
3) импорттық карантиндік рұқсатта немесе экспортталатын карантинге жатқызылған өнімге арналған шартта көрсетілген импортқа шығарушы елдің өсімдіктер карантині бойынша ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талабын;
4) карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту мерзімі мен орнын;
5) сол арқылы жүкті әкелу болжанатын импортқа шығарушы елдің шекаралық пунктінің атауын көрсетіп өтінім береді.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған әкелінетін өнімнің карантиндік жай-күйін жүкті тиеп-жөнелтудің бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, теміржол станцияларында, почта байланысы кәсіпорындарында, базарларда, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектілерде қайтадан белгілейді. Қайта тиеусіз әкету кезінде шекаралық пунктте және постыда тиеп-жөнелту орнында берілген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресімделуін бақылау ғана жүзеге асырылады.
Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің бар-жоғын тексерген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің жеке қолымен және белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік талаптарды орындау туралы мәліметтері болуға тиіс.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау аумақтық органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін карантиндік сертификаттар болған кезде жүзеге асырылады.
Карантиндік сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық органға өтінім береді, сондай-ақ карантиндік жай-күйді айқындау үшін өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға жүкті жөнелтудің болжамды мерзімінен бес күн бұрын береді.
Өтінімде карантинге жатқызылған өнімнің атауы, баратын пункті және пайдалану мақсаты көрсетіледі.
Карантинге жатқызылған өнімді жүретін жолында немесе баратын пунктінде басқа мекен-жайға жіберу осы операциялар аумағында жүзеге асырылатын өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының карантинді аймағынан әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында басқа мекен-жайға жіберуге тыйым салынады.
Әкелінетін карантинге жатқызылған өнім жүктің баратын пунктінде қайтадан карантиндік тексеруге жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Карантинге жататын өнiмдi, жүктердi және көлiк құралдарын тексеру мен залалсыздандыру, зертханалық сараптама, карантин құжаттарын беру олардың иелерi қаражатының есебiнен, Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекетаралық шарттары мен заңдарына сәйкес және соларда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, карантинге жатқызылған өнім тасымалданатын көлік өсімдіктер карантині бойынша бақылауға және қажет болғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы шекаралық өткізу пункттерінде карантиндік тексеруге, сондай-ақ тиісті актілер ресімделе отырып, жүк баратын жерде карантиндік тексеруге жатады.
Шекаралық пункттің және постының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы жүк иелеріне Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині туралы заңнамасын түсіндіреді, импорттық карантиндік рұқсаттың және экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатының болуын тексереді, көлікке, карантинге жатқызылған өнімге (жүкке), ыдысқа сырттай тексеру жүргізеді. Карантиндік зиянкестерді, өсімдік аурулары мен арамшөптерді анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнімнен үлгілерді іріктеп алып, оларға сол жерде тексеру жүргізеді. Қажет болғанда үлгілер мен объектілер Республикалық карантиндік зертханаға объектілердің карантиндік түрлерге жататынын растау үшін беріледі.
Егер жүк тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді карантиндік бақылауға көрсетуден бас тартқан жағдайда бұл өнім оның иесінің қаражаты есебінен экспорттаушы елге қайтаруға жатады, ол туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының аумақтық, шекара және кеден органдарын хабардар етеді.
Карантинді объектілер табылған карантинге жатқызылған өнім қайтаруға, карантиндік арамшөптерден залалсыздандыруға, тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге байланысты шығыстарды жүк иелері төлейді.
Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар карантинді объектілер залалдаған тұқымдар мен отырғызылатын материал солардың иелерінің өтініштері бойынша жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерге тексеру үшін берілуі мүмкін. Карантинді объектілерден залалдануы жойылғаннан кейін тұқымдар мен отырғызылатын материал иесіне қайтарылады.
Карантинге жатқызылған өнімді алып қоюды (оның ішінде, почталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жүзеге асырады, ол туралы алып қою актісі жасалады.
Карантинге жатқызылған өнім карантиндік тексеруден өткізілгеннен кейін және қажетті карантиндік іс-шаралар жүргізілген соң өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор баратын пунктіне әкелуге немесе транзиттеуге рұқсат бере отырып, ілеспе тауар-көлік құжаттарына карантиндік бақылаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі мөртабан басады және жүк иесіне карантиндік тексеру актісін береді.
Шекарада карантинге жатқызылған өніммен (жүктермен) жүк операцияларын (әкелінген жүкті басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) жүк иелері өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау және міндетті карантиндік тексеру жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша жүргізеді.
Өсімдіктер карантині жөніндегі шекаралық пункттер мен постыларда карантиндік тексеруден өткізілген әкелінетін карантинге жатқызылған өнімдер (жүктер), сондай-ақ көлік құралдары карантинге жатқызылған өнім жеткізілетін соңғы пунктте карантиндік тексеруге жатады.
Карантинге жатқызылған өнімдерді және көлік құралдарын тексеруді, жүкті баратын пунктінде талдау мен сараптама жасау үшін үлгілерді іріктеп алуды кейіннен зиянкестердің түрлік құрамын, өсімдік аурулары мен арамшөптерді анықтау үшін сараптама жүргізе отырып, аумақтық органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша осы өнімдерді пайдаланудың шарттары туралы жазбасы бар тексеру актісі жасалады. Қажет болғанда карантинге жатқызылған өнімге талдау жасау және объектілердің түрлік құрамына сараптама жүргізу үшін жабдықталған зертханасы бар ұйымдар мен өсімдіктер карантині жөніндегі білікті кадрлар тартылуы мүмкін.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Карантинді объектілерден залалданған көлік құралдары мен карантинге жатқызылған өнімдер, импорттық карантиндік рұқсат бойынша залалсыздандыру көзделген өнімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндік тұрғыдан ықтимал қаупі бар көлік құралдары мен карантинге жатқызылған өнімдер залалсыздандыруға жатады.
Импорттық карантиндік рұқсат бойынша, сондай-ақ уәкілетті органның және шекаралық пункттері мен шекарадағы постылары бар оның аумақтық органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының нұсқамалары бойынша, карантиндік тексерудің нәтижелері бойынша көзделген карантинге жатқызылған өнімдерді залалсыздандыруды жүк иелері өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың фумигациялық отрядтарымен шарт жасасу негізінде жүргізеді.
Шекаралық пункттер мен шекарадағы постыларда карантинге жатқызылған өнімдерде карантиндік объектілер анықталған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көліктің басқа да түрлерінде залалсыздандыру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.
Көлік құралдарының барлық түрлері импорттық карантинге жатқызылған өнімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантинді аймақтарынан әкелінетін өнімдерді тасымалдаудан кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар белгілеген жерлерде өнімдердің қалдықтары жойыла отырып, міндетті тазартуға, ал қажет болған жағдайда фумигациялауға жатады.
Көлік құралдары мен жүктерді фумигациялауға дайындауды фумигациялық отрядтар мамандарының басқаруымен жүк иелері немесе көлік ұйымдары орындайды.
Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру шетел мемлекеттерінде жүргізілген кезде фумигациялық отрядтардың мамандары әкелінетін өнімде фумиганттар қалдықтарының бар-жоғын тексереді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Карантинді объектілерді анықтау тәртібi
1. Карантинді объектілерді уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдік, дәрілік және басқа да дақылдардың егістіктері мен көшеттері, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектілер және карантинге жатқызылған өнімді шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты кәсіпорындардың аумақтары және карантинді объектілерді жұқтыру мен тарату көзі болуы мүмкін өзге де объектілер жүйелі түрде тексеруге жатады.
Бұл жұмыстарды орындауды уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шарт жасасу негізінде өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қамтамасыз етеді.
2. Зерттеу нәтижелері, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсімдік ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптер осы объектілердің карантиндік түрлерге тиістілігін айқындау және растау үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға жіберіледі. Объектілер анықталмаған жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантиндік түрлерге тиістілігін растау үшін оларды республикалық карантиндік зертханаға жібереді.
Аумақтық органдардың өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары аталған объектілерге бақылау тексерулерін жүргізеді. Тексеру нәтижелері өсімдіктер карантині бойынша бақылау жүргізілгені туралы актімен ресімделеді.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Карантин белгiлеу мен оны алып тастау тәртібі
1. Уәкілетті орган органдарының ұсынуы бойынша карантин режимiн енгiзе отырып, карантин аймағын белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiмдi:
1) екi және одан да көп облыстардың аумағында - Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) облыс, қала, аудан аумағында - облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган қабылдайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Карантиндi аймақтарда карантиндi объектiлер залалдаған карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгiзiледi, карантиндi объектiлер ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылады, карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру, оны техникалық өңдеу жүргiзiледi.
Карантиндi аймақтан әкетiлген залалданған өнiм қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеушi ұйымдарға берiлуге тиiс.
Залалданған өнiмдi залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкiн болмаған жағдайда, ол нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен алынуға және жойылуға тиiс.
Карантиндiк шектеулер және карантиндi объектiлердi оқшаулау мен жою жөніндегі шаралар тiзбесi карантиндi аймақтың жеке, заңды тұлғалары мен халқына хабарланады.
4-тарау. Дауларды шешу және Өсімдіктер карантині
жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін
жауапкершілік
15-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы дауларды шешу
Өсiмдiктер карантинi саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегі заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
5-тарау. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі iс-шараларды
қаржыландыру
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II; ҚР 03.07.03 ж. № 463-II Заңдарымен 17-бап жаңа редакцияда
17-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Өсiмдiктер карантинiн анықтау жөніндегі шараларды қаржыландыру
1. Карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктер аурулары мен арамшөптер тiзбесiне сәйкес карантиндi объектiлердi оқшаулау мен жою жөніндегі мемлекеттік шараларды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ жер учаскелерінде карантиндік іс-шаралар жүргізу уәкілетті орган мен оның аумақтық органдарының өздеріне берілген өкілеттік шегіндегі ұйғарымдары бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
19-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерi
Қазақстан Республикасы өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты карантиндi объектiлердi әкелу мен тарату жөніндегі өзара қауiпсiздiктi сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.
20-бап. Шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағындағы өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметi
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе халықаралық шарттармен регламенттелсе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметiне жол берiледi.
21-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық шарттары
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы 3аңдағыдан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының