екінші сөйлем «бойынша» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
18) 14-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «карантинді объектілер ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі шаралар әзірленіп, жүзеге асырылады, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, оны техникалық өңдеу жүргізіледі» деген сөздер «өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «карантинді объектілерді оқшаулау мен жою жөніндегі шаралар» деген сөздер «өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 4-тараудың тақырыбындағы «Өсімдіктер карантині жөніндегі заңдарды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині
саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
21) 18-бапта:
тақырыптағы «карантинін анықтау жөніндегі шараларды» деген сөздер «карантині жөніндегі іс-шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «мемлекеттік шараларды» деген сөздер «іс-шараларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«карантиндік» деген сөз «өсімдіктер карантині жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«органдарының», «ұйғарымдары» деген сөздер тиісінше «бөлімшелерінің», «нұсқамалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 20-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «Шетелдік ұйымдар мен азаматтардың», «шетелдік ұйымдар мен азаматтардың» деген сөздер тиісінше «Шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың», «шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 21-бап алып тасталсын.
2. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
1) 1-бапта:
14) тармақшадағы «химиялық заттар» деген сөздер «пестицидтер (улы химикаттар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 3-баптың 1) тармақшасындағы «елдің» деген сөз «мемлекеттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;»;
4) 6-бапта:
тақырыптағы «орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер «органның» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтіні өзгерді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) мынадай:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін әзірлеу;»;
4) тармақша «тіркеу» деген сөзден кейін «, өндіру» деген сөзбен толықтырылсын;
5) тармақша «Қазақстан» деген сөздің алдынан «пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және» деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақшадағы «, Қазақстан Республикасының пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау» деген сөздер алып тасталсын;
«23) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды;
фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және табыс етуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін;
лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау енеді.» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
24) тармақшадағы «мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) тармақшадағы «енеді» деген сөз «жатады» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
5) 7-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің» деген сөздер «Ведомствоның» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Уәкілетті органның тиісті құрылымдық» деген сөздер «Ведомствоның» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Фитосанитариялық бақылауды тікелей орындайтын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер «Ведомствоның мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды тікелей орындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 8-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «олардың» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
7) 9-бапта:
1) тармақшадағы «мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер» деген сөздер «Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мыналар:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау кіреді.»;
8) 10-баптың тақырыбы «саласындағы» деген сөзден кейін «қызметті жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 12-бапта:
тақырып «Пестицидтерді» деген сөзден кейін «(улы химикаттарды)» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «Пестицидтерді» деген сөзден кейін «(улы химикаттарды)» деген сөздермен толықтырылсын;
10) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
11) 14-1-бапта:
1-тармақта:
«пестицидтер» деген сөзден кейін «(улы химикаттар)» деген сөздермен толықтырылсын;
«олардың» деген сөз «пестицидтердің (улы химикаттардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «мемлекеттік экологиялық бақылау органы» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздер «жергілікті атқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 14-4-баптың 2-тармағындағы «оқыту бағдарламалары (оқу бағдарламалары)», «тиіс» деген сөздер тиісінше «оқу бағдарламалары», «жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) мынадай мазмұндағы 14-6-баппен толықтырылсын:
«14-6-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік
тіркеу
Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркеу және өндірістік сынақтарының қорытындылары бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етіледі және оларды уәкілетті орган пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне енгізеді.
Тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын уәкілетті орган айқындайды.»;
14) 16-бап алып тасталсын;
15) 17-баптың 2) тармақшасы «пестицидтерді» деген сөзден кейін «(улы химикаттарды)» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 19-2-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келісімі» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 19-3-бапта:
1-тармақ:
«Пестицидтерді», «пестицидтер», «пестицидтердің» деген сөздерден кейін тиісінше «(улы химикаттарды)», «(улы химикаттар)», «(улы химикаттардың) залалсыздандыруға жататын» деген сөздермен толықтырылсын;
«бақылау» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтағы «мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келісімі» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «Пестицидтерді» деген сөзден кейін «(улы химикаттарды)» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 19-6-баптың тақырыбы «буып-түю» деген сөзден кейін «және олардың ыдысы» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 19-8-баптың тақырыбындағы және 1, 2-тармақтарындағы «Пестицидтерді (улы химикаттарды)», «орамын», «Таңбалау» деген сөздер тиісінше «Пестицидтердің (улы химикаттардың) буып-түйілуін», «буып-түйілуін», «Буып-түюді таңбалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 19-9-баптың 1-тармағындағы «экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына» деген сөздер «, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына, экологиялық талаптарға, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 5-тараудың тақырыбында:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
«өсімдіктерді қорғау туралы заңдарды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
3. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Мына қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
4) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану;
5) тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) және оларды өндіруге арналған бастапқы компоненттерді әкелу.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жеке және заңды тұлғаларға берілген, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға), өткізуге және қолдануға арналған лицензиялар жарамды.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 17-cі.
№ 189-ІV ҚРЗ